Сенбі күні Астанада 255 ағаш отырғызу жоспарлануда

Астана жаңалықтары: Сенбі күні Астанада 255 ағаш отырғызу жоспарлануда

Шара барысында 8500-ден адамның, 425-тен астам ПИК-тің қатысуы және 123 теxниканы жұмылдыру жоспарлануда. ПИК және өзге де ұйымдардың басшыларымен

қала ауданын санитарлық тазалау, аудан аумағын абаттандыру, кіреберістер мен төбе жабындыларын жөндеу, қоршаулар мен қасбеттерді жаңарту, құрылыс қоқысын және тұрмыстық қалдықтарды сыртқа шығару сынды мерзімдік күзгі-қысқы жұмыстар атқарылады.

Онымен бірге жалпықалалық сенбілік барысында 255 ағаш отырғызу жоспарлануда.

— «Есіл» ауданы бойынша 95 ағаш ("Ғашықтар" саябағында);

— «Сарыарқа» ауданы бойынша 160 ағаш (Гете және Конституция көшелері).

Айта кетейік, жалпықалалық сенбіліктің басты мақсаты — қоғамның назарын астана қаласының көшелерін таза ұстау және экологиялық мәдениетін қалыптастыру болып табылады. Көшелерді және аулаларды абаттандыруын жақсартуға өз үлесін қосуға, барлық қалаушы тұрғындар және қала ұйымдартырушылары қатыса алады.
Әрі қарай

Талдықорғандық модель Францияда өткен байқауда жеңімпаз болды

Алматы облысы: Талдықорғандық модель Францияда өткен байқауда жеңімпаз болды
Алғаш рет Алматы облысының сән мектебі «DA models»-тің оқушылары «World Asia Beauty 2017» және «Universe Beauty 2017» сынды сән көрсетілімі мен өнері ұштасқан сұлулық байқауларында жүлделі орындар алып қайтты. Олар 5 жасар Кибраева Азалия 2-ші Вице Мисс атанса, 9 жасар Хасен Амина 2-ші орынды және Тарасенко Кира 3-ші орынды иеленді. Бұл туралы облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында белгілі болды.
«DA models» сән мектебі 2017 жылдың сәуірінде ашылды. Қазіргі таңда мектепте 5-25 жас аралығындағы 23 оқушы бар. Жаттығулар І.Жансүгіров атындағы мәдениет үйінде өтеді. Онда оқушылар жас ерекшеліктеріне қарай бірнеше топқа бөлінген.
Мектептің мақсаты балалардың шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту, дұрыс сойлеу мәнерін қалыптастыру, деніні қалапты жағдайда ұстауды және камерамен жұмыс жасауды үйрету.
«Талдықорғанда сән мектебінің ашылғанына аз уақыт болса да 14 жасар модель Асқарова Дана шілде айында Францияның Лакост қаласында өткен «World Asia Beauty 2017» байқауының «Super Model Universe Beauty 2017» номинациясы бойынша Гран-при жеңіп алды. Бұл байқау жыл сайын әлемдік сән әлеміндегі аңыз адам Пьер Карденнің қолдауымен өткізіледі. Фестиваль халық арасындағы, әсіресе, әртүрлі елдердің балалары арасындағы достық қарым-қатынастар мен мәдени алмасуларды нығайту мақсатында және балалардың діни көзқарастары мен ұлттарына қарамастан өтеді. Оған 100-ден астам елдің өкілдері қатысады», — деді «World Beauty» Алматы облысы бойынша директоры Кисапова Алия Аскарқызы
Сән мектебінің басты мақсаты Алматы облысының жас өнерпаздарын халықаралық дәрежедегі байқауларға қатыстыру. Олай болса баспасөзге қатысушылар «DA models» сән мектебінің оқушыларына тек сәттілік тілесті.
Әрі қарай

«Тәртіпсіздік пен құқықбұзушылыққа нөлдік төзімділік» акциясы аясында кең ауқымды елордада дөңгелек үстел өтті

Астана жаңалықтары: «Тәртіпсіздік пен құқықбұзушылыққа нөлдік төзімділік» акциясы аясында кең ауқымды елордада дөңгелек үстел өтті

Ағымдағы жылдың 25-27 қыркүйегі аралығында өткізіліп жатқан «Құқық бұзушылыққа және тәртіпсіздікке нөлдік төзімділік» акциясы шеңберінде, Астана қ. «Алматы» аудандық ІІБ ЖПҚ қызметкерлері «Нұрлы-Жол» теміржол вокзалының ғимаратында теміржол вокзалының бастығы Д. Құсаинов, Астана қ. ІІДк ІІБЖБ бастығы полиция подполковнигі Е.Тұрғанбаев, Астана қ. «Алматы» аудандық ІІБ ЖПҚ бастығы полиция подполковнигі Д.Елгоновтың қатысуымен «дөңгелек үстел» өткізілді.

Іс-шара барысында жол қауіпсіздігін қамтамсыз ету сондай-ақ, құқық бұзушылық пен қылмыстың жолын кесуді бірлесіп қамтамасыз ету бойынша сұрақтар қозғалды.

Астана қ. «Алматы» аудандық ІІБ ЖПҚ қызметкерлері Астана қаласының ІІДк ІІБЖБ қызметкерлерімен бірлесіп, «Нұрлы Жол» теміржол вокзалы аумағындағы құқықбұзушылық пен қылмыстың жолын кесіп,қоғамдық тәртіпті қадағалау мақсатында күзету тексерісін өткізді. Алдағы уақытта осы бағыттағы жұмыс тұрғылықты қарқында жалғасатын болады.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 26 қыркүйегінде Астана қаласының «Сарыарқа» аудандық ІІБ ЖПҚ қызметкерлері С.Сейфуллин атындағы«Қазақ Агротехникалық университетінің» студенттеріне «Құқық бұзушылықтың алдын-алу» тақырыбында лекция өткізді.

Студенттермен қоғамдық орындағы тәртіп ережелері, әкімшілік құқық бұзушылық жасаған азаматтарға қолданылатын әкімшілік жазалар туралы сөз қозғалды.Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының әкімшілік Кодексіне қатысты және өзге де бабтарға қатысты белсенді пікірталас өтті. Учаскелік полиция инспекторларына көмек көрсетуге бағытталғанжедел жастар жасағы отрядынажас студенттердітарту бойынша насихаттық жұмыстар жүргізілді.
Әрі қарай

Астанада қаланың үздік білім мекемелері марапатталды

Астана жаңалықтары: Астанада қаланың үздік білім мекемелері марапатталды

Ұстаздардың кәсіби мерекесі қарсаңында Астана қаласының әкімдігі елорданың үздік білім мекемелерін марапаттады.

Бұл күні дәстүр бойынша қала әкімінің грантымен келесі аталымдар бойынша марапаттар табысталды: «Үздік мектеп», «Үздік мектепке дейінгі мекеме», «Үздік қосымша білім беру мекемесі», «Үздік колледж», «Үздік арнайы мекеме».

№3 мектеп-гимназия — «Үздік мектеп» аталымы бойынша жеңімпаз атанды, №37 балабақша – «Үздік мектепке дейінгі мекеме», Балалар көркемдік мектебі — «Үздік қосымша білім беру мекемесі», «Гуманитарлық коледж» МКҚМ – «Үздік колледж», «№1 психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті» МКҚМ – «Үздік арнайы мекеме» номинациялары бойынша жүзден жүйрік шықты.

«Арман» балабақшасының меңгерушісі Разия Әбдрахманова жүлделі болғанына таңғалды.
-Жыл сайын ұстаздар үшін мерекелік концерт ұйымдастырады. Биыл біз ерекше қуанышқа бөлендік. Себебі үздіктер қатарынан көріндік. Мекемеміз 12 жыл жұмыс істеп келеді. Бұл жеңіс біздің ұйымшыл ұжымымыздың жетістігі деп білемін, — дейді ол.
Айта кетейік, үздік мекемелерге бағалы сыйлық ретінде компьютерлер, шағын блок, арнайы түзеу білім беру үшін сенсорлы үстел, интерактивті тақталар, ноутбуктар және оқу орындарына қажетті басқа да жабдықтар табысталды.

Педагогтар мерекесі аясында балаларға оқу мен білім беруде үздік жетістіктерге жеткен ұстаздарға Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «Ы.Алтынсарин» төсбелгісімен және «Қазақстан Республикасының білім беру саласының үздігі» атақтары берілді.

Астана қаласының 19 жетекші мектебі ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Олар «Назарбаев интеллектуалдық мектептерінің» менеджментін, білім құрамын жаңарту және халықаралық стандарттарды енгізу барысында ауқымды жұмыстар атқарды.

Марапаттау салтанаты мерекелік концертпен жалғасты. Елордалық педагогтарға қазақстандық эстрада жұлдыздары, астаналық білім мекемелері мен Білм басқармасының өкілдері, оқушылардың шығармашылық ұжымдары өз өнерлерімен көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Әрі қарай

1 қазаннан бастап бірыңғай такси қызметі елорда әуежайындағы бағасын төмендетеді



«Нұрсұлтан Назарбаев» халықаралық әуежайынан алғашқы үш шақырым 1000 теңгені құрайтын болады, деді медиа орталықтың тілшісіне берген сұхбатында Астана қаласының тасымалдаушылар ассоциациясының төрағасы Медет Құрманов.

Әуежайдан қалаға дейінгі үш шақырым қашықтықтан асатын тасымал қымбат болады. Әрі қарай әр шақырым үшін 100 теңге қосылып отырады.

Қала бойынша ең төменгі тариф – 500 теңге. «Нұрлы жол» темір жол вокзалындағы баға 700 теңгені құрайды.

«Жолаушыларға көрсететін қызметтің сапасын жақсарту мақсатында бірыңғай нөмірі бар чат-тобы іске қосылды. «Astana Taxi» бірыңғай такси қызметінің жұмысына қатысты өтініш пен шағым білдіргісі келген жолаушылар 8-700-555-76-07 нөміріне жаза алады», — деді елордалық жолаушылар қауымдастығының атарушы директоры Сәкен Ханхожин.
Әрі қарай

Эльдар Рязанов. "Арасында туған күн мен өлген күннің..."

Аударма: Эльдар Рязанов. Арасында туған күн мен өлген күннің...
Арасында туған күн мен өлген күннің
(ал алдында аты-жөнің сыйып қалған)
сызықша тұр, сызық қой, минус белгің,
бұл белгіде бар өмір тұйықталған.

Бұл сызыққа кетті өткеннің бәрі кіріп,
Бәрі өтті! Кетті қардай қыстағы айқын.
Жоғалды, еріп кетті, кетті құрып,
Басқаға ұқсайтын һәм ұқсамайтын.

Мендегінің бәрі өлді! Оралмайды.
Махаббатым, қайғы, мұң, қызық та бар.
Ештеңе енді қайтып келе алмайды,
тек қос дата арасында сызық қалар.
Әрі қарай

Алматы облысында игі істерге бастар 233 жоба іске асуда

Ағымдағы жылдың 18-ші сәуірінен бастап 24-ші мамырына дейін Алматы облысында «Әлеуметтік жоба ұсын!» атты конкурсқа іріктеу өтіп, оған 18-29 жас аралығындағы жастар қатысқан. Жалпы облысқа 900 жоба ұсынылып, соның ішінде 233 жоба грант жеңіп алды. Жобалар қазіргі кезде 11 бағыт бойынша жұмыс істеп жатыр. Бес ай көлемінде бөлінген 1 000 000 теңгені дұрыс әрі пайдалы жаратуы қажет. Бұл туралы облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында белгілі болды.
Жалпы жоба мақсаты жастарды қоғамдық өмірге тартылуын ынталандыру, әлеуметтік жәбір шеккен жеке тұлғалар мен коғамдық топтардың әлеуметтік мәселелерін шешуге бағытталғын.
Дүниежүзілік банк пен ҚР Білім және ғылым министрлігі қолдау көрсетіп отырған жастарға арналған жобалар байқауы Қазақстанның төрт облысында жұмыс атқаруда. Олар: Алматы, Қарағанды, Павлодар және Оңтүстік Қазақстан облыстары. Қабылдаушы ұйым ретінде жалпы 14 ұйым өз өтінімдерін беріп, қазіргі таңда жоба қатысушылармен тығыз жұмыс жасауда.
Жиында жастар бастамашыл тобының көшбасшысы, «Рука надежды» жобасының авторы Онербекова Меруерт бірқатар мәселелерге тоқталып өтті:
-Менің жобамның мақсаты көп жылдар бұрын туберкулез дертіне шалдығып, толықтай емделіп жазылған адамдарға алғашқы көмек көрсету шараларын үйрету және оларға қосымша білім бере отырып инструкторлық дәрежеде сертификаттау. Жоба аясында бенефициарларды іріктеп алу үшін Талдықорған қалалық емханасымен келісімшарқа отырып, 5 ай ішінде тренингке қатысу үшін 60 адамды қамтуды мақсаттап отырмыз. Әр ай сайын оқыту 3 тренингке бөлінген. Қазір жобаның жұмысы қызу жүргізілуде және өз мерзімімен жүзеге асуда және алғашқы инструкторлар қатары дайындалды.
Баспасөзге қатысушылар осындай қоғамға пайдалы жобалардың көп болуын және жүзеге асуын тілесті.
Алматы облысында игі істерге бастар 233 жоба іске асуда

Алматы облысында игі істерге бастар 233 жоба іске асуда

«Ерлігі мұра - Ескелді» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

Алматы облысы: «Ерлігі мұра -  Ескелді» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті
І. Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында Ескелді Жылкелдіұлының 325 жылдығына және Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласына орай «Ерлігі мұра — Ескелді» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Конференция «Ер Ескелді» атты бейнефильммен ашылды. Мұнан соң жиынның ресми бөлігін облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар ашты. Жиында М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бөлім меңгерушісі, филилогия ғылымдарының кандидаты Тақтар Әлібеков баяндама жасап, Ескелді бидің әулиелігі, көрегендігі, шешендігі, әділдігі, әскери істі жетік білетін шеберлігі, сыртқы саясатта да салмағы зор ірі қайраткерлігі жайлы кеңінен баяндады. Мұнан соң І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Күлімкөз Сантаева жоңғар шапқыншылығы жылдарындағы Ескелді бидің ерлігі туралы сөз қозғады. Конференцияда Ескелді Жылкелдіұлының өмірі мен қазақ тарихындағы орны тақырыбында тағы бірнеше ғалымдар сөз алды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, ғылыми конференцияда жасалған баяндамалардың басы біріктіріліп, арнайы жинақ шығарылмақ.
Жалпы мерейтойлық іс-шара конференция алдында Ескелді бабаның кесенесіне гүл қою рәсімімен басталған. Ескелді бидің 325 жылдық тойы түстен кейін Республикалық ақындар айтысымен жалғасты. Айтысқа халықтың ықыласына бөленіп жүрген Балғынбек Имашев, Айнұр Тұрсынбаева, Сара Тоқтамысқызы сынды суырып салма айтыскерлер шақырылған. Ескелдінің ерлігі мен билігін, көрегенділігін, тапқырлығын жырлаған ақындар жетісулықтардың ықыласына бөленді. Тартысты айтыстың бас жүлдесін Сара Тоқтамысова — Семей қаласынан, І орынды Жандарбек Бұлғақов — Алматы облысынан, ІІ орынды Айнұр Тұрсынбаева — Астана қаласынан, ІІІ орынды Сырымбек Сəрсембаев — Атырау облысынан, Ескелді Жылкелдіұлы атындағы арнайы жүлдені Талғат Мықи — Батыс Қазақстан облысынан иеленді. 5 ақын Жалғас Садыр, Арзыгүл Қайыңбек, Сырым Əуезхан, Балғынбек Имашев, Əсет Дүйсебаев белсене қатысқаны үшін ақшалай сыйлықпен марапатталды.
Әрі қарай

Астаналықтар " Денсаулық қалашығында" болып қайтты

Астана жаңалықтары: Астаналықтар  Денсаулық қалашығында болып қайтты

Бүгін, 27 қыркүйек күні, Дүниежүзілік жүрек күні шеңберінде «Хан Шатыр» ОССО аумағында елорданың әр тұрғыны мен қонағына жедел тегін тексеруден өту мүмкіндігі берілген «Сенің денсаулығың сенің қолыңда» акциясы өтті.

«Сау жүрек – басты байлық» ұранымен акциясы Денсаулық сақтау басқармасымен және елорданың Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығымен бірлесіп Қоғамдық денсаулықты қорғау департаментімен ұйымдастырылды.

Осы іс-шараның мақсаты – халықты салауатты өмір салтын жүргізуге уәждемелеу, азаматтардың уақытылы скринингтік тексеруден уақытылы өтуі туралы ақпараттандыру, қан айналысы жүйесінің ауруларының алдын алу бойынша жұмысқа алуан түрлі қоғамдық институттардың өкілдерін тарту.

Сауда орталығында ұйымдастырылған «Денсаулық қалашығы» сауда орталығы 4 аймаққа шартты бөлінген. «Денсаулық аймағында» эндокринолог, кардиолог, невропатолог қабылдады. Мұнда артерия қысымын өлшеуге, қант деңгейін, қандағы холестеринді анықтауға, май тініндегі дененің бұлшықет массасының есебімен өз денесінің масса индексін білуге болады. «Дене белсенділігі аумағында» ЕДШК дәрігерінің кеңесін алды. Ол қандайда бір өзге аурулар кезінде, атап айтқанда жүрек аурулары кезінде дене жүктемесі бойынша ұсыныстар береді. Сондай-ақ «Дұрыс тамақтану аумағы» жұмыс істеді. Мұнда келушілер нутрициолог дәрігерінің кеңесін алды. Және төртінші – «Ақпараттық аумақта» тілек білдірушілер «Асқынған қан тамыры синдромы», «Артериялық гипертония», «АҚ қалай дұрыс өлшеу керек», «Инфарктің бірінші белгілері» тақырыбында қысқа дәрістерді тыңдап, қызықтыратын сұрақтарға жауап ала алды.

«Денсаулық қалашығының» мамандары сағат 18:00 дейін жұмыс істеді.

Атап өтетін болсақ, 20 қыркүйектен 29 қыркүйек аралығында республиканың барлық өңірлерінде Дүниежүзілік жүрек күніне арналған қан айналысы жүйелері ауруларының алдын алу бойынша онкүндік өтті.
Әрі қарай

Астана ойын-сауық орталықтарына келушілер саны екі есеге артты

Астана жаңалықтары: Астана ойын-сауық орталықтарына келушілер саны екі есеге артты

ЭКСПО көрмесі өткен үш айда елорданың сауда орталықтары мен мен ойын-сауық орталықтарына келушілер саны артып, тәулігіне 70 мың адамға жетті, деді медиа орталықтың тілшісіне берген сұхбатында Астана қаласының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы Рысгүл Қауғабева.

«Сауда ойын-сауық орталықтарына (СОСО) келушілер саны бұрнағы жылмен салыстырғанда екі есеге артты. Мәселен, өткен жылдардың осы кезеңінде бір күнде 33 мыңға жуық адам келсе, биыл бұл көрсеткіш тәулігіне 70 мыңды құрады. Сондай-ақ елорданың барлық сауда орталықтарында көрме кезінде кең ауқымды мерекелік шаралар өткізілді. Дәлірек айтсақ қаладағы СОСО 180-ге жуық шараны өткізді», — деді Р.Қауғабаева.

Айта кетейік, Астанада 8 ірі сауда ойын-сауық орталығы жұмыс істеп тұр.

«Көрме кезінде келушілердің санын арттыру мақсатында олар кәдесый өнімдерін сататын арнайы дүңіршектер ашып, балалар демалысын дамытты. Себебі, жаз мезгілі балалардың оқу демалысына шыққан кезі болатын. Бұдан бөлек, түрлі event шаралар өткізді. Жалпы, СОСО келушілер саны мен сауда көлемінің артқаны байқалады», — деді басқарма басшысы.

Сондай-ақ жаз айларына елорданың бірқатар базарлары келішулердің жайлылығы мен қолайлығы үшін жұмыс уақытын өзгеркен болатын.

«Ал базарларды алатын болсақ, мұнда да өсім көлемі 2-2,5 есеге артты. Қала базарларына келушілер саны бір күнде 15 мыңға дейін жетті. Көрме аяқталысымен қала базарлары белгіленген кестеге сейкес, бұрынғы тәртіппен жұмыс істеп жатыр», — деді Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Р.Қауғабаева.
Әрі қарай