Дайындықтан бір үзік сәт
Бүгін емес, он екіден асып кетті ғой, кеше түстен кейінгі дайындық кезінен бірер үзік сәттерден естелік…

Әрі қарай



Қып-қызыл боп, қызара піскен бауырсақтың дәмі осыны жазып отырғанда таңдайыма келді. Бауырсақты ыстықтай жегенді ұнатушы едім. Былай шауып (шыбық атпен)бара жатып бір бауырсақ, былай өтіп бара жатып бір бауырсақ іліп кетуші едім. Бауырсақтар піскенше он шақты бауырсақты жеп үлгересің әлгі жерде. Ауылға барған сайын әжем жеңгелеріме мен ұнататын тамақтарды бірінен соң бірін әзірлетеді. Обалы не керек жеңгелерімнің тамақтары да дәмді. Әжемдікінің аты әжемдікі ғой бәрібір…