Қолданушылардың назарына!

Білмейтіндердің назарына. Ұзыннан ұзақ жазылған постарыңызды сәл де болса қысқа түрінде бетке шығаруға арналған тег тұр, Жамағат! Соны қолдансаңыздар құп болар еді. Әрі барлығымызға да ыңғайлы. Бұл ескертпе «Жаңа пост» бастаған кезде оң жақта орналасқан. /Қоя салмақшы едім сол тегті. бірақ мұнда да қысқарту деп есептеді. Суреті міне:

Жоғары мәртебелі Админіміз /сайттағы посты өшіру құзіретіңізді айтқаным ғой/осы посты кейінірек өшіріп тастарсыз/
Бөлісу:

12 пікір

KILYZAMAN
Тек жаңа пост бастаған кезде ғана қолдануға болатын нәрсе ме бұл. Кейінірек, түзету кезінде ше?
Nurgisa
Түзету кезінде де болады, «түзету» арқылы.
KILYZAMAN
Қолдана алмай отырмын… :-( Түзетуге кіріп шығып түк бітіре алмадым
Nurgisa
Қай фрагменттен бастап "қиғыңыз" келеді (қай жерден бастап «ЖАЛҒАСЫ» деп тұруын қалайсыз) — сол жерге барып, <сut> дегенді тересіз, болды. Қиын емес сияқты.
edige
тегті жаза алмай отырмын. <cutты> бірінші абзацтан кейін қойсаң болды. /ты дегенді алып тастап қой. тегтің өзі былайша жазылмайды/
asaubota
біздің халық инструкция оқымай өздері біліп туатын халық қой. сосын просто кейде сұрап жібере салады админнен, видеоны қалай қоятын ед, қалай қысқартатын ед, суретті қалай қояд деп.

FAQ бар ғой айналайындар FAQ!!!

ілмектер туралы үндемейін ең дұрысы…

рахмет edige, жақсы тақырып қозғадың.
AKY
ілмектер туралы үндемейін ең дұрысы…
Гыгыгы
KILYZAMAN
Ал енді Кеңес өкіметіен бергі Ассемблерден бастаған бейшара маманды келеке қылыңдар… Түбінде түптеріңе мен жетемін. :-) Мен білмейтін(жаңа көз қарас)Қых тмл, жава, Үш Макс деместен :-) нәрсеге әулиелік білдірмей дұрыс жауап күтемін… Юкоздағы бастаған нәрсеме түкіріп тастағандарыңда жоқ емес :-) Енді ғана Жомаламен домалап келе жатып Неге Қилы емес Қыйлы заманды(пайдалы нәрсе) бастамасқа деген ойда жүрмін…
edige
Қилеке, постарыңыздан аларымыз көп. Оларыңызға улкен алғыс!
Мен шалмын ба десем… туған жылыңыз секрет бола қойсын. Соңғы екі санын айтыңыз. Мүмкін мен диназавор да құрдасыңыз болып шығармын дегенім ғой.
KILYZAMAN
61
edige
Ағалыққа жарасаңыз інілікке біз де әрекет етеміз. Көп жасаңыз.