Әлеуметтік желідегі ақпараттық соғыс

Қазір әлеуметтік желілер күннен күнге қоғамның пікірін анықтайтын үлкен күшке айналып келеді. Ал қоғамға белгілі бір ықпал ететін жерде міндетті түрде ақпараттық соғыс жүреді. Ол бұрын да болған. Газет беттерінде, телевидениеде т.б. бұқаралық ақпарат құралдары белгілі мәселе бойынша нақты саясат ұстанатыны мәлім. Ірілі-ұсақты төңкеріс кездерінде де алдымен телеграф, телевидениені басып алуға ұмтылу да ақпаратты бағындыруға деген талпыныстан шыққан. Қазір ол ақпараттық соғыс ақырындап ғаламтор желісіне ауысты.

Ақпараттық қауіпсіздік: Әлеуметтік желідегі ақпараттық соғыс
Әрі қарай

Астанада Тәуелсіздік күніне орайластырылған «Сиқырлы әуен» І Республикалық инструменталды байқауы өтті

Астанада «Сиқырлы әуен» I Республикалық инструменталды байқауы өтті, шара Астана, Алматы, Көкшетау және Қостанай қалаларынан дарынды балалардың басын қосты.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, шығармашылық байқау жас орындаушыларды музыка мәдениеті мен өнеріне баулуға, орындаушылық шеберліктерін шыңдауға, және шығармашылық қарым-қатынас ортасын құруға және рухани мұраны насихаттауға бағытталған.

Байқау екі номинация бойынша өтті: ұжымдар (оркестрлер, ансамбльдер), оған жеке орындаушылар да қатысты (домбыра, қобыз, фортепиано, скрипка, флейта, жетіген, прима-шертер және т.б.).

Байқау қатысушыларын бағалауға Қазақстан Республикасының белгілі өнер қайраткерлері шақырылды.

Байқау жеңімпаздары мен қатысушылары дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.
Әрі қарай

Астанада «жасыл» технологиялар оқыту орталығы ашылды

Елордада «Астана Эко Стандарт» жылыжай кешенінің базасында «жасыл» технологиялар оқыту орталығы ашылды, онда С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің студенттерімен бірге фермерлер мен кәсіпкерлер де көкөніс өсіру бойынша озық білім алатын болады. Ал келесі жылдың қыркүйегінде бұл жерге ең озық еуропалық жабдықтармен жабдықталған жылыжай кешені орнатылады.

«Астана әкімдігі оның құрылысына арнап жер телімін бөлді. Оның жалпы ауданы 8 200 ш.м. Біз салат пен қиярдың ең жақсы және сұранысқа ие сұрыптарын өсіруді жоспарлап отырмыз»,- деп мәлім етті «Астана Эко Стандарт» ЖШС директоры Жеңіс Досмағанбетов таныстырылым барысында.

Құны 7,1 млн евроны құрайтын жобаға оқыту орталығы мен жаңа жылыжай кіреді, ол Еуропа Одағының қаржылық қолдауымен іске асырылуда және азық-түлік қауіпсіздігін, соның ішінде су қауіпсіздігін күшейтуге бағытталған. Жобаның атқарушы әріптестері БҰҰДБ және БҰҰ ЕЭК.

БҰҰДБ Тұрақты өкілінің орынбасары Мунхтуя Алтангерел ханым бұл жоба бизнес секторда «жасыл» экономиканың қағидаттарын енгізудің көрнекі мысалы болатынына үміт білдірді. С. Сейфуллин атындағы ҚазАТУ проректорының м.а. Нұрлан Серікпаев еліміздің солтүстік және орталық аймақтарында жылыжай шаруашылықтарын дамыту бойынша бірлескен оқу орталығын құру алдағы уақытта жылыжай шаруашылығының дамуына ықпал етіп, республиканың азық-түлік тәуелсіздігін қамтамасыз ететін болады.

«Бүгінгі күні біз жан басына шаққандағы ұн өндірісі бойынша әлемде бірінші орын аламыз. Егер көкөніс өнімдері туралы айтатын болсақ, өкінішке орай, солтүстік және орталық облыстар және жалпы Қазақстан көкөністің 80 % сырттан әкеледі, сол себепті қорғалған топырақтағы көкөніс шаруашылығын дамытудың маңызы зор, — деп атап көрсетті ол.
Әрі қарай

Астанада тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу мәселелері талқыланды

1. «Асар» РҚБ Көктал т.а. көп пәтерлі тұрғын үй кешені нысаны бойынша ТҚК төрағасы К. Бодауханның инженерлік желілер бойынша жобалық құжаттар «Мемсараптама» РМК-нің қарауында жатқаны туралы; коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының 2017 жылдың бюджетінде магистральдік инженерлік желілердің құрылысына қаржының бар екендігі туралы мәлімдемелері назарға алынды.

ВАК ТҚК мүшелеріне төрағамен бірге әрбір пайшы және шығындар бойынша салынған қаржыға ревизия жүргізуге кеңес берді.

2. Интернациональный кентіндегі «Есіл» тұрғын үй кешеніне су құбырларын және кәріз жүйесін тарту мәселесін қараған комиссия мүшелері «Астана Су арнасы» МКК-сіне елорданың экологиялық департаментімен және табиғат пайдалану басқармасымен бірлесіп тұрғын үй кешенін сумен жабдықтау үшін ұңғыманы бұрғылау үшін белгіленген тәртіп бойынша рұқсат беру құжаттарын рәсімдеуді ұсынды.

3. «Айсанам» ТК құрылыс жүргізушілеріне нысанды мерзімінде пайдалануға тапсыру бойынша процедураларды жеделдету ұсынылды.

4. «Азбука жилья Құрылыс» ЖШС өкілдерінің комиссия мүшелеріне сарапшы ұйымның қарауына тапсыру үшін «Тұмар» ТК бірінші және жоғарғы қабаты бойынша жобалық құжаттар дайын екендігі туралы өтініші назарға алынды.

5. «Жастар-4» ТК құрылысын аяқтауға қатысты «Бақыт-11» ЖШС директоры Д.Т. Кәрімбекованың нысанда 48 адам жұмыс істеп жатқаны туралы; ү.ж. 8 қарашасында екінші транш түсетіні туралы; ү.ж. қараша айының соңына дейін мұрагер жылжымайтын мүлікке меншік құқығын рәсімдеген соң 7 кіреберістің астындағы жер мәселесі шешілетіні туралы мәлімдемесі назарға алынды;

ВАК Сәулет және қала құрылысы басқармасына кезең-кезеңмен пайдалануға тапсыру үшін нысанды кезектерге бөлу мүмкіндігін қарастыруды және Астана қ. ВАК-ты ақпараттандыруды ұсынды.

6. «Оберег» ЖШС директоры А.К.Мақажановтың «Оберег» ТК құрылысын аяқтауды қаржыландыру бойынша әлеуетті инвестормен келіссөз жүргізу туралы мәлімдемесі назарға алынды.

ВАК А.К. Мақажановқа ВАК-тың келесі отырысына «Оберег» ЖШС құрылтайшыларын шақыруды ұсынды.

7. Ал «Тамыз Инвест Групп» АҚ өкілдері құрылысты аяқтау және нысанды пайдалануға тапсыру үшін ТҚК құрылғаны туралы хабарлады.

8. «Номад Строй ЭК» ЖШС директоры А.С. Логвиновтың №188 көшедегі тұрғын үй кешенінің меншік иелеріне пәтерлерді рәсімдеу бойынша жұмыстың басталғаны туралы; «Есіл-1» ТК кәріз желілеріндегі апаттар жойылды, үстіміздегі жылдың 11 қарашасына дейін «Есіл-1» ТК пайдалануға тапсыру туралы; «Есіл-2» ТК құрылысынбастауға 30 адамның кіріскені туралы; «Есіл-1» ТК кәріз желілеріндегі аварияларды жою жұмыстарын аяқтау туралы; «Есіл-2» және «Фьючи Хом» тұрғын үй кешендерін техникалық тексеру бойынша «Стройпрокат» ЖШС-мен келісім жасалғаны туралы өтінішіназарға алынды. А.С. Логвинова ВАК-тың «Есіл-2» ТК жер учаскелерін ТҚК атына қайта рәсімдеу бойынша кеңестері орындалмағаны атап өтілді.

Ағымдағы мәселелерді қарау барысында комиссия Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасына «Фьючи Хом» және «Есіл-2» тұрғын үй кешендерінің құрылысы үшін жобалық құжаттарды ұсыну бойынша мәселені шешу үшін жобалаушы ұйымның өкілін және А.С.Логвиновты шақыруды ұсынды.

9. «Үміт-Береке» ТҚК құрылысына қатысты ВАК Сәулет және қала құрылысы басқармасына алдағы 2 жылда инженерлік желілерді жобалау және салудың перспективалары туралы мәселені қарауды ұсынды.

10. «ҚазГазАстана» ЖШС (Ахмедияров Д.К.) нысандары бойынша « ҚазГазАстана» ЖШС-інің коммерциялық директоры Б. Исажанованың «Марсель» ТК-сінің 24 инвесторының 2 инвесторы «Зере-1» ТК-іне, 18 инвестор «Зере-2» ТК-іне ауыстырылғаны және 4 инвестор «Марсель» ТК-інде қалғаны туралы; «Зере-2» ТК-інде сатылмай қалған 102 пәтер; «Зере-1» ТҚК-мен нысанды бірлесіп күзету туралы келісімге қол қою дайындығы туралы мәлімдемесі назарға алынды.

ВАК Б. Исажановаға ВАК-тың келесі отырысына салынған қаржы және қалдық ақшаны, сондай-ақ, сатылмаған пәтерлердің ауданын көрсете отырып сатылған пәтерлер туралы ақпарат беру ұсынылды;

11. «Төленді» ТҚК нысандарының құрылысына қатысты «Столичный-2» ТК құрылысы баяу қарқынмен жүріп жатқаны айтылды; «Көктал» ТК бойынша нобай жобасы келісіліп, жобалауға қаулы берілді. ВАК құрылыс жүргізушіге рұқсат беру құжаттарының жоқтығына байланысты нысандардың құрылысын уақытша тоқтатуды және тапсырылмаған нысандарға қоныстануға жол бермеуді ұсынды.

12. Тұрғын үйді сату фактілері бойынша ВАК «Азия контракт Групп» ЖШС директоры М.М. Сәрсеноваға Е542 және Е567 көшелерінің ауданында орналасқан көп пәтерлі тұрғын үй кешенінің инвесторларына қаражаттарын қайтаруды ұсынды.
Әрі қарай

"Жаңа Демнің" жағымды жаңалықтары

Қазақстан Жастар Конгрессінің «Казахстан- это Я»- «Менің Қазақстаным» Ұлттық Жобасының «Жаңа дем» жобасы, Бұл жобада ерікті жастарымыз Қазақстанның ауылды жерлеріндегі жағдайы төмен отбасыларға, еңбек ардагерлеріне, жалғыз өмір сүріп отырған ата-әжелерімізге үйлерін ақтап, бояп, үйлерін жөндеулерден өткізіп беруде.Мұндағы Конгрестің басты мақсаты,әрине, көмек қолын созу болса, екіншіден, әлі бейжуаз жастар мен өнегелі қарттарымыздың арасындағы байланысты арттыру. Үлкендерге деген құрметті насихаттау болып табылады. Бұл жоба қазіргі таңда көмекке көбірек мұқтаж облыстар- Батыс Қазақстан, Павлодар, Ақтөбе, Қарағанды облыстары мен Астана қаласында жүргізіліп келеді.Блог - Alima-20: Жаңа Демнің жағымды жаңалықтары

Тәрбие басы- тал бесік

Республикамызда қазіргі кезде көптеген жастар ұйымдары бар.Солардың бірі — Қазақстан Жастар Конгрессі. Бұл ұйым өзіне 108 балалар мен жастарға арналған ұйымдарды біріктіреді.Осы аталмыш ұйымның жасап жатқан игі істері де аз емес.Солардың бірі-" Жаңа Дем" жобасы. Бұл жоба барысында көмекке мұқтаж жандарға, ардагерлерге, жалғыз басты ата-әжелерімізге студент ерікті жастарымыз қол ұшын созуда. Қазіргі таңда жоба Павлодар, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Ақтөбе облыстары және Астана қаласында өз жұмыстарын жүргізуде. Ең бастысы, мұнда ерікті жастарымыз тегін жұмы жасауда. Олар үшін, ең бастысы, өзінің ата-әжелерімен жасты адамдарға қол ұшын созу, олардың өмірінде де жақсы, бақытты сәттердің болуына сәл де болса әсер ету. Қазірден оларда қарттарға деген құрметтің, махаббатты қалыптастыру Конгрестің де ең басты мақсаты. Айта кетер жайт, мұны ұйымдастырып отырған Конгресс басшылығы да, құрамасы да — жастар. Блог - KanykeyKlaflin: Тәрбие басы- тал бесік

Еліміздің болашағы жастар қолында

Мен жақында ғана құрбымнан жастар жайлы бір жақсы қуантарлық жаңалық естідім. Қазақстан Жастар Конгресінің бастамашылығымен еліміздің белсенді жастары «Казахстан-Это Я»- «Менің Қазақстаным» жобасы аясына бірігіп, облыстар ішіндегі, аудан- қалалар ішіндегі ауылдардың әлеуметтік-жағдайы төмен отбасыларына көмек беріп, қол ұшын созып жүр екен. Және бұл бағдарлама қазірдің өзінде Павлодар, Ақтөбе, Астана, Батыс Қазақстан, Қарағанды олыстарында өз бастауы алды.Блог - AygerimSapashova: Еліміздің болашағы жастар қолында

Конгрестің оңды жобалары

Мен бүгінгі және алғашқы блогымды Қазақстан Жастар Конгрессінің атқарып жатқан істерін жазудан бастағым келеді. Негізінде, өзімнің бұл Конгреске еш қатысым болмаса да, сол Конгресс құрамында жүрген құрбымнан көп естимін. Құрбымның да Конгресс құрамында жүргеніне көп уақыт бола қойған жоқ, бірақ осы аз уақыт ішінде атқарған оңды істері де жетерлік. Солардың бірі «Казахстан- это Я»- «Менің Қазақстаным» Ұлттық жобасының бірі «Жаңа дем» жобасы.Бұл жоба негізінде Ақтөбе, Астана, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Павлодар облыстарының ауылды жерлерінде көмекке мұқтаж өздігінен қиын жұмыстарды жасай алмайтын ата-әжелерімізге еңбек ардагерлеріне көмек көрсетілуде. Ал бұл облыстарды таңдаудағы себеп: мұнда басқа облыстарға қарағанда көмекке мұқтаж отбасылар саны анағұрлым көп болғандықтан. Тағы да басқа оңды жобаларымен келесі блогтарымда таныстыратын боламын.

Астанада жалпықалалық бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді

9 қараша күні сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін «Жастар» сарайында жалпықалалық бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді. Оған елордалық 60 жұмыс беруші қатысып, 1000 жуық бос жұмыс орнын ұсынады деп күтілуде.

Елорданың Жұмыспен қамту орталығының хабарлауынша, осыған дейін өткізілген 11 жәрмеңкенің қорытындысы бойынша, 400-ге жуық адам жұмысқа орналастырылды.

Үстіміздегі жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша, орталық 11 679 адамға қызмет көрсеткен, соның ішінде 6974 тұрғын жұмыс орындарымен қамтамасыз етілді, олардың қатарында тұрақты жұмысқа, жастар тәжірибесіне, қоғамдық жұмыстарға жіберілгендер және әлеуметтік жұмыспен қамтылғандар бар. Қазіргі уақытта қалалық Жұмыспен қамту орталығының базасында 3654 бос жұмыс орны және 1430 жұмыс беруші бар. Жыл басынан бері Астана аумағында 15 719 жаңа орны құрылды.
Әрі қарай

Астанада Алматы күндері өтіп жатыр

Елордада ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орайластырылған «Қуатты өңір — қуатты Қазақстан» республикалық акциясының шеңберінде Алматы қаласының күндері өтіп жатыр. Меймандар Астанадағы төрт балалар үйінің тәрбиеленушілеріне 1000 кг аса нағыз алматылық апорт пен 3000 дана қазақстандық шоколад алып келді.

Астана жаңалықтары: Астанада Алматы күндері өтіп жатыр

Алматы қ. ішкі саясат басқармасының жетекшісі Нұрлан Сыдықов бастаған делегация алдымен SOS Балалар ауылына барды. Мұнда 3-тен 16 жасқа дейінгі 67 бала тұрады. Меймандардың сұрақтарына балалар зор ықыласпен жауап берді. Балғындар Алматының қайда орналасқанын және қаланың немен танымал екені туралы хабардар екен. Суретке де, бейнекамераға да қуана түсті. Нұрлан Сыдықов балаларға қаланың атауы «алма» сөзінен алынғанын еске салды — мегаполис ертеден алматылық апорттың отаны болғанымен танымал, оның бұл атағы шет елдерге де жеткен.

«Біз осында келіп, балаларға кірмей кете алмадық. Балалар — біздің болашағымыз. Олардың дені сау болып өскені біз үшін өте маңызды, сондықтан да дәрумендердің қайнар көзі — алманы көбірек алып келдік», — дейді Нұрлан Сыдықов.

Сондай-ақ, ол Астанаға мазмұнды мәдени бағдарлама ала келгендерін атап көрсетті. Бұл «Алматы — Тәуелсіздіктің алтын бесігі» мультимедиялық көрмесі және Ұлттық музейде ашылған Алматы туралы фотокөрме. Сағат 15.00-де ҚР Ұлттық кітапханасында жастар қазіргі заманның танымал ақындарымен кездесті. Сағат 18.00-де Тәуелсіздіктің мерейтойлық датасына орай Алматы қаласының эстрадалық-симфониялық оркестрінің және Қазақстан экстрадасы жұлдыздарының қатысуымен «Алматы — Тәуелсіздіктің алтын бесігі» гала-концерті өтеді.

Ертең, 6 қараша күні сағат 15.00-де Бейбітшілік пен келісім сарайында «Сазген сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблінің және белгілі дәстүрлі орындаушылардың қатысуымен «Мәңгілік мұрат» дәстүрлі музыка концерті өтеді. Балалар үшін бүгін және ертең Алматы қаласының Мәдениет және мұрағаттар басқармасының Мемлекеттік қуыршақ театры Қ. Қуанышбаев атындағы музыкалық-драма театрының сахнасында «Алтын Адам» эпикалық спектаклін және «Куклы шоу» балалар спектаклін қояды.

Алматы күндері қарсаңында орталық коммуникациялар қызметінде Алматы қ. әкімінің орынбасары Арман Қырықбаевтың қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті. Қаланың жетістіктері туралы әңгімелеу барысында ол: «Оңтүстік астана өзінің ғылыми, білім және мәдени әлеуетін сақтай отырып, еліміздің қаржылық туристік орталығына айналды. Қала өз дамуында ауыз толтырып айтарлық табыстарға жетті. Егер 90-шы жылдардың басында Алматы ЖІӨ-нің оннан бір бөлігін қамтамасыз етсе, бүгінгі күні мегаполис ел экономикасының бестен бір бөлігін қалыптастырып отыр. Оңтүстік астананың басшылығы Алматыны жоғары технологиялық мегаполиске ғана емес, сонымен бірге, дәстүрлері мен тарихы сақталған айрықша қалаға айналдыруды жоспарлап отыр. Қазіргі әлемде тарихи-мәдени мұра креативтілік пен инновацияның, қалаларды жаңартудың көзіне айналып отыр. Осы ретте, үстіміздегі жылы Алматыда еліміздегі жалғыз «Алатау» дәстүрлі өнер театры, дәстүрлі музыканың мультимедиялық орталығы ашылды. Жыл соңына дейін Алматы қаласы тарихының жаңа мұражайы ашылады», деп атап көрсетті.
Әрі қарай