Жоғары интеллекттің тосын 6 белгісі

Кей адамдардың басқаларға қарағанда жоғары интеллектті екенін мінез-құлқынан, әрекеттерінен, ойларынан, ұстанымдарынан байқауға болады. Ақылдылықты анықтаудың тосын 6 белгісін қарап көрейік.

1. Психикалық ауытқушылық.
Британ ғалымдарының зерттеуінше, 8 жасында жоғары интеллекті болған балалар мұндай дертке жиі шалдығады екен. Әсіресе биполяр ауытқушылық көп байқалады. Мұндай адамдарда депрессия, уайым, ауыр балалық шақ немесе есірткінің әсерінен айыға алмау көбірек кездеседі. Эволюциялық тұрғыдан қарасақ та адамзат уайым-қорқыныш және интеллекттің арқасында ғана бүгінге дейін аман жетті. Өйткені үнемі қауіп-қатерді ойлау және одан шығудың жолдарын қарастырды.

2. Либерализм және атеизм
Сатоси Канадзава атты психологтың пайымдауынша, еркін көзқарастағы және дін ұстанбайтын адамдардың интеллекті жоғарылау болады. Оның зерттеуінше, ультраконсерватор жасөспірімдерде IQ 95 болса, либерал көзқарастағыларда 106,5. Діндар жастарда орташа есеппен 97, атеистерде 103 болған. Канадзаваның теориясы бойынша дін және консерватизм адамзаттың көпғасырлық эволюциясының өнімі. Ал жаңа эволюциялық шешімдерге жету үшін түрлі идеяларға ашықтық және басқаша көзқарас керек. Және әлбетте жақсы ой мен логика да керек.

3. Түнгі өмір
Эволюция психологы Канадзава бұл жерде де жоғары интеллектті адамдар қалыпты эволюциялық күн тәртібінен бөлек өмір сүреді дейді. Адамдар бұрын тіршілік үшін тек күннің жарық кезін пайдаланып, түнде тек ұйықтайтын болса, қазіргі жоғары IQ-лі адамдар бұл дәстүрді бұзып, түнгі уақытты пайдалана бастапты. Психологтың зерттеулері де мұны растайды. Ерте жатып, ерте тұратындарға қарағанда түнгі «жапалақтардың» IQ-і жоғары болған.

4. Жалғыздыққа құмарлық
Жоғары интеллектті адамдар жалғыздықтан да ләззат ала алады. Ал адамдардың көбі керісінше достармен, көпшілікпен кездескенді ұнатады. IQ жоғарылар түрлі жобаларды ойлап жүреді де, көпшілікпен кездесіп уақыт құртқылары және алаңдағылары келмейді.
Эволюциялық тұрғыдан қарайтын болсақ, бұрын адамдар бірігіп ғана тіршілік ете алды. Ал ақылды адамдар қашанда жалғыз өздері жеке жол ашуға тырысты. Мұндай адамдар басқаларға қарағанда жаңашылдықты тез қабылдап, тез үйренеді.

5. Басқаларға сенуге бейімділік
Интеллекті жоғары адамдар басқаларға сену бойынша да алда. Тек ағайын-туысқан, достары ғана емес, кез келген саладан сенімді адамдар таба алады. Олар сенімсіз адамдарды, кімдерге қандай істі тапсыруға болмайтынын жақсы сараптай алады. Сондықтан да сенуге тұрарлық адамдарды жақсы анықтай алады.

6. Қимылдың аздығы
Ақылды адамдар аз қозғалады. Білімге құштарлығы төмен адамдар жұмыс аптасы ішінде интеллекті жоғарыларға қарағанда көбірек қимылдайды. Ойшыл емес адамдар интеллектуал істерден тез жалығады да, оның орнына істейтін басқа нәрселер тауып алады. Ал интеллектуал жалқаулар көп қозғалысқа жоқ.
Бөлісу:

3 пікір

MickThatsMyNick
«Неге ақшам жетпейді» деп емес, «неге сол көп ақша табуға миым жетпейді» деп өзіне сынмен қараушылар.)
Basic
Жеті түнде не істеп отырмын мен деп өз-өзіме кейіп отырсам, интелект белгісі екен ғой)))
bake
IQ бар-жоғы тест ғана. Интеллектіні қандай көрсеткіштердің көмегімен анықтаудың әдісі заман талабына қарай өзгеріп отыратындай көрінеді.