77777_000_abk дегенді банға, жазғандарын зынданға жіберуге лайық па?

Былай ғо, сұрыптау мен сұрыпталу деген түсінік әуелден бар, және болғаны, бола бергені дұрыс.
Сонымен, осы керекте 08 маусым 2013, 22:11-де тіркеліп, бүгінге дейін 8 тақырып пен 0 пікір жазған 77777_000_abk атты қолданушының жазбаларын зынданға, өзін банға жібереміз бе? Ақыры, жазбаларына пікір жазуға рұқсат бермейд, өзі де пікір қалдырып, ой бөліспейд екен, не дейсіз, оуу халайық, ішіп кетеміз бе, Жаңа жазбалар дегенге адамға ұқсап кіремін, ол жерде 77777_000_abk дегеннің төрт пресс-релиз жазбасы тұрады.
Админ, «Ауу» деп жіберсе…
Әрі қарай

Бақыттың ізімен


Бақыттың ізімен
Кейде адам баласы өзінің мақсаттары үшін алға ұмтылады, олар барлық жұмысты жүрекпен емес ақылмен істейді.Кейбірі бақытты іздесе, ал басқалары бақытты күтумен болады, тағы басқалар қолдағы бақытты бағаламай, бақытты кері итереді.Өткен заманда бақытты қалай түсінген? Олар бақытты қарапайым ғана отбасы, ел амандығы, жар адалдығы, имандылық жолымен жүру т.с.с
Ал қазір бақытты адамдар түрліше топшылайды, бағамдайды.Қазіргі заман бақытты қандай, болашақ бақытты қандай? Салыстырып ара жігін білейік.Өз ойларыңыз болса қосыңыздар!
Әрі қарай

Төрттағандар

Әбу-Грейбтен шүкір де қайта.

Махаббат пен сенім болса егерде,
Жеңеміз біз қиындықтың бәрінде,
Осылардың біреуіде болмаса
Не қажетті ғашық болу біздерге.
********
Мына сөзім арналады қыздарға,
Қыр гүліндей жайнаған аруларға,
Әдеппенен, ақ пейілді тең ұстап
Бақыт құсы қонсын ару қыздарға.
**********
Жолдар ұзақ жеткізбейді мақсатқа,
Кетіп барам арман қуып қалаға,
Көп ұзамай қайтып келем ауылға
Ауылымның жарқын болашағына.
*********
Кешегіні еске алып,
Қолға қызыл гүл алып,
Ұстаздың жарқын бейнесі
Қалар есте жатталып.
*********
Уақыт бәрін емдейді,
Уақыт өтіп барады,
Мені неге сол уақыт
Емдемейді жарамды.
Әрі қарай

Шерлок Холмстың ізімен


Шерлок Холмстың ізімен Жақында Шырайлы Шымкент қаласындағы «Бекжан» базарының өртке орануы жайлы болмақ.
Осындай алып базар бірнеше сағат ішінде күлге айналды, Алып базар қалай ғана өзінен-өзі жануы сенімсіздеу көрінеді.Біреу ұйымдастыруы мүмкін бе?
Әрі қарай

Жаңа дүкен


Астаналық базардың /Артем/ үшінші қабатынан қысқа балақты шалбарлар сататын дүңгіршек ашылыпты. Ашқан кәсіпкер бұған дейін бірінші қабатта сотка сатумен айналысқан екен. Енді бүкіл жиған тергенін салып және достарының көмегімен әлемде жоқ жаңа дүкен ашып отыр. Бағаларыда тиімді. Тұтынушылар бұрын шалбарды сатып алып оның балағын қысқарту үшін тағы да шығындалатын едік. Енді жақсы болды деп ризашылықтарын білдіріп жатыр. Кәсіпкердің жақын арада сол дүңгіршектің жанынан сақалды әрлеп қысқартатын салон да ашпақ ойы бар екен.
Әрі қарай

Өзім туралы




Аллах тағала атымен бастаймын,
Ашамайлы Керейдің ер ұлымын.
Ризамын туғаныма адам болып,
Жұматайдың тұңғышы — Самат деген.
Кіндігім Есілкөлда кесілген жер,
Еркімше қол-аяғым көсілген жер.
Шешем-Баян, әкем-Жұматай-Зәкір,
Адам қып, мендей ерді-өсірген жер.
Арысы Орта жүзде Керей затым,
Үш жүзге мәжһүр болар Самат атым.
Мұхаммед-Ханафия да болған атым,
Самат деп атап кеткен мені халқым.
Атамыз имам және батыр болған,
Ермек-ұлы атам әулие болған.
Жұматай-әкем атын баяндайын,
Самат-өз есімінді атам қойған.
Руы нағашымның-Шоға Уақ деген,
Қонысы Омбы-Қасқат мекен еткен.
Атам-Қазбек, ағам-Имам Асылбек,
Анам бірге туған інісі екен.
Ел білетін азаматтың келбетімін,
Қызылжардың еске алар перзентімін.
Демеймін асыл туған орасанмын,
Өнерге талайларға таласармын.
Қызылжардың көп халқына ардақтымын,
Жаны адал көп жанның қымбатымын.
Қадірлеп силай білсе бір басымды,
Ағайын ел – жұртымның бақытымын.
Ағайын ел жұртыма баладаймын,
Силаса арқа сүйер панадаймын.
Бір пәле бастарына түсе қалса,
Сөнгенше қамын ойлап алаңдаймын.
Ер жігітке мен болар панадаймын,
Тәрбие үлгі алатын данадаймын.
Өзімнен ақыл сұрап – іздеп келсе,
Алдынан қарсы шығар ағадаймын.
Жақсының ақыл сөзін мақұлдаймын,
Дос болуға қол беріп жақындаймын.
Қадірімді білмеген, кей адамға,
Өз бойымды үйретпей жатырқаймын.
Кейде мен досыма да тосындаймын,
Бір көрген жанның кейде досындаймын.
Сырымды бір көргенде білдірмеймін,
Тосқа да, досқа да осындаймын.
Баласы Жұматайдың Саматымын,
Ешкімге зияным жоқ жүрген жанмын.
Адамға өзім деген бас имеймін,
Өзім өлкетанушы кімнен қормын?
Саматтан өтіп жатыр өмірбаян,
Сіздерге өлең сөзбен еттім баян.
Мақтанатын айта салған сөзім емес,
Өмірім өсіп өнген бәріңе аян.
Осылай мен өзімді баяндадым,
Есімнен ұмытылмас туған жерім,
Сыйынып аруағына бабалардың,
Есімнен ұмытылмас аталарым.
Әрі қарай

Бағындырған белестер аз емес, дегенмен де...




Еліміз тәуелсіздік алғалы 20 жылдай уақыт өтті. Осы жылдардағы бастан кешірген тарихи оқиғаларды ой елегінен өткізер уақыт жетті деген ойдамын. Небәрі 20 жыл уақыт ішінде жеткен жетістіктеріміз, асқан асуларымызбен бағындырған белестеріміз аз емес. Дегенмен де, тілдің мәселесі сол қалпы, “ Баяғы жартас, сол жартас ”. Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту мақсатында Қазақша КТК ойындары, қазақша курстар, қазақ тіліндегі көптеген сайыстар, жасалып жатқан игі іс-шаралар аз емес. Алайда, кей адамдарға бұл қызықты емес, әлде жасалып жатқан іс-шаралар қызықтырмайды ма немесе тілге деген менсінбеушілік пе ол да бір көкейкесті мәселе болып қала бермек. Көше кезіп бара жатқан кезде қой көзді қазақ жастарының не қазақша, не орысша сөйлей алмайтындығын байқаған кезде бір жағынан өкінішті болғанмен де екінші жағынан еріксіз езу жиюға тура келеді. Бір қызығы, тек қана қазақтар бөгде тілде сөйлейді екен. Орыс қазақша сөйлемейді, өзбек орысша сөйлемейді, ағылшын қазақ тілін білмейді. Бұл өзге ұлттардың патриоттық сезімінің жоғары деңгейде екендігін көрсетеді. Жақында “Саз әлемі” бағдарламасында кәріс ұлт өкілдерінің біздің халықтың әнін нақышына келтіріп айтқан кезде жүрегімді бірден елжіретіп жіберді. Сол топқа қарап, егер кей қазақтарымызда намыс болса, осы әнді естіген соң қазақша үйренуге ұмтылысы болады деп үміттендім.
Осы қарбалас заманда барлығы білім мен тілдің еншісінде. Егер қазіргі жастарымыз осындай деңгейде болып тұрса, келер ұрпақ қандай болмақ деген сауал туады. Ол,әрине, уақыттын еншісінде. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін Абай атамыздың мынадай сөздерімен аяқтағым келеді: “ақ қағазбен қара сияны ермек қылайын, кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе өз сөзім өзімдікі”
Әрі қарай

Ататын таң




«Көрінер жарық жер жоқ қараңғы түн. Болар ма ататын таң, шығатын күн. Дей тұғын:»ислам қайда?"-, ер азайып. Бақ айнып алмасып тұр пері мен жын. Әулие тебіренесің енді қашан? Жылдан жыл жіңішкеріп барады дін. Бермесең өзің қуат Патша Құдай. Кімге айтып дегенмен дат жетеді үн?" Кете Шегебай Бектасұлы
Әрі қарай

Қазақтың бір ғана отаны бар



Өмір расында өлшеусіз дүние. Ондағы түрліше тірлік өз алдына қым –қуыт. Сол тынымсыз тірліктің ең керемет үлгісі болған адам баласы қанша ақылды болып, әлі жеткенді бағындыра алғанымен, Алла сыйлаған өлім алдында әрқашан дәрменсіз. Бірақ, осы бір ақылды пенденің өлшеулі ғұмырын өшірмейтін ол әрине, ұрпақ. Өйткені, «адам өзі мың жасамайды, ұрпағымен мың жасайды», сондықтан да тарих өзі таразы болып, жеке ұлт болып қалыптасқан қазақ халқы қаншама қан кешулер кешсе де, келешегін ойлап, бүгінге жетті. Қалай жетті? Ер етігімен су кешіп, ат ауыздығымен су ішкен сол бір сұм заманда қасқырдай тиген қас жауларға қасқая шапқан қайсар қазағым хандғы құлап, құты қашса да «ұрпағым» деп ұрысқа шықты, боздақтар өліп, ат жалын құшты. Алқымынан алған тарамыс тағдырдың тауқыметі жеңді ме, әлде отаршыл күштің өрті шалды ма, қапыда қалған қазекең тар жолда тайып, тарыдай шашылды. Миллион қазақ аштықтан өліп, миллион қазақ шетелге асты. Сонда да есін жиып, десін бермеген батыр елім бабалар аманаты байтақ даламыздың іргесін мықтап, егемендігін алды. Алаш ұранымен арайлап атқан азаттық таңы қазақ мемлекетін әлемге паш етіп, аламан жұрттың арман аққуын айдынына қондырды. Даласы қандай кең болса, көңілі де сондай дархан ел өзін ғана жарылқамай, жомарт жүрегіне жүзден астам ұлт пен ұлысты ұялатып, өз ұлындай бауырына басты. «Қадірімді біл» деп қамшысын алған қазақ жоқ. Аллаға сеніп қайырын күтті. «Біз бәріміз қазақпыз, жер шарында көп емеспіз, азақпыз» демекші ұзын саны 10 –ақ миллион болғанымен, ұлан –ғайыр өлкесі бар бақытты ұлттың бұл күндері арманы көп –ақ. Соның бірі, әлемдегі бар қазақты бір шаңыраққа ұйыстыру, ұрпақ үшін қызмет еттіру. «Өзге елдің сұлтаны болғанша, өз елімнің ұлтаны болайын!» деп туған топырағына аңсары ауған Бейбарыстай батырдың күйін кешіп, күпісін тастамай жүрген шетелдегі қандастарымыздың қазіргі кезде көші баяу, көңілі қаяу екендігі баршаға аян. Алайда «ештен кеш жақсы» емес пе?! Жаһандану жағадан алып, империя мен миллиярд арасында тілі байлауға, діні айдауға түсіп, жұтылып кетпей тұрғанда, бытырап жүрген 5 миллиондай бауырларымызды тарихи отанымен тезден қауыштырсақ, нұр үстіне нұр болар еді. Демек, қай жерде қай кезде болсын, қазақ баласының бір ғана Отаны бар. Ол — Қазақстан. Сенетін бір ғана діні бар, ол – Ислам!

Ермек Қанатбекұлы
Әрі қарай