Алматы облысында игі істерге бастар 233 жоба іске асуда

Ағымдағы жылдың 18-ші сәуірінен бастап 24-ші мамырына дейін Алматы облысында «Әлеуметтік жоба ұсын!» атты конкурсқа іріктеу өтіп, оған 18-29 жас аралығындағы жастар қатысқан. Жалпы облысқа 900 жоба ұсынылып, соның ішінде 233 жоба грант жеңіп алды. Жобалар қазіргі кезде 11 бағыт бойынша жұмыс істеп жатыр. Бес ай көлемінде бөлінген 1 000 000 теңгені дұрыс әрі пайдалы жаратуы қажет. Бұл туралы облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында белгілі болды.
Жалпы жоба мақсаты жастарды қоғамдық өмірге тартылуын ынталандыру, әлеуметтік жәбір шеккен жеке тұлғалар мен коғамдық топтардың әлеуметтік мәселелерін шешуге бағытталғын.
Дүниежүзілік банк пен ҚР Білім және ғылым министрлігі қолдау көрсетіп отырған жастарға арналған жобалар байқауы Қазақстанның төрт облысында жұмыс атқаруда. Олар: Алматы, Қарағанды, Павлодар және Оңтүстік Қазақстан облыстары. Қабылдаушы ұйым ретінде жалпы 14 ұйым өз өтінімдерін беріп, қазіргі таңда жоба қатысушылармен тығыз жұмыс жасауда.
Жиында жастар бастамашыл тобының көшбасшысы, «Рука надежды» жобасының авторы Онербекова Меруерт бірқатар мәселелерге тоқталып өтті:
-Менің жобамның мақсаты көп жылдар бұрын туберкулез дертіне шалдығып, толықтай емделіп жазылған адамдарға алғашқы көмек көрсету шараларын үйрету және оларға қосымша білім бере отырып инструкторлық дәрежеде сертификаттау. Жоба аясында бенефициарларды іріктеп алу үшін Талдықорған қалалық емханасымен келісімшарқа отырып, 5 ай ішінде тренингке қатысу үшін 60 адамды қамтуды мақсаттап отырмыз. Әр ай сайын оқыту 3 тренингке бөлінген. Қазір жобаның жұмысы қызу жүргізілуде және өз мерзімімен жүзеге асуда және алғашқы инструкторлар қатары дайындалды.
Баспасөзге қатысушылар осындай қоғамға пайдалы жобалардың көп болуын және жүзеге асуын тілесті.
Алматы облысында игі істерге бастар 233 жоба іске асуда

Алматы облысында игі істерге бастар 233 жоба іске асуда
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше