Сеул ауруханасының жетекші дәрігері елордада шеберлік сыныбын өткізді

№2 қалалық ауруханада Ча Бунданг ауруханасының (Сеул қ. Оңтүстік корея) жетекші дәрігер гастроэнторологы профессор Коның жетекшілігімен асқазанның қатерлі ісігі бар деп күдік келтірілген пациентке жоғары мамандандырылған ота жасалды. Бұл әдістеменің ерекшелігі – операцияның эндоскопиялық жолмен жасалатындығы.

Шберлік сыныбы биыл Астана қаласының денсаулық сақтау басқармасы мен Сеулдің Сунг Кван Чаум медициналық қорының арасында жасалған ынтымақтастық жөніндегі меморандум аясында жүзеге асты.

— Бүгін профессор Ко өте сирек жасалатын операция түрі бойынша шеберлік сыныбын өткізді– эндоскопиялық жолмен асқазандағы ісіктің шырышасты резекциясы. Бәрі мәжіліс залда көрсетілді. Негізі, Ча медициналық корпорациясыОңтүстік Кореядағы ірі ұйымдардың бірі. Хирург, эндоскопист және т.б. мамандарды даярлауда практикалық көмек көрсетеді, — деді №2 қалалық аурухананың бас дәрігері №2 Иван Ли.

Оның айтуынша, 1 қазаннан бастап аталған корпорация жергілікті мамандарды екі ай бойы тегін оқытатын болады.

Бірегей эндоскопиялық жолмен өткізілген операция ота жасау аумағын азайтып, пациентті аз жарақаттайды, ауруханада жату мерзімін азайтып, тез жазылуына септігін тигізеді. Операцияның бұл түрі елордада алғаш рет жасалды.

Профессор Коның айтуынша, қазіргі кезде мұндай оталар ЧА Бунданг ауруханаларынан басқа, Оңтүстік Кореяның 50 клиникасында жасалады.

— Біз асқазан мен өңештің қатерлі ісігін бастапқы кезеңде анықтаймыз. Ал Қазақстанда қатерлі ісік табылса, көп жағдайда резекция жасалады деп естідім. Органды алып тастайды, ал біз тек зақымданған бөлігін ғана аламыз. Бізге Қазақстаннан операция жасатуға адамдар көп келеді. Сіздердің дәрігерлеріңіз келіп оқысын, өзіміз де келіп көрсетеміз,- дейді дәрігер.

Айта кетейік, Оңтүстік Кореядағы Ча Бунданг ауруханасында бір жылда 1 млн жуық адам амбулаторялық ем-дом қабылдаған. Мекеме науқастарды қабылдау саны бойынша Кореядағы үздік он аурухананың бірі.
Әрі қарай

120 жас ғалым, докторант пен магистрантқа пәтер кілті табысталды

Мұғалімдер күні қарсаңында С. Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университеттің жас ғалымдарына, докторанттары мен магистранттарына жаңа баспананың кілтін табыстау салтанаты өтті.

Шараға Астана қаласы әкімінің орынбасары Андрей Лукин, «С.Сейфуллин атындағы Қазақ АТУ» АҚ Басқарма төрағасы Ақылбек Күрішбаев қатысты.

Елорда әкімінің орынбасары Андрей Лукин өз сөзінде Мемлекет басшысы халықты баспанамен қамтуға баса назар аударатынын атап өтті. Бүгінгі таңда Астанада тұрғын үймен қамтамасыз ету бір адамға шаққанда 29 шаршы м жуықтады, жыл сайын 2 млн шаршы м жуық тұрғын үй тапсырылады.

— Баспаналы болғандарды құттықтаймын, Қазақ агротехникалық университетінде осындай дәстүр қалыптасқан, бұл еліміздегі үздік жоғары оқу орындарының бірі. Мердігерлеріміз рекордты қысқа уақыттың ішінде – 10 айда әдемі үйлер салып бітірді. 120 адам қоныс тойын тойлайды. Бұл қаланың орталық бөліктерінің бірі. Мұнда баланың сыңғырлаған күлкісі естіліп, ақсақалдарымыз демалады, ал ең бастысы, бұл ғылыммен, шығармашылықпен, жастарымызды тәрбиелеумен айналысуды жалғастыруға ынталандырады. Баршаңызға бақыт пен көтеріңкі көңіл күй тілеймін, — деді А. Лукин.

Елорда әкімдігінің қолдауымен университеттің жас оқытушылары, докторанттары мен магистранттары үшін Есіл өзенінің сол жағалауында 120 пәтерлік үш бес қабатты үй бой көтерді. Академиялық мобильділік бағдарламасы аясында шетелде тағылымдамадан өткен жас оқытушыларға және «Болашақ» халықаралық бағдарламасының стипендиаттарына пәтер кілті табысталды.

Баспана алғандардың бірі Ветеринария және мал шаруашылығы технологиялары факультетінің екінші курс докторанты Қанат Тұрсынов билік пен университет басшыларына алғыс айтып, өз қуанышымен бөлісті.

— Мен Ақмола облысынанмын, бұған дейін жұбайыммен университеттің жатақханасында тұрып келдік, енді баспаналы болдық, өте қуаныштымын. Осы университетте бакалавриатты, магистратураны бітірдім, енді докторантурада оқып жүрмін, — деді ол.

Ақылбек Күрішбаевтың айтуынша, аумақта қалған бос орынға профессорларға арналған баспана салынады.
Әрі қарай

Елордада Astana Leisure-2016 туристік көрмесі өтіп жатыр

«Көрме» кешенінде жыл сайынғы Astana Leisure-2016 халықаралық көрмесі ашылды. Шара барысында Қазақстанның өңірлерінен және басқа да мемлекеттерден 100 астам компания, соның ішінде туристік фирмалар, санаторийлер, әуе компаниялары және т.б. қатысады.

«Астана Конвеншн бюро» ЖШС көрмеге екінші рет қатысып отыр. Бұл жолы Recommended by EXPO бағдарламасы бойынша серіктестер – қонақ үйлер, мейрамханалар көрсетілген үлкен стенд жасалды. Бұдан басқа, келісімшарт жасау мүмкіндігімен В2В-кездесулер өткізетін туристік агенттіктер мен қолөнершілер де бар.

«Астана Конвеншн бюро» ЖШС директоры Санияр Айтекеновтың айтуынша, бүгін Қазан қаласының Туризмді дамыту орталығымен ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылады.

– Шараға келген Ресей, жақын жатқан мемлекеттердің туристік агенттіктері еліміздің әлеуетімен танысады, келісімдер жасасып, қажетті ақпаратты алады. Жалпы, Қазақстан туризм аясында ұсына алатынның барлығы осында көрсетілген. Дәстүрлермен де танысуға болады, концерттік бағдарлама да ұсынылады, – деді Санияр Айтекенов.

Биыл шара барысында қатысушылар мен қонақтар үшін семинарлар, қала бойынша экскурсиялар, ақпараттық турлар, ұтыс ойындары ұйымдастырылады.

Көрме 1 қазанға дейін жалғасады.
Әрі қарай

Психологиялық тест: Назар соқырлығы немесе қаншалықты аңғарымпазсыз?

Сана мен сезім: Психологиялық тест: Назар соқырлығы немесе қаншалықты аңғарымпазсыз?

Жазбаны оқымастан бұрын видеоны мұқият қарап шығыңыз. Ақ киімдегі қыздар бір біріне қанша пас беретінін (допты қанша рет лақтыратынын) санау керек.


Бұл тест біздің көз алдымыздағы нәрселерді қаншалықты байқамайтынымызды аңғартады. Адам бір нәрсеге қатты назар аударып отырған кезде айналасында болып жатқан басқа нәрселерді жіберіп алады.

Мысалы, сіз бір біріне доп лақтырып жатқан қыздардың арасына горилла кіргенін көрдіңіз бе? Көрген болсаңыз, есебіңізден жаңылып кеттіңіз. Ал байқамаған болсаңыз, демек санауды жалғастыра бердіңіз де, артқы перденің түсі өзгергенін және қара киімді қыздардың біреуі шығып кеткенін байқамай қалдыңыз. Бұл сіздің аңғарымпаздығыңыздың төмен екенін көрсетеді. Назар соқырлығы деп аталады екен бұл.

Мұндай нәрсе қоғамымызда жиі болып жатады. Әсіресе ақпараттық соғыс кезінде. Біз бір болмашы нәрсеге тым көңіл аударамыз да, басты, маңызды нәрселерді ұмытып кетеміз.
Әрі қарай

Астанада сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалар көрмесі ұйымдастырылды

Қыркүйектің 26-27 күндері Астанада Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Инновация, технология және білім мәселелері жөніндегі Астана Парламентаралық форумы өтті. Аталмыш жиынға 20-дан астам елдердің парламент депутаттары, саясаткерлері мен сарапшылары, сондай-ақ, халықаралық ұйымдардың өкілдеріқатысты.Форум қатысушыларын құттықтаған Мәжіліс Төрағасы елімізде алғаш рет ұйымдастырылып отырған осы форумның Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы қарсаңында өтуіне айрықша назар аударды.

Білім және ғылым: Астанада сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалар көрмесі ұйымдастырылды

Форум аясында «Rixos President Astana» қонақүйінде елеулі танымдық маңызы бар сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалардың көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде Мемлекеттік тарих, Әдебиет, Шығыстану, Философия, Археология, Экономика, Тарих институттарының туындылары, сонымен қатар ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің ­­ Ғылыми кітапханасындағы өте құнды сирек кітаптар мен қолжазбалары қойылды.

Білім және ғылым: Астанада сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалар көрмесі ұйымдастырылды

Ұйымдастырылып отырған бұл шараның ең көне жәдігері — ХІХ ғасырда Стамбулда басылып шыққан қасиетті Құран кітабы. Бұл еліміздегі ең көне кітап деуге болады.
Әрі қарай

Елордада пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы 24,5% ұлғайды

Астана жаңалықтары: Елордада пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы 24,5% ұлғайды
Үстіміздегі жылдың сегіз айында барлық қаржыландыру көздерінің есебінен 13373 пәтерлік тұрғын үйлер пайдалануға берілді, пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы 1491371 шаршы метрді құрады, бұл 2015 жылғы қаңтар-тамыздағы деңгейден 24,5%-ға жоғары.

Астана қаласының статистика департаментінің хабарлауынша, жеке салушылармен жалпы ауданы 120064 шаршы метр тұрғын үйлер салынған, бұл 2015 жылғы қаңтар-тамызға — 3,9 есе. Тұрғын үйлерді пайдалануға берудің жалпы көлемінде жеке тұрғын үй құрылысының үлесі 8,1%-ды құрады, 2015 жылғы қаңтар-тамызда 2,6%-ды құраған болатын.

2016 жылғы қаңтар-тамызда тұрғын үй құрылысына бағытталған инвестициялар көлемі 91374,9 млн теңгені құрады, бұл 2015 жылғы қаңтар-тамызда — 107,3%. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемінде тұрғын үй құрылысында игерілген қаражаттар үлесі 19,8%-ды құрады.

astana.gov.kz/kk/modules/material/11413
Әрі қарай

Астанада жалпықалалық сенбілікте 10 мыңнан астам көшет отырғызылды

Астана жаңалықтары: Астанада жалпықалалық сенбілікте 10 мыңнан астам көшет отырғызылды
«Астана – таза қала!» жалпықалалық сенбілігі барысында 10 мыңнан астам көшет отырғызылды. Жыл сайынғы шара қаланы санитарлық тазарту, абаттандыру және көгалдандыру жөніндегі күзгі экологиялық айлық аясында ұйымдастырылды.

«Бәріміз де қаламызды жақсы көреміз, елордамызды тазартуға және көркейтуге үлес қосайық. Сенбіліктер өскелең ұрпақты да, ересектерді де тазалыққа тәрбиелейді. Осылайша, біз қаламызға деген сүйіспеншілігімізді жеткізіп, патриоттық танытамыз», — деді Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев.

Елорда басшысы қала әкімі аппараты қызметкерлерімен, мәслихат депутаттарымен бірге Сарыбұлақ өзені ауданында ағаш отырғызды.

Оның айтуынша, қалалық билік елорданы көгалдандыру, барлық аудандарда және шағын аудандарда гүлбақтар мен саябақтар санын арттыруды өз алдына міндет етіп отыр. Астанада дәстүр бойынша жыл сайын 20 мыңнан артық көшет отырғызылады, биыл Ботаникалық бақтың салынатынын ескерсек, бұл көрсеткіш екі есеге ұлғаяды. Сенбілікке қатысушылар «Алматы» ауданында ҚР Ұлттық музейі аумағына, «Есіл» ауданында — «Хан Шатыр» СОО айналасына, сондай-ақ, Еңбекшілер көшесінен «Тельман» тұрғын алабына дейін, «Сарыарқа» ауданында – Сарыбұлақ өзенінің жағалауына ағаш екті.

Сонымен қатар, білім, денсаулық сақтау мекемелерінің, кәсіпорындар мен тұрғын үй кешендерінің аумағына да ағаштар отырғызылды.

Жалпықалалық сенбілікке 89 мыңнан астам адам, соның ішінде кәсіпорындар мен ұйымдардың 4 мыңға жуық қызметкері, 45 жоғары және орта арнайы оқу орны, 133 мектепке дейінгі және білім беру мекемесі қатысты, 430 арнайы техника тартылды.

«Бүгінгі сенбілікке қатысқандарыңызға рахмет. Бәріміз бірге қаламызды таза әрі жайлы қыламыз», — деді Әсет Исе­кешев.

astana.gov.kz/kk/modules/material/11409
Әрі қарай

Астанада бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді

Астана жаңалықтары: Астанада бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді
28 қыркүйекте «Жастар» сарайында 10-шы бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді. Шара барысында 50 жуық жұмыс беруші бос жұмыс орындарын ұсынатын болады.

Жәрмеңке сағат 10:00 басталып, сағат 13:00 дейін жалғасады.

Шараға қатысушылар әлеуетті жұмыс берушілермен сұхбаттасып, жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болады, сондай-ақ, қайта даярлау мен жаңа кәсіпті меңгеру туралы ақпаратпен танысады.

Айта кетейік, бұған дейін өткізілген 9 жәрмеңкенің қорытындысы бойынша жұмыссыз жүрген 307 азамат жұмысқа орналастырылды.

Жыл соңына дейін тағы да екі бос орындар жәрмеңкесін өткізу жоспарланған.
Әрі қарай

КерекИнфо блогерлері сенбілікке қатысты

Бүгін «Астана – таза қала!» жалпықалалық сенбілігі барысында 10 мыңнан астам көшет отырғызылды. Жыл сайынғы шара қаланы санитарлық тазарту, абаттандыру және көгалдандыру жөніндегі күзгі экологиялық айлық аясында ұйымдастырылды.

Бір топ блогер «Хан Шатыр» маңындағы аймақта сенбілікке қатысып, көшет отырғызып қайттық. Мұндай қоғамдық жұмыстарға бұдан кейін де белсене қатысып, отбасылық демалыс түріне айналдырмақшымыз.

Астана жаңалықтары: КерекИнфо блогерлері сенбілікке қатысты
Біз барған жер Жамбыл облысынан келген делегацияға арналған екен. Олардың және Павлодар облысының бүгін жәрмеңкесі де болып жатыр.

Астана жаңалықтары: КерекИнфо блогерлері сенбілікке қатысты
Сенбілікке балаларды да апардық. Еңбекке баулу!

Астана жаңалықтары: КерекИнфо блогерлері сенбілікке қатысты
Бізге жақын маңда Астана қаласының әкімдігі де шыққан екен. Ортадағы бикеш Астана қаласы әкімінің орынбасары екенін біліп таң қалдық. Малика Ерланқызы ақжарқын, қарапайым кісі екен. Шәйға шақырып, дастархан басында өзі шәй құйып жүр.

Астана жаңалықтары: КерекИнфо блогерлері сенбілікке қатысты
Жас жігіттер де аздап жүрек жалғап алды жұмыс ортасында.

Астана жаңалықтары: КерекИнфо блогерлері сенбілікке қатысты
Қыздар да Малика апаларымен фотоға түсу мүмкіндігін жібермеді.
Әрі қарай

Жалпықалалық сенбілікте 7 мыңға жуық ағаш отырғызылады

Астана жаңалықтары: Жалпықалалық сенбілікте 7 мыңға жуық ағаш отырғызылады

12 қыркүйектен 12 қазанға дейін елорда аумағын санитарлық тазарту, абаттандыру мен көгалдандыру бойынша күзгі экологиялық айлық өткізіледі. 24 қыркүйекте «Астана – таза қала!» жалпықалалық сенбілігі ұйымдастырылады.

Жалпықалалық сенбілік аясында қалалық және республикалық ұйымдардың қатысуымен 7000 ағаш отырғызу жоспарланған, соның ішінде «Алматы» ауданында ҚР Ұлттық музейі аумағына, «Есіл» ауданында — «Хан Шатыр» СОО айналасына, сондай-ақ, Еңбекшілер көшесінен «Тельмана» тұрғын алабына дейін, «Сарыарқа» ауданында – Сарыбұлақ өзенінің жағалауына ағаштар егіледі.

Сонымен қатар, білім, денсаулық сақтау мекемелерінің, кәсіпорындар мен тұрғын үй кешендерінің аумағына да ағаштар отырғызылады.

Жалпықалалық сенбілік аясында Есіл, Ақбұлақ және Сарыбұлақ арналарын қоқыстан және тұрмыстық қалдықтардан тазарту мақсатында «Таза өзендер!» экологиялық шарасы өтеді. Есіл өзені «Газмашаппаратура», «Қартар үйі» («Көктал-1» ш/а), Ақбұлақ өзені – Еуразиялық университет корпусынан ЖЭО-2 дейін, Сарыбұлақ – «Бахус» сауда үйінің аумағында тазартылады.

Экологиялық айлық аясында көшелер, тротуарлар мен орамішілік аумақтар тазартылады, ағаштар отырғызылып, нөсер мен арық кәріз жүйелері тазаланады, сондай-ақ, саябақтар мен гүлбақтарда жасыл көшеттерді күту бойынша маусымдық агротехникалық жұмыстар жүргізіледі, гүлзарлар абаттандырылады.

24 қыркүйекте жалпықалалық сенбілікке 89 мыңнан астам адам шығады, оған қалалық кәсіпорындар мен ұйымдар, медицина және білім мекемелері қатысады, сондай-ақ, 429 жуық техника тартылады.

Апта сайын «Көше көркі –Астана көркі», «Қоршаған ортаны аялайық!», «Астана – әсем қала!» ұрандарымен халықтың, өндірістік кәсіпорындардың және басқа да ұйымдардың қызметкерлерінің қатысуымен сенбіліктер ұйымдастыру бойынша шаралар өтеді.

Елорда тұрғындары мен ұйымдары аулалар мен көшелерді абаттандыруға үлес қоса алады.
Әрі қарай