Астананың жас активистері жастар жылын өткізу бойынша Жол картасын талқылады

Жас активистер Жастар жылын белсенді өткізуге шақыруда, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.


Астана қаласы әкімдігінің қоғамдық даму істері басқармасының басшысы Данияр Есин мен Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің жастар және отбасы комитетінің басшысы Асхат Оралов Astana Hub алаңында жастар ұйымының көшбасшыларымен кездесті.


Мемлекет басшысы Н. Назарбаев өзінің таяудағы Жолдауында 2019 жылды – Жастар жылы деп жариялады. Бұл тұрғыда жас ұрпақ пен отбасы институтын, соның ішінде барлық санаттағы жастарды қолдау шараларының толық кешенінен тұратын әлеуметтік лифтілердің кең платформасын құру арқылы қолдауды ұйымдастырудың жүйелендірілуі мемлекеттік саясаттың негізгі басымдығы болмақ.


Асхат Оралов өз сөзінде Жастар жылының маңызды екенін айтып өтті. Қазіргі таңда әрбір санаттағы жастар бойынша нақты индикаторы бар Жол картасы әзірленіп жатыр. Аталған құжат мемлекеттік жастар саясатын іске асыруда кешенді қадамдарды қалыптастыруға бағытталған.


Спикерлер жастар саясаты саласында мемлекеттік бағдарламаны іске асыруға белсенді түрде қатысуға жиналғандардың барлығын шақырды.


Данияр Есиннің айтуынша, Астанада кәсіпкерлікті дамыту және қоғамға әлеуметтенуді дамыту, оқыту бойынша көптеген бағдарламалардың барын айтты. Олардың әрқайсысы өз әлеуетін сәтті түрде іске асыруға, мемлекетке пайда әкелу үшін жасалған.


Сонымен бірге, спикерлердің ойынша, жастар жылы — Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру»: бәсекелік қабілет, прагматизм, ұлттық бірегейлікті сақтау және білімнің салтанат құруы туралы мақаласында айтылғандай, барлық базалық принциптерге сәйкес, ашық қоғамның  құрылысына өз үлесін қосу мақсатында қажетті шараларды қабылдау үшін жақсы мүмкіндік екенін түсіну маңызды екенін айтты.


Өз кезегінде жастар ұйымының лидерлері Жастар жылын өткізу бойынша бірнеше нақты идеяларын айтып, жас ұрпақтың әлеуметтік мәселесін шешуге қатысты шаралар ұсынды.


Қаламыздағы аула клубтарына 3,5 мың бала барады

Қазіргі кезде қалада 27 аула клубы жұмыс істейді. Мұнда 133 спорттық секциялар мен шығармашылық үйірме бар, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.


Соңғы сегіз жылда қаламызда «Аула клубы» атты әлеуметтік жоба жүзеге асуда. Аула клубтары балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында ашылған болатын. Мұндай ұйымды ашумен «Астана жастары» орталығы айналысады.


«Көпбейінді спорттық-мәдени орталықтар ретінде аталмыш клубтар  балалар мен жасөспірімдерге өздерінің бос уақытын тиімді әрі қызықты өткізуге көмектесіп, оларға дұрыс тәрбие беру ісінде маңызды рөл атақарады. Аула клубтары балалар мен жасөспірімдер арасында қылмыстың алдын алып, олардың денсаулығын жақсартуға септігін тигізеді», дейді «Астана жастары» орталығының директоры.


Қаламыздағы аула клубтарына 3,5 мың бала барады.


Ақысыз негізде аула клубтарында түрлі балалар тәрбие алады.Олардың қатарында ювенальды полицияның тіркеуінде тұрған жасөспірімдер де бар.


«Біздің клуб екі Әлем чемпионын тәрбиеледі. Киокошункай каратэден өткен Әлем біріншілігі 3-4 қарашада Астанада өткен болатын. Сол жарыста 2 шәкіртіміз чемпион атанды», — деді «Алан», «Ерасыл», «Жас Барыс» аула клубтарының басшысы  Дастан Алдашев.


Елорданың аула клубтарында 76 спорттық секция және 57 шығармашылық бағыттағы үйірмелер бар. Ең танымал үйірмелер мен секциялар — каратэ, дзюдо, бокс, қоян-қолтық ұрыс, бейнелеу өнері, хореография, шахмат, домбыра және күрес.


Оның ішінде «Балауса» және «Бәйтерек» аула клубтарына мүмкіндігі шектеулі адамдар да барады.


27 клубтың 10-ы «Алматы» ауданында, 9-ы «Байқоңыр» ауданында, 4-і  «Есіл» ауданында және 4-і «Сарыарқа» ауданында жұмыс істейді.


17 қарашадан бастап Арбатта ерекше сыйлықтар сатылатын мерекелік маркет жұмыс істей бастайды

Елордалық Арбат тұрғындар үшін көрнекті демалыс орны ғана емес, мереке қарсаңында мұнда түрлі сыйлықтар жәрмеңкесі ашылады. Елорда тұрғындары мен қонақтары жақындарына айрықша сыйлықтар сатып ала алады.

«Біз 17 қарашадан бастап жұмыс істейміз. Мерекелік жәрмеңке сағат 12:00-де ашылады. Ауа райына байланысты кесте әзірге белгілі бірқалыпқа келтірілмеген. Желтоқсан айының басында біз өз шеберлерімізбен тұрақты жұмыс кестесін бекітеміз. Мұнда әрқайсыңыздың өз талғамыңызға сай сыйлықтар табуға мүмкіндіктеріңіз бар», – дейді жобаның авторы Арай Ордабаев

Астана тұрғындары скринингтік тексерістен өзі бекітілген қаладағы емхана мен ауруханалардан өте алады

Скрининг тексеруден өту кепілдендірілген тегін медициналық жәрдем көлемі шеңберінде жүргізілуде. Скрининг – бұл ауруды туындататын, сонымен қатар ауруларды ерте кезеңде анықтау, тәуекел факторларын анықтау үшін жүргізілетін медициналық профилактикалық тексеру. 


 «Скринингтен өту — емдеудің тиімділігін күшейтіп, аурулардың асқынып кетуінің алдын алуға мүмкіндік береді. Скринингтік тексеріс тізіміне қан айналымы жүйесі аурулары – жүректің ишемиялық ауруы, артериалды гипертония, қант диабеті, глаукома және онкологиялық аурулар – сүт безі обыры, жатыр мойны обыры, тоқ және тік ішек обыры енгізілген», — деп мәлімдеді қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасында. 


Астананың ересек тұрғындарының глюкоза деңгейін, қандағы холестеринді, қан қысымын, көз ішіндегі қан қысымын, онкоцитологияны анықтау үшін жағындыны тексереді, сондай-ақ оларды маммография, колькоскопия, гемокульт-тест және колоноскопиядан өткізеді. Сонымен қатар, скринингке кардиолог, эндокринолог, офтальмолог, маммолог, онколог, акушер-гинеколог, хирург, проктолог, гастроэнтеролог сияқты мамандардың тексеруінен өту енгізілген,


 Профилактикалық тексеріс барысында балаларды жасына қарамастан бойын, дене салмағын анықтайды, басының көлемін және кеуде тұсын өлшейді (3 жасқа дейін), 5 жасқа дейінгі балалардың майтабан, көзінің өткірлігі мен есту қабілетін тексереді, 7 жасқа дейін физикалық және психоәлеуметтік дамуын, қан қысымын өлшейді. Балалар мен жасөспірімдерді  хирург-ортопед, уролог, отоларинголог, невролог, стоматолог, офтальмолог және эндокринолог қарап шығады.


Қазақстанда қан айналымы жүйесі ауруларын ерте кезеңде анықтау үшін (артериалды гипертония, жүрек ишемиялық аурулар) жүргізілетін скрининг тексеріс 2008 жылы енгізілген болатын. Ал ауруларды ерте кезеңде анықтаудың ұлттық скрининг бағдарламасы 2011 жылы енгізілді. 


Бір айда (16 қазаннан 15 қарашаға дейін) Астанадан 90 586 текше метр қар шығарылған

«Астана Тазалық» ЖШС мәліметінше, өткен тәулікте қаладан 3341 текше метр қар шығарылды. «15 қарашада Астана Тазалық» ЖШС 561 текше метр, өзге де мердігер компаниялар 2330, «Астана Зеленстрой» АҚ 450 текше метр қар шығарған», – делінген хабарламада.

Қардан тазалау жұмыстарына техниканың 303 бірлігі жұмылдырылып, санитарлық тазалау жұмыстарына 313 адам тартылды. «13 қазан мен 15 қараша аралығында жалпы 4 347 текше метр, өткен тәулікте 106 текше метр құм-тұз аралас қоспа себілді», — деп мәлімдеді «Астана Тазалық» ЖШС-де.

Қарттарға құрмет: елорда қарияларына қамқорлық қалай көрсетілуде

Астана қаласы әкімдігінің «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында тұрғындарға және күндізгі стационарларға келушілерге ерекше  күтіммен қарайды. Орталықта тұратын қариялар тұрмыс-тіршілігі туралы Астана қаласы әкімдігі ресми сайты тілшісінің материалынан оқып біліңіздер.


Қарияларға арналған орталықтағы әр тұрғын өзіне дос тауып, сапалы медициналық көмек ала, үлкен ортақ үйдің бір мүшесіне айнала алады. Тұрғындардың  сүйікті хоббиімен айналысуы үшін мұнда әр түрлі шеберханалар, үйірмелер, денсаулықты оңалтуға арналған жаттықтырғыштар бөлмесі, қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған массаж және медициналық кабинеттер, асхана, кітапхана бар.



Тұрғындардың күні таңғы жаттығу жасаудан басталады, оған қариялар зор ынтамен қатысады. Одан кейін таңғы ас.



Жеңіл жаттығудан соң олар ойын ойнай алады. Орталықта үстел теннисі, дартс, дойбы, тоғызқұмалақ ойнауға арналған бөлме бар. Әуесқойлар үшін бильярд та бар.



Уақытын әдемі өсімдіктер мен гүлдер арасында өткізуді ұнататындар үшін мұнда оранжерея бар.Орталықтың барлық бөлмесі гүлдерге толы екендігін байқадық. Оларды қызметкер мен тұрғындар бірлесіп күтеді.



«Егер біреудің гүлі ауырып қалса, оны қайта отырғызуға көмектесеміз. Кейбір адамдар гүлді өз бөлмесіне алады. Жалпы барлық тұрғын келіп көмектесуге құштар. Олар гүлдер бағына демалуға, таза ауамен тыныстауға келеді»,- дейді гүлдер бағына жауапты Нина Сасина.


Орталықта соғыс ардагерлерінің жауынгерлік даңқ пен тыл еңбеккерлерінің музейі бар. Музейдің жетекшісі ардагер — Олег Линник. Кабинетте соғыс ардагерлерінің медальдары, естелік грамоталары, әскери үшбұрыштар, кітаптар сақталған.



 «Бір қуантарлығы: бұл музейге оқушылар мен студенттер келіп тұрады. Жастар сол зұлым соғыстың қиын күндерін біледі, ардагерлерге құрметпен қарайды», — дейді Олег Иванович.


Сондай-ақ, орталықта аяқ киім жөндейтін кабинет пен қолөнер бұрышы бар. Тұрғындар бұл жерде қолөнермен айналысып, әңгіме-дүкен құрады.



Қарияларға қамқорлық көрсетуде отбасы, туыс және мемлекеттің қолдауы өте маңызды. Тұрғындар  өздерін үйлерінде жүргендей сезініп, олардың өз уақыттарын қызықты әрі тиімді өткізуі үшін орталықта барынша жайлы жағдай жасалған.


Астанада болашақ аналарға арналған шеберлік сағаты өтті

Әйелдер вокалдық және арт терапия бойынша жаттықты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.


Медицина ғылымдарының докторы, акушер-гинеколог Сабира Күлшімбаеваның айтуынша, осындай шеберлік сағаттары арқылы әйелдер босану кезінде дұрыс тыныс алу мен демалуға үйренеді.


Қазір «Астана» медицина университетінде оқулықтар шығарылады. Онда босанудың әлем бойынша ең соңғы әрі тексерілген түрлі әдістері жинақталған. Ол әдістер № 3 перинаталды орталықта сыналды», – дейді С. Күлшімбаева



Босануға дайындықтың бір түрі – вокалды терапия.


«Босану кезінде жүкті әйел дұрыс дем алуды ұмытып қалады. Бірақ ән айту арқылы дұрыс демалу жолдарын еске түсіре алады. Бұл әдіс Франция, Италия мен АҚШ-та қолданылады», – деді ол.


Мастер-кластың тағы бір жаңалығы – арт-терапия. Онда болашақ аналар сәтті босанған сәтін бейнелейді. 


Сөйтіп сурет салу арқылы олар босанудың жағымды әсерін қалыптастыра алады.



Үшінші сәбиін күтіп жүрген Астана LRT компаниясының баспасөз хатшысы Науат Азанбаева өз ойымен бөлісті.


«Кез келген әйелдің мақсаты – дүниеге сәби әкелу. Барлық жүкті әйелдер қай жерде және қалай босанатынын алдын ала жоспарлауы қажет. Үшінші сәбидің анасы атанғалы отырсам да, мұндай шаралардың орны бөлек. Соңғы рет 10 жыл бұрын босанғанмын. Алайда босану туралы толығырақ білген артықтық етпейді. Қажетті жаңа ақпарат аламын деген үмітпен келдім », – деді ол.



Ең белсенді 20 жүкті әйелге бір сабаққа арналған және толық бір курсты қамтитын сертификат берілді. Айта кетейік, іс-шараны Астана қаласы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы мен Green Clinic көпсалалы клиникасы ұйымдастырды.


50 мыңнан астам астаналық жаңа қазақ әліпбиінде диктант жазды

Іс-шара көпшіліктің қызығушылығын тудырды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.


Қалалық тілдерді дамыту және мұрағат басқармасында 14 қарашада Астана қаласында жаңа қазақ алфавитінің негізінде жазылған республикалық диктанттың қорытындысы белгілі болды,


«Астанада 50 мыңнан астам адам диктант жазды. Олардың арасында мемлекеттік мекеме қызметкерлері, жоғары және орта оқу орындары, мектепке дейінгі мекемелер мен мектептер, мәдениет, спорт, медицина, халықты әлеуметтік қорғау, энергетика және басқа да салаларда қызмет ететін мамандар бар», — делінген хабарламада.


Басқарма мамандары іс-шара көпшіліктің қызығушылығын тудырғанын айтады.


Қазақ тілі әліпбиінің латын жазуына ауысуына байланысты жалпыұлттық диктант жазу туралы бастаманы Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі көтерген болатын.


Шараға 15 жастан асқан азаматтар қатысты. Диктант бір күнде, бір уақытта жазылды. 

Алматы ауданындағы 50 отбасы сыйлыққа жылы киімдер алды

Астанадағы Оқушылар сарайында қайырымдылық концерті мен Алматы ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға жылы киімдер табыс етілді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.


Шара Алматы ауданының әкімі Әділбек Сәрсембаевтың бастамасымен жүргізіліп жатқан «20 Izgi Qadam» акциясы шеңберінде өтті. Акцияға «Niyet Charitable Foundation» ҚҚ ат салысты.


«Ниет» қайырымдылық қоры – коммерциялық емес ұйым, ол өмірдің қиын жағдайына тап болған балаларды әлеуметтік қорғауға бағытталған әлеуметтік және қайырымдылық жобаларды жүзеге асырады.


Бүгін қайырымдылық акциясы шеңберінде Алматы ауданының аз қамтылған 50 отбасына жылы киімдер берілді. Осы жылдың соңына дейін аудан аумағында тұратын тағы да 300 отбасы көмекке ие болады. Қор астаналық аз қамтылған және көпбалалы отбасының балаларына, қамқорлықтағы жетімдерге, мүгедек балаларға LC WAIKIKI компаниясы табыс еткен 10 000 жаңа киімді  беруді жоспарлап отыр.


 «Астана күнін мерекелеу шеңберінде Алматы ауданы әкімінің аппараты аталған шараны ұйымдастырды. «20 Izgi Qadam» шарасының қолдау мен көмекке мұқтаж астаналық отбасылар үшін маңызы зор. Бүгін Алматы ауданында тұратын отбасыларға жылы киімдер табыс етілді. Барлық отбасына денсаулық, отбасылық игілік, балаларының қадам алысына сәттілік тілеймін. Ең бастысы, осындай шараның арқасында балалар қайырымдылық жасауды, жақсылықпен бөлісу керектігін есте сақтайтын болады», — деді Алматы ауданы әкімі аппаратының жетекшісі Мұхамедияр Қожекенов.


Астанада АҚТҚ-инфекциясынан қайтыс болғандар саны екі есе төмендеді

Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мен ЖҚТБ күресу және алдын алу орталығы «Өз статусыңды біл» ұранымен бүкіләлемдік кампания шеңберінде аурумен күрес айлығын жариялады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.  


ЖҚТБ орталығы хабарлағандай, осыған байланысты Астанада ашық есік күндері, орталықта тегін тексерістен өткізу шаралары, сауда орталықтарында үгіт-насихат акциясы, блогерлерді тарту, вайн-челендж ұйымдастыру шаралары өткізіле бастады. Орталықтың мамандары өзіңнің оң статусыңды білу дер кезінде ем қабылдап, өмір сапасын ұзартуға, оны жақсартуға мүмкіндік беретінін  айтады.


 «9 айдың қорытындысы бойынша осы жылы 224 428 адам тіркелді, яғни біз елді мекеннің 20 % тексерістен өткіздік. Оның 77 %-нан алғашқы кезеңдерін анықтадық. Дер кезінде көрсетілген медициналық көмектің арқасында АҚТҚ-жұқтырғышын екі есеге төмендеттік. Өткен жылы ол 1,3% болса, биыл – 0,7%. Өткен жылы АҚТҚ-жұтырғышына қатысты 190 оқиға болса, бүгін бұл көрсеткіш 150 құрайды. Әрине, өзінде АҚТҚ-жұқтырғышы бар екендігін білгендер күйзеліске түсіп жатады, олармен психологтар жұмыс істейді», — деді ЖҚТБ күресу және алдын алу орталығының бас дәрігері Сәбит Абдрайымов.  


Бүгінгі таңда АҚТҚ жұқтырғышының 79,4%-ы – жыныстық жолмен жұғады, оның 12,4% гомосексуалдар. Тәуекел тобындағылар – көбіне гомосексуалдар мен секс-индустриядағы жұмысшылар. Оларға жүйелі түрде мүшеқап пен ақпараттық материалдар таратылып тұрады. Түнгі клубтарда рейдтер жүргізіледі.


Астанада АҚТҚ-жұқпасына шалдыққандардың 25 пайызы – ішкі мигранттар, 5 пайызы – шетелдіктер.


 «1 қазаннан бастап есепте 989 пациент тұрады, 63 пайызы антиретровирусты терапиядан өтеді, яғни 616 ауру. Бұл өткен жылмен салыстырғанда, 214 пациентке көп. Биыл 40-тан астам адам қайтадан емделу үшін орталыққа оралды», — деді С. Абдраймов.