Қазақстандықтардың 64%-ы «ЭКСПО-2017» көрмесінен көп үміт күтеді

DEMOSCOPE қоғамдық пікірге жедел-мониторинг жүргізу бюросы Қазақстан азаматтары арасында «ЭКСПО көрмесі-2017» тақырыбында сауалнама жүргізді.
Оған Астана, Алматы қалалары мен 14 облыс орталығынан 1760 адам қатысты. Сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың 73%-ы әйел және 27%-ы ер азаматтар.
Сауалнама әдісі – телефон арқылы жүргізілген сұхбат және онлайн-сауалнама.
Зерттеу 2016 жылы 6-18 мамыр аралығында жүргізілді.
Іріктеу ықтималдығы 95%, сондықтан статистикалық көрсеткіш қателігінің максималды мөлшері 0,5%-дан аспайды.

Ел өміріндегі айтулы оқиға ЭКСПО халықаралық көрме жайлы қазақстандықтардың пікірі бір жақты. Жалпы, халықтың көзқарасы дұрыс. Бұл түйін зерттеу нәтижесінде белгілі болды.
Сауалнамаға қатысқан азаматтардың 64%-ы көрмені өткізу мүмкіндігіне ие болған ел үшін
ЭКСПО-ң пайдалы тұсы – елімізде және әлемде ғылыми-техникалық прогресс дамиды, еліміздің халықаралық аренадағы беделі артады, үлкен кірістер, әрі инвестиция тартуға мүмкіндік туады және өзге елдермен тиімді байланыс орнатамыз дейді.

Астана жаңалықтары: Қазақстандықтардың 64%-ы «ЭКСПО-2017» көрмесінен көп үміт күтеді
Әрі қарай

Астанада гүлдер фестивалі өтеді

Астана жаңалықтары: Астанада гүлдер фестивалі өтеді
3-5 маусым аралығында «Қазақстан» спорт сарайының жанындағы Студенттік паркте алғаш рет «Гүлдене бер, менің Қазақстаным» атты гүлдер фестивалі өтеді. Мерекелік шара барысында гүлдердің 32 мыңнан астам түрі көпшілік назарына ұсынылады, оның ішінде шырайгүл, лобелия, алиссум, цинерария, дельфиниум және т.б. бар.

— Гүлдер фестивалінің мақсаты гүл өсіру дәстүрін жаңғырту, мәдени кеңістік мүмкіндіктерін кеңейту, елорда тұрғындары мен қонақтарын қаланың экологиялық дамуына тарту болып табылады. Фестивальді жыл сайын өткізіп, жаңа дәстүр қалыптастыруға ниеттіміз,- дейді «Астана-Зеленстрой» Басқарма төрағасы Әділхан Әбілдинов.

Бұл ретте ұйымдастырушылар көрермендер үшін қызықты бағдарлама әзірлемек. Шара барысында «Гүлден сабын жасау» тұжырымдамасына қатысуға болады, онда ересектер мен балалар өз қолымен гүлдің хош иісі бар сабындар мен балауыздар жасауды үйренеді. Бір жылдық гүлдер отырғызу бойынша шеберлік дәрістері өтеді, гүлдер базарынан жергілікті және отандық өндірушілердің өнімдерін сатып алуға болады, гүлдерден басқа түрлі ағаштар мен бұталар да сатылады. Сонымен қатар, парк аумағында «гүлдер» аспаздығынан дәм тату мүмкіндігі туады.

Фестиваль 3-5 маусым аралығында сағат 10:00 — 13:00 дейін өз қонақтарын күтеді.

astana.gov.kz/kk/modules/material/10628
Әрі қарай

Астанада 28 мамырда 15 қалалық маршруттың қозғалыс сызбасы өзгереді

Астана жаңалықтары: Астанада 28 мамырда 15 қалалық маршруттың қозғалыс сызбасы өзгереді

Астанада 28 мамырдан бастап 15 қалалық маршруттың қозғлыс сызбасы уақытша өзгеретін болады. Астана қаласының Жолаушылар көлігі басқармасының хабарлауынша, маршруттардың өзгеруіне Қабанбай батыр даңғылы мен А. Бараев көшесінде Қорғалжын тасжолынан Иманбаева көшесіне дейін жол жабынын жөндеу жұмыстары себеп болып отыр. Төменде
қозғалыс сызбасы өзгертілген қалалық маршруттар көрсетілген:

№1, 20 маршруттар: Уәлиханов к-сі – Кравцов к-сі – Ташенов к-сі – Республика даңғылы, одан әрі бұрынғы қозғалыс сызбасы бойынша;
Астана жаңалықтары: Астанада 28 мамырда 15 қалалық маршруттың қозғалыс сызбасы өзгереді

Астана жаңалықтары: Астанада 28 мамырда 15 қалалық маршруттың қозғалыс сызбасы өзгереді

№3, 23, 25 маршруттар:
Тәуелсіздік даңғылы – Ташенов к-сі – Республика даңғылы, одан әрі бұрынғы қозғалыс сызбасы бойынша;
Астана жаңалықтары: Астанада 28 мамырда 15 қалалық маршруттың қозғалыс сызбасы өзгереді

Астана жаңалықтары: Астанада 28 мамырда 15 қалалық маршруттың қозғалыс сызбасы өзгереді

Астана жаңалықтары: Астанада 28 мамырда 15 қалалық маршруттың қозғалыс сызбасы өзгереді

№18, 28 маршруттар: Тәуелсіздік даңғылы – Ташенов к-сі – Орынбор к-сі, одан әрі бұрынғы қозғалыс сызбасы бойынша;
Астана жаңалықтары: Астанада 28 мамырда 15 қалалық маршруттың қозғалыс сызбасы өзгереді

Астана жаңалықтары: Астанада 28 мамырда 15 қалалық маршруттың қозғалыс сызбасы өзгереді
№ 27 маршрут: Республика даңғылы – Кенесары к-сі – Тұран даңғылы – Қорғалжын тасжолы – Қабанбай батыр даңғылы, одан әрі бұрынғы қозғалыс сызбасы бойынша;

Астана жаңалықтары: Астанада 28 мамырда 15 қалалық маршруттың қозғалыс сызбасы өзгереді

№ 32 маршрут: Абай даңғылы – Сарыарқа даңғылы – Тұран даңғылы, одан әрі бұрынғы қозғалыс сызбасы бойынша;Астана жаңалықтары: Астанада 28 мамырда 15 қалалық маршруттың қозғалыс сызбасы өзгереді

№ 44 маршрут: Тәуелсіздік даңғылы – Ташенов к-сі – Орынбор к-сі – Сарайшық к-сі – Қабанбай батыр даңғылы – Қорғалжын тасжолы, одан әрі бұрынғы қозғалыс сызбасы бойынша;
Астана жаңалықтары: Астанада 28 мамырда 15 қалалық маршруттың қозғалыс сызбасы өзгереді

№52 маршрут: Республика даңғылы – Кенесары к-сі – Тұран даңғылы – Қорғалжын тасжолы – Қабанбай батыр даңғылы, одан әрі бұрынғы қозғалыс сызбасы бойынша;
Астана жаңалықтары: Астанада 28 мамырда 15 қалалық маршруттың қозғалыс сызбасы өзгереді

№70 маршрут: Уәлиханов к-сі – Кравцов к-сі – Ташенов к-сі – Орынбор к-сі одан әрі бұрынғы қозғалыс сызбасы бойынша;
Астана жаңалықтары: Астанада 28 мамырда 15 қалалық маршруттың қозғалыс сызбасы өзгереді

№100э бағдары: Республика даңғылы – Ташенов к-сі – Орынбор к-сі – Сарайшық к-сі – Қабанбай батыр даңғылы, одан әрі бұрынғы қозғалыс сызбасы бойынша;
Астана жаңалықтары: Астанада 28 мамырда 15 қалалық маршруттың қозғалыс сызбасы өзгереді

№ 103э бағдары: Уәлиханов к-сі – Кенесары к-сі – Тұран даңғылы – Қорғалжын тасжолы, одан әрі бұрынғы қозғалыс сызбасы бойынша;
Астана жаңалықтары: Астанада 28 мамырда 15 қалалық маршруттың қозғалыс сызбасы өзгереді

№127 маршрут: Уәлиханов к-сі – Кенесары к-сі – Тұран даңғылы – Қорғалжын тасжолы –Косманавтов к-сі, одан әрі бұрынғы қозғалыс сызбасы бойынша;
Астана жаңалықтары: Астанада 28 мамырда 15 қалалық маршруттың қозғалыс сызбасы өзгереді

Айта кетейік, Астана қаласының көше-жол желісіндегі жөндеу жұмыстарының аяқталуына қарай қалалық
жолаушылар көлігінің қозғалысы қалпына келтіріледі.

astana.gov.kz/kk/modules/material/10637
Әрі қарай

«Мерейлі отбасы» конкурсы Астана қалалық турының қорытынды марапаттау салтанаты өтеді

Астана жаңалықтары: «Мерейлі отбасы» конкурсы Астана қалалық турының қорытынды марапаттау салтанаты өтеді

2016 жылы 3 маусымда сағат 15.00-де Бейбітшілік және келісім сарайында «Мерейлі отбасы» конкурсы Астана қалалық турының қорытынды марапаттау салтанаты өтеді.

Аталған шараға Жүгінісовтер мен Салықовтар отбасы, Мәдина Сәдуақасова, Маржан Арапбаева, Дос, Ерболат Төлегенов («Әзіл әлемі») т.б. эстрада жұлдыздары қатысады. Келем деушілерге есік ашық.

Астана қаласының әкімдігі
Әрі қарай

АЭФ: Қазақстан инклюзивті жаһандану жолын таңдайды

Астана жаңалықтары: АЭФ: Қазақстан инклюзивті жаһандану жолын таңдайды

Астана экономикалық форумының пленарлық отырысына Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысты. Отырыс барысында жаһандық экономиканы дамыту жолдары және жаһанданудың жаңа деңгейіне көшу мәселелері талқыланды. Пленарлық отырыстың модераторы The Independent бас экономикалық шолушысы Хэмиш Макрей болды, ол Қазақстанның тұрақтылығы тұтастай Орталық Азия аймағының тұрақтылығының негізі болып табылатынын атап өтті.

Президент Нұрсұлтан Назарбаев АЭФ-тың түрлі мәселелер талқыланып, оларды шешудің нақты жолдары қаралатын маңызды алаңға айналғанын атап өтті. Форумның тұрақты қонақтары– халықаралық ұйымдардың өкілдері. Мемлекет басшысы Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік дамуға, әл-ауқаттылық пен аймақтарды, сондай-ақ, тұтастай әлемді дамытуды қамтамасыз етуге қатысты конструктивті идеялар мен көзқарастарды талқылауға әрқашан да дайын екендігін жеткізді.

Биылғы отырыста жаңа экономикалық шынайылық тақырыбы сөз болды. Жаһандану табиғи процесс. Бүгінгі таңда баршаны әлемдік экономиканың жағдайы, не істеу керек және қай жолды таңдау керек деген мәселелер алаңдатады. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев әлемде орын алған жағдайды шешу жолдарын ұсынды.

— Қазіргі заманда айналада тұрақсыздық, соғыс пен құлдырау орын алғанда мемлекеттің тұрақтылығын қамтамасыз ету мүмкін емес. Бізге инклюзивті жаһандану жолын таңдау қажет, онда экономикалық өсім әрбір елдің дамуы мен халқының әл-ауқатын арттыруға тиімді трансформацияланады. Әлемдік экономиканың осындай өсімі ғана орнықты болады, біз соған ұмтылуға тиіспіз, — деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен қатар Елбасы «жасыл» экономиканы дамытудың жол картасын әзірлеуді және Париж келісімінің негізінде табиғи ресурстарды рационалды пайдалануды ұсынды. Жол картасында атмосфераға шығарылатын зиянды заттардың мөлшерін азайту, сондай-ақ, жерді, оның құнарлығын, тұщы сулар мен биоортаны сақтау қарастырылуы керек. Себебі, көптеген дамушы мемлекеттерде нақ осы мәселелер ең маңызды болып табылады.

— Биыл Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығын атап өтеміз. Ширек ғасырдың ішінде біз бұрын болмаған мемлекеттен орташа кіріс деңгейі бар, әлемнің бәсекеге қабілетті 50 еліне кіретін мемлекетке айналдық. Осы уақыттың ішінде артта қалған экономикалық жүйеден ашық нарықтық экономикаға өттік,- деді Мемлекет басшысы.

Отырыс барысында Дүниежүзілік сауда ұйымының бас директоры Роберту Азеведу, Еуропа қайта құру және даму банкінің президенті Сума Чакрабарти, Alibaba Group компаниясының негізін қалаушы және директорлар кеңесінің төрағасы, Колумбия университеті Жер институтының директоры Джеффри Сака және Кембридж университетінің профессоры Ха-Джун Чанг баяндама жасады. Мұнымен қоса, Халықаралық валюта қорының директоры-басқарушысы Кристин Лагард бейне-жолдау арқылы сөз сөйледі.

Отырысқа қатысушылар Мемлекет басшысының идеяларын қолдап, Астана экономикалық форумының жаһандық экономикалық мәселелерді шешуде аса маңызды екендігін атап өтті.

astana.gov.kz/kk/modules/material/10622
Әрі қарай

Астанада бос орындар жәрмеңкесі өтті

Астана жаңалықтары: Астанада бос орындар жәрмеңкесі өтті

«Жастар» сарайында Астана қаласының әкімдігі Жұмыспен қамту орталығының ұйымдастыруымен бос орындар жәрмеңкесі өтіп жатыр. Оған жұмыс іздеген жүздеген елорда тұрғыны мен қонақтары келуде. Бұл биыл өткізіліп отырған бесінші жәрмеңке, және бұл жолы шара әйелдер мен жастарға арналған, себебі Жұмыспен қамту орталығына жүгінетіндердің 60% әйелдер.

— Бұл үлкен жәрмеңке, оған 60 жұмыс беруші қатысуда. Бүгін түрлі салалардан бос орындар ұсынылып отыр, атап айтқанда, қызмет көрсету саласы (қонақ үйлер, мейрамханалар, дүкендер, сауда үйлері), құрылыс секторы, білім және денсаулық сақтау саласы, техникалық мамандықтар бойынша және ішкі істер органдарынан да бос орындар бар, — деді Астана қаласы Жұмыспен қамту орталығының басшысы Омар Олжас.

Жалпы, үстіміздегі жылы 12 бос орындар жәрмеңкесі өткізіледі. Қазіргі кезде төрт жәрмекенің қорытындысы бойынша 116 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.

Биыл Жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа орналасқандардың тең жартысы әйелдер. Жыл басынан бері 2246 адам жұмысқа орналасқан, олардың 1086 әйел.

919 адам қоғамдық жұмыстарға тартылды, оның ішінде 620 әйелдер. Кәсіби даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарына 397 адам жіберілді, оның ішінде 235-і әйелдер. Жастар практикасына 145 адам кіріскен болса, соның 221-і қыздар құрайды.

Қазіргі кезде қалалық Жұмыспен қамту орталығы 661 мамандық бойынша курстар ұйымдастыруда. Бүгінде Жұмыспен қамту орталығының мәліметтер базасындағы жұмыс іздеуші әйелдерге арналған 1 322 бос орны бар.

astana.gov.kz/kk/modules/material/10618
Әрі қарай

Астананың халықаралық рейтингі Еуропаның ірі қалаларымен теңесті

Астана жаңалықтары: Астананың халықаралық рейтингі Еуропаның ірі қалаларымен теңесті

Өткен жылы қаланың экономикасына тартылған инвестициялардың жыл сайынғы өсімі 397 миллиард теңгеден 773 миллиард теңгеге дейін 1,5 есеге артты, бұл Астананың халықаралық рейтингін Baа3 деңгейіне дейін көтеруге және Барселона, Стамбул және әлемнің басқа да ірі қалаларымен теңесуге мүмкіндік берді. Бұл туралы бүгін қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында Астана қаласы әкімінің орынбасары Андрей Лукин мәлім етті.

— Біз 2012 жылдан бері Moody's агенттігімен белсенді жұмыс істеп келеміз. Үстіміздегі жылы елорда республикалықпен бір деңгейде тұрған инвесторлар үшін тартымды рейтингтің Baа3 деңгейін растады. Мысалы, Барселона, Стамбул, Мадрид және басқа да қалаларға да рейтингтің осы деңгейі берiлген, — деді баяндамашы.

А. Лукиннің хабарлауынша, қаланы дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру Астанаға Қазақстанның барлық өңірлерінің ішінде әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштері бойынша алдыңғы қатардан орын алуға мүмкіндік берді.

— Бағдарлама жүзеге асырылған бес жылдың ішінде жалпы өңірлік өнім көлемінің нақты көрсеткіші 2010 жылғы 1 трлн 800 миллиард теңгеден 2015 жылы 4 трлн 600 млрд теңгеге дейін 1,6 есеге ұлғайды. Өткен жылдың қорытындысы бойынша елордада экономикалық өсімнің оң үрдісі байқалады — 106,3 пайыз. Бұл ретте Астананың республиканың ЖІӨ-нің жалпы көлеміндегі үлесі сәйкесінше, 8 пайыздан 11 пайызға дейін өсті. Өнеркәсіптік өндіріс көлемдерінің нақты көрсеткіші 2010 жылмен салыстырғанда 111 миллиард теңгеден 348 миллиард теңгеге дейін 1,4 есеге артты, — деді әкімнің орынбасары.

Сонымен қатар, қала басшысының орынбасары қаланың туристер үшін де аса тартымды екендігін атап өтті. Бес жылдың ішінде Астанаға 3 млн-нан астам қонақ келсе, оның 650 мыңы шетелдіктер болып табылады.

astana.gov.kz/kk/modules/material/10619
Әрі қарай

АЭФ: Астанада дамудың жоғары қарқыны байқалады

Астана жаңалықтары: АЭФ: Астанада дамудың жоғары қарқыны байқалады

Бүгін Тәуелсіздік сарайында жыл сайынғы Астана экономикалық форумы басталды. Сегіз жылдан бері елорда экономикалық және саяси мәмелелерді талқылау және олардың шешімін іздеу алаңына айналып отыр.

– Астана қозғалыстың, динамиканың, дамудың, инновациялар мен экономикалық өсімнің бейнесі. Елордамыз бүгінде Азия аймағына да, барша әлем үшін де тез экономикалық өсімге жақсы мысал болып табылады. Осы алаңда жаһандық экономикадағы мәселелер мен үрдістерді, өзгерістерді талқылауға болады, – деді қалалық Инвестициялар және даму басқармасы басшысының м.а. Қанат Исабеков.

Жылдан жылға барша әлемнен келген елордалық форум қонақтарының саны артып келеді, оның ішінде инвесторлар да, спикерлер де бар. Астанаға Қазақстаннан басқа, шетелден де ағылған іскерлік туристер саны ұлғаяды. Астана экономикалық форумы туралы шетелдік БАҚ-тарда кеңінен баяндалады.

– Астана саяси және экономикалық тұрғыдан Қазақстанның ғана емес, сондай-ақ, Орталық азияның да оралығы болып табылады. Қазіргі кезде өзгерістер көп, Қазақстанның әлемдік қоғамдастықпен интеграциясы жүріп жатыр: ЖСҰ ену, ЕАЭО мүше болу. Осы саяси шешімнің барлығы Астанада қабылданды. Форумда Астанада халықаралық қаржы орталығын құру мәселесі жиі сөз болады. Ол шетелден қаржы тартпақ, сондай-ақ, жергілікті тұрғындар да қатыса алады, яғни, елорданың қаржы нарығы дамиды, – деді Қ. Исабеков.

Экономикалық форумның диалогтық алаңын құру әлем экономикасында өзгерістер орын алып отырған барлық замандарда өткір экономикалық және әлеуметтік-маңызды мәселелер талқыланатын жалғыз алаңға айналды. АЭФ – географиялық және ақпараттық шекараны жоятын бизнеске арналған практикалық құрал. Жыл сайын АЭФ-те әлемнің 80 мемлекетінен 5 мыңнан астам делегат бас қосады.

Еске сала кетейік, елордада Астана экономикалық форумы өтіп жатыр. Жыл сайынғы шара Тәуелсіздік сарайында екі күнге жалғасады. Ертең өтетін маңызды сессиялардың бірі «Аймақтық және жаһандық экономикалық іс-әрекеттер: жаһандық өсу үшін батыл саяси қадамдар қажеттілігі» көшбасшылармен ашық пікірсайыс болады.

astana.gov.kz/kk/modules/material/10610
Әрі қарай

Маусым басталғалы Astana Bike жобасына 3 мыңға жуық адам қосылды

Астана жаңалықтары: Маусым басталғалы Astana Bike жобасына 3 мыңға жуық адам қосылды

Елордада сәуір айының ортасында Astana Bike велопрокат маусымы басталды. Велосипедпен жол жүруге қызығушылық танытатын елордалықтар саны күн сайын артып келеді. Биыл жүйені пайдаланушылар саны 2998 құрады. Ал экологиялық көлік түрін ұнататындарға қолайлы болуы үшін жақында «7 Континент» бизнес орталығында Astana Bike карталарын сататын қосымша пункт ашылды.

Күн сайын «Мега Астана» сауда, ойын-сауық орталығында сағат 10:00 — 21:30 және «7 Континент» БО сағат 10.00-20.00 бір маусымға абонемент сатып алуға немесе балансты толықтыруға болады. Қазіргі кезде прокатты пайдаланған адамдар саны 114 мыңнан асып, 262 мың км жуық жол жүрілген.

Айта кетейік, пайдаланушыларға ыңғайлы болуы үшін онлайн-төлем жүйесі, мобильді банкинг (Halyk Bank) және Android және IOS негізінде әзірленген мобильді қосымша жұмыс істейді. Осылайша, пайдаланушылар, станциялар жүктемесін және орналасқан орнын қарай алады. Маусым басталғалы SMS арқылы прокатқа алудың 93 жағдайы тіркелген.

Қазіргі кезде Астанада 144 велостанция бар. Күйші Дина және Тәуелсіздік даңғылы қиылысында орналасқан станция көппәтерлі тұрғын үй кешеніне электр энергиясын тарту жұмыстарына байланысты алынып тасталды. Тұрғындардың шағымдануына байланысты «Нұрсая-2» тұрғын үй кешенінің жанындағы прокат та жұмыс істемейді. «Арай» паркінде велосипедтер көп пайдаланылмайды, сондықтан бекет жабылды. «Думан» қонақ үйі мен «Триумф Астаны» ТК жанындағы прокат техникалық себептерге абйланысты жойылды, «Astana Mall» СОО жанында да велосипедтер қойылмаған.

Еске салайық, прокат қызметін үнемді пайдалану үшін станциялар бір-біріне жақын орналасқан, олардың арасындағы қашықтық 300–500 метрді құрайды.

astana.gov.kz/kk/modules/material/10609
Әрі қарай

Астана экономикалық форумы өз жұмысын бастады

Астана жаңалықтары: Астана экономикалық форумы өз жұмысын бастады

Бүгін Тәуелсіздік сарайында ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімов жыл сайынғы Астана экономикалық форумын ашты. Биылғы форум «Жаңа экономикалық шынайылық: әртараптандыру, инновациялар және білім экономикасы» тақырыбына арналған.

Астана экономикалық форумы 2008 жылдан бері өткізіліп келеді. Бүкіл әлем сарапшылары, көшбасшылары, ғалымдар мен көрнекі саяси қайраткерлері, бизнес сектордың өкілдері жаһандық проблемаларды талқылау үшін жыл сайын бір диалогтық алаңға жиналады.

Форумның ашылуы барысында ҚР Премьер-министрі аталған шараның Ұлы Жібек жолы елдері мен ҚР Президентінің «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатының маңыздылығын атап өтіп, барлық қатысушыларға табыс тіледі.

– Ежелгі Жібек жолы бірегей көпір болған. Жібек жолы озық тәжірибе алмасуға ынталандырып, Еуразияда бейбітшілікті нығайтуға және диалог орнатуға септігін тигізген. Соңғы он жылдықтарда Азия мен Еуропа арасында өзара іс-әрекеттің қажет екендігін көріп отырмыз. Бұл жоба инвестициялық және іскерлік ынтымақтастық алаңына айналады деп ойлаймын, – деді Кәрім Мәсімов.

АЭФ-тың басты мақсаты халықаралық бейтарап алаң қалыптастырып, әлемдік сарапшылар-экономисттер Орталық Азия аймағының, сондай-ақ, жаһандық экономиканың өзгеруі жағдайында әлемдік кеңістіктегі экономикалық даму мәселелерін талқылау болып табылады.

Астана экономикалық форумының бірінші күні аясында өткізілетін басты шаралар: «Гипержаhандану дәуірінің аяқталуы: экономикалық және қаржы сәулеті үшін жаңа жағдайлар», «Ұлы Жібек жолы елдерінің форумы: энергия, ресурстар және тұрақты даму»,«БҰҰ ДБ 50 жылдығы: орнықты даму мақсаттарына жетуді жеделдету үшін жаңа мүмкіндіктерді зерттеу».

Сонымен қатар бүгін өтетін маңызды сессиялардың бірі «Қазақстан инвестициялық саммиті», оған Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов пен ҚР инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев қатысты.

Жыл сайын форумға экономикалық және саяси даму саласындағы әлемнің жетекші сарапшылары жиналады. Биыл сессия жұмысына қазақстандық сарапшылардан басқа, Польшаның бұрынғы президенті Александр Квасьневский, Ресей Сбербанкінің төрағасы Герман Греф, AliBaba Group компаниясының негізін қалаушы және директорлар кеңесінің төрағасы Джек Ма, JPMorgan Chase International корпорациясының төрағасы Джэйкоб Френкель, ХВҚ директоры-басқарушысы Кристин Лагард, ДСҰ бас директоры Роберту Азеведу, ЕҚДБ президенті Сума Чакрабарти форум спикері болады.

АЭФ-2016 екі күнге жалғасады. Бірқатар сессиялар қаржы және банк секторларының даму перспективаларына, монетарлық саясатқа және капиталды бақылау режиміне оралу мүмкіндігіне, сондай-ақ, тұрақты даму мен экологиялық үндеулер мәселелеріне арналады.

astana.gov.kz/kk/modules/material/10608
Әрі қарай