Алғашқы Паралимпиадалық ойындардың жеңімпаздары белгілі болды

Астана жаңалықтары: Алғашқы Паралимпиадалық ойындардың жеңімпаздары белгілі болды

Астанада балалар арасындағы алғашқы паралимпиадалық ойындар аяқталды деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

ҚР Тұңғыш Президенті қоры ұйытқы болған паралимпиадалық ойындарды өткізудің басты мақсаты адаптивті дене тәрбиесін танымал ету және дамыту, инклюзивті білім беру саласындағы жаңа коммуникациялық шешімдерді дамыту, ерекше қажеттіліктері бар дарынды балаларды анықтау және әрбір қатысушы баланың дамуына ықпал ету болып табылады.

Қанатқақты жоба аясындағы паралимпиада ойындарына еліміздің Ақмола, Алматы, Қостанай, Павлодар облыстары мен Астана қаласынан 120 спортшы қатысты. 12-ден18 жастағы өрендер спорттың 5 түрі бойынша бақтарын сынаған болатын. Бұл: волейбол, шахмат, қоңыраумен жүгіру, жүзу және арбада таңылғандар арасында жүргізілетін би сайыстары.

Осылайша жүзу жарысында үшінші орынға Ернұр Жолашар (Астана қаласы), екінші орынға Әділет Жүргенов (Ақтөбе облысы) ие болды. Ал бірінші орын Владислав Нинахановқа (Қостанай облысы) бұйырды.

Шахматтан қола жүлдені Наби Диас (Алматы облысы), күміс жүлдені Арайлым Сағиева (Ақтөбе облысы) қанағат тұтса, алтын жүлдені Сұлтан Қожахметов еншіледі.

Арбадағы би сайысында үшінші орынды Лестин Асламбеков пен Диана Мұсағұлова, екінші орынды Таңатханов Бағдат пен Жансұлу Күзенбаева (Қостанай облысы) алды. Ал Ерлан Нұрмағанбетов пен Сандуғаш Ақанова аталмыш сайыста топ жарды.

Қоңыраумен жүгіру жарысында Надежда Коханенко (Қостанай облысы) мен Айя Хамзина (Алматы облысы) үшінші орынды өзара бөліссе, екінші орынды Диляра Асаинова (Павлодар облысы) иеленген болатын. Ал Валерия Гаврилина (Астана қаласы) мәре сызығына бәрінен бұрын жетіп, алтын медальды қанжығасына байлады.

Ал волейболдан командалық есепте үшінші орын Астана қаласының командасына, екінші орын Ақтөбе облысының командасына бұйырды. Ал жеңіс тұғырынан аталмыш жарыста Павлодар облысының командасы көрінді.

Айта кету керек, аталмыш спорт түрлерінен паралимпиадалық ойындар келесі жылдан бастап дәстүрлі түрде республика деңгейінде өткізіледі деп жопарлануда.
Әрі қарай

Индустриалды Астана: «Стеклянный дом» зауыты шыны шынықтыратын жүйені іске қосады

Астана жаңалықтары: Индустриалды Астана: «Стеклянный дом» зауыты шыны шынықтыратын жүйені іске қосады

Шыныдан және айнадан өнім жасайтын «Стеклянный дом» зауыты жыл сонына дейін шыныны шынықтыратын жүйені іске қосады. Ол өз кезегінде зауыттын қуаттылығын 50 пайызға артырады,-деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің медиа орталығы.

Зауыттын жылдық өнімділігі – 300 млн. теңге, ол 12 мың шаршы метр шыны өнімін құрайды. Зауыт басшысының жоспары өнімділікті 25 мың ш.м арттыру.

«Біздің зауытқа 9 жыл толды. Ал, индустриалды парк аумағында жұмыс жасап жатқанымызға бес жыл толып отыр. Жыл сайын технологияны жаңартудың арқасында зауыттын қуаттылығын арттырудамыз. Бізде шыныны кесу, өңдеу, бронды қалқан, триплекс шыны жасау мүмкіндігі бар. Сонымен қатар біз көлемді шыныға көркем бейне басып шығара аламыз. Зауыттын 2016 жылғы толық қуаттылығы шамамен 12 мың шаршы метр дайын өнімді құрады. Бұнын бәріне біз жұмыс өнімдігін және мамандарымыздың кәсібилігін артыра отырып жеттік»,- деп атап өтті «Стеклянный дом» ЖСС –нің директоры Эдуард Никифоров.

Компания әр қашан өзінің технологиялық мүмкіндіктерін жаңартуда. Фирма көп қатпарлы қорғанышты шынынын көлемдік шектеусіз мөлшерін шығаруға қауқарлы. Жәнеде зауыт осы жылдың аяғында жаңа шынықтырылған шыны өнімін шығараду қалға алуда, ол өз кезегінде қуаттылықты 50-60% арттырады деп күтілуде.

«Осы жаңа ления арқылы біз көлемді артырып, жылына 25 мың шаршы метр өнім шығарамыз деген ойдамыз. Біздің басты артықшылығымыз әр тапсырысқа ерекше қараймыз. Бізде типтік өнім көлемі аз, жиі жекелеген тапсырыстар түседі. Көбі шетелден тапсырыс алуға қорқақтайды, ал біз тапсырыс аламыз және жоғары деңгейде орындап береміз», — дейді зауыт директоры.

Кәсіпорынның аумағы 1.5 гектар. Аумақта теміржол тұйығы бар. Болашақта қоймалар салу жоспарланған. Эдуард Никифоровтың айтуынша, бұл болашақта жүк қабылдауға, жөнелтуге және өнімді тиісті талапқа сай сақтауға мүмкіндік береді.

Қазіргі күні зауыт өнімдерін тек Астанада емес Қазақстан бойынша құрылысқа қолдануда. Астанадағы «Highvill», «Hilton», «Nissan» «Керуен» СО, «Mega SILKWAY» ОСО, «Алау» МА, «Хан шатыр» ОСО, «Лазурный квартал» ТК-нің интерьері осы зауыттын өнімі.

Қазіргі күні зауыт 30 адамды жұмыспен қамтып отыр.
Әрі қарай

Демалыс күндері елордада бірқатар мәдени іс-шара өтеді

Көрмелер, концерттер, қойылымдар, байқаулар. Осындай мәдени шараларға елорда тұрғындары мен қонақтары 21-22 қазанда бара алады деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің медиа орталығы.

Тәуелсіздік сарайында қазанның 31-не дейін «Silkwayart» Бексейіт Төлкеевті еске алуға арналған көрме, Жанна Спунер, Мұхтар Байбосынов еңбектерінің көрмесі, «Тәуелсіз Қазақстанның тарихы» атты көрме жұмыс істейтін болады.

21 қазанда сағат 15:00-де «Жастар» сарайында «Тату отбасыда» атты украин халқы шығармашылығының халықаралық фестивалі басталмақ. Ал жексенбіде мұнда таңертеңнен бастап, «ART GLOBAL» халықаралық көпжанрлы өнер байқау-фестивальі өтеді деп жоспарлануда.

Астана — опера осы аптада «Ұйқыдағы ару» балетін көпшілік назарына ұсынады. Қойылымды 22 қазанда тамашалауға болады.

Сенбі, 21 қазанда сағат 18:00-де Бейбітшілік және келісім сарайында қала тұрғындары мен қонақтары үшін К. Хабенский мен «Солисты Москвы» ансамблімен кездесу мүмкіндігі туады. Ал 22 қазанда сағат 19:00-де мұнда «Шабыт» университетінің есептік концерті өтеді деп күтілуде.

Ал «Астана» концерт залында 21 қазанда сағат 17:30-да Тимур Мыңбаевтың шығармашылығына арналған симфониялық оркестрдің XVIII концерттік маусымы ашылады.

«Алжир» мұражайында 30 қазанға дейін «Репрессия тарихы бала көзімен» көрмесі жұмыс істемек.
Әрі қарай

Астанада балалар арасында алғашқы Паралимпиадалық ойындар өтуде

Астана жаңалықтары: Астанада балалар арасында алғашқы Паралимпиадалық ойындар өтуде

Бүгін, 20 қазанда елорданың Оқушылар сарайында ҚР Тұңғыш Президенті қорының ұйымдастыруымен балалар арасындағы алғашқы паралимпиадалық ойындар салтанатты түрде ашылды деп хабарлайды Астана әкімдігінің медиа орталығы.

«Жеңістерге бірге» атты паралимпиадалық ойындарды өткізудің басты мақсаты адаптивті дене тәрбиесін танымал ету және дамыту, инклюзивті білім беру саласындағы жаңа коммуникациялық шешімдерді дамыту, ерекше қажеттіліктері бар дарынды балаларды анықтау және әрбір қатысушы баланың дамуына ықпал ету болып табылады.

Қанатқақты жоба аясындағы паралимпиада ойындарына еліміздің Ақмола, Алматы, Қостанай, Павлодар облыстары мен Астана қаласынан 120 спортшы қатысуда. 12-ден 18 жастағы өрендер спорттың 5 түрі бойынша бақтарын сынап жатыр. Бұл: волейбол, шахмат, қоңыраумен жүгіру, жүзу және арбада таңылғандар арасында жүргізілетін би сайыстары.

Ұйымдастырушылардың сөздерінше, елімізде есту қабілеті нашар балалар арасында волейболдан, көру қабілеті нашар жасөспірімдер арасында қоңыраумен жүгіруден, менталдық өзгерістері бар балалар арасында шахматтан паралимпиадалық жарыстар бұдан бұрын өткізілмеген. Бүгінгі ойындардың бірейгейлігі, міне, осында жатса керек.

Астана қаласының намысын аталмыш сайыстарда №65 мектептің түзету сыныбының оқушылары мен қоңыраумен жүгіру сайысында бақ таластыратын №10 мектептің оқушысы қорғамақ. Елордалық команданың бапкері Бақыт Рауан астаналықтардың жеңіс тұғырынан көрінетіндігіне сенімді екендігін айтады.

«Бұл сайыстарға біз қыркүйек айынан бастап қызу дайындық жұмыстарын жүргіздік. Біздің мектеп – есту қабілеті нашар балаларды оқытатын қаладағы жалғыз оқу ордасы. Сол себепті мектебіміздің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі ең мықты деген балаларды таңдады. Арбаға таңылғандар арасында өтетін би сайысына да көп дайындалдық. Оқушыларымыз вальс билейді. Өте әдемі номер деп есептейміз.

Командамыздың мүшелері қалалық, республикалық жарыстардың жүлдегерлері болып табылады. Жақында ғана командамыздың мүшесі, Сұлтан Қожахметов, шахматтан Азия ойындарының жеңімпазы атанған болатын. Сол себепті біздің команданың әлеуеті өте зор деп санаймыз», — деп бөлісті Бақыт Рауан.

Спортшылардың өнерін бүгінгі паралимпиада ойындарында әлем чемпиондары, спорт шеберлері, спорттық биден Қазақстан федерациясының мүшелері бағалайтын болады.

Айта кету керек, аталмыш спорт түрлерінен паралимпиадалық ойындар келесі жылдан бастап республикалық деңгейде дәстүрлі түрде өткізілмек.
Әрі қарай

Бас қалада балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің азайғаны байқалады

Бүгінгі күні Астанада балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан балалардың азаю үрдісі байқалады. Егер 2013 жылы елордалық балалар үйінде 422 бала болса, 2017 жылы олардың саны 272 құрады, деді қалалық білім басқармасының жетекшісі Ануар Жанғозин мәслихаттың әлеуметтік-медени мәселелері бойынша тұрақты комиссияның отырысында.

«Республикада жетім балаларды тәрбиелеуге алған қазақстандық отбасыларды материалдық ынталандыру енгізілді. 2004 жылдан бері патронаттық тәрнбие беру формасы дами бастады. Патронаттық тәрбиешілерге еңбек өтілі мен квалификациялық категориясына байланысты ай сайын еңбек ақы төленеді. Сонымен қатар баланы күтіп-асырауға 9-10 АЕК мөлшерінде жәрдемақы беріледі», — деді А.Жанғозин.

Бұған қоса 2011 жылдан бастап баланың қамқоршылары да ай сайын 10 АЕК (22690 теңге) жәрдемақы алады.

«Ал 2015 жылдың қаңтар айынан бері бала асырап алған қазақстандық азаматтарға 75 АЕК мөлшерінде (170 175 теңге) бір жолғы төлемақы төлене бастады. Жалпы, бұл 2013 жылы елордалық балалар үйінде 422 бала болса, 2017 жылы бұл көрсеткіш 272 құрап отыр. Яғни, балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің 36% пайызға азайғаны байқалады», — деді Астана қалалық білім басқармасының жетекішісі.
Әрі қарай

Елордада жастар мәселесіне қатысты 59 жоба жүзеге асырылды

Астана жаңалықтары: Елордада жастар мәселесіне қатысты 59 жоба жүзеге асырылды

Жыл басынан бері қалада жастар саясатына қатысты 59 жоба жүзеге асырылды. Оның 34 мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында орындалды, деді қалалық жастар саясаты мәселелері басқармасының жетекшісі Асхат Оралов мәслихаттың әлеуметтік-мәдени мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысында.

«Аталған жобалар аясында 350 жуық шара өткізіліп, 75 мың жас қамтылды. Бұл бағыттағы жұмыс жастар арасында кең танылған Facebook мен Instagram әлеуметтік желілері мен ақпараттық порталдар арқылы да жүргізіліп келеді. Мұндағы ауқымды қоса алғанда 5 млн жуық адамды қамтып отыр», — деді А.Оралов.

Оның айтуынша, 2016 жылы басқармамен 45 жоба жүзеге асырылған (оның 24 мемлекеттік жекеменшік тапсырыс шеңберінде).

«Ағымдағы жылы өткізілген шаралар 2015 жылмен салыстырғанда (150 іс-шара) екі есеге атты», — деді басқарма басшысы.

Айта кетейік, Астанада 14 жоғары оқу орны, 35 колледж бар. Бұл білім мекемелерінде 78 062 жас оқып жатыр.

Бұған қоса мәслихат отырысында белгілі болғандай елордада жастар мәселесімен айналысатын 70-тен астам үкіметтік емес ұйым тіркелген. Бүгінгі күні оның небәрі 27 пайызы белсенді жұмыс істеп тұр.
Әрі қарай

Жоғары интеллекттің тосын 6 белгісі

Кей адамдардың басқаларға қарағанда жоғары интеллектті екенін мінез-құлқынан, әрекеттерінен, ойларынан, ұстанымдарынан байқауға болады. Ақылдылықты анықтаудың тосын 6 белгісін қарап көрейік.

1. Психикалық ауытқушылық.
Британ ғалымдарының зерттеуінше, 8 жасында жоғары интеллекті болған балалар мұндай дертке жиі шалдығады екен. Әсіресе биполяр ауытқушылық көп байқалады. Мұндай адамдарда депрессия, уайым, ауыр балалық шақ немесе есірткінің әсерінен айыға алмау көбірек кездеседі. Эволюциялық тұрғыдан қарасақ та адамзат уайым-қорқыныш және интеллекттің арқасында ғана бүгінге дейін аман жетті. Өйткені үнемі қауіп-қатерді ойлау және одан шығудың жолдарын қарастырды.

2. Либерализм және атеизм
Сатоси Канадзава атты психологтың пайымдауынша, еркін көзқарастағы және дін ұстанбайтын адамдардың интеллекті жоғарылау болады. Оның зерттеуінше, ультраконсерватор жасөспірімдерде IQ 95 болса, либерал көзқарастағыларда 106,5. Діндар жастарда орташа есеппен 97, атеистерде 103 болған. Канадзаваның теориясы бойынша дін және консерватизм адамзаттың көпғасырлық эволюциясының өнімі. Ал жаңа эволюциялық шешімдерге жету үшін түрлі идеяларға ашықтық және басқаша көзқарас керек. Және әлбетте жақсы ой мен логика да керек.

3. Түнгі өмір
Эволюция психологы Канадзава бұл жерде де жоғары интеллектті адамдар қалыпты эволюциялық күн тәртібінен бөлек өмір сүреді дейді. Адамдар бұрын тіршілік үшін тек күннің жарық кезін пайдаланып, түнде тек ұйықтайтын болса, қазіргі жоғары IQ-лі адамдар бұл дәстүрді бұзып, түнгі уақытты пайдалана бастапты. Психологтың зерттеулері де мұны растайды. Ерте жатып, ерте тұратындарға қарағанда түнгі «жапалақтардың» IQ-і жоғары болған.

4. Жалғыздыққа құмарлық
Жоғары интеллектті адамдар жалғыздықтан да ләззат ала алады. Ал адамдардың көбі керісінше достармен, көпшілікпен кездескенді ұнатады. IQ жоғарылар түрлі жобаларды ойлап жүреді де, көпшілікпен кездесіп уақыт құртқылары және алаңдағылары келмейді.
Эволюциялық тұрғыдан қарайтын болсақ, бұрын адамдар бірігіп ғана тіршілік ете алды. Ал ақылды адамдар қашанда жалғыз өздері жеке жол ашуға тырысты. Мұндай адамдар басқаларға қарағанда жаңашылдықты тез қабылдап, тез үйренеді.

5. Басқаларға сенуге бейімділік
Интеллекті жоғары адамдар басқаларға сену бойынша да алда. Тек ағайын-туысқан, достары ғана емес, кез келген саладан сенімді адамдар таба алады. Олар сенімсіз адамдарды, кімдерге қандай істі тапсыруға болмайтынын жақсы сараптай алады. Сондықтан да сенуге тұрарлық адамдарды жақсы анықтай алады.

6. Қимылдың аздығы
Ақылды адамдар аз қозғалады. Білімге құштарлығы төмен адамдар жұмыс аптасы ішінде интеллекті жоғарыларға қарағанда көбірек қимылдайды. Ойшыл емес адамдар интеллектуал істерден тез жалығады да, оның орнына істейтін басқа нәрселер тауып алады. Ал интеллектуал жалқаулар көп қозғалысқа жоқ.

Астанада тұрғын үйлер мен бизнес орталықтар сапасының рейтингісі құрылады

Бұл біріншіден кезекте жылжымайтын мүліктің бағасына, ал екіншіден көрсетілетін қызметтердің сапасына әсер ететін болады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

Ғимараттар жайлы ақпараттың (көрсетілетін қызметтердің сапасы, инфрақұрылым, лифтілердің жұмысы және т.б.) қоғам үшін қолжетімді болатындығы туралы Астана қаласы әкімінің орынбасары Мәлика Бектұрова жылжымайтын мүлікке қатысты сұрақтар талқыланған Орталық-Азия елдерінің форумында (CRE) мәлімдеді.

«Біз осы мәліметтерге ие бола отырып, әр тұрғын-үй кешенінің құнды екендігін түсінеміз. Дәлірек айтқанда, біз әр үйде жарықтың, судың қашан және қанша рет сөндірілгенін, лифттің қай жерде және қашан жұмыс істемегенін, әр ПИК-не қанша шағым түскенін біліп отырмыз. Сондай-ақ, бірыңғай «109 қызметі» жұмыс істейді. Тек осы жылдың 9 айындағы қорытындыларға сәйкес, бізге тұрғын-үй кешендерін, коммерциялық қорды абаттандыру бойынша 400 мыңнан астам сауал келіп түсті. Осы мәліметтерді біз әр нысанның бәсекеге қабілеттілігі мен сапасын нақты түрде бағалай алу үшін нарыққа ұсынуға дайынбыз. Яғни, біз тұрғын-үй кешенінің немесе бизнес орталығының премиум немесе бизнес санаты деңгейіне сай екендігін анықтайтын боламыз. Бізге әлі де мәліметтер түсіп жатыр», — деді М.Бектұрова.

Аталмыш шаралар қалалық билік өкілдерінің пікірінше, азаматтарға ең алдымен жылжымайтын мүлікпен байланысты жағдайды бағалауға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде жылжымайтын мүліктің бағасына да әсер ете алады. Ал бұл көрсетілетін қызметтер сапасының біртіндеп жақсаруына әкелуі тиіс.

«Біз осы жұмыстың қандай нәтижелерді беретінін шамалап, кейбір өздерін «премиум» немесе бизнес санатына жатқызған кеңсе немесе ғимараттар қайта бағалануы мүмкін екендігін түсінеміз. Тиісінше, бұл баға тұрғысында қандай да бір түзетулерге әкеп соқтыруы мүмкін. Алайда, біздің тараптан нарыққа осындай ақпарат аса қажет», — деп түйді М.Бектұрова.

Елорда ғимараттары рейтингісінің үлгісі таяу арада OpenDataAstana.kz порталында жарияланатын болады.
Әрі қарай

Астананың бизнес орталықтары жаңа стандарттарға сай салынатын болады

Жеке кәсіпкерлерге өздеріне ұнаған және қалтасына қонымды үй-жайды жалға алу жеңіл болады,-деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің медиа орталығы.

Қала билігі жаңа еуропалық стандартқа сай келетін ҚНМЕ-н (Құрылыс нормалары мен ережелері) енгізуді жоспарлап отыр. Соңғысы айтарлықтай жеңілдетіліп, өз кезегінде ғимараттын құрылыс құнына әсер етуі мүмкін. Бұл туралы бүгін Орта Азиялық жылжымайтын мүлік форумында Астана қаласы әкімінің орынбасары Мәлика Бектұрова айтты.

«Біз кәсіпкерлерге офистік үй-жайлардың шағын мөлшерлісін жалға беру жайын талқыладық. Және ҚНМЕ бойынша шектеулер бары анық, құрылысшыларға бұндай ғимараттар салу қиын. Яғни шаршы метрі аз, оған қоса жуынатын бөлме мен дәретхананың болуы, ол құрылысшы үшін белгілі бір қолайсыздықтар тудырады. Оларға осының барлығын белгіленген құрылыс құнына енгізу керек. Жәнеде бұл жобалау барысына ыңғайсыздық тудырады. Өйткені қазіргі заманғы ғимараттар мүлде басқа талаптарды қажет етеді. Жалпы біз еуропалық стандарттарды енгізуді қолға алуды көздеп отырмыз»,-деп айтты М.Бектұрова

Жуық болашақта ҚНМЕ-ге өзгерістер енгізу жоспарлануда.
Әрі қарай

СҚО-ның тауар өндірушілері жәрмеңкеге 725 тонна өнім әкеледі

21-22 қазанда «Қазақстан» спорт сарайының көліктер тұрағында СҚО тауар өндірушілерінің жәрмеңкесі өтеді деп хабарлайды елорда әкімідігінің медиа орталығы.

Ауыл шаруашылығы тауарларының жәрмеңкесінде ет өнімдерінің – 78 тоннасы, макарон өнімдерінің – 5 тоннасы, балдың – 13 тоннасы, сүт өнімдерінің – 14 тоннасы, картоп пен басқа да көкөністердің – 559 тоннасы сатылады деп күтілуде.

Жәрмеңкеге Солтүстік Қазақстан облысының барлық аудандары мен Петропавл қаласының 115-ке тарта кәсіпорны қатысады.
Әрі қарай