Астанада жыл сайын өтетін халықаралық «Astana Marathon 2018» марафоны өтті

Бүгін Астанада жыл сайын өтетін халықаралық «Astana Marathon 2018» марафоны болып өтті.

Жүгіруге 5 мыңнан аса адам қатысты. Оның ішінде 800-дей қатысушы қашықтықты толық жүгіріп өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Бұқаралық спорттық шараға Қазақстаннан және шет мемлекеттің өкілдері қатысты, атап айтқанда, Германия, Ресей, Жапония, Италия, Өзбекстан, БАӘ, Швеция, Оңтүстік Корея, Ұлыбритания, АҚШ, Қырғызстан, Франция, Түркия, Аустралия, Кения, Грузия, Люксембург және Испания.

18-ден асқан қатысушыларға 42,2 км және 16-дан асқандарға 10 км қашықтықты бағындыру ұсынылды.

«Біздің клубта 30-дан аса адам бар. Бұл жаттықтырушылар, қызметкерлер. Бәріміз де жүгіруге қатысайық деп шештік. 10 км жүгірдік… Мұндай шаралар соңғы жылдары белсенді түрде көбейіп келеді. Бәріне қатысуға тырысамыз, осылайша салауатты өмір салтын насихаттаймыз», — дейді Астана қаласы әкімдігінің «Жігер» спорт клубы басшысының орынбасары Қуаныш Сейтмағамбетов.

Онымен дене шынықтырудың оқытушысы Олег Иванов та келіседі. «Мен бұрыннан жүгіремін. Бірақ марафондарға қатысуды 2011 жылдан бастадым. Бұған дейін 5, 10 км қашықтықта жүгіретінмін. Халықаралық марафондарға да қатыстым. Бүгін 10 км жүгіріп өттім. Трасса кең, ауа райы да жүгіруге қолайлы болды, ыстық емес. Барлығы жақсы ұйымдастырылған. Мұндай марафондар жаппай белең алып, салауатты өмір салтын сақтауға шақырады. Әлемнің барлық астаналарында өздерінің марафоны бар. Егер спортпен айналысуды әлі бастамағандар болса онда мен «кім алға баспайды, сол артқа кетеді» дегім келеді. Бір орында тұрып қалуға болмайды. Әрдайым шығып, әуелі жүруден бастау керек, сосын жылдам спорттық жүгіруге, сосын трусцамен, сосын уақыт өте келе марафонға қатысуға болады», — деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, марафон басталар алдын Astana Marathon EXPO 2018 спорт көрмесі болып өтті. Көрме кезінде кәсіби жаттықтырушылардың жүгіруге арналған, коуч пен спортшылардың жүгіру мен салауатты өмір салтына арналған тақырыптық лекциясы өтті. Онда қатысушылар марафон туралы, оның бағдары, нәтижені санаудың жүйесін, сонымен қатар жүгірудің техникасы бойынша кеңестер алып, ұзақ қашықтыққа жүгірген кезде шыдамдылықты арттырудың құпияларына қанық болды. Бұдан бөлек, көрмеде марафонға дайындық бойынша өткен шарада «Astana Marathon-2018» қолдаған қайырымдылық қорлары мен жүгіруге қатысатындардың корпортативтік қолдаулары да ұсынылды.

astana.gov.kz/kz/news/news/15184

Астана әкімі Бақыт Сұлтанов Алматы облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне барды

15 қыркүйекте «Қазақстан» спорт кешені жанында Алматы облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі басталды. Ұсынылған ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 470 тоннадан астам, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.


Бүгін «Қазақстан» спорт кешені алаңында ұйымдастырылып жатқан ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне Астана әкімі Бақыт Сұлтанов пен Алматы облысының әкімі Амандық Баталов келді.


Жәрмеңкеде барлығы 48 өнім түрі ұсынылды: ет, сүт, көкөністер, шұжық, балық өнімдері, сондай-ақ қант, ұн, жарма, өсімдік және жануар майлары, жеміс-жидек, бал, ұлттық сусындар. Мұнда Алматының апортын сатып алуға болады. Алматы облысының аграрийі жәрмеңкеге 15 тоннадан астам алма әкелді.


Естеріңізге сала кетейік, жәрмеңке 15 және 16 қыркүйек күндері өтеді. Дәстүр бойынша «Қазақстан» спорт кешенінде сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін Алматы облысының шығармашылық ұжымы концерт қояды.



Астана жаңалықтары: Астана әкімі Бақыт Сұлтанов Алматы облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне барды

Астана жаңалықтары: Астана әкімі Бақыт Сұлтанов Алматы облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне барды

Астана жаңалықтары: Астана әкімі Бақыт Сұлтанов Алматы облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне барды

Астана жаңалықтары: Астана әкімі Бақыт Сұлтанов Алматы облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне барды

«Astana-Art Show-2018» халықаралық көрмесі ашылады

15 қыркүйекте TSE Art Destination галереясында алғаш қазақстандық «Astana-Art Show 2018» халықаралық көрмесі өз жұмысын бастайды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.


Astana Art Show қазіргі Қазақстанның бейнелеу өнері халықаралық биенналесінің негізгі шарасы болып табылады және үш көрме аясында өтеді.


Іс-шараның алғашқы тақырыбы — «Metamorphosis». Бұл жоба суретшілердің ішкі көңіл-күйі мен хал-ахуалын, кең ауқымды мәселелер бойынша көзқарастарын зерттеуге арналған. Бұл — олардың жеке өздері және маңызды оқиғалар туралы әңгімелері, сонымен қатар суретшінің шексіз эволюциясында, оның метаморфозында, сондай-ақ шығармашылығындағы бұрылыс нүктесінде маңызды кезеңді белгілеу үшін Polaroid 600-ге жедел фотосурет жасау мүмкіндігі.


Жоба қатысушылары – толық жетілген және шетелде аттары танымал болған қазақстандық жас суретшілер. 20-дан астам суретші халықаралық ірі көрмелерге қатысқан және шоуға арнайы дайындалған еңбектерін ұсынады. Көрме қатысушыларының арасында танымал жапондық фотограф, «Мен Обломов» белгілі автопортрет сериясының авторы – Икуру Куваджима бар. Сондай-ақ, көркем өнерді қадірлеуші елордалықтардың назарына өз жұмыстарын Лондонда аты шыққан қазақстандық Аза Шаденова ұсынады. Ал жас суретші Әділ Әубекеров Астана тұрғындары мен қонақтарын қала ғимараттарының бірінің қасбетіне салынған жаңа арт-нысанмен қуантады.


Суреттер мен инсталляцияларды келушілер TSE Art Destination галереясында және оның айналасында тамашалай алады. Metamorphosis-пен қатар, Орталық Азия елдері мен Қазақстанның 16 жас суретшісінің шығармашылығына арналған «Қайта жүктеу. Кеңістікті оңтайландыру» көрмесі өтеді. The Ghost Expedition үшінші көрмесінің ұйымдастырушылары – Еуропалық Одақ. Жоба шеңберінде қазақстандық және еуропалық суретшілер тобы Маңғыстау облысының киелі орындарын зерттеу барысында көркем жұмыстарының нәтижелерін ұсынады.


Сондай-ақ, жоба аясында танымал суретшілердің дәрістері, шебер-сыныптары мен кураторлық экскурсиялары өтеді. Astana Art Show ашылуында іс-шараның арнайы қонағы – әлемге әйгілі музыкант Benjamin Skepper (Мельбурн, Австралия) өнер көрсетеді. Benjamin Skepper –көркем мәтінде заманауи технологиялар мен ғылыми инновацияларды қолдана отырып, жаңа эксперименттік музыкалық шығармаларжазатын музыкант. Іс-шара ұйымдастырушылары: Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі, «Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі» РММ, Рухани Жаңғыру Басқару Кеңсесі,  Artios Art Advisory. Astana Art Show кураторлары: Дина Байтасова, Асель Ахметжанова. «Қайта жүктеу. Кеңістікті оңтайландыру» көрмесінің кураторы: Айгүл Ибраева. «The Ghost Expedition» көрмесінің кураторы: Анвар Мүсірепов.


Astana Art Show көрмесінің ресми ашылуы 15 қыркүйекте сағат 19:00-де TSE Art Destination галереясында өтеді. Мекен-жайы: Республика даңғ., 33А. Кіру тегін. Көрме 2018 ж. 28 қазанға дейін жұмыс істейді.

Вискиді дұрыс ішу бойынша 6 кеңес

Виски — қазіргі уақыттағы танымал ішімдіктердің бірі. Бұрын бірен-саран жерлерде болса, қазір барлық жерде, неше түрі бар. Ал соны дұрыс ішуді білесіз бе?

Виски ішу біздің қоғамға фильмдер арқылы келді. Кола қосу, мұз салуды да солардан көріп үйренді. Солай дұрыс деп ойлайды көпшілік. Ал негізінде басқаша мәдениет — виски ішу.
Мұз және коланы төменгі сұрыпты вискилерге қосуға болады. Өйткені оларды ішкен кезде мақсат — виски ароматынан ләззат алу емес, мас болу ғана. Сапалы вискиді таза күйінде ішеді. Және мына 6 кеңесті оқыңыз:

1.Жағдай. Вискиді үйде достармен бірге ішкен дұрыс. Теледидарды сөндіріп, перделерді жауып, жәй музыка қойып, күнделікті мәселелерді ұмытып дегендей. Қатты ішімдік түрі болғандықтан, вискиді кешкі уақытта ішкен жөн, күндіз емес.

2. Температура. Вискиді алдын ала 18-20°C дейін салқындатып алу керек. Жылы виски спирт татиды, 18°C төмен температурада вискидің ароматын сезе алмайсыз.

3. Ыдыс. Бұл туралы 2 түрлі ой бар. Біреулер вискиді түбі қалың, кең стаканмен ішкен дұрыс дейді. Ал басқа мамандардың пікірінше шарап бокалымен ішкен кезде виски ароматы жақсы сезіледі екен. Өз таңдауыңыз бойынша осылардан бірін таңдасаңыз болады.

4. Сервис. Салқындатылған бөтелкені орамалмен дұрыстап сүртіп алу керек. Үстелде гүл немесе басқа иіс шығаратын ештеңе болмағаны дұрыс. Үй иесі өзі құйып отырғаны жөн. Виски гаммасын жақсы сезу үшін әдетте стаканның үштен біріне құйылады.

5. Дегустация. Вискиді кішкентай жұтымдармен ішу керек. Алдымен ароматын сезу керек, сосын бірнеше секунд ауызда ұстап барып жұту керек. Тәтті дәмі сонда жақсы сезіледі.
Дәстүр бойынша вискиге ештеңе қоспай ішпеді. Бірақ түрлі сұрыптағы вискидің дәмін тататын болсаңыз — әр дегустациядан кейін газдалмаған минерал суын ішкен дұрыс, ауызды тазалап отыру үшін.

6. Тіскебасар. Вискимен әдетте ештеңе жемейді. Жақсы сигарамен әдемі кетеді. Біздің қоғамдағы тіскебасар дәстүрінен шыға алмаған болсаңыз — енді өз қалауыңыз біледі оны. Виски ең бастысы адамға мастық емес, ләззат беруі тиіс.

ЕСКЕРТУ: КерекИнфо алкогольды ішімдікті насихаттамайды, алкогольдің көп мөлшерде зиян екенін ескерте отырып, материалдың танымдық мақсатта екенін мәлімдейді!

Алматы облысының ауылшаруашылық жәрмеңкесі 15-16 қыркүйекте өтеді

Ауылшаруашылық өнімдерінің жалпы көлемі 470 тоннадан астам, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.


15-16 қыркүйекте «Қазақстан» спорт кешені жанында Алматы облысының ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді. Жәрмеңкеде 48-ден астам атаулы өнім ұсынылады (ет, сүт, көкөністер, шұжық, балық өнімдері, сонымен қатар қант, ұн, жарма, өсімдік және жануар майы, жеміс-жидек, бал, ұлттық сусындар). Ауылшаруашылық өнімдерінің жалпы көлемі 470 тоннадан асады. Оның ішінде көкөніс өнімдері — 112,9 тонна, ет — 80,2 тонна, сүт – 21,9 тонна, жеміс-жидектер – 43,4 тонна, картоп – 49,3 тонна, балық өнімдері – 16,8 тонна, бал — 0,5 тонна.


Дәстүр бойынша «Қазақстан» спорт кешені аумағында сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін Алматы облысының шығармашылық ұжымының концерті қойылады.

22 қыркүйек күні Астанада жалпықалалық сенбілік өтеді

Осы жылдың 10 қыркүйек 10 қазан аралығында Астана қаласының аумағында күзгі абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау бойынша экологиялық айлық  өткізіледі, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.


Осы жылғы 22 қыркүйек күні өтетін жалпықалалық сенбілікке 72 мың адам қатысады деп күтілуде, 2000-нан астам кәсіпорын мен ұйым, 46 жоғары оқу орны мен орта кәсіптік оқу мекемесі, 177 орта мектеп мен жалпы білім беретін мекеме, 58 денсаулық сақтау мекемесі, 146 мемлекеттік мекеме мен ұйымдар және кәсіпорындар, 520 бірлік мамандандырылған техника.


 Сенбілікке қатысушыларды қоқысты жинайтын арнайы (күрек, тырнауыш) жабдықтармен, қолғаптармен және қаптармен қамтамасыз етеді.


Осы экологиялық айлық шеңберінде келесі жоспарлауда:


          — қала ауданын санитарлық тазалау;


         — көше бойы, жаяу жол және үй аралық ауданды жинау;


         — ағаш егу;


         — нөсер торлары және арық жүйелерінің құбырларын тазалау;


         — гүлзар және гүлбақшаларда, бақ пен саябақтарда жасыл желектерді күтіп ұстау агротехникалық мерзімдік іс-шаралар жұмыстарын жүргізу;


         — заңсыз жерлерде орналасқан қоқыс үйінділерін жинау.


Жалпықалалық сенбілікке қалалық және республикалық мекемелердің қатысуымен 12 534 жаппай ағаш отырғызуды ұйымдастыру жоспарлануда.


Бұдан басқа, 15 қыркүйекте біздің елорда «Дүниежүзілік тазалық күні» халықаралық экологиялық акциясына қосылады, онда әлемнің 150-ден астам елі және 380 млн жуық еріктілер қатысады. Осы акцияның бірегейлігі, акцияны өткізу барысында жиналған барлық қалдықтарды (араласқан қалдықтардан қайталама шикізатты бөлек жинау) сұрыптап, одан әрі қалдықтарды өңдеуге арнайы зауытқа тасымалданады.


Жалпықалалық сенбіліктің басты мақсаты, қоғамның назарын астана қаласының көшелерін таза ұстау және экологиялық мәдениетін қалыптастыру. Көшелер мен аулаларды абаттандыруға үлесін қосқысы келетін тұрғындар және қала ұйымдастырушылары қатыса алады.

Астана тұрғындар тұрмыстық қалдықтарды тапсырып, ақша ала алады

Байқоңыр ауданында қайта өңделетін шикізатты қабылдау пункті пайда болды. Енді «ақылды» ауданның тұрғындары «Green Station» пунктіне қағазды, пластикті, целлофанды, шыны мен басқа да материалдарды тапсыра алады. 


Астана жаңалықтары: Астана тұрғындар тұрмыстық қалдықтарды тапсырып, ақша ала алады


Шикізат тұрғындардан аталымына сәйкес сатып алынады. Бағасы 3-100 теңгенің шамасында, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.


Астана жаңалықтары: Астана тұрғындар тұрмыстық қалдықтарды тапсырып, ақша ала алады


«Ақылды қала» жобасын іске асыру аясында Астанада бүгін салтанатты түрде қайта өңделетін шикізатты қабылдау пункті ашылды. Жобаны «Astana clean time» компаниясы Байқоңыр ауданы әкімдігімен, «Аstana Innovations» АҚ-мен бірлесіп жүзеге асыруда.


Астана жаңалықтары: Астана тұрғындар тұрмыстық қалдықтарды тапсырып, ақша ала алады


«Қаланың әр тұрғыны ақшалай сыйақы үшін шикізатты қабылдау пунктіне тапсыра алады. Біз 11 түрлі материалды қабылдауға дайынбыз. Аталымына сәйкес шикізатты 3-100 теңгеден қабылдаймыз. Қазіргі таңда қайта өңделетін шикізатты қабылдайтын 9 пунктке 500 келіден астам қалдық өткізіледі», — дейді «Astana clean time» компаниясының бас директоры Тимур Исмағұлов.


Астана жаңалықтары: Астана тұрғындар тұрмыстық қалдықтарды тапсырып, ақша ала алады


Мәселен, қағаздың келісі үшін 3 теңге, алюминийдің келісі үшін 100 теңге алуға болады. Тұрғындар қоқыс үшін берілген сыйақының мөлшері емес, қоршаған ортаны қорғау ісіне қосылған үлес маңызды екендігін айтады.


«Ауданымызда мұндай пункттің ашылғанын естігенде, біз қатты қуандық. Бірінші кезекте, бұл табиғатты қорғау ісіне қосатын үлесіміз. Сол себепті мен өз балаларыма қалдықтардың өңделетінін көрсеткім келді. Осылайша, уақыт өте келе жаһандық мәселе өзектілігін жоғалтады деп ойлаймын. Қарапайым ережелерді сақтау кез келген адамның қолынан келеді. Тіпті, ақшалай сыйақыға ие болу мүмкіндігі ұсынылып отыр», — деді аудан тұрғыны Кәмила Нарымбетова.


Астана жаңалықтары: Астана тұрғындар тұрмыстық қалдықтарды тапсырып, ақша ала алады


Астана жаңалықтары: Астана тұрғындар тұрмыстық қалдықтарды тапсырып, ақша ала алады
Айта кетейік, жыл соңына дейін Астананың «Ақылды ауданында» қайта өңделетін шикізатты қабылдайтын тағы 2 пункт орнатылады деп жоспарлануда.


Астана жаңалықтары: Астана тұрғындар тұрмыстық қалдықтарды тапсырып, ақша ала алады

Астана 15 қыркүйекте «Дүниежүзілік тазалық күні» акциясына қосылады

15 қыркүйек күні аталмыш акцияға әлемнің 150-ден астам елінен 380 млн.-ға жуық адам қатысады деп күтілуде, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.


Астана жаңалықтары: Астана 15 қыркүйекте «Дүниежүзілік тазалық күні» акциясына қосылады


Қоқыстардың көп мөлшерде пайда болуы қазіргі заманның өзекті мәселелері болып отыр. Жылсайын біздің ғаламшарда 4 млрд. тоннаға жуық қалдық пайда болады.


15 қыркүйек күні біздің елорда «Дүниежүзілік тазалық күні» халықаралық әлеуметтік-экологиялық акциясына қосылады. Акция 2008 жылы Эстония елінен бастау алған, онда 50 000 ерікті 5 сағаттың ішінде елді 10 000 тонна қоқыстан тазартқан.


15 қыркүйек күні аталмыш акцияға әлемнің 150-ден астам елінен 380 млн.-ға жуық адам қатысады деп күтілуде.


Осы акцияның бірегейлігі, акцияны барысында қалдықтар сұрыпталып қайта өңдеу зауытына жөнелтіледі.


Осы жоба азаматтық бастамамен тазалықты сақтау, жаңа экологиялық мәдениетті құруда.


Елорданың барлық тұрғындар мен қонақтарын біздің қаламыздың экологиялық жағдайын жақсартуға өз үлесін қосуға шақырамыз.


Сарыарқа ауданы:


Сарыбұлақ өзенінің бойында (жиналу орны «Алланың гүлі» мешіттің қасында);


№ 14 мектеп;


Алматы ауданы:


— «Нұрлы жол» вокзалының аумағында (жиналу орны «Нұрлы жол» вокзалының қасында);


— № 37 мектеп.


Сол жерде құрал-саймандар беріледі.


Акцияның өтетін уақыты: 9.30-дан 13.00-ге дейін.

Астанада зат жоғалтсаңыз не істеуіңіз қажет?

Астана жаңалықтары: Астанада зат жоғалтсаңыз не істеуіңіз қажет?

109 номеріне күніне заттарын жоғалтып алғаны туралы кем дегенде 6-8 хабарлама келіп түседі. Адамдар ақшасын, картасын, қолғабын, көзілдірігін, музыкалық аспаптарын тіпті чемодандарын да ұмыт қалдырып жатады. Затыңыз жоғалған кезде не істеу қажет және басқа да қызықты оқиғалар туралы Астана әкімдігінің ресми сайтының материалынан оқисыздар. 


Күніне орта есеппен 109 қызметіне және телеграмм чатына 6-8 хабарлама келіп түседі. Сондай-ақ демалыс және мереке күндері бұл көрсеткіш айтарлықтай көбейе түседі. Адамдар қолғаптан бастап көзілдірік, несие картасы мен музыкалық аспап, чемоданға дейін, тіпті қомақты ақшасын да ұмыт қалдырып жатады. Мамандар көбіне жоғалудың «маусымға» қатысты себебі барын да айтуда.
«Мысалы қыста немесе күзде адамдар шарфын, бас киімін, қолғабын ұмытса, жазда – қолшатыр, сөмке, құлаққап, көзілдірігін ұмытады. Керек десеңіз, несие картасын, спорт сөмкесін, құжат салынған пакетті де ұмыту рейтингтің алғашқы қатарында тұр. Әсіресе балалар ұмытшақ келеді. Олар мектеп сөмкесін, добын тастап кете салады. Сосын бізге ата-аналар хабарласып, келіп алып кетеді. Балалар сонымен бірге музыкалық аспабын немесе спорттық заттарын, кейде сөмкеге салынған тамақтарын да ұмытып кететіні жиі кездеседі», — дейді «Астана LRT» өкілдері.


iKomek қызметі егер затыңызды жоғалтқан жағдайда бірден 109 номеріне хабарласуыңыз керек болмаса Telegram немесе Facebook чат-ботына хабарласқаныңыз жөн деп түсіндіреді. Жолаушы ертерек хабарласса, жоғалған зат та тезірек табылуы мүмкін. Ол үшін автобустың бағыт номерін, жүрген уақытын айту қажет. Мамандар автопаркпен байланысқа шығып, заттың жоғалғаны туралы кондукторға ескертеді.
«Қолдау қызметіне неғұрлым ертерек хабарлассаңыз соғұрлым жоғалған затыңыз ертерек табылады. Арнайы қызметке дер кезінде хабарласу, яғни жарты сағат не екі сағаттың ішінде болса, онда заттар көбіне табылып жатады. Жоғалған затыңызды сол автобустың жүргізушісінен немесе асығыс болмасаңыз автопарктің диспетчерлік қызметінен келіп алып кетуге болады», — дейді қалалық iKomek Мониторинг және жедел әрекет ету орталығының баспасөз хатшысы Махаббат Рахимова.
Автопарк дичпетчерлерінің есінде талай оқиғалар қалды — құжат салынған папкаларда есеп жоқ және ломбардқа барып алған ірі көлемдегі ақшаларды да тауып алған.
«Бірде бір ер азамат техпаспорты мен көлік куәлігін жоғалтып алады. Біз оны тауып алдық та, сақтап қойдық. Ер азаматпен байланыстық, сөйтсе ол жаңасын жасатып үлгеріпті, бірақ аздаған уақыттан соң оны да жоғалтып алған. Бізге келіп жоғалтқан құжаттарын келіп алып кетті», — деді «AstanaLRT» қызметкері өткен оқиғаларды есіне түсіріп.


Айт кетейік, 2018 жылдың маусым-шілде айларында 94 өтініш түскен, оның 90% иелеріне қайтарылды.

Қазақстан Президенті Астана активімен кеңес өткізді

Қазақстан Президенті Астана активімен кеңес өткізді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты akorda.kz сілтеме жасап.

Кездесу алдында қалалық мәслихаттың сессиясы өтті. Онда депутаттар Астана қаласының жаңа әкімі Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтановтың кандидатурасын бірауыздан мақұлдады.


Нұрсұлтан Назарбаев Ә.Исекешевті Президент Әкімшілігінің Басшысы лауазымына тағайындалуымен құттықтап, жаңа жауапты қызметіне табыс тіледі.


Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ә.Исекешевтің кәсіби біліктілігі мен жеке қасиеттерін атап өтіп, оның елорданы дамыту жолында атқарған жұмысының нәтижелеріне тоқталды.


Қазақстан Президенті Астана қаласының бұрынғы әкімі Ә.Исекешевтің сіңірген еңбегі жөнінде айтып, қаланың жаңа басшылығының алдында тұрған міндеттерді атап өтті.


– Мен елорда әкімін тағайындау мәселесіне зор мән беремін. Қаланы дамыту ісі, соның ішінде Астанадағы бүкіл нысандардың құрылысы үнемі менің жеке бақылауымда. Бұл – мен үшін маңызды басымдық. Бақыт Сұлтановтың мемлекеттік басқару ісіндегі тәжірибесі мол әрі ұйымдастырушылық қабілеті жеткілікті, – деді Елбасы.


Жиын барысында Қазақстан Президенті Астананың жаңа басшылығы алдында тұрған бірқатар басымдығы бар міндеттерді атап өтті.


– Дамудың жаңа моделін енгізу қажет. Инновацияны ілгерілету және креативті адамдардың көбеюі үшін қолайлы орта қалыптастырған жөн. Сол үшін қаланың 2050 жылға дейінгі ұзақ мерзімді даму стратегиясын әзірлеу керек, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.


Елбасы «Астана» халықаралық қаржы орталығының мүмкіндіктерін пайдалана отырып, Астананы іскерлік қаржы хабы ретінде дамытуды жалғастыру қажет екенін айтты.


Мемлекет басшысы жаңа тұрғын үйлер салу, тұрғындар үшін қолайлы жағдай жасау, әлеуметтік нысандар тұрғызу мәселелеріне ерекше назар аударды.


Сонымен қатар, Қазақстан Президенті қаланың инфрақұрылымын дамыту қарқынын сақтаудың және шаһарды газбен қамту үшін дайындық жұмыстарын жүргізудің маңыздылығын айтты.


Нұрсұлтан Назарбаев елорданың туристік әлеуетін дамыту ісінде әлемнің үздік тәжірибелерін қолдануды тапсырды.


Елбасы қаланың барлық мемлекеттік құрылымдарының жұмысын трансформациялауды жалғастыру, көрсетілетін мемлекеттік қызмет сапасын арттыру және цифрландыру бағдарламасын іске асыру мәселелерін Астананы одан әрі дамытудың басымдықтары ретінде ерекше атап өтті.


Соңында Ә.Исекешев пен Б.Сұлтанов сенім білдіргені үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтып, бас қаламыз бен бүкіл елімізді дамыту ісіне өздерінің зор үлестерін қосатынын жеткізді.