«Силициум-Казахстан» кремний зауыты қайта жандануы мүмкін

Ресейлік «Титан» компаниялар тобының басшысы Михаил Сутягинский «Ведомости» газетіндегі сұхбатында топ қазақстандық компаниялармен альянсқа қайта дайын екендігін айтыпты.
Ол кім тағы дейсіз бе? Бір кездері елімізде салтанатты түрде Ресеймен бірлесе ашылған «Силициум-Казахстан» кремний зауытының басшысы. Тіпті «Силициум-Казахстан» 2010-жылы ең жоғары сапалы кремний өніміне қол жеткізген көрінеді. Бірақ аталмыш зауыт қалай салтанатты ашылса, солай тып-тыныш жабылыпты-мыс. Енді Сутягинский сол тірлікті қайта жандандырғысы келіп отырған сыңайлы. Ол жақсы ма, жаман ба, әзірге белгісіз.

Михаил Сутягинский «Ресей мен Қазақстан – ынтымақтас мемлекеттер, олар бірнеше мемлекетаралық бірлестіктерде бірге жұмыс істеп отыр. Кремний секілді стратегиялық өнімді бірге өндіру жай пайда немесе табыстың мәселесі емес. Бұл сонымен қоса ұлттық мүдде мен қауіпсіздік мәселесі» деген екен. Сонымен қатар Ресей әзірге кремний өндірісінен көшбасшы болып отырған «қысықкөздерге» тәуелді болғысы келмейтіні анық ;)
«Екі оттың ортасында біз отырмыз», деп әлгі жерде саясат соғып кетсем, ә))) Қой құрысын, нем бар саясатта.

Қауіпсіздік мәселесі, шынында, өте маңызды мәселе. 2011 жылы Факультетімізге Солтүстік-батыс политехникалық университетінің (Фримонт қ., АҚШ) профессор Т.Т.Палташев «Кристаллдардағы жүйелер» курсынан дәріс оқығанда айтқан ең басты ойы – «кез-келген мемлекет әскери және жалпы инфраструктурада пайдаланылатын электроника, цифрлық техниканы әр мемлекет өз ішінен өндіру керек деген болатын. Себебі алда-жалда қауіп төне қалса, өзге елдің цифрлық құрылғысына жай ғана «әмір» жүрмей қалуы ықтималдығы бар. Өзге елден алынған қарапайым бағдаршамның өзі ол елмен қарым-қатынас нашарласа, басқаруға көнбей кетуі мүмкін. Ал электрониканың маңызды шикізаты – кремний екені екібастан. Оны өзімізден ең болмаса өндіру — қауіпсіздікті біртабан арттыру деген сөз. Ал елдегі электроника өндірісін дамыту үнемі күн тәртібінде тұру керек деп ойлаймын.


… Бүгін қуанышымда шек жоқ. Ала жаздай еңбек етіп, күн демей, түн демей еткен еңбегіміз бен төккен теріміз ақталған күн болды. Әкем ерекше мәз. Қыстақтағылардың да бетіне қан жүгіріп, кішкене балаларға дейін бұл қуаныштың мәнін ұққандай. Енді осы мәпелеп өсірген құлпынайымызды базарға шығарып сатсақ, біраз қарызымыздан құтылар едік. Қыстағымыздың да ажары кіріп қалар еді-ау. Әйтпесе жаңа ғана иесі келіп кетті. Әдеттегідей апшыны қуыру ғой. Базарға шығарамыз деп қойған құлпынайдың бәрін салып ап кетпекші. Сонда бізді немен күн көреді деп ойлайды екен?! Қарызын қалай жабамыз сосын?! Әйтеуір үйтіп-бүйтіп, уақытты создық-ау! Енді базарға шығу ғана қалды...
Айтпақшы түнде түс көрдім. Сол түсіме қарағанда аспаннан бір жақсылық келіп менің басыма орнайтындай. Білмеймін өтірік шынын, бірақ аспаннан салбырап түсетініне сенбесем де, өмірімде бір жаңалық болатынын түйсінгендеймін.
құламағандарын бір нәрсе езіп тастапты((

Әлгі Сәкен Жүнісов жазған «Ақан сері» романында Шашубай баланың жұртты асқа шақыратын жері бар еді ғой: «Уа, жарандар, жарандар, бәрің де маған қараңдар! Аттарыңа мініңдер, тауға қарай жүріңдер!» деп, атының мойнына оратылып, бауырына сыпырылып түсіп-мініп келе жатқаны ше?
Салдардың өмір сүру салты да дәл қазіргі шоубиз өкілдерінің өмірі секілді болған екен :) Айнала толған қыз-қырқын, той-думан, қалың нөкер және шашбауын көтерген халық. Ұқсастық бар ма?)
Кемпір сал демекші, ол туралы тағы бір аңызды еске түсіп отыр. Бірде той болып жатқан ауылда бай-бағыланның жас мырзалары Кемпір сал үйге кіргенде орын бермеуге келіседі. Кемпір кіріп келсе, бәрі шалжиып жатып алған, ешкім төрге шық демейді. Әдетте оның шылауына оралып, аттан көтеріп түсіретіндердің ісіне ызаланған ол, сыртқа шығып, қазан басындағы әйелдерге "Әй, маған самаурын әкеліңдер, ақшамен самаурын қайнатамын" деп айқай салады. Не болар деп қызықтап әкелген самаурынға қалтасынан бір бума ақшаны шығарып, тұтатып, тастап жібергенде, бәрі шу ете қалады. Әлгі үйде жатқандар «шынымен ақшамен тұтатып жатыр ма?» деп далаға тұра ұмтылады. Ал Кемпір сал болса, әлгілердің орынан асықпай жантая кеткен екен дейді.
Шоу бизнеске келудегі мақсат, әрине, жарқырау, танымал болу, өз өнерін паш ету секілді, бір ғана ниет болғанмен, әр өнерпаз түрлі стилмен келеді. Осы ғасырдың бас жағында қазақ шоу бизнесінде топпен ән айту сән болған секілді. "
Кейін фонограммадан жалыққан жұртқа керемет көңіл күй сыйлау үшін, көпшілігі бір кездегі даңқы шырқаған "
Сонымен қатар музыканттар да шоубизден аламыз деген үлестері мол екенін дәлелдеуге тырысып жүр. Қазақ сахнасында жүргендердің арасынан оқ бойы озық тұрғаны 

Қазіргі кезде көп жағдайда көбіміздің дәрігерге барғымыз келмейтіні бар екені жасырын емес. Біріміз инеден түршігеміз, біріміз ауруымызды жасырамыз, кейбіріміздің тіпті аурухананың дәлізінен де қорқатынымыз да бар. Алайда «Ауруын жасырған өледі» демекші, түбінде ақ халатты абзал жандардың алдынан бір-ақ шығамыз.
