Қатындардың бал ашуының әрі-бері тарихы

Жоқ, жоқ, әрине: болжам жасап, бал ашуды — тек қана қарама-қарсы жыныстылардың дерті деуден аулақпын. Бірақ, бозбала шақта болашақ қатынымыз ең құрығанда — Джолидей болады деген соқыр сенім бола ма, еркектерді беймәлім болашақ көп мазаламайтын сияқты. Ал енді қыздар… Ом манэ падмэ хуум…
Қатындардың бал ашуы — неше түрлі діндер мен дінсіздіктің тоғысқан жері. Шашын жинап, биязы бов жүретін қызды,
Әрі қарай

Қазақтың дәстүрлі 3 әні

Қазақтың бай ән қазынасының ішінен тамаша 3 дәстүрлі әнді ұсынамын…
«Дедім-ай-ау» бала күнімнен сүйіп тыңдайтын әнім...
Дедім-ай-ау
Айналайын, ақ жүзің, айдан аппақ,
Сендей жарды ер жігіт қайдан таппақ,
дедім-ай-ау
Көрген адам қасыңнан кете алмайды,
Мұз үстінде жүргендей тайғанақтап,
дедім-ай-ау

Қайырмасы:
Алма ағаштың гүліндей-ау,
Текеметтің түріндей-ау,
Өтіп дәурен бара жатыр,
Сіз бен бізге білінбей-ау.

Құлағыңа таққаның күміс сырға,
Күмбірлетіп шығасың күнде қырға,
дедім-ай-ау
Сағыныштан сарғайып шыдам таппай,
Мен өзіңді қосамын ән мен жырға,
дедім-ай-ау.

Қайырмасы.

Әміре Қашаубаев Парижде орындап, Еуропаны бағындырған ән...
Ағаш аяқ
Атандым мен жасымнан ағаш аяқ
Жас жанды ақсақ етті аямай-ақ
Салдықтың салдарынан ақсақ болып
Жүргенім қолыма ұстап жалғыз таяқ

Әй, қалды-ау, қалды-ау
Әй, қалды-ау, қалды-ау
Қыз қалды ойбай
Қыз қалды-ау
Қара жол ма дегенім
Шұбырынды із болды-ай, ойбай

Ала жаздай нәр татпай
Іздегенім қыз болды-ау, ойбай
Қыз қайда, ойбай, қыз қайда?
Шіркін-ай есіңе ал,
Алсаң ал, алмасаң қой
Сенсіз өлер деймісің
Шіркін-ай, шіркін-ай
Үкілі кәмшат бөркің-ай
Ой-пәлі-ай
Ей, пәлі-ай!
Осылай ма едің
Қыз бала-ай!

«Гауһартас», орның бөлек әнсің сен...
Гауһар тас
Ажарың ашық екен атқан таңдай,
Нұрлы екен екі көзің жаққан шамдай.
Анаңнан сені тапқан айналайын,
Күлім көз, оймақ ауыз, жазық маңдай!

Қайырмасы:
Беу-беу гауһар тас,
Құсни, құрдас,
Раушан жүзің көргенде
Сәулем-ау, сабырым қалмас.

Ажарың ақ түлкідей қашқан құмнан,
Шолпандай таң алдында жалғыз туған.
Жылы су, қолда құман, қарда орамал,
Жібекпен қызыл гәріс белін буған.

Қайырмасы.

Басасың аяғыңды, ырғаң-ырғаң,
Салдырап шашбауың мен алтын сырғаң.
Жай жүріп щаттанасың әсерленіп,
Әсемсің жүйрік аттай мойын бұрған.

Қайырмасы.
Әрі қарай

Панфиловшы болып қайттық (+фото)


Бұған дейін де хабарлағанымдай, Алматы қаласының «28 гвардияшы панфиловшылар атындағы паркінде» тарихи-патриоттық реконструкция өтті. «316 атқыштар дивизиясы 1941 жылғы майданға аттанар алдында» деп аталған шарада көрермендерге панфиловшы жауынгерлер майданға кетпес бұрын, оларды неге және қалай үйреткенін: шұлғау мен орамаларды қалай орау керектігі, плащ шатырлардан қалай қалқа жасау керектігі, найзалы шабуылды қабылдау, винтовкалардан ату дағдылары (Мосин жүйесі және СВТ-40), қаруды шашу-жинау, т.б. көрсетілді.
Әрі қарай

Бәрі қалпында

Уа, Жаратушым! Ламерлерден сақтай гөр, хакерлермен өзім сөйлесемін.

© Сисадмин

Клиент комтар сірә, сисадмин үшін басты проблемалардың бірі болар. Шәйнек қолданушылар дұрыс тұрған компьютерді білмейтіні бар шұқыламай, офистік бағдарламаларын, браузерлерін дұрысымен қолдана салмай, Құдайдың құтты күні проблема шығарып қоятыны бар.
Жүйелік файлдарды өшіріп, баптауларды өзгертуге тырысып, қайдағы жоқ сайттарды тауып алып, білмейтін бағдарламаларын орнатып алатыны бар. Өткенде осылардың барлығына шамалы болса да тосқауыл қоятын бағдарлама тауып алдым, мен үшін сенсация! Deep Freeze бағдарламасы қосылғанға дейін компьютердің жағдайы қалай болды, бағдарламаны өшіріп тастағанға дейін ол мәңгіге солай қалады. Мысалы былай: компқа қажетті бағдарламаларды орнаттым, баптауларын жасап, керекті файлдарды компқа сақтап қойдым. Бәрі аяқталған соң, Deep Freeze бағдарламасын орнатып тастаймын. (программа автозапускта тұрады және білуімше оны шәйнектер процесстен шеше алмайды) Меннен кейінгі компқа отырған шәйнек мейлі С, Д қатқыл дисктеріне құжат сақтасын, мейлі жаңа бағдарлама орнатсын, мейлі түрлі сайттарға кіріп вирус жұқтырып алсын, мейлі компьютердің кез-келген баптауларын өзгертіп тастасын, компты өшіріп қайта қосқан соң, келтірілген тізімдегі әрекеттердің бәрі жоғалып кетеді. Юзверь қажетті құжатын сервердегі дискісіне сақтайды. Уф…
Әрі қарай

Мен тыңдайтын әндер тізбегі.

Айстың бастаған эстафетасын жалғастырып көрейін, жалпы мпүште әртүрлі жанрдағы әндер бар, тек қана қазақша тындаймын деп те айта алмаймын, бірақ қазір тек қазақша әндердің үштігін ұсынамын.
Әрі қарай

Ауылдың тірлігі

Кеше Шет ауданында болып қайттым. Қайын жұрт. Былтыр көлік апатынан қайтыс болған қайнағамның жылын өткердік. Жә, ауыл тіршілігінен суреттер сала кетсем. Ауылда күн көрістің көздері мал өсіріп сату, егіншілік және шөп шабу және сату ғой. Бұл кісілер алғашқысын, яғни мал шаруашылығын таңдаған екен.
Қараағашты мүжір қара ешкі
Жаңа туылған лақ
Әрі қарай

Шешендерді іріктеу: 8-ші билет кімге бұйырады?



Сонымен бізде ширек финалда 7 анықталған ойыншы бар. 8-ші дебатерді анықтаудың жолы былай болмақ:

1) Үміткерлеріміз төменде берілген 4 пікірдің бірін таңдап, соны жақтайтын/даттайтын жазбасын маған жеке хат қылып 19-Қыркүйек (дүйсенбі), сағат 10-00-ге дейін жібереді. Жазба мейілінше ықшам, әрі түсінікті болғаны жөн. Сондықтан қатысушылар асықпай, дұрыстап, қатесіз, ойланып жазғандары дұрыс. Екінші шанс болмайды.
Әрі қарай

Құран кереметтері

Жак-Ив Кусто есімі теңіз әлемімен тығыз байланысты. Аквалангтың авторы мұхит әлемін зерттеуде ғылым үшін көптеген еңбектер сіңірді. Оның атын бұл күнде әлем таниды. Талай жаңалықты ашқан ол 1962 жылы адам нанғысыз оқиғаға куә болады. Аден шығанағында жүрген зерттеуші топ Қызыл теңіз бен Үнді мұхитының суы араласпайтынын көріп таң-тамаша қалады. Физика мен химия заңдылығына қарсы шыққан құбылыс Атлант мұхиты мен Қара теңізге жүргізген зерттеуде екі үлкен алып су басейінің бір-біріне араласпай мыңдаған жылдар бойы жатқанын көрсетті. Әлемді таңдандырған бұл жаңалық 14 ғасыр бұрын түскен қасиетті Құран Кәрімде былай баяндалған екен: “Алла тағала екі теңізді ағызды, олар бір-бірімен қабысады, бірақ араларында перде болғандықтан бір бірімен араласпайды”. (“Рахман” сүресі, 19-20-аят).

Ресейлік ғалым Александр Фридман мен Бельгиялық Жорж Леметр XX ғасырдың басында ғаламның тоқтаусыз кеңіп жатқанын теория жүзінде дәлелдеп шықты. Бұл шындық 1929 жылы америкалық ғалым Эдвин Хаббл тарапынан дәлелденді. Ол өзі жасап шығарған алып телескоп арқылы жұлдыздар мен галактикалардың бір-бірінен қашықтап жатқандығына көз жеткізді. Физика заңы бойынша жарықтың шыққан жеріне жақындауы күлгін түспен білдірілсе, алыстаған сайын қызыл түске енеді. Хаббл жұлдыздардың қызыл түске еніп, тек бізден ғана емес, бір-бірінен тоқтаусыз кеңіп жатқанын анықтайды. Бұл осы ғасырдың теңдессіз ғылыми жаңалығы болды. Осы теорияны негізге алған ғалымдар бір-бірінен қашықтаған жұлдыздар уақытты кері айналдырса жақындайтынын, және бір нүктеге жиылатынын дәлелдеп шықты. Бұл теорияны – «Биг Бэнг», яғни «Үлкен Жарылыс» деп атады. Мына әлемнің жоқтан бар болғанын батыс ғалымдары жанталаса жариялап жатты. Ал, 14 ғасыр бұрын түсірілген Құранда «Біз аспанды құдіретімізбен жараттық және күдіксіз Біз оны кеңітеміз»(Зәрият сүресі, 47-аят) деп айтылса, «Әнбия» сүресінің 104-аятында «Ол күні көкті, кітаптың бетін бүктегендей бүктейміз де, әуел бастағыдай қайта жаратамыз. Бұл Бізге бір міндет. Шынында Біз орындаймыз» деп жазылған. Бақара сүресінің 117-аяты «Ол, көктер мен жерді жоқтан бар етуші. Егер бір істің болуын қаласа, сонда тек қана оған «бол» дейді. Ол, бола қалады»

Құранның бұдан өзге талай кереметтері бар. Әзірге мен жаза алғаным осы болды. Негізге Харун Яхьяның «Kuran Mucizeleri» кітабы алынды
Әрі қарай