Елордалық коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр

Астана жаңалықтары: Елордалық коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр

Астанада түнде 14 мм жауын-шашын жауды. Толассыз жауған жаңбыр салдарынан коммуналдық қызметтер тәулік бойғы режимде жұмыс істеп жатыр.

Қазіргі кезде тиісті жұмыстарға 117-ден артық арнайы техника тартылған, соның ішінде екеуі өрт сөндіру станциясы. Астанада үш жол бөлігін су басқан: Б. Момышұлы ескерткішінің жаны, Қалдаяқов к-сі және Тұран даңғылы, қосымша орнатылған сорғылардың арқасында нөсер салдары жақын арада жойылмақ.

«Біз сол жағалауға толық қызмет ететін тазарту құрылыстарындамыз. «Хан Шатыр» СОО ауданында орнатылған қосалқы сорғылардың есебінен Орынбор көшесін су басудың алды алынды. Жыл соңына дейін Керей мен Жәнібек хандар көшесі мен Тұран даңғылы, № 31 – Хусейн бен Талал көшелеріндегі №27 тазарту құрылысы пайдалануға беріледі», – деді Астана қаласы әкімінің орынбасары Қосман Айтмұхаметов.

Оның айтуынша, суды бұру жүйелеріне қарағанда қаламыз тез дамып келеді, су басу жағдайларының орын алатыны да сондықтан. Бұдан басқа, су басудың себептерінің бірі нөсер кәрізі коллекторларының өткізу қабілеттілігінің төмендігі болып отыр. Осы сияқты жағдайларды болдырмау үшін нөсер кәрізі жүйелерін дамыту жөніндегі жобаларды іске асырудың 2019 жылға дейінгі кестесі қайта қаралды.

Биыл екі тазарту құрылысын салудан басқа, Кіші Талдыкөлден Есіл өзеніне су жіберетін коллектордың және Сауран көшесіндегі Рысқұлов көшесінен №31 көшеге дейінгі нөсер кәрізінің құрылысын аяқтау, Тұран даңғылы мен Сығанақ көшесінің қиылысындағы дренажды-сорғы станциясын қайта жөндеу жоспарланған.

Тиісті шаралар қаланың қарқынды дамып келе жатқан сол жағалауын су басу мәселелерін толық шешуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, үстіміздегі жылы қайта салынып жатқан аумақта су бұру жағдайларын жақсарту үшін Бейсекова көшесінде, Пригородный кентінде тазарту құрылыстары салынып жатыр, сондай-ақ, Тұран даңғылы мен Сығанақ көшесінің қиылысындағы тазарту құрылысы қалпына келтіріліп, 2018 жылы пайдалануға беріледі.

astana.gov.kz/kk/modules/material/11037
Әрі қарай

Әсет Исекешев пен Қуандық Бишімбаев елорданың бірқатар сауда нысандарын аралады

Астана жаңалықтары: Әсет Исекешев пен Қуандық Бишімбаев елорданың бірқатар сауда нысандарын аралады
Бүгін ҚР Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев пен елорда басшысы Әсет Исекешев бірқатар ірі сауда нысандарын аралады. Азық-түлік нарығында баға қалыптастыру мәселесі қала әкімінің жеке бақылауында.

Қуандық Бишімбаев пен Әсет Исекешев «Шанхай» және «Шарын» базарларында, «Шапағат» коммуналдық базарында және «Магнум» сауда орталығында болды.

Сапар барысында қала басшысы әлеуметтік маңызды өнімдердің бағасын ұстап қалу мәселесі ұдайы елорда әкімдігінің назарында болатынын атап өтті.

– Барлық базарлардағы бағаларға тұрақты мониторинг жүргізетін боламыз, сондай-ақ қала аумағында күн сайын жәрмеңкелер өткізіледі. Азық-түліктер көліктерден сатылады. Көкөніс, жеміс-жидектер, жармалар және т.б. сату үшін көліктерге күнде «жасыл дәліз» ашылады. Қант, нан, ұнға келсек, бұл мәселе монополияға қарсы қызметпен бірге зерттеледі, оны бақылауға аламыз, — деді Әсет Исекешев.

Қала басшысының айтуынша, Қазақстанның өңірлерімен ауыл шаруашылық өнімдерін елордаға жеткізу бойынша уағдаластыққа қол жеткізілді. Бағаларды ұстап қалу бойынша қабылданған шаралардың алғашқы нәтижелері жақын күндері белгілі болады, — дейді Ә. Исекешев.

ҚР ҰЭМ Қуандық Бишімбаев өз базарларымызды қамтамасыз ету керек екендігін атап өтті, ол үшін өндірушілер мен көтерме дайындаушыларды тартып, олармен қарым-қатынастарды реттеу керек, бұл ішкі нарықты қамтамасыз етуге жол ашады.

— Үкіметте нарықты реттеуге мүмкіндік беретін шекті бағалар тетіктері бар. Ол үшін бағаның шегін белгілеу керек, ал жергілікті органдар бөлшек және көтерме сауда базарларында оны қамтамасыз етуге тиіс, — деді министр.

Еске салайық, кеше елорда әкімдігінде өткен кеңесте қала басшысы әлеуметтік маңызды тауарлардың, соның ішінде нан, жарма және қанттың бағасын ұстап қалуға бағытталған бірқатар нақты тапсырмалар берді. Аталған мәселе бойынша қабылданған шараларды үйлестіру үшін елорда әкімінің орынбасары Андрей Лукиннің жетекшілігімен жедел штаб құрылды.
Әрі қарай

Астанада нан мен қанттың бағасы арзандайды

Астана жаңалықтары: Астанада нан мен қанттың бағасы арзандайды
Елорда әкімдігі атқарған жұмыстардың нәтижесінде негізі жеткізушілермен нан, қант және ұнның бағасын төмендету туралы уағдаластыққа қол жеткізді.

Атап айтқанда, бөлшек сауда желісіне бакалея өнімдерін жеткізетін «Мир Круп» ЖШС келісім жасалды. Компания қанттың бағасын 6 теңгеге арзандататын болды. Сондай-ақ, «Сапа Нан» ЖШС басшылығы нан бағасын 5 теңгеге түсіретінін мәлім етті. Бұдан басқа, сауда орындарында ұнның бағасы 15% төмендейді. Бұл туралы «Цесна» СМ ұн, макарон және жармалар дистрибьюторы «Астық Логистик» ЖШС басшылығы хабарлады.

Астана әкімдігі азық-түлік тауарларының бағасының өсуіне жол бермеу бойынша қажетті іс-шараларды қабылдап жатыр. Бейсенбі күні елорда басшысы Әсет Исекешевтің төрағалығымен азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру мәселелерін талқылау бойынша кеңес өтті. Кеңес барысында қала әкімі әлеуметтік-маңызды тауарлардың, соның ішінде нан, жарма және қанттың бағасын ұстап қалуға бағытталған бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Күн сайын ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесін өткізу және сауда орындарының санын кеңейту, автодүкендер ашу туралы шешім қабылданды.

Қалалық әкімдіктің өкілдері жәрмеңкелерде өнімдер бағасына ұдайы бақылау жүргізеді. Бүгін ҚР Ұлттық экономика министрі мен Астана әкімі Әсет Исекешев ірі сауда нысандарын аралады.

Сонымен қатар, аталған мәселе бойынша қабылданған шараларды үйлестіру үшін елорда әкімінің орынбасары Андрей Лукиннің жетекшілігімен жедел штаб құрылды. Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде Андрей Лукиннің, қалалық Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Әсет Құрманғалиевтың, ірі тауар өндірушілердің қатысуымен брифинг өтті.

Қала әкімінің орынбасары Андрей Лукин елорда әкімдігі әлеуметтік маңызды азық-түлік өнімдерінің бағасы тұрақтанғанша күн сайын мониторинг жүргізетінін атап өтті. Өзге өңірлермен салыстырғанда Астанадағы жағдай орташа деңгейде.

Мұнымен қоса елорда әкімдігі қолданыстағы кәсіпорындарға қолдау көрсету, азық-түлік өнімдерін өндіру және сақтау бойынша жаңа кәсіпорындар құру, көкөніс сақтау қоймаларын, қайта өңдеу кәсіпорындарын, жылыжайларды дамыту бойынша жүйелі шаралар қабылдайды. Қазіргі кезде қала аумағында тамақ өнімдерін өндіру, қайта өңдеу және сақтау бойынша 18 жоба жүзеге асырылып жатыр.

astana.gov.kz/kk/modules/material/11038
Әрі қарай

Елорданың денсаулық сақтау жүйесі қарқынды дамып келеді

Астана жаңалықтары: Елорданың денсаулық сақтау жүйесі қарқынды дамып келеді

Қазіргі кезде Астанада ведомствоға қарасты қалалық деңгейдегі 36 медициналық ұйым жұмыс істеп жатыр. Жалпы, 9424 маман, соның ішінде 3202 дәрігер және орта медицина қызметкерлері астаналықтарға әрқашан да көмек көрсетуге дайын.

Сонымен қатар, 36 мекеменің 22-сі бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсетеді. Бұдан басқа, 14 стационар бар, оның төртеуі көп бейінді, екеуі жұқпалы ауруларды емдеуге арналған, үшеуі перинаталды орталық, 4 мамандандырылған мекеме (Туберкулезге қарсы диспансер, Онкологиялық орталық, Медициналық-әлеуметтік оңалту орталығы, Психикалық денсаулық проблемаларының медициналық орталығы) және 9 басқа да медициналық ұйым.

– Ересектер арасында қан айналымы жүйесі аурулары, эндокриндік және онкологиялық аурулар жиі кездеседі. Ал балалар тыныс алу органдарының, жүйке жүйесі және қан, қан түзуші жүйе дерттеріне көп шалдығады, – дейді елордалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ерік Байжүнісов.

Оның айтуынша, медициналық көмек көрсетудің сапасын арттыру үшін біліктілікті арттыру және қайта даярлау курстары ұйымдастырылады. Жыл сайын 4 мыңға жуық медицина қызметкері оқытылады.

– Соңғы екі жылда тірі донордан бауыр ауыстырып салу бойынша 17 ота жасалды. Қазіргі заманғы эндобейнехирургиялық әдістерді енгізу жалғасады. Сонымен қатар, Францияның Густав Русси онкология институтымен ынтымақтастық орнату туралы меморандум аясында химиялық препараттарды орталықтан араластыру әдістемесі қолданылады, – деді ведомство басшысы.

astana.gov.kz/kk/modules/material/11025
Әрі қарай

Жұмыспен қамту орталығы 7 мыңнан астам астаналыққа қол ұшын созды

Астана жаңалықтары: Жұмыспен қамту орталығы 7 мыңнан астам астаналыққа қол ұшын созды

Жыл басынан бері Астана қаласының жұмыспен қамту орталығы арқылы 4013 адам жұмысқа орналасты.

Бұдан басқа, Орталықпен 605 адам қайта даярлау және мамандығын өзгерту бойынша курстарға жіберілді, 314-і жастар практикасынан өтті, сондай-ақ, 1079 адам қоғамдық жұмыстарға қатысуда.

– Қазіргі кезде 2339 қала тұрғыны жұмыссыздар статусына ие. Өткен жылмен салыстырғанда биыл жұмыссыздық деңгейі айтарлықтай төмен. Былтыр бұл көрсеткіш 5,1% болса, үстіміздегі жылы 4,7% дейін төмендеді, – дейді Астана қаласы Жұмыспен қамту орталығының директоры Олжас Омар.

Күн сайын 400-ге жуық адам Жұмыспен қамту орталығының көмегіне жүгінеді. Орталық қала тұрғындарын жұмыспен қамту мақсатында жыл басынан бері 7 бос орындар жәрмеңкесін ұйымдастырды. Жалпы, үстіміздегі жылы осындай 12 шара өткізу жоспарланған. Аталған шаралардың барысында құрылысшы, монтаждаушы, электр маманы, газэлектрдәнекерлеуші сынды мамандықтар бойынша бос жұмыс орындары көп ұсынылады. Сонымен қатар, даяшы, бармен, сатушы және аспазшы сияқты қызмет көрсету саласының мамандары да сұранысқа ие.

astana.gov.kz/kk/modules/material/11018
Әрі қарай

Жыл басынан бері 1 миллион шаршы метрден артық тұрғын үй тапсырылды

Астана жаңалықтары: Жыл басынан бері 1 миллион шаршы метрден артық тұрғын үй тапсырылды
Жыл басынан бері құрылысқа бағытталған инвестициялар көлемі 63 041,1 млн. теңгені құрады. Өткен жылмен салыстырғанда пайдалануға берілген тұрғын үйлердің шаршы метрі ұлғайды — 1 134 324 шаршы метр. Барлық қаржыландыру көздерінің есебінен 10 371 пәтерлік баспана тапсырылды.

Жеке тұрғын үй салушылар жалпы ауданы 99 723 шаршы метрлік үй салған.

Тұрғын үйлердің бағасына тоқталсақ, елордада тұрғын үйдің жалпы ауданының бір шаршы метрінің құны орта есеппен 129,7 мың теңгені құрайды, соның ішінде жеке тұрғын үй салушылар үшін шаршы метрдің құны – 115,5 мың теңге.

Қазіргі кезде Астана қаласының кәсіпорындары мен ұйымдары 223 462,1 млн. теңгені құрайтын құрылыс жұмыстарын (қызметтерін) орындады, соның ішінде 50,8%-ы жеке мердігерлік ұйымдарға, 49,1%-ы шетелдік мердігерлік ұйымдарға 0,1%-ы мемлекеттік мердігерлерге тиесілі.

Негізінен, құрылыс-монтаждау, күрделі және ағымдық жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Құрылыс жұмыстарының басым бөлігін тұрғын және тұрғын емес ғимараттардың құрылысы құрайды — 68,7%, электротехникалық, слесарлық және өзге де құрылыс-монтаждау жұмыстары — 10,5%.

astana.gov.kz/kk/modules/material/11012
Әрі қарай

Астанада шахмат фестивалі өтеді

Астана жаңалықтары: Астанада шахмат фестивалі өтеді
Қазақстанның түкпір-түкпірінен және таяу шет мемлекеттерден келген 250-ге жуық шахматшы жыл сайынғы Astana-Open 2016 шахмат фестиваліне қатысады. Шара Астана қаласының әкімдігінің және Қазақстан шахмат федерациясының қолдауымен Шахмат федерациясымен және «Гамбит» шахмат мектебімен ұйымдастырылады.

Жарыстың басты мақсаты – балалар мен жасөспірімдер құрамасын әлем біріншіліктеріне дайындау. Оған халықаралық гроссмейстерлер, жасөспірімдер арасындағы Әлем және Азия біріншіліктерінің, чемпиондары мен жүлдегерлері, шеберлер қатысады.

Фестиваль бағдарламасына балалар мен ересектер арасындағы түрлі форматтағы бес турнир енгізілді: халықаралық гроссмейстерлер мен шеберлердің қатысуымен өтетін блиц-турнир, опен-турнир, спорт шеберіне кандидат нормасы бар турнир, 8-ден 12 жасқа дейінгі балалар арасындағы «Жас жұлдыздар» турнирі.

Фестиваль халықаралық шахмат күні — 20 шілдеде сағат 17.45-те М. Өтемісов атындағы Оқушылар сарайында өтеді.

astana.gov.kz/kk/modules/material/11011
Әрі қарай

#QazzaqDepression. Марғұлан Мэнсон. "Балапандар"

Менде бір керемет сюжет бар...: #QazzaqDepression. Марғұлан Мэнсон. Балапандар

Хабарландырумен тауып алдым. Интернет емес, "қолдан қолға өтетін" арзанқол қалалық газеттердің бірі арқылы.

Мамандарды интернет арқылы да жиі іздеймін негізі. Бірақ интернет арқылы үнемі — респектабельді болмаса да, «интернеттен табылғанын» міндетситін, ендеше қызметі әдеттегіден елу-алпыс мыңға қымбат шығатын, және қолынан түк келмейтін мамандар кездеседі. Ал газет арқылы көбіне күн қаққан қарасирақ, «шықпа жаным, шықпа!» деп қалт-құлт күнелткен, жүрек жалғайтын нәпақа ғана сұрайтын мүсәпірлер табылады. Олардың қолдарынан түк келмесе де, берген жұмыстың қыр-сырын жанын салып жүріп үйреніп алады.
Әрі қарай

Елордада «Назар аударыңыз - жаяу жүргінші» акциясы басталды

Астана жаңалықтары: Елордада «Назар аударыңыз - жаяу жүргінші» акциясы басталды
Астанада жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін арттыру және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында шілденің 18-і мен 24-і аралығында «Назар аударыңыз — жаяу жүргінші» кең ауқымды акциясы өткізіледі.

— Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері жаяу жүргіншілердің жолдарды рұқсат етілмеген жерлерден кесіп өтуіне, қиылыстарда, жаяу жүргіншілер өткелінде оларға жол бермеген жүргізушілерге назар аударады. Жыл басынан бері 337 жол-көлік оқиғасының 68-і жаяу жүргіншілердің кінәсінен орын алған. Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша 12 мыңнан астам жаяу жүргінші, сондай-ақ, оларға жол бермеген 4 мыңнан астам жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – дейді Жергілікті полиция қызметінің басшысы Бақытжан Малыбаев.

Айта кетейік, елордалық полицейлер «Жарқын бол» акциясын өткізеді. Шара аясында жарық шағылыстырғыш білезіктер таратылады. Жүргізушілер оны таққан жаяу жүргіншілерді көліктің жақын шамымен 50 метр қашықтықтан, ал қозғалыс кезінде көліктің алыс жарық шамымен 150 м қашықтықтан көре алады. Шағылыстырғыш элементтер болмаған жағдайда, жаяу жүргінші көлік шамының жарығымен 30 метр қашықтықтан ғана байқалады. Зертеушілердің мәліметінше, шағылыстырғыш элементтер қараңғы кезде жүргіншілерді қағып кету жағдайын 5-6 есеге төмендетеді.

astana.gov.kz/kk/modules/material/11008
Әрі қарай

Астанада Қазақстанда тұңғыш рет Шығармашылық академиясы өтіп жатыр

Астана жаңалықтары: Астанада Қазақстанда тұңғыш рет Шығармашылық академиясы өтіп жатыр
10-24 шілде аралығында Астанада елімізде тұңғыш рет ЮНЕСКО Клубтары шығармашылығының Академиясы өтеді. Бірегей жоба Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Клубтарының Федерациясының, ҚР Тұңғыш Президенті қорының және Қазақ Ұлттық өнер университеті нің бастамасымен өткізілмек.

Жоба жастарды толеранттық рухта тәрбиелеу және мемлекеттің болашақ шығармашылық әлеуетін қалыптастыру мақсатында шығармашыл-дарынды өскелең ұрпақты қолдау мен дамытуға бағытталған.

Қазақстанның 14 облысы мен Астана, Алматы қалаларынан 12-17 жас аралығындағы 100 үздік студент екі апта бойы білім беру бағдарламасынан өтеді. Жобаға көркемдік, музыкалық, хореографиялық, вокалдық өнер номинациялары бойынша алдын ала іріктеуден өткен 500-ден астам үміткер қатысады.

Өнер саласындағы жетекші мамандармен кәсіби сабақтардан басқа, бағдарламаға «әлем мәдениеті» мен жаһандық азаматтықты қалыптастыратын, көшбасшылық әлеуетті дамыту бойынша тренингтер мен шеберлік-сыныптар енгізілді.

astana.gov.kz/kk/modules/material/11001
Әрі қарай