Автонарықтағы тығырық: Не істеу керек?


Кедендік Одақ қалай іске қосылды, шетелдік машиналарды елге әкелу қиындап кетті. Кедендік баж салығы бірнеше есеге артып, көлік әкелудің мәні қалмады. Есесіне Ресейдің «унитаздары» көптеп келе бастады. Әрине, ВАЗ-дың соңғы «Гранта», «Приоралары» сапасы жағынан біршама жақсы дегенді айтады таксиші қауым. Тіпті биылдан бастап автоматты беріліс қорабы бар «Гранталар» сатылымға шығады деп жатыр. Бірақ олар туралы анекдоттық стереотип бәрібір сақталып қалды, оның үстіне зауыттан келетін ақаулар да аз емес екен. Сондықтан, қазақстандық автосүйерлер бәрібір ескі де болса «шетелдікке» мінгенді жөн көреді.
Әрі қарай

Сағыныш...

Әке!
Сені бүгін тағы көрдім түсімде
Тұр екенсің қол созымда, қасымда
Қарт емессің, екенсің дәл күшіңде
Әңгіме айтып егістіктің басында

Ал мен болсам масақ ұстап қолыма
Саған қарап отыр екем сүйсініп
Бергеннен соң шал-кемпірдің қолына
Әке болып қарамайсың исініп

Қарғып мініп жетектегі тайыма
Шауып кеттім қырат жақты бетке алып
Жаңағы бір сезім қалып жайына
Кеудемде бір қалғандайын кек қалып
Әрі қарай

Ет пати



«Ет дегенде – бет бар ма» деген. Азаматтың ауылы Қызаннан ет келді дегенді естіп Астаналық жігіттер етті жеудің жағдайын жасай бастадық. Етті көр күттірмей Астананың төрінен үй жалдадық. Ет асуға керек дүниелерімізді алып кешке дайындаған үйге жиналдық. Енді ары қарай суреттер сөйлесін:
Әрі қарай

Қорғансыздың күні

Ғаламтордың беттерін парақтай отырып, бір жаңалыққа кезіктім. Шашым тік тұрды. Жүрегім қан жылады. Ағасы інісінің жұбайы қайтыс болғаннан кейін оның кәмелетке толмаған екі қызын алты жыл бойы зорлап жүріпті, оны ешкім аңғармапты. Кіші қыздың аяғы ауыр болғанда ғана жағдай белгілі болған екен. Ол қыздардың әкесі ағасын сотқа беріпті. Ал соңғысы кінәсін мойындаған екен. Бұрын мұндай жаңалықтарды шетелдерден еститінбіз, енді мұндай сорақылық өзіміздің қалада, өзіміз тұратын ауылдарда, өзіміздің қара көздеріміздің арасында жаппай етек алып жатыр. Тіпті өзінің балаларына зорлық көрсетті деген жантүршігерлік жаңалықтарды жиі еститін болдық. Адам сонда малдан да кем болып, соншалықты азғындап кеткені ме? Оның астындағы пікірлерді оқып, одан сайын шошыдым! «Ол қыздар ол ағасынан ақша алғысы келіп, өздері оның нәпсісін қоздырған, содан ол ақша төлегісі келмеген соң, полицияға шағымданған шығар» — деп жазыпты әлдебіреу. Алды 13-те, кішісі 10 ақ жаста болған он екіде бір гүлі ашылмаған қыздардың ондай ойы болуы мүмкін бе? Ең сорақысы – біздің құлағымыз ондайға бірте-бірте үйрніп бара жатыр… Анасын, қызын, қарындасын, кімді зорласа да елемейтін болып бара жатырмыз. Соншалықты азғын, соншалықты нақұрыс еркектерді неге Алла тағала жер басқызып қояды екен?
Мұхтар Әуезов атамыздың «Қорғансыздың күні» әңгімесі есіме түсті. Ол кезде де болған, қазір де бар, сонда ешқашан тиылмай ма?
Әрі қарай

көңіл айтамын...

Осындағы барлық жеке көлік иелеріне еліміздегі бензин бағасының өсуіне байланысты қайғыларына ортақтасып көңіл айтамын.

Қосымша мәлімет:
• дизель отыны — 1 литрі94 теңге;
• Аи — 80 — 1 литрі 89 теңге;
• Аи — 92 — 1 литрі 110 теңге.
Әрі қарай

Адамның күні адаммен

Жұмыстан келе жатқанымда мені үйіміздің ауламызда бір келіншек тоқтатты. Сіз осында тұрасыз ба? — деп сұрады алдымен. Осы көппәтерлі үйде тұратындығымды айттым. Сізден көмек сұрайын деп едім, — деді. Содан кейін оның мектепте оқитын қызын осы үйде тұратын ұл бала ұрып, оның миы шайқалып, оған дәлел болатын медициналық қорытынды да бар екенін айтып, көрсетті де. Менен сұраған көмегі — сол бұзақы балаға мінездеме жазу еді. Сөз арасында арыз бергеннен бері бір ай өткенін, одан бері іс қозғалмай жатқанын, ол баланың әке-шешесі мүмкін құқық қорғау органдары өкілдерінің ауыздарын майлап қойғанын, бірақ куәгерлердің көп болғанын, олардың куәлік еткенін де айтты. Ал мен не істедім? Бұл сөзіне ойландым да, мен ол баланы білмейтіндігімді, бұл үйге жақында ғана көшіп келгенімді айттым. Бірақ мен өтірік айттым, өйткені мен ол бұзақы баланы танитынмын, оның анасын да. Ол баланың үлкендермен салғыласып тұрғанын, тас лақтырмаңдар дегендерін тыңдамай, керісінше істеп тұрғанын да көргенмін. Бірақ бәрі сатылып алынған болса, менің жазған бір парақ қағазымнан не пайда болар деп ойладым.
Енді сол оқиға ойымнан кетпейді, ал менің қызыма біреу сондай зорлық көрсетсе ше… Мен де солай көмек сұрап жүрсем ше.....Құдай бетін әрмен қылсын, бірақ менікі дұрыс емес болды…
Әрі қарай

«Кузей Гюней» - 31-арнада жаңа сериал

«31 арнада» 8 қазаннан бастап маусымның үздік тұсаукесері «Кузей Гюней» телетоптамасы басталады. Бұл фильм Азия мен Европаның көптеген елдерінде зор табысқа жеткен. Фильмде қазақстандық телекөрермендерге бұрыннан таныс, түрік телехикаяларының алып жұлдыздары Кыванч Татлытуг пен Бурга Гюльсай қатысқан.

Ағайындылардың қарым-қатынасы туралы көп сериялы эпопеядағы тамаша актерлердің жұлдызды тобы отандық көрермендерді таңдандырады! Телетоптаманың басты кейіпкерлері, бір-біріне мүлдем ұқсамайтын Кузей мен Гюней атты ағайындылар.
Кузей — бастауыш сыныптардан кейін мектепті тастап кеткен, өз ауданында тентек, шатақ мінезді жігіт ретінде танымал. Өте сабырсыз, басына түскен қиындықтарды жұдырықтың көмегімен шешуге үйренген, сондықтан да жиі жағымсыз жағдайларға тап болады.
Әрі қарай

Сәттік сыр...

Қазанның күзі, асығам саған,
Жасырам деп сары көрпеңе мұңды.
Қазанның күзі, сағындым сондай,
Ертегі айтатын ерке желіңді.

Өлеңсіз жанған өгей көңілді,
Биыл тағы да басам дегенсің.
Мүсіркемейтін мөлтек мұңымды
Қазанның күзі,
Қашан келесің?

пы.сы: Майлагенттің блогынан алынган оленсымақ
Әрі қарай

ШАЛ фильмінің промо-сайты ашылды


Киностан сайтының инициативасымен Ермек Тұрсыновтың «ШАЛ» фильмінің промо-сайты жасалды. Сайтта фильм туралы жалпы ақпарат, постерлер, фотолар, трейлер және жаңалықтар берілген. «ШАЛ» фильмі еліміздің барлық қалаларында 11 қазаннан бастап көрсетіледі.

shal.kinostan.kz
Әрі қарай