Мини Блог Құрылтай-2: Есеп

БлогҚұрылтай жақындаған сайын, кездесулеріміз жиіліне түседі. Бүгін де 13 адам болып жиналған екенбіз. (Біз үшін қасиетті сан болып кетті ғой дейм, иә? Алдында да отырғанда 13 адам едік.) Арамызға Қуаныш та қосылды. (Келгеніне ол да, біз де өте қуаныштымыз)
.

Әрі қарай

28 қаңтар 2012 жыл - Сенбідегі съезд)))

Жиналдық, ойлағаннан аз адам болды, бірақ ойламаған адамдар келді))) Қуанышты көріп, қуанып қалдық, Толыбай мырза келіп, көңіліміз толды))) Оған қоса, АКЫ екеумізден бөлек 3 әдемі қыздар келіп, нәзік жандылардың құрамы көбейді)))
Сомен суреттер:
Әрі қарай

Рационал эгоизмнің 30 қағидасы (1-ші бөлім)

Сана мен сезім: Рационал эгоизмнің 30 қағидасы  (1-ші бөлім)

Өзіме ұнаған кеңестердің аудармасымен бөліскім келеді. Таптаурын дүниелер. Сендерге ұнаса тіпті жақсы.
Роб Брукер есімді американ-блогер тірлігің теріс айналғанда, өзіңе уәде беруден шаршағанда, кедергілермен бейберекет алысудан зайыбың шыққанда, ойларың іске аспай тұралап мойныңа жүк болып артылғанда бірдеңе бастамас бұрын нені доғару керектігіне тоқталыпты. Былшылды қойып, сөз кезегін Роб Брукерге Марк Анжелаға берейін.
Әрі қарай

Мюнхен ешқашан ұмытылмайды

  • UNITED
UNITED
Бұл фильм Манчестер Юнайтедтің тарихындағы ең қайғылы әрі ең қастерлі сәт — Мюнхен трагедиясы туралы.
1958-жылдың 6-ақпаны. Мюнхен. Жаттықтырушы Мэтт Басбидің командасы ұшақ апатына ұшырады. «Басби бөбектері» атанған жас, жеңімпаз әрі жарқын команда бір мезетте ойран болды. Ұшақ бортында болған 43 жолаушының 23-і Мюнхенде көз жұмды… Команда Европа Чемпиондары Кубогінің аясында Белградттың «Қызыл жұлдыздар» командасымен ойнап қайтып келе жатқан еді…
Әрі қарай

Gmail ubuntu үшін

Ubuntuшылдар үшін бұл проблема былай шешіледі екен
/etc/hosts файлын gedit редакторы арқылы ашамыз (өзіңізге ыңғайлысымен, vim, nano тб)
sudo gedit /etc/hosts
Әрі қарай

Керекинфодан GMail поштасына патч

Манағы Аршат орналастырған, GMail поштасынан файл жүктеу проблемасын шешу әдісі кейбір адамдарда қиындық туғызуда. Байқасақ, кейбір қолданушыларда жүйелік буманың атауы тіпті басқа (64 биттік, т.с.с.), және ол бумаға өзгеріс енгізер алдындағы хабарламалардан кейбіреулер шошып қалады. Сұрақтан-сұрақ туып кете бермесін деп, патч жасадық.
1. Сол жақтағы баннердегі сілтемемен патчты көшіріп алыңыз;
2. Орнатыңыз;
3. Бітті.
Тәбәрік болсын!
Әрі қарай

Жұмақты гарантиялаған Мақаш атай бұдан кейін тек репутация үшін ғибадат қылмақ

Астаналық зейнеткер, бұрынғы экономист Мақаш Байжомартов жұмақты гарантияладым дейді. 83 жастағы зейнеткердің айтуынша бүгінге дейінгі жиған сауаптарын ойша есептейтін болсақ жәннатты әлдеқашан гарантиялаған екен.

Мақаш атай достарымен бірге
Әрі қарай