Астанада рождестволық концерт өтеді

22 желтоқсанда Оқушылар сарайында рождестволық концерт өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Weihnachtswunder» рождестволық концертін Астананың «Возрождение» неміс қоғамдық бірлестігі мен Ақмола облыстық «Возрождение» қоғамдық қоры Германия елшілігінің қолдауымен ұйымдастырды.

Бағдарлама барысында Астананың және Ақмола облысының неміс қоғамдық бірлестіктерінің шығармашылық ұжымдары және арнайы шақырылған қонақтар — «Романсиада» халықаралық байқауының жүлдегері, «Шабыт» халықаралық шығармашыл жастар фестивалінің дипломанты, «Метрополитен-опера» байқауының аймақтық кезеңінің финалисі, «Астана Опера» солисі Евгений Чайников, республикалық, халықаралық байқаулардың лауреаты, концертмейстер Елена Цветцих өнер көрсетпек.

Концерт 22 желтоқсанда сағат 19:00-де Оқушылар сарайында (Момышұлы даңғылы, 5) өтеді.

Жастар театры «Қар ханшайымы» ертегісінің тұсаукесерін ұсынады

Жастар театрының талантты әртістері елорданың кішкентай тұрғындарын екі тілде сахналатын Г.Х.Андерсеннің «Қар ханшайымы» ертегісінің тұсаукесерін тамашалауға шақырады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

«Қар ханшайымы» ертегісі 20-30 желтоқсан аралығында сағат 10:00-де, 12:00-де және 14:00-де қойылатын болады.

«Ғажайып ертегінің кереметтігі сол – жақыныңа, досыңа деген шексіз махаббат пен мейірім ғана әлемдегі бар алапат зұлымдықты жеңе алатындығын балдырғандарымызға ұғындырады. Қойылым бүлдіршіндерді мейірім мен адалдыққа, достық пен татулыққа баулиды», – делінген «Жастар» театрының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Қоюшы режиссері – Нұрфат Вахитов. Қоюшы суретші – Ерлан Тұяқов, Балетмейстер – Анар Жүсіпова.

Ертегіден соң шырша маңында кішкентай көрермендерді танымал мультфильм кейіпкерлерінің, Аяз ата мен Ақшақардың қатысуымен өтетін жаңажылдық бағдарлама, тосын сыйлар мен сыйлықтар күтеді.

700-ден астам астаналық қысқа мерзімді кәсіби оқытумен қамтылды

25 мамандық бойынша курстар кәсіби мамандығы жоқ адамдар, жұмыссыздар мен халықтың осал топтары үшін арнайы ұйымдастырылған, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты.

Қалалық жұмыспен қамту орталығы баспасөз қызметінің хабарлауынша, Астанада «Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының екінші бағыты аясында қысқа мерзімді кәсіби білім беру курстарын тәмадаған 313 адам тұрақты жұмысқа орналасқан.

«Жыл басынан 732 адам 25 мамандық бойынша білім алды. Олардың ішінде автокөліктерді жөндеуші, «D» деңгейлі жүргізуші, лифт жөндеуші және киберқауіпсіздік саласы маманы мамандықтары халық арасында жоғары сұранысқа ие. Оқу мерзімі 1-6 айды құрайды. Курсты аяқтаған 445 студенттің 313-і тұрақты жұмыспен қамтылды», – делінген хабарламада.

Барлық сұрақтар бойынша Бейбітшілік к-сі, 25 мекен-жайы бойынша орналасқан Жұмыспен қамту орталығына хабарласуға болады.

Тәуелсіздік сарайында «Тау мен дала балладалары» атты көрме ашылды

Суретші Сейсенхан Маханбетовтың «Тау мен дала балладалары» атты жеке көрмесінде 80-ге жуық шығармашылық жұмыс қойылды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Тәуелсіздік сарайында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында, Астана қаласының 20 жылдық мерекесіне орай, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орайластырылған ҚР еңбек сіңірген қайраткері, суретшілер одағының мүшесі, Сейсенхан Маханбетовтың жеке көркем өнер көрмесінің ашылу салтанаты өтті. Көрмеде суретшінің 80-ден астам жұмысы ұсынылған.

Көрменің мақсаты – өз өнері арқылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасына қолдау көрсету, Н.Назарбаевтың Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру мақаласындағы: «… жаңа идеялар арқылы болашағын баянды ете түсудің теңдессіз тарихи мүмкіндігі беріліп отыр» сөздерін шығармашылықта шындыққа айналдыру.

«Астана Опера» әртістері тыңдаушыларға жаңа жылдық көңіл күй сыйламақ

22 желтоқсанда театрдың Камералық залында «Музыкалық дивертисмент» концерті өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты «Астана-Операның» баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Тыңдаушы назарына түрлі стильдер мен бағыттардағы композиторлардың танымал вокалдық әрі аспаптық туындылары ұсынылады. Й.Гайднның фортепианолық триосы до мажор және Дж.Энескудің флейта мен фортепианоға арналған «Cantabile et presto» аспаптық шығармалары алғаш рет орындалатын болады. Бұдан бөлек, Э.Гранадос – Г. Кассадоның Интермеццо, К.Сен-Санстың «Аққу», Ф.Крейслердің «Махаббат азабы», «Керемет розмарин», Ф.Шопеннің № 2 скерцо си-бемоль минор туындысы шырқалады», — делінген баспасөз хабарламасында.

Сондай-ақ, кештің көркін вокалдық музыка жауһарлары аша түспек. Өнер сүйер қауымның назарына сондай-ақ, В. Беллинидің «Сомнамбула» операсынан граф Родольфоның ариясы, Ж. Массненің «Вертер» операсынан Вертердің ариясы және Ж. Бизенің «Кармен» операсынан Эскамильоның ариясы, Ш.Гуноның «Ромео мен Джульетта» операсынан Джульеттаның вальсі, Ф.Легардың «Веселая вдова» опереттасынан Ганна мен Данилоның дуэті, «Страна улыбок» опереттасынан ханзада Су-Чонгтың ариясы, К. Дебюссидің «Чудесный вечер», И. Штраустың «Весенние голоса», Л. Ардитидің «Поцелуй», Д. Обердің «Взрыв смеха» туындылары ұсынылатын болады.

Концертті Мәдениет қайраткері Маржан Жәкенова жүргізеді.

В Стамбуле состоялся турецко-казахстанский инвестиционный бизнес-форум с участием бизнесменов двух стран


18 декабря т.г. в г. Стамбул, Турецкая Республика (River Plaza) состоялся турецко-казахстанский инвестиционный бизнес-форум с участием деловых кругов двух стран, сообщает ИА silteme.kz.

Организаторами с казахстанской стороны выступили Министерство по инвестициям и развитию Республики Казахстан, Национальная палата предпринимателей РК «Атамекен», Внешнеторговая палата Казахстана и Посольство Республики Казахстан в Турецкой Республике. С турецкой стороны организаторами выступили Министерство экономики Турецкой Республики, Комитет внешнеэкономических связей Турции (DEIK).

В бизнес форуме приняли участие более 100 представителей крупных и средних компаний Казахстана и Турции.

На полях бизнес-форума были проведены двусторонние переговоры в формате B2B между казахстанскими и турецкими предпринимателями в различных сферах экономики: строительство, энергетика, текстильная промышленность, сельское хозяйство, пищевая промышленность, машиностроение и производство сельскохозяйственного оборудования, туризм, инвестиции, образование, и т.д.

В ходе бизнес-форума были заслушаны выступления об инвестиционных возможностях Казахстана, а также преимуществах совместного сотрудничества и перспективах дальнейшего продвижения торгово-экономического партнерства РК и Турции.

Байқоңыр ауданында жаңажылдық шыршалар орнатылды

Аяз ата мен Ақшақар, түрлі гирляндалармен безендірілген көңілді эльфтер мен шыршалар мерекелік көңіл-күй сыйлауда, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Байқоңыр ауданының бес жерінде жаңажылдық шыршалар орнатылып, мұз төбешіктер, ертегі кейіпкерлерінің мүсіндері тұрғызылды («Жастар» сарайының маңы, «Алатау» СК ауданы, Ататүрік саябағы, «Өндіріс» ТА мен «Кирпичный» секторы).

Аяз ата мен Ақшақар, түрлі гирляндалармен безендірілген көңілді эльфтер мен шыршалар мерекелік көңіл-күй сыйлауда. Бұған, әсіресе, елорданың кішкентай тұрғындары ерекше қуанды. Сондай-ақ, бізге ШОБ субъектілері де қолдау көрсетті. Олардың көмегімен «Алаш». «Жастар» сауда үйлерінің, «Алай», «Шарын», «Биг Шанхай» базарларының, «Форум» бизнес-орталығы мен «Жібек жолы» қонақ үйінің аумағында жаңажылдық шыршалар орнатылды», — деп мәлімдеді аудан әкімдігінің баспасөз қызметінде.

Аталмыш шарадан білім беру мекемелері де тыс қалған жоқ. № 5, 27, 31, 49, 54, 55 мектептердің әкімшіліктері мекеме аумағындағы сырғанақ алаңдарын абаттандыру жұмыстарын жүргізді.

Сарыарқа ауданындағы таза аула мен ең тату көршілер анықталады

Жеңімпаз тұрғын үйге жаңа ойын алаңы тарту етіледі, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

«Сарыарқа ауданындағы ең таза аулалар мен тату көршілер іздестірілуде», – деп аудан әкімдігі тұрғындарға үндеу тастады. Ерекше жарыстың жеңімпаздарына жаңа ойын алаңы, көше тренажерлері және шағын архитектуралық мүсіндер сыйға беріледі.

Байқауға қатысу үшін бірнеше шартты орындау қажет: аудан тұрғындары бірігіп жұмыс істеуге дайын болып, өтінішті 28 желтоқсаннан кешіктірмей беруі керек. Сондай-ақ, Facebook әлеуметтік желісіндегі жариялым астына «қатысамын» деп жазып, мекен-жайды қалдыруы қажет. Аула тазалығы туралы бейне түсіріп, оны Facebook және Instagram әлеуметтік желілеріне #біздіңтазааулаСарыарқа хэштегімен жариялау қажет.

«Біз көппәтерлі тұрғын үйлер арасында ең таза аулаға конкурс жарияладық. Жеңімпаздарға балалар алаңы, көше тренажерлері және шағын архитектуралық мүсіндер сыйға тартылады. Бұл – алаңды сұрамай, қайырымды іс арқылы жеңіп алу үшін ең жақсы мүмкіндік! Кім өз ауласын жаңартқысы келеді?», – делінген аудан әкімдігінің баспасөз қызметі тарақан хабарламада.
Байқаудың нәтижелері Наурыз мерекесінде белгілі болады.

Астанада болашақ аналар арасында сұлулық байқауы өтті

31 жастағы Раушан Тілекуенова «Miss Аяулы Ана — 2018» байқауының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Болашақ аналар арасындағы сұлулық байқауы елордада алғаш рет өткізіліп отыр. Финалда 19 бен 35 жас аралығындағы тоғыз әйел бақ сынады.

Болашақ аналар байқау барысында шығармашылық қабілеттерін паш етіп, түрлі елдердегі жүктілік пен босану үрдісі туралы әңгімелеп, би билеп, ән айтып, кешкі көйлектердің үлгісін көрсетті.

Ұйымдастырушылар болашақ әкелер туралы да ұмытқан жоқ. Олардың баланы жаялыққа орау жылдамдығы сыналды.

«Біз жүктіліктің 28 аптасына дейінгі әйелдерді іріктеп алдық. Бірінші кезеңде болашақ аналар осы байқауға не үшін қатысқысы келетіні туралы мотивациялық хат жазды.Екінші айналымда олар өз туысқандарымен бейнеролик түсірді», – дейді акушер-гинеколог Айжан Ауанасова.

Қатысушылар соңғы жарысқа бір жарым ай бойы дайындалды. Болашақ аналар йогамен айналысып, вокалдық әрі хореографиялық шеберліктерін шыңдады.
Байқау қорытындыларына сәйкес Раушан Тілекуенова байқаудың жеңімпазы атанды. Вице-мисс атағын Жұлдыз Шолақова мен Ғалия Сағым өзара бөлісті. Ал «Көрермен көзайымы» атағына Раушан Сатмағанбетова лайық деп танылды.
Айта кетейік, іс-шараны «Аяулы Ана» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды.

«Алау» мұз айдыны сарайында конькимен жүгіруден ел кубогі мен чемпионаты өтеді

Жарысқа жүзден аса спортшы қатысатын болады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

20-21 желтоқсанда «Алау» мұз айдыны сарайында жастар арасында конькимен жүгіруден Қазақстан Республикасының Кубогі, ал ересектер арасында аталмыш спорт түрінен ел чемпионаты өтеді.

«Қазақстан Республикасы кубогі мен чемпионаты – мұз айдыны сарайы базасында спорттың аталмыш түрімен кәсіби деңгейде айналысатын спортшылар арасында өтетін жылдың финалдық жарыстары.

Спорттық шараның ашылу рәсімі 20 желтоқсандағы сағат 11:00-ге белгіленді. Кіру тегін.