АЭФ: Астанада дамудың жоғары қарқыны байқалады

Астана жаңалықтары: АЭФ: Астанада дамудың жоғары қарқыны байқалады

Бүгін Тәуелсіздік сарайында жыл сайынғы Астана экономикалық форумы басталды. Сегіз жылдан бері елорда экономикалық және саяси мәмелелерді талқылау және олардың шешімін іздеу алаңына айналып отыр.

– Астана қозғалыстың, динамиканың, дамудың, инновациялар мен экономикалық өсімнің бейнесі. Елордамыз бүгінде Азия аймағына да, барша әлем үшін де тез экономикалық өсімге жақсы мысал болып табылады. Осы алаңда жаһандық экономикадағы мәселелер мен үрдістерді, өзгерістерді талқылауға болады, – деді қалалық Инвестициялар және даму басқармасы басшысының м.а. Қанат Исабеков.

Жылдан жылға барша әлемнен келген елордалық форум қонақтарының саны артып келеді, оның ішінде инвесторлар да, спикерлер де бар. Астанаға Қазақстаннан басқа, шетелден де ағылған іскерлік туристер саны ұлғаяды. Астана экономикалық форумы туралы шетелдік БАҚ-тарда кеңінен баяндалады.

– Астана саяси және экономикалық тұрғыдан Қазақстанның ғана емес, сондай-ақ, Орталық азияның да оралығы болып табылады. Қазіргі кезде өзгерістер көп, Қазақстанның әлемдік қоғамдастықпен интеграциясы жүріп жатыр: ЖСҰ ену, ЕАЭО мүше болу. Осы саяси шешімнің барлығы Астанада қабылданды. Форумда Астанада халықаралық қаржы орталығын құру мәселесі жиі сөз болады. Ол шетелден қаржы тартпақ, сондай-ақ, жергілікті тұрғындар да қатыса алады, яғни, елорданың қаржы нарығы дамиды, – деді Қ. Исабеков.

Экономикалық форумның диалогтық алаңын құру әлем экономикасында өзгерістер орын алып отырған барлық замандарда өткір экономикалық және әлеуметтік-маңызды мәселелер талқыланатын жалғыз алаңға айналды. АЭФ – географиялық және ақпараттық шекараны жоятын бизнеске арналған практикалық құрал. Жыл сайын АЭФ-те әлемнің 80 мемлекетінен 5 мыңнан астам делегат бас қосады.

Еске сала кетейік, елордада Астана экономикалық форумы өтіп жатыр. Жыл сайынғы шара Тәуелсіздік сарайында екі күнге жалғасады. Ертең өтетін маңызды сессиялардың бірі «Аймақтық және жаһандық экономикалық іс-әрекеттер: жаһандық өсу үшін батыл саяси қадамдар қажеттілігі» көшбасшылармен ашық пікірсайыс болады.

astana.gov.kz/kk/modules/material/10610
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше