Ән тақырыбында тыңнан түрен салу қиынының қиыны. «Ән» сөзін түрліше ойнатып, жапырақ сыбдырынан да, боранның уілінен де ән тауып, әңгімеге арқау етуге болады. Дегенмен, табиғатыма жақын дәстүрлі ән төңірегінде әңгіме қозғауды жөн санадым.
Ән… Ән жайлы таңды-таңға ұрып әңгіме айта беруге болады. Әрине, егер айтушысын, орындаушысын таба алсаңыз. «Әннің де естісі бар, есері бар» дегендей, есті әндердің орындаушысы айтқан әңгімеден де, орындаған әнінен де ләззат ала аласыз.
Кезінде халық композиторларының әндері ел ішінде керемет танымалдыққа ие болып, ауыздан-ауызға көшіп, бүгінгі бізге келіп жетті. Әлемді таңқалдырамыз десек ұлттық бағыттағы өнерімізбен ғана таңқалдыра алатын шығармыз. Сөзімізге дәлел ретінде Әміре Қашаубаевтың Парижде ән шырқап, қазақ халқының әнін әлемге паш еткенін айта аламыз. Стөлді жағалай отырған он адамнның барлығы Әміренің Париж сахнасында ән салғанын білуі мүмкін. Сол онның ішінен бір адам Әміренің қандай әндерді орындағанын білсе мен ол адамның алдында бас киімімді шешер едім. Иә, Әміре Парижде бірнеше әндерді орындады. «Ағаш аяқ», «Қанапия», «Үш дос», «Жалғыз арша», «Қос балапан», тағы басқа әндерді орындап екінші орын алып, күміс медаль иемденеді. «Париж апталығы» газеті мен «Ле мюзикль» журналы Әміре Қашаубаевтың сирек кездесетін талант екенін жазса, Сарбонна университетінің профессоры Перно фонографқа Әміренің орындауында бірнеше ән жазып алған. Осылайша Әміре Қашаубаев шет елде өнер көрсетіп қазақ елін танытқан тұңғыш әнші болды.» — деп жазыпты Қазақпарат (Кейінірек жазған ғой. Ол кезде «ҚазАқпарат» болмаған).
Міне, осы жерде аты аталмаған, көпшілік біле бермейтін бір-екі ән бар. Соның бірі «Бесқарагер» әні. Қарағанды облысы аумағында жеке концертін беріп жүрген республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаты, президент стипендиясының иегері, әнші Ерлан Құжиманов ағамыздан осынау әнді орындап беруін өтінген едім. Тамашалап, бағасын беріңіздер.
Бонус -Ереке, бір отырғанда қанша ән айтып тастай аласыз?
-Қазір 15-17 ән айтып жүрмін. Жеке концерттерімде көбіне осы шамадағы әндерді орындаймын. Халық жалықпасын деп арасына бірер әнші-күйшіні қосып қоятын болып жүрміз ғой қазіргі күні. Жасырақ кезімізде, отырыстарда қызды-қыздымен 3 жарым сағаттай ән орындаған кездеріміз болды. -«Ән айтыс» деген болған екен кезінде. Сол жайлы бір айтып өтсеңіз.
-1921 жылдары «Ес-Аймақ» деген ағартушылық ұйым құрылған екен. Бұған біраз әншілер де мүше болса керекті. Нақты қай жерде екені есіме түспей тұр. Әйтеуір осы клуб аясында Манарбек Ержанов пен Жүсіпбек Елебеков айтысыпты деседі. Әрқайсысы 100 ән шамасында орындаған деп жатады. Бұл дегеніңіз 4 сағаттан артық ән орындау деген сөз.
— Асқаржан, біз Әдекең екеуміз, бұйырса, «кофежарка» алғалы жатырмыз. Құдай қаласа, менің бизнес-жоспарым мақұлданса, үлкен бизнеске кіреміз, и-их! Әр сөзінен кәсібінің келешегіне деген үміт, жо-жоқ, нық сенім ескен Рая апай — Шиелі кентіндегі талқан өндіру кәсібінің тәжірибелі эксперті. Апайдың еңбекқорлығы көшемізде аңызға айналғалы қашан. Сондықтан болар, күнделікті күнкөріс кәсібін конвейерлік өндіріске айналдырғысы келетіні мен үшін қуанышты жаңалық болды. Талқан өндірісі ұлттық тағамға құрмет қана емес, бабын білгенге жақсы табыс көзі де болып табылады. Оның табыстылығына қатысты Рая апайға ойда жүрген бірнеше сауалымды қоюдың реті түсті. Әрине, мен талқан бизнесіне адамдар романтика іздеп кірмейтінін сеземін. Дегенмен, басқа емес, тап осы кәсіпті игеріп кетуіне не себепші болғанын білгім келді.
Қазір балалардың да мерекелеріне «асаба» шақыртатын заман болды. Тіпті үйлену тойына да басты асабадан бөлек балалардың көңілін аулайтын арнайы аниматор жалдайтындар бар. Мақсат, әрине, белгілі –әке-шешесінен қалмай еріп келген келген бала-шағаның шараға кедергі келтірмеуіне жағдай жасау.
Аниматорлардың міндеті — шоу-бағдарламаны жүргізіп, балаларды ойнатып, қызықтырып, көңілдерін көтеріп, олардың асып-тасып бойларына сыймай тұрған энергиясын сығып алу.
Сондай аниматорлардың бірі — Ринат Жетібаев, 25 жаста.
— Ринат, сіздің негізгі мамандығыңыз қандай? Бұл кәсіппен айналысуыңызға не себеп болды?
— Менің мамандығым – архитектор. Мамандық бойынша жұмыс жасап көрген жоқпын, 5 жыл оқып алған дипломым сандық түбінде жатыр. Оған себеп — мен бір орында отыра алмаймын, ылғи қозғалыста жүргенді жақсы көремін. Студент кезімде «Coza -Nostra» компаниясында аниматор болып жұмыс істейтін достарым мені өз ұжымдарына тартты. Ол кезде небәрі 2-курс студенті едім, «қосымша ақша артық етпейді» деген оймен келістім. Алдымен «Шрек» секілді жабық костюмдермен «үндемейтін» рөлдерде шығып, кейін «сөйлейтін» кейіпкерлерді сомдадым. Жүре-жүре костюм-шалбар киіп, «бабочка» тағып шоу-бағдарлама жүргізетін дәрежеге жеттім. Негізі өзім де оқушы кезімнен өнерге жақын едім, түрлі шараларға белсене қатысатынмын. Соның да септігі тиген болуы керек.
— Әлі де сол компанияда жұмыс жасайсыз ба?
Жоқ, қазір Ратмир атты досым екеуміз фриланс режимде жұмыс жасаймыз. Өзіміздің фото, видео, дизайн қызметін ұсынатын достарымыз бар, араласатын түрлі цирк әртістері, актерлер тобы бар. Солармен бірлесе жұмыс жасаймыз. Тапсырыс болса қажет қызметке хабарласып, шақыра қоямыз.
— Тапсырыс көп түсе ме? Клиенттеріңіздің контингенті қандай?
— Осы маусым айын алатын болсақ, менде қазір 8 шараға тапсырыс бар. Ал мамыр айында 5 шара өткіздім, оның ішінде туған күндер, бастауышпен қоштасу сынды шаралар болды.
Өзіміздің тұрақты клиенттік қорымыз бар. Арнайы ивент-агенттіктерден де тапсырыс болып жатады. Сонымен қатар шаралардан көріп ұнатқандар хабарласады. Ең мықты жарнама — ол біздің ұйымдастыратын шараларымыз.
Жалпы бұрын, айталық, 2008-де мұндай қызметті негізінен «қалтатылар» ғана пайдаланатын болса, қазір халықтың басым бөлігіне қолжетімді. Қызметіміздің ең арзаны 20 мың теңгеден басталады, ал қымбатына енді шек жоқ. Мысалы бір дөкейдің баласының 1 жасқа толу туған күнін бас-аяғы 5 миллион теңгеге ұйымдастырдым. Ал туған күн иесі тіпті ол шараға қатыспады десе де болады.
— Құпия болмаса айлық табысыңыз қанша?
— Әрқалай, мамыр айындағы жеке табысым шамамен 400 мың теңгені құрады. Бәлендей қиналып жұмыс істедім деп айта алмаймын, бос уақытым көп болды. Оның үстіне өзім жақсы көретін іспен айналысамын.
— Қазір балалар арасында қандай кейіпкерлер сұранысқа ие?
— Ол енді балалардың жасына байланысты. Кішкентай бүлдіршіндерге ресейлік «Фиксиктер» мультсериалының кейіпкерлері жақсы өтеді. Ал 7-8 жасқа дейінгі балаларға өрмекші адам, Бен Тен, Капитан Америка сынды супер қаһармандар керек. Одан үлкендеулері тіпті ешқандай кейіпкерлерді қабылдамауы мүмкін. Тіпті кейбір еркетотайлар аниматорларды тепкілеп, келеке етеді. Оларды таңқалдыру қиын. Сол үшін кейбір ата-аналар небір әрекеттерге барады. Мысалы біреу ұлының 10 жасқа толу туған күнін әскери тақырыпта өткізіп, арнайы міндетті әскер өкілдерін шақыртты. Олар шара болып жатқан жерге шынайы түрде басып кіріп, баланы туған күнімен құттықтады.
— Сонда қазақша кейіпкерлерге сұраныс жоқ па?
— Сұраныс бар. Алдыңғы жылы жаңа жылдық бағдарламаны толығымен қазақша кейіпкерлердің қатысуымен жасадық. Бағдарламада Алдар көсе, Аққу қыз, Бауырсақ секілді кейіпкерлер болды. Балалар жақсы қабылдады, бізге де тәуір пайда түсті. Мектеп, балабақшалардан бастап жеке жанұялар шақырды.
— Балалардың сіздің қойылымды қабылдамайтын кез жиі болып тұра ма? Ондайда тығырықтан қалай шығасыздар?
— Жиі болады. Әсіресе жасөспірімдер түрлі әнші-биші, цирк әртістерінің қатысуымен дайындаған шоу-бағдарламаға мұрын шүйіріп, гаджеттеріне үңіліп отырады. Ондай кезде, сіз сенбеуіңіз мүмкін, бізді өзіміздің бала кезде ойнаған ойындарымыз құтқарады. Балалар арнайы бағдарламаны былай ысырып қойып, қарапайым доппен атуды (выбивало) рақаттана ойнайды. Бала ол қашан да бала.
— Мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жасап көрдіңіздер бе? Оларды қалай ойнатасыздар?
— Иә, бірде Алматыдағы онкологиялық емханада рак ауруымен ауыратын балалардың көңілін көтеруге бардық. Біраз қиын тиді, себебі олар белсенді ойын түрлерін ойнай алмайды, көбіне бір орында отырады. Ондайда проектормен ойнататын интеллектуалды ойын түрлерін пайдаланамыз. Түрлі жұмбақтар жасырып, балаларға барымызша жақсы көңіл-күй сыйлауға тырыстық.
Одан бөлек, үйде ауырып жатқан балаға сүйікті кейіпкерін шақыру жағдайы жиі кездеседі. Ол жай баланың бөлмесіне кіріп сөйлесіп, көңілін аулап шығады.
— Қайырымдылық шараларына қатысып тұрасыздар ма?
— Иә, міндетті түрде. Соңғы рет Талғардағы балалар үйіне бардық. Ол шараға аниматорлардан бөлек еліміздің бірқатар эстрада жұлдыздары да қатысты.
— Қазір өнерлі жастар көп, оларға осындай кәсіп бастау үшін не керек?
— Бастысы бірге үнемі ізденісте жүретін команда, креативті серіктестер керек. Қазір құдайға шүкір интернет бар, шетелде өзгелердің не істеп жатқанын көріп, үйренуге болады. Шетел демекші, өзім АҚШ-қа кетуге ақша жинап жатырмын. Майамиге барып орыстілді туристерге бағытталған аниматорлық компанияда жұмыс жасап көргім келеді.
— Сәттілік!
— Рахмет!
2-5 суреттер Ринаттың жеке инстаграм парақшасынан алынды.
Серікғани Көшеров - үлкен теннистен
ұлттық санаттағы бапкер,
кәсіби теннисші.
Бізде тенниске мамандық ретінде қарау жоқ. Кәсіби деңгейде дайындалу ғана үлкен жетістіктерге жеткізеді. Ал теннисте кәсіби әзірлік үшін көп ақша қажет.
Теннисте бәрі қымбат. Ракеткадан бастап кортқа дейін… Жай ракетка бағасының өзі 50 доллардан басталып, 300 долларға дейін барады. Красовканың өзі қымбат. Жаттығудың әр түріне, корттың түріне арналған жеке-жеке красовкалар болады. Кортты жалға алу бар. Шетелге барғанда да мұның барлығын ешкім тегін бермейді.
Теннис — қымбат спорт түрі. Кәсіби деңгейде айналысу үшін теннисшінің қалтасынан мол шығын жұмсалады. Бәлкім, осы себепті де үлкен теннис — бұқаралық спорт түріне айналып кете қойған жоқ.
Теннисте үш түрлі бағыт бойынша жағдай жасап алуға болады. Біреулер теннис арқылы мол қаражат тауып, карьера құрғысы келеді. Енді біреулер сол теннис ойыны арқылы шетелде білім алғысы келеді. Тағы біреулері осында тенниске жаттықтыратын спорт академиясын ашып, балаларды жинап, сабақ береді.
Қаламыздағы (Шымкент қаласы) халықаралық теннис орталығында жылына 11 халықаралық турнир өтеді. Бұл өз балаларымыздың ұпай жинауы үшін өте жақсы мүмкіндік. Жүлде қоры 10 мың долларлық турнирде 1-орын алған теннисшіге 1500 АҚШ долларын береді. Ұтса, 1500 доллар. Сондай 11 турнир болады, бізде. Ұту үшін соған сәйкес дайындық болуы керек.
Ата-аналар тарапынан бұл спортқа өз балаларын алып келетіндері аз. Бұған насихаттау жұмыстарының әлсіздігі де себеп.
Қазақ теннисінде жеті түйткіл бар. Осы минустарды жойса, кәсіби деңгейдегі дайындық та болады. Біріншіден, ата-ананың үлкен теннис жөнінде таным-түсінігі нашар. Баланың іс-қимылдарына сәйкес келмейтінді айтып, соны талап етеді. Аз шығынмен көп нәрсе алуды қалайды. Екіншіден, спортшының денсаулығын қадағалаудың дұрыс жолға қойылмауы. Үшіншіден, жеке бапкерден бөлек теннис бапкерін де жалдау керек. Төртіншіден, жеке дене дайындығына жауапты бапкері болу қажет. Бізде ол жоқ. Жеке дене дайындығы бойынша мамандары тенниске жеңіл атлетика, күрес сияқты басқа спорт түрлерінен келеді. Теннисшінің дене дайындығына маманданған бапкердің болмауы. Бесіншіден, жеке спарринг партнер болуы қажет. Спортшы деңгейін көтеру үшін әр күні бір сағаттай спарринг-партнермен ойнайды. Алтыншыдан, турнирлік жоспарлар орындалуы керек. Қазақстан ішіндегі, шет елдердегі жарыстарға барып тұру үшін де әрдайым қаражат болу қажет. Бұл шеберлікті шыңдайды, ұпай жинайды. Жетіншіден, бапкерлердің арасында ауызбіршіліктің жоқтығы. Әркім өз бетінше жұмыс істегісі келеді.
Бір теннисшіні кәсіби тұрғыдан дайындауға кететін шығын жас мөлшеріне байланысты өзгеріп отырады. 13 жасқа дейінгі бала үшін бір жылға 50-60 мың доллар, 14-18 жастан асса одан да екі-үш есе көп қаржы керек. 5-10 жаста 20-25 мың доллар жетеді. Қазіргі үлкен теннис өте агрессивті. Барлық ойыншылар 3-4 бапкерден жалдап алған.
Тума талантты анықтауда арнайы қабылданған сынақтар бар. 5 — 8 жас аралығындағы балалар түрлі сынақтар тапсырады. Мысалы, бір орыннан алға ыршып секіру; 18 метрді жүгіріп өту уақыт көрсеткіші; Бір орыннан жоғары секіру;
Жаттығудың түрлері бар: сегіздік; икемділікке арналған жаттығу. шыдамдылыққа арналған жаттығу; сезімталдығын дамытуға арналған жаттығу;
Тума таланттарды тегін жаттықтырамын. Орта дәрежедегі спортшы ақысын төлеп жаттығады. Сағатына 2 мың теңге. Дәрежесі орта теннисшіні талантқа апарып қосып қоюға әсте болмайды. Өйткені, ол талантты төмен қарай тартып кетеді.
«Адамның күні адаммен, жануарлардың күні мал дәрігерімен» деген қағиданы қос қолдап ұстап алып, мал дәрігерінен сұхбат алуды жөн санадым. Көп іздеп әуре болғаным да жоқ. Көптен бері ойымда жүрген бір адам бар еді…
Қаладан мал дәрігерлерін тауып алу сұхбаттасу қатты қиын шаруа емес. Бірақ бұл кісіге бүйрегімнің бұруын екі себеппен түсіндіре кетейін. Біріншісі, бұл кісінің ұлтының қазақ болуы, екінші себебім, ол кісі екеуміз фамилияласпыз. Сонымен, Жақыпов Жұмабай Қаппасұлының жұмыс орнына келдім. Сыртта итін, мысығын құшақтаған екі-үш адам кезек күтіп тұр. Ішке ендім. Кіре беріс бөлмеде жеңгеміз отыр екен. -Сәлеметсіз бе? Жұмекең өзінде ме? -Өзінде, бір итті тексеріп жатыр.
Түркістанда тудым. Жеті жасқа толғанда Арысқа көшіп кеттік. Түркістандағы бала күндерімнен есімде қалғаны: сол бір ағаштан жасалған сылдырмақ еді. Нағашы ағам жасап берген.
Ағаш кесінділерінен құралған сылдырмақтың пішіні ұнайтын-ды. Түркістаннан Арысқа көшіп жүрген уақытта жоғалып кетті. Қайда қалғанын…
Бала күндерді есіме алсам осы бір шаркунок көз алдыма келеді.
Балалыққа деген сарқылмас сағыныштың қимасына айналған шаркунокты есейген шағымда жасап көрмек болдым.
Алдымен нағашы ағамнан шаркунокты жасау жолын сұрадым. Ағам оны бір кітаптан көріп істегенін, бүгінде өлшемдерін ұмытып қалғанын айтты.
Кітаптан алғанын білген соң, инетте бар болар деп гууглдің жанын шығардым.
"Ә" дегенде жасалу сызбанұсқасы көлбеңдеп шыға келді.
Не керек екені белгілі. Ағаш, тағы да ағаш, ағаш болғанда да қарағаш.
Ордабасы алаңы маңындағы «Старый город» атанып кеткен құрылыс материалдарын сататын базарға кештетіп жетіп бардым.
Сауда орындарының дені жабылып қалған. Арасында біреуі ашық болып, сол жерден ағаш сатып алдым. Бір данасының бағасы 100 теңге. Ұзындығы 2 метр. Ойланбастан екеуін қолыма ұстадым.
Енді керегі ара. Ара болғанда да қылара. Ірі және ұсақ тісті мен іздеген ара бар екен. Бағасы 150 теңге. Содан кейін тағы не керегін білмей тұрып, ә бір қажетке жарап қалар деп атын да білмейтін осынау жинақты сатып алдым. Шынын айтқанда, кейіннен еш қажетке жарамады. Текке кеткен 500 теңге.
Базардан шығып бара жатып, мынабір дүкен атауына қызықтым.
Мен базарға бара жатқан кезде нөсер жаңбыр жауған еді. Базарға жеткенше тоқтап, ауа шіркін бір тазарып қалды.
Таза ауаны рахаттана жұтып, Ордабасы алаңына бардым. Үш бидің басы қосылып, кездескен мекен дейді бұ жерді.
Үлкен байрағымыз желбіреп тұр. Бұл 29 мамыр күні болатын.
Майда-шүйдемді құшақтап үйге жеттім. Есікке мынадай хабарландыру газетін қыстырып кетіпті. Ұнамайды осындай тірлік.
Сонымен не керектің бәрі бар. Интернеттен жасалу жолы көрсетілген суреттерді жүктеп алғанмын.
Шаркуноктың құрылымы төрт бөлшектен тұрады. 16 қысқа кесінді, 4 ұзын кесінді, қалпағы мен тұтқасы. Айтпақшы, дыбыс беру үшін ұсақ тас, күріш, горох және тағы да басқа ағаш жақтауына соғылғанда дыбыс шығаратын нәрсенің бәрін пайдалануға болады.
Алдымен қысқа кесінділерді жасап алмақ болдым. Өлшедім. Ұзындығы 4,1 см. ені 1,5 см.
Бөлдім.
Үйде ешкім жоқ, суретке түсіретін. Ал, селфи
Арамен бөліп тастадым. Ұзын шамасы 24-25 дана болды-ау деймін.
Әр бөлшекті қақ ортасынан ұзына бойы екіге бөлу керек. Ені 1,5 см болғандықтан 7-7,5 ммден сызық түсті. Сызық бойымен екіге ажыратылды.
Ендігісі ішін ойып, екі шетін ұшбұрышты қиық жасау.
Алғашқысы сәтсіз аяқталды. Қалған төртеуі пішімге келді, әйтеуір.
Шаршадым. Ұйықтап қалыппын. Ертең жұмыс.
Ертеңі кешкісін келіп, жұмысты жалғастырдым. Қысқа кесінділер жасалып бітті. 17 қысқа кесінді. Керегі 16 дана.
Ендігі шаруа: ұзын кесінділерді жасау. Оңай іс. Тек өлшемін ұлғайтса болғаны. Ұзындығы — 7,5 см, ені — 1,5 см.
Бұл да қақ ортасынан бөлінді. Өлшенді, кесілді. 4 дана үлкен кесінді әзір болды.
Жауапты сәт: тұтқаны жасау. Бұл маңызды. Барлық кесінділер соған бекітіледі.
Тұтқаны жасауға 29 мамыр күні сатып алған ағаштар жарамайды екен. Өлшемі қысқа. Жұмыстан шығып, үйге қайтар жолда көше бойындағы құрылыс жүргізіп жатқандардан ағаш қиықтарын сұрап алған едім. Үйге алып келдім
Ал, сонымен, әурелену басталды. Қатты ағаштар. Икемге келуі қиын.
«Не де болса» деп, мен де қайтпадым, әйтеуір қолда бар құралдармен бірдеңе жасаған болдым.
Үлкен ара керек екен. Қайдан болсын.
Қақпағын жасамастан бұрын, алдымен қиюластырып болдым. Жарамады. Неден қате кеткенімді қайдам, бір-біріне килікпей қойды. Осылайша менің шаркунок жасамақ болған әрекетім сәтсіз аяқталды.
Уақыт тығыздығы және менің қолымның икемсіздігі себеп болды ма, жоспар орындалмады.
Шаркунок деген не?
Бұл өзі Ақ теңіз жағалауындағы балықшылардый ойлап тапқан дүниесі. Ауа райы жақсы күндері балықшылар теңізге шығып кетсе, жайсыз ауа райында үйлерінде отырған. Суық күнде тысқа шығу мүмкін болмаған соң, жануар майынан маздаған шамның айнала қоршай отырып, қолөнермен уақыт өлтірген.
Қолда бары: пышақ, не балта және отын-ағаш. Табиғаттың құшағында күнелткен халық арасынан шыққан шеберлердің қолына түскен ағаш біткен — әп-әдемі туындыларға айналып шыға келетін-ді. Олар көп ретте тұрмыстық заттар мен балалар ойыншықтарын жасағанды құп көрген екен.
Солардың ішіндегі ерекшесі: құрастырмалы ағаш- сылдырмақтар. Жақсы шаркунок жасау үшін қолдың ептілігі ғана емес, сонымен қатар батылдық пен зеректік те қажет. Өйткені, шашылған шаркунокты жинап шығу оңай шаруа емес. 20 данадан артық бөлшектің басын құрап, шаркунокқа айналдыру үшін миды қозғалту керек. Алдында шашылған кесінділерді құрай алмай, дал болып,. тайқып шығатындар кездеседі-мыс. Мінекей, осылайша қарапайым ғана шаркунок күрделі басқатырғышқа айналып шыға келеді.
Шаркуноктың құрылымы есік-терезесі жоқ көп ұяшық-бөлмиелері бар көпқабатты үйді еске түсіреді. Шаркунокты қайыңның қабығынан, не қарағаштан жасайды. Қарағаштан кесінділері, ал тұтқасы мен қақпағы қайың ағашынан кесіледі. Қалпағына құстың, не жылқының шағын ғана ағаш мүсінін орнатқан. Құс мүсінді шаркунокты қыз баласына, ат мүсіндіні ұлға ұстатқан.
Солтүстік халқында, Құс — күн мен жарықтың, ал Жылқы — жел мен дауылдың символы болған.
Шаркунокқа үн бітіру үшін әр ұяшыққа горох, күріш, бытыра, не ұсақ теңіз тастарын салады. Горох салынса жұмсақ дыбыс, бытыра, не тас салынса сыңғырлаған, не қатаң дыбыс шығатын болған.
Шаркунокты қолға ұстап тұрып: сілкіп-сілкіп жіберсе, күрке іші теңіз толқындарының соқтығысқан үніне, жапырақтардың сыбдырына, шегірткелердің шырылына толып кетеді екен. Ұзақ жылдар қарағайдың бойына жиналған солтүстік табиғатының бар үні шаркуноктың сылдыры арқылы тысқа шыққан.
Шаркунокты әуел баста тек бала ойыншығы ғана емес, жын-шайтанды қуатын музыкалық аспап ретінде де пайдаланған болуы мүмкін.
Шаркунок — 24 кесіндіден құралады. Кесінділер тұтқа мен қалпаққа бекітіледі. Шаркунокты жасағанда кесінділердің өлшемі мен пішінін сақтау аса маңызды. Бұл екеуі дұрыс болмаса, онда бір-біріне килікпей қалады.
Құрастырғанда әр ұяшыққа бытыра, не горох, не ұсақ тастар салып отыруды ұмытпау қажет.
Алматыдан жалынды сәлем! Кәсіби біліктілігімді арттыру үшін осында келіп қалдым енді. Содан кенет бойымда педагогтық қасиетім оянып, балаларға арналған кітап жазғым келмесі бар ма? Оның үстіне әдемі қазақша кітап көптік етпейді. Әй, бірақ шаруасы көп қой оның. Сондықтан әзірге қолдан хендмейд кітапша жасауға болады. Содан бастап көрмейміз бе? Тақырып да өзекті — балаларды спортқа ерте бастан баулып, патриоттық рухта тәрбиелеу, заманымыздың батырларын дәріптеуді үйрету. Ендеше, кеттік!
Алдымен бізге керегі — контент. Оны мен толығымен өзім жасадым. Сөзін де, көркемдеуін де. Сіздерге де пайдалануға рұқсат. А4 форматында әр параққа екі суреттен қойып түрлі-түсті принтерден шығарып алуларыңызға болады. Қатты қағазға шығарсаңыздар, тіпті керемет.
Бұлт-бұлт етіп бұлшық ет,
Шып-шып тері шығады.
Жаттығады құлшынып,
Қандай берік шыдамы?
Мен де солай жалықпай,
Шынығайын, себебі —
Мен де Ильин алыптай,
Тау көтергім келеді!
Велосипед тебемін,
Дамыл таппай аяғым.
Тоқтамастан желемін,
Таудай менің талабым.
Қиындыққа не түрлі,
Өзім шыдай аламын.
Винокуров секілді,
Мен чемпион боламын!
Жұдырығын тас түйіп,
Соққыларын көздеген.
Тұра алады қасқиып,
Боксшыға кез-келген.
Сәпиев – ер, білемін,
Сондай болу арманым.
Шымыр менің білегім,
Дайын менің қолғабым!
Жалтыраған мұз қандай!
Коньки жеңіл сырғиды.
Шиырлаған із қандай!
Бимен бірге жылжиды.
Бұл кім десең — Денис Тен!
Сән-сымбаты келіскен.
Мен де солай сырғанап,
Қуантамын жеңіспен!
Ақ пен қара алысқан,
Тақта алдында ойланам.
Бала кезден жарысқан,
Жансаядан үлгі алам.
Жүріс жасап тиімді,
«Шах» пенен «мат» мақсатым.
Шарлап жүрсін қиырды,
«Гроссмейстер» жақсы атым.
Айбек ағам – балуан,
Қазақстан барысы!
Тәсілі сан алуан,
Аң біткеннің тағысы.
Күресейін өзім де,
Жерге тимей жауырын.
Батырмын ғой төзімді,
Үйрен менен, бауырым!
***
Енді кітаптың өзіне кірісейік. Балаларыңызбен бірге отырып жасасаңыз да болады. Сурет салуға арналған альбомның 4 бетін аламыз. Тура ортасынан бүктейміз. Бүктеген қырынан көз мөлшерімен әдемілеп 4 жерден тесеміз. Қаттылау жіп немесе лентаның екі бөлігін қиып алып, тесіктерден өткізіп байлаймыз.
Беттеріне өлең сөздері мен суреттерді жапсырамыз. Ал мынау мұқабасы:
Кітапша дайын!
Оқып, жаттай беруге болады. Тіпті өзіңіз де толықтыра аласыз.
Ертең бұйырса керектің сұлуы madlen -ге барамын. Оның Әлихан атты ұлды болғанын көбіңіз білетін шығарсыздар. Оған деген сыйлығым өзінен-өзі дайын болды