Елорда тұрғындары арасындағы флюрографиялық тексерілудің жалпы жоспары 9,5% артты

2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» денсаулық сақтау саласының мемлекеттік жоспарын жетілдіру аясында Астанада 4 алғашқы медико-санитарлық көмек көрсететін мекеме және 2 көпсалалы стационар салынды.
Әрі қарай

Астанада өткен патриоттар форумына 2 мыңға жуық адам қатысты

Астанада «Мәңгілік ел — болашағы біртұтас ел» атты республикалық патриоттар форумы өтті. Форумға қатысуға барлық өңірлерден шамамен 2 мыңға жуық делегат келді. Олар өз ісінің үздік мамандары – дәрігерлер, әскерилер, өнеркәсіп жұмысшылары, ғалымдар, жас көшбасшылар, ауыл шаруашылығы қызметкерлері, қоғам қайраткерлері, спортшылар, талантты актерлер, мәдениет майталмандары.
Әрі қарай

Ә. Жақсыбековтың Ұстаздар күні мерекесімен құттықтауы

Құрметті ұстаздар!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – «Ұстаздар күнімен» шын жүректен құттықтаймын!

Ұстаз – кез келген адам үшін қастерлі тұлға. Ол шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, дүниетанымы мен көңіл көкжиегін кеңейтеді. Жақсылық жасауға үндеп, жалпыадамзаттық құндылықтарды бойға сіңіреді. Ұлы Абай «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп жырлағандай, ең әуелі шәкіртіне тәлім мен тәрбие беріп, білім мен ғылымға баулыған ұстаздың қадірі қашан да биік. Мемлекетіміздің келешегі ұстаздар баулыған жастардың қолында. Сондықтан абыройлы мамандық иелерінің жұмысы жемісті, келешегіміз кемел болсын деп тілек білдіремін.

Дендеріңіз сау, жұмыстарыңыз берекелі болсын!

Құрметпен, Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков
Әрі қарай

«Алаудың» жаңа маусымы

Астана жаңалықтары: «Алаудың» жаңа маусымы
Астанадағы «Алау» мұз айдынында бұқаралық сырғанаудың жаңа маусымы ашылды. Мұз айдыны дүйсенбіден басқа күндердің барлығында жұмыс істейді. Жаңа маусымда қала жұртшылығының сұрауы бойынша күнделікті үш сағатқа созылатын кешкі сағат 19:00-ден басталатын бір сеанс қосымша енгізіліп отыр.

Бір айта кетерлігі, жаңа маусымда сырғау құны ескіше қалды. Сырғанаудың ең төменгі бағасы 250 теңге болса, ал кешкі сеанстың құны 1500 теңгеден аспайды. Сондай-ақ, студенттерге арналған жеңілдіктер қарастырылған күндер ұзартылды.
Бүгінгі таңда коньки спортының Ұлттық құрамасы өз жаттығу жұмыстарын бастап кетті, ал қазан айының соңында «Алау» мұз сарайында коньки тебуден Қазақстан чемпионаты өтеді.

Қаперіңізде жүрсін, шорт-трек пен коньки спорты секциясына балаларды қабылдау жалғасуда.
Әрі қарай

Қазақстан – Нидерланды матчының билеттері онлайн сатылымға түсті

Астана жаңалықтары: Қазақстан – Нидерланды матчының билеттері онлайн сатылымға түсті

2016 жылы өтетін Еуропа чемпионатының іріктеу турниріндегі Қазақстан мен Нидерланды құрамалары арасындағы матч билеттері сатыла бастады.

Отандастарымыз Нидерланды футбол құрамасын «Астана – Арена» стадионында 10 қазан күні қабылдайды. Ойын сағат 22.00-де басталады.

Билеттерді «Тикетон» (www.ticketon.kz) жүйесі арқылы сатып алуға болады. Бағасы – 2 000 теңгеден 10000 теңгеге дейін. Бірінші санаттағы жұмсақ орындар құны – 20000 теңге.
Әрі қарай

Үздік білім беру мекемелері анықталды

Астана жаңалықтары: Үздік білім беру мекемелері анықталды

Қазанның бірінші жексенбісінде елімізде Мұғалімдер күні аталып өтеді. Осыған орай бүгін Бейбітшілік және келісім сарайында ардагер ұстаздар, қалалық білім беру мекемелерінің басшылары және қоғамдық мекемелер өкілдерінің басын қосқан салтанатты жиын өтті.

Астана қаласының әкімдігі мұғалімдерді мерекелерімен құттықтап, дәстүр бойынша жыл сайынғы елорда әкімінің гранты табысталды. Үздік білім ордалары жеті аталым бойынша марапатталды.

Ең үздік балабақша: №35 «Ертегі» балабақшасы
Ең үздік мектеп: №40 орта мектеп
Ең үздік гимназия: №6 гимназия
Ең үздік колледж: Қоғамдық тамақтану және сервис колледжі
Ең үздік қосымша білім беру мекемесі: «Шығыс» Балалар орталығы
Ең үздік арнайы білім беру мекемесі: №1 психология-медико-педагогикалық кеңес беру орталығы
Жыл ұстазы: №66 мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі – Бастемова Светлана

Мұғалімдердің ішінде мерейі үстем болған «Жыл ұстазы – 2015» байқауының жеңімпазы Светлана Бастемоваға Астана қаласынан пәтерге ие болды.

Мұғалімдер күніне арналған мерекелік шарада қазақ эсрадасының жұлдыздары Роза Рымбаева, Күміс Базарбаева, Алмас Кішкенбаев, Тұрсынбек Қабатов, Мәдина Сәдуақасова, Бақыт Шадаева, Алматы қаласының «Театр теней» және Оқушылар сарайының шығармашылық ұжымы өнер көрсетті.
Әрі қарай

Астана – үй құрылысы бойынша елімізде бірінші орында

Астана жаңалықтары: Астана – үй құрылысы бойынша елімізде бірінші орында

Астанада жыл басынан бері 10 мыңнан аса пәтер пайдалануға берілді. Бұл жөнінде ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары Сергей Хорошун мәлімдеді.

– Шілде айынан бастап қаланың тұрғын үй қоры 300 мың шаршы метрге ұлғайған. Барлығы жыл басынан бері 1 миллион 198 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл 10 895 пәтерді құрайды және өткен жылдың көрсеткіштерінен 75 пайызға артық. Бұл уақыт аралығында елордада апатты жағдайдағы үйлерді сүру бойынша пилотты жоба асында 28 тұрғын үй сүріліп, тұрғындар 328 қайтарымсыз пәтерге ие болды, — деді С. Хорошун.

Сондай-ақ, «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша жыл басынан бері 228 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Астана үй құрылысы бойынша елімізде бірінші орында тұр. Қазіргі уақытта 210 көп пәтерлі тұрғын үй кешенінің құрылысы жүргізілуде. Жобада тағы 551 нысан бар.

Брифинг барысында Үлескерлік туралы заңды бұзған 20 құрылыс компаниясының нысандары бойынша да сөз қозғалды. Үлескерлік қатысу туралы заңды елемей, тұрғындардан пәтерге алдын ала қаражат жинаған құрылыс компанияларына қатысты құқық қорғау органдарының қатысуымен арнайы комиссия құрылды. Қазіргі уақытта 20 компанияның атсалысуымен, 44 нысан бойынша тергеу жүргізілуде. Оның 25-і жобалау үстінде болса, 19-ына құрылыс жұмыстары жүріп жатыр.

С. Хорошунның айтуынша, олардың басым бөлігі құрылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат та алмаған. Жыл басынан бері ешбір құжатсыз әрекет етіп келген құрылыс компаниялар саны 125-тен 13-ке дейін азайды. Жыл соңына дейін бұл мәселе түбегейлі шешіледі. Олардың қатарында «Азбука жилья», «Төленді», «Әл-Барақат», «Сезам стройсервис», «Шейx Казинвест» және «Тамыз инвестгрупп» компаниялары кіреді.
Әрі қарай

Диана Шарапованың "Аралдан ұшқан аққулар" әні

Ал сол кезде...: Диана Шарапованың Аралдан ұшқан аққулар әні
Мен КСРО-ны бір ғана әрекеті үшін жек көремін.
Ол — Арал теңізін жоқ қылып жіберуі.
Империя құрамындағы мемлекеттерге, ондағы әралуан ұлттарға, ұлт зиялыларына жасаған "қиянат" деп бағаланатын әрекеттерінің бәріне — империяның өз дамуы жолындағы қалыпты әрекеті, деп қараймын.

Ал, ақылсыз, ғылымға негізделмеген шешімдерімен табиғатты быт-шыт қылуын ешнәрсе де ақтап ала алмайды.
Арал теңізінің тартылып, тек табаны ғана қалуына ықпалы болған басшылар мен жартыбас инженер-агрономдарға қатысты «Көріңде өкіргір!» деген бір ғана сұмдық ауыр сөзді айтуға болады. Дұрыс сөз емес негізі. Басқа амал да жоқ.

Мұнда мною уважаемая әнші Диана Шарапова Арал теңізіне арналған «Аралдан ұшқан аққулар» деген әніне түсірілген клипті жариялады. Несін айтамын, тамаша клип. Кадрлерді айтсаңызшы, кадрлерді
Диананың Фейстегі парақшасынан осы клипті түсіру барысындағы оқиғаларынан хабардар болып, клипті күтіп жүрген едім. Мінеки, шықты.
Көруге және бөлісуге ұсынамын.
Әрі қарай

Астанада қала маңында қатынайтын маршруттар іске қосылады

Астана жаңалықтары: Астанада қала маңында қатынайтын маршруттар іске қосылады

3 қазаннан бастап, Астанада қала маңында қатынайтын 6 автобус бағдары іске қосылады. Аталмыш жоба модернизация Жоспары аясындағы Астана қаласы Жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары басқармасы мен «Астана ЛРТ» ЖШС бірлескен жобасы болып табылады.

Қала маңында қатынайтын жаңа автобустар Тайтөбе, Қосшы, Жібек жолы, Талапкер, Қоянды, Воздвиженка кенттеріне барады.

Жаңа маршруттар келесі бағдар бойынша қатынайды:

— Астана-Тайтөбе арасында нөмірі 302 автобус (жолақы мөлшері 150 теңге)

— Астана-Қосшы арасында 303 автобус (жолақы 130 теңге)

— Астана-Жібек жолы арасында 304 автобус (жолақы 160 теңге)

— Астана-Талапкер арасында 306 автобус (жолақы 120)

— Астана-Қоянды арасында 307 автобус (жолақы 100 теңге)

— Астана-Воздвиженка арасында 311 автобус (жолақы 140 теңге).

Атап өту керек, қала маңындағы автобустарда тек 15 жасқа дейінгі балалар жеңілдікпен жүреді жəне айлық жолақы билеті жарамсыз болып табылады.

Аталған бағдарларда жолақы мөлшері Инвестиция жəне даму министрлігімен бекітілген есептеу əдістемесіне сай белгіленді. Осы əдістемеге сай, бір шақырым жолға 6,6 теңге шақталып отыр. Қала маңында қатынайтын бағдарларда жеңілдікке ие азаматтардың жеңілдікпен жүруі қарастырылмаған. Сондай-ақ, айлық жолақы билеттері де жарамсыз. Тек, 15 жасқа толмаған оқушылар үшін 50 пайыздық жеңілдік қарастырылған».

astana.gov.kz
Әрі қарай