Қазақша сөйлеуді мода қылайық!

Кеше Астанаға бір қайынапам (қайынәпке) келді іссапармен. Негізі біз білетін аты орысша. Бірақ, кеше қонақүйге орналасып жатқан кезде байқағаным аты қазақша құжат бойынша. Әйелімнен сұрадым неге олай деп. Сөйтсем жездеміз өзгерттірген екен.
Олар Ақтөбеге жақын Алға қаласында тұрады. Орысшалау жер. Жезде де бұрын мен ең алғаш көрген кезде кәдімгі орыс-қазақ еді. Бір ауыз қазақша білмейтін. Ішетін, достары орыс, орысша сөйлейтін, қолынан бәрі келетін, ұзын шаш қоятын типустар болады ғой. Дәл сондай еді.



