...келе жатыр...

Алдымызда ғарышкерлер күні келе жатыр. Біздің ғарышкерлеріміздің де ғарыш саламыздың да оңып жатпағаны белгілі. Бірақ, тойшыл қазақ осы күнге орай мерекелік шара өткізбесе ішкен асы бойына сіңбейді. Бәрі дұрыс қой. Айтатын әндерге келсек… дені орыс тілінде. Гагариннан бастап әйтеуір Олжастың «Адамға табын жер ендісімен» аяқтап жатамыз. Менің өтінішім, ғарыш жайлы, ғарышкерлер жайлы қазақша әндер бар ма? Саят Қамшыгердің сөзіне жазылған балаларға арналған " Мен ғарышкер боламын" атты ән бар деп естідім. Бар болса бөлісе отырсаңыздар.
Әрі қарай

Бетперде

-Қайырлы күн, қымбатты көрермендер! Әр сенбіде өздеріңіз сағына күтетін, ашық әңгіме алаңы «Бетперде» бағдарламасы өз жұмысын бастайды! Сонымен, біздің бүгінгі қонағымызыз қай министрліктен келіп отырған жұмбақ күйінде қалуын өтінген министр ағамыз!

-Министр мырза, бағдарламамызға қош келдіңіз дей отырып алғашқы сұрағымды қойып кетсем. Бетіңізге неліктен маска киіп шықтыңыз және ол неге түлкінің маскасы?
Әрі қарай

Қолданушылардың назарына!

Білмейтіндердің назарына. Ұзыннан ұзақ жазылған постарыңызды сәл де болса қысқа түрінде бетке шығаруға арналған тег тұр, Жамағат! Соны қолдансаңыздар құп болар еді. Әрі барлығымызға да ыңғайлы. Бұл ескертпе «Жаңа пост» бастаған кезде оң жақта орналасқан. /Қоя салмақшы едім сол тегті. бірақ мұнда да қысқарту деп есептеді. Суреті міне:

Жоғары мәртебелі Админіміз /сайттағы посты өшіру құзіретіңізді айтқаным ғой/осы посты кейінірек өшіріп тастарсыз/
Әрі қарай

Жылдам мәтін теру ойыны!

Блогкем-2011 құрылтайынан үлкен әсер алып, жаңа тың жобаларды іске асырға ынтам ашылып келді. Әлі де осындай игі іс-шараны ұйымдастырған аға, әскелерге алғысым шексіз.

Сол жерде ҚазНет-ке қандай қажетті сайттар керек екеніне көзім жетті. Тиісінше бірнеше тамаша жобалар ойға келді. Бірақ бір өкініштісі осы салада қазақ тілді мамандардың тапшылығы, тамаша жобалардың тамырына балта шабады. Жалғыздың шаңы шықпас демекші алысқа кете алмайсың. Мен қазіргі көрсетейін деп отқан ойыным менің бір жобамның 1% бөлігі. 99% аяқталған кезде қандай сайт болатынын ойлап көріңіздер. Хе-хе-хе Бұл ойынның өзінін өзім жаздым деп айта алмаймын, бірақ менде идея бар. Егер алда достарымның арасында жақсы программистер шықса, осы жобаны аяқтаймын! :) Жақын арада базамен байланыстырып істету керек екен деген ойға келдім, ол кезде ең жылдам, қатесіз теретін 10 қолданушына сайттың құрмет бетіне шығаруға болады! Лібә, бірінше орында Сатекеңнің суреті шығып тұратын шағар! Number one мәтін теруден деп! ))))))
Әрі қарай

Айқас. Екінші бөлім: Сиқыршы



Жалғасы. Басы мұнда.

Кто ищет зла, к тому оно и приходит.
Притчи Соломоновы (Прит., 11, 27)


— Тоқтат!

Екі орынтағы екі алып кесірткенің бейнесінде жасалған тақты ауыр денесімен боздатып барып Әмірші орнынан көтерілді.

Қыста суық, жазда ыстық өткізбейтін жорық шатырының іші толы адам. Бас қолбасшы мен оның артында тұрған отыз орынбасары бір тізерлей кеткен күйінде тына қалған. Сықырлатып қару асынған әскери кеңесшілер, үлде мен бүлдеге оранған төрелер үнсіз, иектерін көтеріп, алдарына тік қарауға батылдары жетер емес. Күтушілер мен Әміршнің жеке күзеті де қандарын іштерін тартып сұп-сұр болып алған.
Әрі қарай