Мемлекет Басшысының Жарлығымен Бақыт Сұлтанов Астана қаласының әкімі болып тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов Астана қаласының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

1971 жылы Алматы қаласында туған. Қазақ ұлттық техникалық университетін және Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірген. Инженер-электрик, экономист.

1994–1997 жж. – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жетекші экономисі, мемлекеттік бағалы қағаздар басқармасы бастығының орынбасары – бөлім бастығы.

1996-1997 жж. – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі жанындағы Қазынашылық мемлекеттік қарыз және кассалық қаржы басқармасы бастығының орынбасары.

1997–1998 жж. – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бюджеттік департаменті директорының орынбасары, мемлекеттік сатып алу жөніндегі департамент директоры.

1998–1999 жж. – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық департаменті директорының орынбасары.

1999–2002 жж. – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бюджеттік департаменті директорының орынбасары, мемлекеттік бюджет департаменті директорының орынбасары, директоры.

2002-2003 жж. – Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі бюджеттік саясат департаментінің директоры.

2003–2006 жж. – Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің орынбасары.

2006–2007 жж. – Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттігінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің орынбасары.

2007–2010 жж. – Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі.

Мемлекет басшысының 2010 жылғы наурыздағы Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалды.

2012 жылдың қаңтарында Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып тағайындалды.

6 қарашада Мемлекет басшысының Жарлығымен ҚР Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары қызметінен босатылып, Премьер-Министрдің Орынбасары — ҚР Қаржы министрі болып тағайындалды.

«Құрмет» орденімен және екі медальмен марапатталған.

Отбасылы, үш бала тәрбиелеп отыр.

astana.gov.kz/kz/news/news/15136

Қалалық қызметтер орталығы ондаған коммуналдық кәсіпорындар мен мемлекеттік құрылымдарды алмастырады

Болашақта қала тұрғындары түрлі анықтама мен құжаттарды алу немесе толтыру үшін мемлекеттік немесе коммуналдық кәсіпорындарды аралап жүрмейді, деп жазады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Бүгінгі таңда қалада 17 әкімдік басқарма, тұтынушыларға қызмет көрсететін 10-нан астам коммуналдық кәсіпорын бар. Олар қаланың әр аймағында орналасқан және тұрғындарға қолайсыздық тудыруда. Сол себепті әкімдікте қалалық қызметтер орталығы, ондаған коммуналдық кәсіпорындар мен мемлекеттік құрылымдардың басын біріктіретін ортақ алаң құруды ойластырды.

Астанада алғаш рет «Астана қаласы әкімдігінің қалалық жедел әрекет және мониторинг орталығы» (iKomek) базасында түрлі қызметтердің басын қоспақ. Бұл орталықта Астана қаласының тұрғындары кез келген қызметті, жергілікті мемлекеттік органдардың, әкімдіктің құрылымдық бөлімшелерінің, коммуналдық қызметтердің және даму институттарының кез келген қызметін ала алады.

Орталық шамамен 17 қалалық қоғамдық және коммуналдық мекемелердің 40-қа тарта қызметін біріктіреді. Атап айтқанда, Қала орталығында, мынадай қызмет түрлерін жүзеге асыру жоспарланған:

— газ беру техникалық шарттары; сумен жабдықтау және су бұру, жылу және электр желілері;

— сәулет және жер қатынастары саласында қызмет көрсету және консультация алуға рұқсат құжаттарын, жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту, жер учаскесіне берілген мемлекеттік актіні қайта рәсімдеу, сәулет-жоспарлау тапсырмасын алу;

— консалтингтік қызметтер көрсету, мемлекеттік бағдарламалар бойынша кеңес, қаржы институттарының қаржыландыру шарттары, бухгалтерия мәселелері бойынша;

— «Көше саудасы» бағдарламасы бойынша;

— визалық мәселелер бойынша консультациялар, бизнес және инвесторлық санат визалары, инвестициялық келісімшарттар бойынша;

— тұлғаларды тіркеу, жұмыс іздеушілер, шетелдік жұмыс күшіне Қазақстанда болу мерзімін ұзарту және оларды тартуға рұқсат беру, тұрғын үй бойынша есепке алу және кезекке қою.

Орталық «бір терезе» қағидатымен жұмыс жасайды. Орталық бірнеше мекен-жайда орналасатын болады. Бұл қала тұрғындарының ыңғайлығы үшін арнайы мекеме қарастырылған алғашқы жоба.

Орталықтың ашылуы әкімшілік кедергілерді төмендетуге, кәсіпкерлерді қолдаудың тиімді жүйесін дамытуға, сыбайлас жемқорлық фактілерін болдырмау және мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығына әкеледі.

Көзі нашар көретіндер үшін арнайы бағдар бөлінеді

Астана жаңалықтары: Көзі нашар көретіндер үшін арнайы бағдар бөлінеді

Астанада қолданыстағы № 1 маршруттың базасынан 8 қыркүйектен бастап № 1А модификациялық маршруты іске қосылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты «Астана LRT» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаңа бағдар «Шұбар» мөлтекауданы, 78 көше, 7 мекенжайындағы «Қазақ зағиптар қоғамдастығы» ҚБ мен «Аль-Ғани» мешітін көлікпен қамтамасыз ету мақсатында құрылды.

№ 1А маршруты қолданыстағы № 1 бағдардың базасында дайындалды. № 1 А бағдарының жүру кестесі:

– «Кирпичный т/а» аялдамасынан бастап «Бараева көшесі» аялдамасына дейін № 1 маршруттың кестесімен сәйкес қозғалады, ары қарай Қабанбай батыр даңғылынан тікелей жүріп өтіп, солға Космонавтов – оңға қарай Арай көшесі – соңғы аялдама «Шұбар» мөлтекауданы.

Кері бағытта Арай көшесі, ары қарай оңға Сарайшық көшесі – оңға Қабанбай батыр даңғылы – ары қарай кестеге сәйкес қозғалады.

«Астана LRT» бұл шараны тұрғындардың өздері жасаған өтінішінен кейін қабылданғанын айтты.

«Мұның алдын көзі нашар көретіндер алыста орналасқан аялдамаға келуге мәжбүр болатын, ал қазір автобус «Шұбар» мөлтекауданында орналасқан «Қазақ зағиптар қоғамдастығы» ҚБ орналасқан жерге дейін жақындатылды.

Аталған автобус күніне 10 реттен қатынайды, аралығы 40 – 55 минуттан. Уақыты: сағат таңғы 06.30 – 20:57-ге дейін.

Жеңілдік картасы туралы нені білу қажет?

Астана жаңалықтары: Жеңілдік картасы туралы нені білу қажет?

Астанада өз атына жазылған өткен жылғы көліктік карталарды беруді бастады. Қазіргі таңда оны 73 мың адам пайдалануда, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Атына жазылған жеңілдік картасын Астана бойынша МЗТО есебінде тұратын және келесі санатқа жататын азаматтар алады:

1) жасына жеткен және қызмет өткерген жылдары үшін зейнеткерлер және де зейнет жасына жеткен, асыраушысынан айрылған жағдайда және жасы жеткені бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алатындар;

2) көпбалалы аналар;

3) көпбалалы отбасылар;

4) мүгедектер;

5) 18 жасқа дейінгі мүгедек-балалар; оның ішінде бір ата-анасы (заңды өкілі)

6) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және соған теңестірілген тұлғалар.

Атына жазылған жеңілдік көліктік картасын қалай алады

Жеңілдік көлік картасы астаналық МЗТО есебінде тұрған азаматтарға ғана беріледі.

ВӘТЕО базасындағы өзің туралы мәліметті тексеру үшін 109 номері бойынша байланыс орталығына өзіңіздің ЖСН-ді операторға айтуыңыз қажет.

Егер сіз туралы мәлімет базада бар болса, сіз картаны алудың екі тәсіліне өтініш бере аласыз.

1 нұсқа

www.alrt.kz немесе www.transcard.kz сайтына онлайн-тапсырыс қалдырыңыз.

5 жұмыс күні ішінде сізге электронды поштаңызға өтініштің статусы туралы жауап хат келеді.

Дайын болған жеңілдік көлік картасын алу үшін Орталық кассаға баруыңыз керек.

2 нұсқа

Орталық кассаға барыңыз және сауалнаманы толтырыңыз.

Өзіңізбен бірге төлқұжаттың түпнұсқасын және зейнетақы құжатын ала баруыңыз қажет.

Орталық кассаның мекен-жайы: Қажымұқан к, 14. Кассаның жұмыс уақыты: ДС-ЖМ сағат 9.00-ден 18.00-дейін үзіліссіз.

Атына жазылған жеңілдік картасын қалай пайдаланады

Қалалық және экспресс маршрутта жүру үшін жеңілдік көлік картасын толтыру қажет емес және жүрудің санына шектеу қойылмаған. Жеңілдік санатына жататын азаматтар жолақыны төлемесе де және картада ақша болмаса да олар автобустың салонына кірген кезде валидация жасауы қажет.

Міндетті тіркеу мыналар үшін қажет:

А) Субсидияны дұрыс есептеу үшін. Тасымалдаушылардың (автопарктер) жеңілдік санатындағы азаматтарды тасымалдауға кететін шығынының жартысын қала әкімдігі төлейді. ЭЖТЖ жүйесі және валидатордың арқасында тасымалдаушылардың немесе басқа автопарктердің қанша жолаушы тасымалдағаны туралы нақты есебі қолжетімді болады. Осы жолаушылардың нақты санына қарап есептеп, әкімдік автопарктерге қаржы аударады.

Б) Міндетті валидация жолаушылар ағынына нақты талдау жасауға көмектеседі. Осы талдаудың негізінде маршруттық желі жақсара түседі: сұранысы көп маршруттардың жүктемесін жеңілдетуге бағытталған жаңа маршруттар өзгеріп, қосылады, жұмыс жүргізіледі.

Астаналық шенеуніктер неліктен таксиге көшті?

Астана қаласы әкімдігінің шенеуніктері қызметтік көліктерінен бас тартып такси қызметіне жүгінетін болды. Әкімдік қызметкерлерінің болжамынша, мұндай қадам жыл сайын бірнеше миллион теңге үнемдеуге әкеледі.

Тиімді тәсіл

Қалалық әкімдіктің автопаркін осылай жаңғыртуы қалалық бюджет шығынын айтарлықтай азайту үшін мүмкіндік береді. Такси қызметі шенеунік жиналыста немесе тағы бір іс-шара отырғанда оны күтіп тұрмайды, басқа тапсырыстарды орындай береді. Қызметтік көлік сияқты жайдан жай күтіп тұрмайды.

Такси қызметіне көшу бес жыл ішінде миллиард теңгені үнемдеуге мүмкіндік береді (2,7 миллион доллар). Босаған 64 автокөлікті әлеуметтік сала мекемелеріне, оның ішінде мектептер мен ауруханаларға береді. Өз кезегінде үнемделген қаражат, әлеуметтік жобаларға, бастауыш сынып оқушыларын тегін тамақтандырудың, ұйымдастыру үшін бөлу, мектеп бітірушілер үшін гранттар, студенттер үшін жатақханалардағы орын жетіспеушілігін және басқа мәселелерді шешуге бағытталады.

Астана қаласы әкімдігі мұндай қадамға, қалалық көлік паркі белсенді пайдаланбаған соң, ал оны күтіп ұстауға бюджеттен қаражат бөлінетінін ескергендіктен барып отыр. Негізі бюджетті үнемдеу бірнеше бағыт бойынша жүреді.

Атап айтқанда, жаңа көлік сатып алуға және автопаркті ұстауға, жанар-жағармай, сервис, жөндеу, жүргізушілер штатына кететін шығынды қысқартады.

Бизнесті нақты қолдау

Шенеуніктер такси қызметіне көшіп шағын және орта кәсіпкерлікті қолдаудың нақты үлгісін көрсетті. Қазірдің өзінде бірнеше таксомоторлы компаниялар елордалық шенеуніктерді қалаған жеріне жеткізуге ниет білдірді. Бұл үшін қосымша жұмыс орындары ашылып, таксомоторлы компаниялардың бәсекеге қабілеттілігі артып сервистік қызметі жақсарады деп күтілуде.

Жақсы жақтары...

Әзірге астаналық басшылар таксомоторлы компаниялар ұсынған сервиске риза, қызметтік көлік пен такси қызметі көліктерінің арасында айтарлықтай айырма жоқ.

Астана жаңалықтары: Астаналық шенеуніктер неліктен таксиге көшті?

Әкімдік аз қамтылған отбасыдан шыққан студенттердің оқуына 58 млн теңге бөлді

Астана жаңалықтары: Әкімдік аз қамтылған отбасыдан шыққан студенттердің оқуына 58 млн теңге бөлді

Астана қаласы әкімдігінің жанындағы комиссиясының шешімі бойынша Астана әкімінің грантына 47 түлек ие болды, оның ішінде жетім балалар, балалар үйінің тәрбиеленушісі, бала кезінен мүгедектер, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар, көпбалалы отбасыдан шыққан балалар бар, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Әкімнің білім алу гранты сұранысы көп мамандықтарды оқыту үшін бөлінді. Әсіресе техникалық, педагогикалық және медициналық бағыттарға басымдық берілді. Астана қаласы әкімдігінің жанындағы комиссия шешімінің қорытындысы бойынша 47 түлек грант иесі атанды. Оның ішінде жалпы білім беретін мектептегі жетім балалар, балалар үйінің тәрбиеленушісі, бала кезінен мүгедектер, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар, көпбалалы отбасыдан шыққан балалар.

«Біз үшін сіздер барлығыңыз жеңімпазсыздар. Сіздердің грант иегері атануларыңыздың өзі ерік-жігерлеріңіз бен мақсатшыл екендеріңізді көрсетіп тұр, сіздер арманға қол жеткізу үшін бірінші үлкен қадамды жасадыңыздар. Бұл тек бірінші жеңіс, қалғаны алда күтіп тұрғанына сенімдімін. Әрдайым күшті, белсенді, өмірде де көшбасшы болыңыздар. Күні ертең сіздер тек өздеріңізге ғана жол салмайсыздар, елге де септігін тигізесіздер. Бүгінде сіздердің технология, ғылым тағы басқа да саланы дамытуға керемет мүмкіндіктеріңіз бар. Сіздерге жоспарларыңыз бен идеяларыңызды іске асыруға тілектеспін», — деді Әсет Исекешев.

Қорытынды бойынша 17 адам С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде оқитын болды, 7 адам – «Астана» медицина университетінде, 1 түлек Тұран Астана университетінде, 14 адам Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінде, 4 түлек Қазақ технология университетінде және Еуразия гуманитарлық институтында жоғары білім алады.

«Мен көпбалалы отбасында өстім. С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің электроэнергетика факультетіне түстім. Бұл мамандықты кездейсоқ таңдаған жоқпын, жасыл энергетика саласында көмірді алмастыратын балама тапқым келеді. Бүгін әкімнің әрбір студентке көңіл бөлгеніне риза болып қалдық. Оның қолдауы мен мотивациясын сезініп тұрмыз», — деді Астана әкімі грантының иегері Әмір Ермағамбет.

Айта кетейік, осы оқу жылы бірінші рет ЖОО-ларда жаңа мамандық пайда болды, ол құрылыста 3D таңбасын жобалаушы, компьютерлік жүйенің талдаушысы және әзірлеуші (разработчик), web- дизайнер және ландшафт дизайнері.

Жалпы білім беру мектебіндегі жетім балалар, балалар үйінің тәрбиеленушісі, бала кезінен мүгедектер, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар, көпбалалы отбасыдан шыққан балалардың оқу ақысына көрсетілетін әлеуметтік көмекті Астана қаласындағы жоғары оқу орындарына әкімдік жыл сайын ұсынып отырады.

Осы мақсатта биыл 58,8 млн теңге қарастырылды. Бүгінге дейін әкімнің жалпы білім беру грантымен 125 студент оқиды.

Астанада үлестік құрылыс объектілері проблемаларын шешу бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде

Астана әкімдігінде үлестік құрылыс нысандарын «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы арқылы іске асыру барысының алдын ала қорытындылары туралы айтылды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінде.

Астана әкімдігі мәселесі бар үлестік қатысу құрылыс нысандарын «Нұрлы жер» бағдарламасы арқылы шешуді қарастыруда. Атқарылған жұмыстың нәтижесінде құрылыс кәсіпорындарының жауапсыз құрылтайшылары заңға сәйкес жауапкершілікке тартылды. Ал құрылыс объектілері «Елорда құрылыс компаниясы» ЖШС уәкілетті ұйымына берілген.

Қазіргі кезде «Нұрлы жер» бағдарламасына 36 нысан кіріп отыр. Сонымен қатар, 27 тұрғын үй кешенінің құрылысы жүріп жатыр.

Мысалы, төрт проблемалы құрылыс нысанында құрылыс жұмыстары жүруде, «Шығыс» тұрғын-топ 3А, «Шығыс» тұрғын-топ 3Б, «Жағалау-3» блок А-Ж, «Жағалау 4», 4 полигон.

«Елорда құрылыс компаниясы» ЖШС уәкілетті ұйымы «Жағалау 4» полигон 3, «Шығыс» 5 1-топ объектілері бойынша экономикалық тиімділігін бағалау бойынша жобаларды іске асыруда.

«Елорда құрылыс компаниясы» ЖШС тұрғын үй-құрылыс кооперативі «Баспана Көктал» және «Мирный Дом» ТК бірқатар іс-шаралар өткізу үшін бірлескен қызмет туралы шарт жасасу құрылысын аяқтау бойынша меморандумға қол қойды.

«Азбука жилья» ЖСК компаниясының – «Гарант» және «Жеті Жол» ТК өкілдерімен бірлескен қызмет туралы шарттардың жобаларын жасау жұмыстары аяқталды. Осыған байланысты үлескерлердің 31 тамызда жалпы жиналысы өтеді.

«Тұран-Сығанақ», «Территория комфорта-1», «Арыстан», «Жағалау-4» полигон 3 және «Азбука жилья» компаниясының объектілері – «Комсомольский», «Айсанам Де Люкс», «Комфорт Успех», «Садовые Кварталы» нысандары өкілдеріне шарт жасасуға құжаттарды әзірлеу бойынша уәкілетті ұйым тиісті жұмыстар жүргізуге көмек көрсету.

Проблемалық нысандар «Алтын Бұлақ», «Мұнар-2», «Ақерке-2» ТК-нің тұрғын үй-құрылыс кооперативтері ВАК-тың ұсынымы негізінде құрылысты аяқтау үшін қажетті жер телімін анықтау жүргізуде.

Тамыз айының басында «Нұрлы жер» бағдарламасын түсіндіру барысында мәселелі «Гранитный-2» және «Хазрет Астана» ТҚК өкілдері нысандардың құрылысын аяқтауға байланысты тұрғын үй құрылысы бағдарламасына қатысуды ұйғарды.

Бұдан басқа, өкілетті органның өкілдері ВАК мүшелерімен бірлесіп тұрақты түрде проблемалы объектілерге кездесуге шығып, тұрғын үй-құрылыс кооперативінің жиынына қатысып тұрады. Апта сайын бірігіп жұмыс істеу туралы келісімшартты іске асыру шеңберінде объекті алаңында жүріп жатқан құрылыстарға тұрақты негізде мониторинг жүргізеді.

Еске сала кетейік, 2017 жылы Әсет Исекешев «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасына астанадағы үлестік құрылысы объектілерінің ахуалын шешу мақсатында толықтырулар енгізу туралы бастама көтерген болатын.

Осы шешімге байланысты Мемлекет басшысы тұрғын үй құрылысы бағдарламасына толықтырулар енгізіп, қайтарып беру принципімен проблемалы үлестік құрылыс объектілерін аяқтауды қолға алды.

Астана әкімдігі жанынан «Елорда құрылыс» ЖШС өкілетті ұйымы құрылды, оның негізгі функциясы астанадағы проблемалы объектілердің құрылысын несие есебінен қаржыландыру, үйлестіру және құрылыс барысын бақылап отыру. Ал өкілетті ұйым үшін проблемалы құрылыс объектілерін ұсынумен Астана әкімдігінің ведомствоаралық комиссиясы айналысады.

«Нұрлы жер» бағдарламасына қатысу үшін «Елорда құрылыс компаниясы» ЖШС бірлесіп құрылысты аяқтау туралы келісімге қол қою қажет. Ол үшін ТҚК жобалау-сметалық құжаттарын ұсынып, кешенді ведомстводан тыс сараптаманың оң қорытындысын алу керек және атқарылған жұмыстың бағасы мен объектінің техникалық параметрлерін анықтау үшін техникалық аудиттің нәтижесі керек.

Құжатқа сүйеніп бос жер телімі бары туралы ақпараттарды өкілетті ұйым қаржы көлемін анықтап, құрылысты аяқтау үшін және жобаны іске асырудың экономикалық тиімділігін қарастырады. Осы экономикалық тиімділігіне қарап келісімшарт бекітіледі, құрылысты аяқтау туралы конкурс жарияланады. Егер объекті экономикалық тиімсіз болып қосымша қаржыландыру көзі жоқ болса, оны аяқтау үшін тартылған несие арқылы бітіруге жол берілмейді.

Білім басқармасы #АҚША_ЖИНАУҒА_ҚАРСЫМЫЗ акциясын ұйымдастыруда

Астана қаласының Білім басқармасы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесіп «Астана-адалдық алаңы» жобалық кеңсесімен бірлесіп, елордалық білім беру ұйымдары арасында #АҚША_ЖИНАУҒА_ҚАРСЫМЫЗ акциясын ұйымдастыруда, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Акцияның бірінші қадамы ретінде назарларыңызға мемлекеттік бюджеттен бөлінетін қаражат туралы ақпарат және заңсыз ақша жинауға тыйым салу туралы бұйрығының көшірмесі ұсынылып отыр.

Білім басқармасының басшысы Әнуар Жанғозин өзінің Фейсбук парақшасында, бұл акция мектептерде заңсыз ақша жинауға тыйым салу мақсатында қолға алынғанын айтты.

«Құрметті Астана қаласының тұрғындары! Егер сіз Астаналық білім беру мекемелерінде заңсыз әрекеттерге тап болсаңыз, мына телефон бойынша хабарласуға болады: 55-68-83, 55-68-73», деп жазды ол.

Сонымен қатар, ол мемлекеттік бюджеттен, сондай-ақ ата-аналар төлеген қаражаттың қандай іс-шараларға бөлінетінін егжей-тегжейлі түсіндірді. «Баланы балабақшада тәрбиелеуге қаржы бюджеттен және ата-ананың төлеген ақысынан құралады. Қызметкерлердің еңбекақысы, қызметкерлердің біліктілігін арттыру, шаруашылық және кеңсе тауарларын сатып алу, ойыншықтар, көрнекі және әдістемелік құралдар, дәрі-дәрмек, байланыс қызметтері, ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстары, сақтандыру, коммуналдық қызметтер, өрт қауіпсіздігі қызметі, банк және күзет қызметтері, апаттық қызмет, санитарлық-техникалық қызмет көрсету, құбырларды шаю және қысымды тексеру, шағын орталықтар үшін бөлмені жалға алу», деп түсіндірді ол.

Ал, ата-аналар төлемақысы балалардың ас суына бағытталады. Сонымен қатар, ол ата-аналардың балаларын тағы немен қамтамасыз ететінін айтып өтті. Ата-ана баласына кеңсе тауарларын, мысалы, ермексаз, қатырма қағаз, түрлі-түсті қағаз, түрлі бояулар, альбом және тағы басқа да заттар. Сондай-ақ, жоғары және дайындық топтарына баратын балалардың ата-аналары оқытудың негізгі түрлері үшін жұмыс дәптерлерін алып береді.

Ақылы қызметтер ішінде кезекші және демалыс күндердегі топтардың қызметі.

«ҚР МЖМБС және ҚР БҒМ үлгілік оқу жоспарынан тыс басқа да оқыту мен дамыту қызметтері ата-аналардың қалауы бойынша шарттық негізде жүргізіледі», — деп нақтылады Ә. Жанғозин.

Бюджеттен мектептерге қаражат мұғалімдердің еңбекақысын, коммуналдық қызметтерді, жетім және аз қамтылған отбасы балаларын киім-кешекпен және тамақпен қамтамасыз етуге, сондай-ақ кеңсе тауарларын (табель, бор, мақтау қағаздары), жинақтауыш құрылғы (картридж, шамдар), жууға арналған сұйықтықтар, шаруашылық және спорттық тауарлар сатып алуға бөлінеді.

Білім басқармасының басшысы 28 тамыз күні «Ата-аналардан заңсыз ақша жинауға тыйым салу туралы» бұйрығын шығарғанын атап өтті. Құжатта ата-аналардан сынып пен бөлмелердің тазалығын және жөндеу жұмыстарын, құрал-жабдықтарды, жиһаз сатып алуға, мекеменің аттестациясын өткізуге, педагогикалық ұжымға сыйлықтар, мерекелік іс-шараларды өткізуге және тағы басқа жағдайларға мәжбүрлеп ақша жинауға қатаң тыйым салынады.

Астанада қылмыстылық деңгейінің төмендеуі байқалды

Осы жылы қылмыс деңгейі 10 мың адамға шаққанда 34 % төмендеді. Өткен жылмен салыстырғанда ашылған қылмыс пен ұсталған адамдар саны көбейді. Былтыр жасалған қылмыстар көбірек ашылды, оның әрбір төртіншісі ауыр және аса ауыр санатқа жатады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Брифингте ІІД басшысының орынбасары, полиция полковнигі Сабыр Жүсіпбеков ұсақ құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша да белсенді жұмыстар жасалып жатқанын айтты. Биыл 186 мың әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, жолы кесілді, айыпты тұлғалар жауапқа тартылды: 153 адам әкімшілік қамауға алынды, 1 млрд 489 млн теңге сомасында айыппұл салынды, 875 млн теңге өндірілді.

Сондай-ақ кәмелет жасына толмағандар арасында да құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша үлкен жұмыстар жүргізілуде. Аталмыш мәселеде алдын алуға ертерек көңіл бөлінуде. Жергілікті жұмыстар атқарылуда, онда көңіл көтеретін орындар мен интернет-кафелерде заңды өкілсіз жалғыз өзі жүрген кәмелет жасына толмаған балалардың ата-аналарын ғана емес, сол ғимараттың, дүкеннің, супермаркеттің қожайындарын да темекі және ішімідік өнімдерін балаларға таратып, сатқаны үшін жауапқа тартылуда.

«Бап бойынша қарастырар болсақ, 3 мыңға жуық ата-ана мен түрлі тектегі ғимараттың 500 қожайыны тартылды. 2017 жылмен салыстырғанда 2018 жылы жасөспірімдердің үлес саны 35 03 мыңға артты және халық санының 13,5% құрады», — деп түсіндірді ол.

Жалпы Астана ІІД мәліметінше елордада жедел жағдай тұрақты. Күн сайын қала көшелерінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін 1400-ден астам полицей мен Қазақстан Республикасының Ұлттық ұлан комитетінің әскери қызметшілері тартылады. Адамдар көп шоғырланатын жерлерге 8 стационарлық полиция бекеті орнатылып, қоғамдық тәртіпті тәулік бойы сақтауды жүзеге асырады.

Бұдан басқа, алдын алу мақсатында көше қылмысының өсімін төмендету, ізін суытпай қылмысты ашу үшін патрульдік күшейтілді және тұрғын үй кешендерінің аулаларында, астана тұрғындары мен қонақтарының бос уақыты мен көп адамдар жиналатын демалыс орындарында жаяу патрульдік жасақ көбейтілді.

Елордада емделетін әр бесінші пациент - басқа аймақтың тұрғыны

Ішкі медициналық туризм аясында сапалы ем қабылдау мақсатымен жыл сайын Астанаға 65 мыңға тарта адам келеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

20 жыл ішінде Астанада денсаулық сақтау саласында оң өзгерістер орын алды. 2018 жылдың алғашқы жартыжылдығының өзінде қаланың медициналық мекемелерінде 25 мыңнан астам ем қабылдап, 4,5 мың ота жасалды. Оталардың 1700-де жоғары технологиялар қолданылды. Жедел жәрдем 190 мыңнан астам шақыртуға қызмет көрсетті. 64 мыңнан астам адам тегін дәрі-дәрмекпен қамтылып, бірыңғай колл-орталыққа елорданың 217 мыңнан астам тұрғыны хабарласты.

«Денсаулық сақтау саласын дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламаны табысты іске асырудың арқасында біз халықтың орташа өмір сүру ұзақтығын едәуір ұлғайттық. Бүгінгі таңда аталмыш көрсеткіш 76,2 жасты құрайды. Бұл – еліміз бойынше ең жоғары көрсеткіш», — деп мәлімдеді қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әлия Рүстемова.

Сондай-ақ, ол елорданың ішкі туризмге арналған ең танымал бағыттардың бірі екендігін атап өтті.

«Астана қарқынды дамуда. Жыл сайын мұнда 30 мыңға тарта сәби дүниеге келеді. Басқа өңірлерден елордаға жыл сайын 40 мыңға жуық адам келеді. Ішкі медициналық туризм аясында жыл сайын Астанаға сапалы ем қабылдау үшін 65 мың пациент келеді. Бүгін елордада емделетін әр бесінші пациент – басқа қаланың тұрғыны», — атап өтті Ә. Рүстемова.