Мәліметтерді көшірудің әмбебап қондырғысы...

LP And Cassette To CD Recorder
Винилді болванкалар мен бейнетаспалар сияқты ескіре бастаған мәлімет сақтағштардағы түрлі нәрселерімізді цифрлік жүйеде көру немесе есту мүмкіндігін жасайтын таптырмайтын жаңа LP And Cassette To CD Recorder әмбебап цифрлік жүйесі жасалыпты.
Бұл жүйемен жұмыс жасау үшін компютердің еш қажеттігі жоқ, керек мәлімет шұыл түрде
CD-R/RW дисктеріне көшіріле береді
Жазу көшіру процесін уақытша тоқтата тұру мүкіндігі де бар.Жалпы бұл қондырғыны көпфункционалдық аудиожүйе ретінде де қолдануға болаыд. Диаметрлері 70 мм болатын екі динамигі және АМ/АЬ радиоқабылдағышы да бар. Бұл техниканы арақашықтықта басқару пульті де қарастырылған.
Әрі қарай

Үй гүлдеріне керек ыдыс.

Британияның 22 жасар студенті Наталя Кингтің бұл жаңалығынан кейін гүлдердің жағдайы бірден жақсармақ.
Брунел университетінің индустриалдық дизайнерлер курсында оқитын қыз гүлдерге арналған ақылды ыдыс ойлап тапты.
Ыдыстың қасиеті — өсімдік сусай бастағанда белгі бере алады.Tulipe деп аталатын бұл ыдыстың сенсорлары — өсімдікке температура және жарық пен ылғалдылық жетіспейтінін анықтаса, ыдыстың түбінен ашық қызыл түспен жарық шығара бастайды екен. Наталия Кингтің
айтуы бойынша бұл жаңалығына 8 айдай уақытын жіберіпті.
Әрі қарай

Карандашқа айналатын қағаздар!

Сыртынан қарағанда бұл қондырғы принтерді, шредер болмаса қалам ұштағышты елестетеді. Қондырғының жасалу мақсаты мүлде бөлек. Бұл гаджеттің көмегімен сіз керек емес қағаздан карандаш жасап алуыңызға мүмкіндік туғызады. Ол шін қағаздың бір бетін осы құрылғыдан өткізсеңіз болды, бірнеше минуттан соң карандаш аласыз.
Көлемі кіші болғандықтан, бұл гаджет қолдануға өте ыңғайлы және қарапайым.

Авторлары: Дизайнеры Ченжу Руан, Лю Юаньюань, Хинвей Юань и Чао Чен.
Әрі қарай

Қазақ блоггерлері. Олар кімдер? - "Таразы" бағдарламасы ("Хабар" арнасы, 25.03.11-23:25)

ЕСКЕРТУ: САПАСЫ НАШАР.



Сөз соңында
Сапасы үшін кешірім сұраймын, қолда бар аналог-тюнермен, "әйтеуір жоқтан жақсы ғой" деген пәлсапамен жазуға тура келді. Радиотолқындардың коллизияларынан Өркен екеу, Еркімбай төртеу боп көрінуі мүмкін (ал бесеу немесе одан көп болса — Сізде «белая горячка» :) ) Бәлкім, ертең сапалы жазбасын шығарып қояр өздері. Оған дейін талғажу болсын деген ой да.
Жалпы, «Хабар» агенттігінің уеб-саясатын түсінбей жүрм. Стрим-серверлері мынау екен: rtmp://212.154.153.109:1935 Бірақ ол хост сөніп тұрған сияқты. Флэш-сервер үшін тек лицензиялық төлемдердің өзі жылына төрт-бес мың АҚШ доллары тұрады менің есебімше. Канал мен сервер алғандары тағы бар. Оған да пәленбай мыңды тағы қосыңыз. Менің есебім бойынша, стрим-серверді басқару сияқты тозақтың жұмысына ешкім 800 доллардан кем ақыға келіспейді. Очм, осыншама ресурсқа соншама ақша шашып, ештеңесіз қалған жаман екен де. Қашан біз «каналдың сайтынан қарап алармын» деп, сеніп жүре беретін жайбарақат өмірге жетер екенбіз осы?
Әрі қарай

Онлайн медиа жасай ғой...

Розатайдың блогынан алынған сурет
Алдыңғы жазбада «желге ұшқан ақшаларды» талқылап, біраз буымызды сыртқа шығарған тәріздіміз. Өкініштісі, қазір сайт жасап, дамытқысы келетін адамға үкімет тарапынан грант бөлінбейді (әрине, егер қаттырақ жыласаң, бірдеңе беріп қалатын шығар. Ол жағын тексермедім). Аршат та бұл жайлы ойын тарқатып айтқан еді.

Есесіне, Халықаралық ұйымдар онлайн медиа ашуға, интернетті дамытуға арнап гранттарға байқау жариялап отыр. Соның бірі Сорос Қазақстан қорының бағдарламалары.

Бірінші жобаның тақырыбы «Онлайн медиа құру байқауы» деп аталса, екіншісі «Интернетті қолдану мен дамытуды ынталандыратын жобаларды жүзеге асыру байқауы» деп аталады (орысша берілген екен, дәл аудара алмаған сияқтымын).
Әрі қарай

Google-дан жас жұбайларға жаңа қызмет


Google бұл жолы жас-жұбайларға арналған бір қызметін ашты. Жастар енді өз тойларына арнап жеке сайт аша алады, суреттерінен альбом құра алады, той бюджетін немесе шақырылатындар тізімін де реттей алады. Барлығы тегін.

google.com/weddings

Ал, мен ақылы қызмет ұсынамын. Егер қазақ тілінде жас-жұбайларға арналған жеке сайт тапсырғыңыз келсе хабаоласуыңызға болады. Жас жұбайларға арналған сайт жасаймын. Мұны үйленгендер өздері де немесе тойға сыйлық ретінде де тапсырыс беруге болады. Той суреттері, тілек бұрышы т.б беттерден құралған мұндай сайттың үлгісін мына жерден қарай аласыз: abzal-gulmira.kz
Әрі қарай

Wikileaks: жаңа, поп-секрет жанры

"...Қызыл кітап, бұл өзі — қызық кітап:
Сырты — жұқа, ал іші — қалыңырақ..."
© Қадыр Мырзалиев

Осы сайт жаһанды дүрліктіріп, дегбірімізді қашырды. Қалтырайтын жөніміз бар: енді Обаманы өз арамызда «қарабала» деп айтудан да қалатын түріміз бар.


Поп-тарих

Кімнің есінде болса, 90 жылдардың аяғында – 2000 жылдардың басында, кейін «фолькс-хистори», «поп-тарих» деген баға алған жанр қалыптасты. Ендігәрі бір ауыз тұжырым жазу үшін, мұрағат қопарып, қайсыбір ғасырдағы қабірді қазып, дулыға-сауыттардағы бедерлерді тіміскілеудің қажеті болмай қалды. Отыра қаласың да, Манаш Қозыбаевтың көзін ала беріп, жазып тастайсың. Ең қызығы: бетің бүлк етпейді.
Поп-тарихтың зерттеу аппараты да қызық еді. Ол тіпті сөздердің ұқсастығына да сүйеніп, фундаменталды тұжырым жасай беретін. Мысалы, Суворовты орысқа қимай тұрсаң, аласың да – «атасы Суыр деген қазақ болған екен» дей саласың. Тұжырымның сырттай абсурдтығына қарамастан, осындай «тарихпен» бір толқын өсті десе болады. Айтпақшы, Астананың қақ ортасында «телевизорды ойлап шығарған қазақ екен» деп жүрген біреу бар. Сірә, поп-тарих жанры әлі де жалғасын тауып жатса керек.
Әрі қарай