Maxthon браузерімен таныса отырыңыздар.

Мына броузерді байқап көріңіздер, өздерінің айтуларынша жылдамдығы Хромнан 200% артық дейді. /шынында 200% болмаса да жылдамдығы жақсы екен./
Мына жерде соңғы нұсқасы бар. --->>>
Жақсы жері кез-келген видеоны көшіріп алуға тырысады екен. Мысалы youtube.com, namba.kz секілді сайттардан еш қосымша бағдарламасыз бірнеше нұсқада көшіріп алуға мүмкіндік береді.

Браузер
Әрі қарай

Мегареалист тамақ суреттері


Голландиялық суретші Тьялф Спарнэейдің (Tjalf Sparnaay) суреттері әлемде өте танымал екен. Ол суреттерін мегареализм жанрында салады және тек тамақ суреттерін. Шынайылығы соншалық, фотосуреттен айыру қиын. бірге тамашалайық.
Әрі қарай

Агент мұрағатын өшіру


Қазір жұрттың көбі Агент қолданады, қолдану мақсаттары әр түрлі. Құпиясөздер де сынып жатады. Ерлі-зайыптылар да агенттің кесірінен ренжісіп жатады. Соңғы кезде таныс келіншектер көп сұрап кетті, «күйеуімнің құпиясөзін білемін, кімдермен не сөйлескенін қарай аламын ба?» деп.

Сақтықта қорлық жоқ дегендей Агенттің мұрағатын сақтамау керек деген кеңес бергім келеді. Бәрібір сізге келер еш пайдасы жоқ. Ал, құпиясөзіңізді білетін адам көп ақпарат алуы мүмкін.
Әрі қарай

Патриарх Кирилл әкей тағы кесекке кірді

Сурет Ridus.Ru сайтынан алынды.

Орыс Православ Шіркеуі дінбасыларының жылтыраққұмарлықтарын, ізгі христианинге тән емес қылықтарын жиі айтып жатады. Ал патриарх болып Кирилл тағайындалғанда, қоғам тіптен жынданып, оны көбісі мойындамады. Себебі Кирилл әкей өте қымбат тұратын көліктерге, әсіресе қолсағаттарға құмарлығын ертеден білдіріп қойған Исаның мүмміні екенін барлығы білетін
Әрі қарай

Ойдан шығарылған компаниялар

«Америка -анау, Америка — мынау». Бірақ бәрібір американың мәдениетіне тас ұрамын. Айталық, кино өнеріне. Ал киноларының ішінде өз тасым — қайдағы ойдан шығарылған компаниялар үшін фирстиль, логотип, тіпті дресс-код жасайтындары үшін қатты құрметтеймін. Өзімше, кино қымбат болуы тиіс деп есептейтінім де сол. Қаззақтар мен олардың өзбек мердігерлері бұлай ешқашан кино түсірмейді, түсіре алмайды да. Тіпті кино түсіруді қылмыс деп жариялап, тиым салса екен деймін. Одан өткен мәдени қылмыс болатын киноларды ендігәрі көрмеу үшін,
Әрі қарай

Кешіккен сараптау

Өзім үшін, былтырғы блогкэмптен биылғы блогкэмпке өзгерген жайттарды сараптап суреттер түрінде салсам ба деп ойлағаным ғой. Енді арасында бір жыл өтіп кетті ғой. Биылғы блогкэмптің өзіндік ерекшеліктері болды. Себебі, былтыр келген блогшыларды виртуал болсада бәріндерлік танитын едім, биыл көбін тіпті естімеген болып шықтым.
Әрі қарай

Жазалар әлеміне саяхат: Тірілей асу


Жалғасы, , басы мұнда

Жазаласа, ох жазаласа шіркін...© Satibaldi

Алдыңғы тақырыпта қуылу туралы оқығанда, "қойня ғой епті болса өлмейді" деп ойлаған боларсыздар.
Ал енді суреттегі жазаға кесілсеңіз, ешқандай ептілік құтқармайды.

Австралияның кей бөліктерінде аборигендер адамды өлтіріп, оны пісіріп жеп қоятынын ёбропалық қатындар «фи, неткен жабайылық» деп ботоксын сылп еткізер, бірақ,
Әрі қарай

Photoshopқа ілінбеген фотоиллюзиялар

Фотографтардың көбі фотоиллюзиялық суреттер жасау үшін фотошопқа жүгініп жатады. Алайда, сәтін салып нақ мезетте, нақ ракурста «шырт» еткізіп, қосмағыналы фотосуреттер түсіріп алған жолы болғыштар да бар. Мұндай кездейсоқтық, көбіне-көп әуесқойлар түсірген фотоларда кездеседі.
Алғаш көргенде, басыңдағы көзіңе сене алмай, дал боласың. Көз үйрене, ми қатпарларың жұмыс істей келе, бүйректен сирақ шықпайтынын ұғасың…

Кім кімді, қай жерінен?

Ол қыз мүлдем жалаңаш емес. Солай көрінді...
Әрі қарай