Пластикалық жол жүру билеттерінің теңгерімін банк карталары арқылы толықтыруға болады


Жүйе жыл аяғына дейін енгізіледі.

Бұл жайында «Астана LRT төлем жүйесі орталығы» ЖШС маркетологы Ахметжан Далиев Елордалық әкімдіктің медиа-орталығына берген сұхбатында мәлімдеді. Қазіргі таңда пластикалық жол жүру билетінің есебін толтыру арнайы терминалдар арқылы ғана жүргізіледі. Алайда, терминал артық ақшаны қайтарып бере алмай жатады, бұл өз кезегінде жолаушылардың келеңсіздіктерге тап болуына әкеліп соғады.

«Біздің инженерлер шынайы уақыт аралығында автоматтарды қарап отырады. Артық ақша аяқтала басталысымен, біз бірден автоматты блокка қоямыз, осы аралықта қолданушы автоматты пайдалана алмайды. Алайда, бір немесе бір жарым сағаттың ішінде инженерлер автоматтарды қайтадан толықтырады. Жыл аяғына дейін бұл проблема толық шешіледі, Астра карточкаларын банк карталары арқылы толтыру мүмкіндігі пайда болмақ», — деді А. Далиев.

Сұхбат берушінің айтуынша, қазірге дейін 30 мыңнан астам пастикалық жол жүру билеті сатылған. Астраның жеңілдік карталарын 66 мың тұрғын, оқушыларға арналған карталарды – 160 мың адам пайдалануда. Елордада оларға қызмет көрсету үшін 37 автомат пен 7 арнайы касса жұмыс істейді.
Әрі қарай

Астанада қазақстандық полицияның 25 жылдығы аталып өтілді

Астана жаңалықтары: Астанада қазақстандық полицияның 25 жылдығы аталып өтілді

22 маусым күні Астана қаласының Ішкі істер департаментінде елордалық үздік полицейлерді мемлекеттік марапаттармен ұлықтау және ресми салатанатты шара өтті. Қаланың ІІД бастығы, полиция генерал-майоры Амантай Әубәкіров қызметкерлерді құттықтады.

— Ширек ғасыр ішінде Қазақстан полициясы қоғамдық қауіпсіздік пен тұрақтылықтың қорғанына айналды. Азаматтардың конституциялық құқығы мен бостандығын қамтамасыз етуде берік іргетас қаланды. Тиімді нормативті-құқықтық база құрылды. Ішкі істер минисртлігі мен әкімдіктің департаментке көрсетіп жатқан барлық қолдауының арқасында жыл сайын елорда полициясының әлеуметтік қамтамасыз етілуі нығаюда. Мен астаналық полицейлердің бас қалада құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде ары қарай да қызметін лайықты атқаратындарына сенімдімін, — деді ол.

Астана қаласының үздік полицейлеріне мереке орай құрметті марапаттар табысталды: «Қазақстан полициясына 25 жыл» төсбелгісі, «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалі, «Ішкі істер органдарынын үздігі» ІІ деңгейлі төсбелгісі, Қазақстан Республикасыынң ІІД алғыс хаттары мен грамоталары табысталды.

Айта кетейік, тәуелсіздіктің 25 жылдығында елорданың 8 полиция қызметкері қызметтік міндетін өтеуде көз жұмды. 20 тәртіп сақшысы оқпен, пышақпен жарақаттанды. Олардың барлығы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтің Жарлығымен «Айбын», «Ерлігі үшін» мемлекеттік медаліне ұсынылды.

Бүгінгі таңда Астана қаласының Ішкі істер департаменті мықты кадрлық құраммен жасақталған және заманауи материалдық-техникалық базамен жабдықталған.

Қазақстан Президенті ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің ашылуында жұмыс істеген елордалық полицейлердің еңбегін ерекше атап өткен болатын.

2017 жылдың мамыр айында Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен ІІД жас қызметкерлеріне арналып жатақхана ашылды. Қазақстандық полиция қызметкерлері күні қарсаңында қала әкімдігі 100-ге жуық қызметтік көлікпен қамтамасыз етті.
Әрі қарай

Астанада тұңғыш рет «Ассамблея аруы - 2017» байқауы өтеді

Астана жаңалықтары: Астанада тұңғыш рет «Ассамблея аруы - 2017» байқауы өтеді

23 маусым күні сағат 19:00-де Астанада тұңғыш рет этномәдени бірлестік өкілдерінің арасында «Ассамблея аруы — 2017» байқауы өтеді. Шырайлы шара қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен ұйымдастырылуда.

Байқауға ҚР Парламенті мен Астана қаласының депутаттары, мемлекеттік органдар, Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық қалыптастыру, этномәдени бірлестіктердің өкілдері және қала тұрғындары мен қонақтары қатысады деп күтілуде.

Байқаудың мақсаты – жастарды заманауи эстетикалық және өнегелі құндылықтарға баулу, түрлі этностардың мәдениеті мен дәстүрлерінің ерекшеліктерімен таныстыру, жас ұрпақтың шығармашылық әлеуетін жетілдіру.

Шара бағдарламасы бойынша қатысушылар өздерін таныстырады, ұлттық киімдер мен кешкі сәнді көйлектер шеруі ұйымдастырылады, үміткерлер шығармашылық қырларын көрсетіп, жеке стильдерін ұсынады әрі сұхбат жүргізіледі.

Байқау мына мекен-жай бойынша: Шұбар ш.а., Космонавтов к., 60, конференция залы Komfort Hotel мейманханасы. Барлық келем деушілерге есік ашық.
Әрі қарай

Астанада Елбасының "Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру" мақаласы талқыланды

Астана жаңалықтары: Астанада Елбасының Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру мақаласы талқыланды

2017 жылдың 21 маусымында Назарбаев орталығында Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру аясында «Ұлы даланың рухани мұрасы: өткені мен бүгіні» атты халықаралық ғылыми конференция өтті.

Іс – шараның ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасының Қоры, ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институты және ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасының Кітапханасы ұйымдастырды.

Конференцияға Ресей, Әзірбайжан, Қырғызстан, Өбекстан елдерінің танымал тарихшы — ғалымдары, мемлекеттік және қоғам қайраткерлері, Мемлекет тарихы институтының ғалымдары, жоғары оқу орындарының ғылым қызметкерлері қатысты.

— Бүгінгі іс-шара Елбасымыздың озық идеялары және бастамаларын іске асыратын Назарбаев орталығында өтіп жатқанына өте қуаныштымын. Біз үлкен өзгерістер заманы, еліміздің тарихы бетбұрыс кезеңінде өмір сүрудеміз. Бүгін Қазақстан мемлекет пен қоғамның жұмыс істеу негіздерін жаңғыртуға бағытталған реформаларды жүзеге асыруда. Экономикалық, әлеуметтік және рухани салаларда ауқымды қайта құрылымдау жүріп жатыр. Өзекті экономикалық және әлеуметтік проблемаларды шешу үшін жаңа идеялар мен тәсілдер ұсынылуда. Президент жүктеген жаңғырту тақырыбы бойынша жаңа міндеттерді ең алдымен ғылыми тұрғыдан түсіну қажет. Конференция барысында күн тәртібіне қойылған өзекті мәселелер талқыланды, — дейді ҚР Тұңғыш Президент Қорының атқарушы директорының орынбасары Сұлтан Айтжанов.

Конференция Пленарлық мәжілістен және «Тарихи контекстідегі Қазақстанның жаңғыру әлеуеті» және «Қазақстандықтардың қоғамдық санасын жаңғырту аясындағы тарихи сана» атты екі секциядан тұрды.

Кездесу барысында Қазақстандағы тарих ғылымының міндеттері, ұлттық код және оның қоғамдық сананы жаңғыртудағы маңызы, қазіргі гуманитарлық ғылымдағы өлкетанудың рөлі мәселелері талқыланды.
Әрі қарай

Еуро маусымдағы біздің клубтардың алғашқы айналымдағы мүмкіндіктері қандай?

Блог - Kydyr-taudyn_balasy: Еуро маусымдағы біздің клубтардың алғашқы айналымдағы мүмкіндіктері қандай?

Өткен аптадағы УЕФА-ның команда аттары жазылған себепттері біздің төрт клубтың алғашқы қарсыластарын анықтап берді. Қайрат, Ордабасы және Ертіс ойындарын Еуропа Лигасының алғашқы кезеңіне бастаса ал ел чемпионы Астана Чемпиондар лиггасындағы жолын екінші айналымнан бастайды. Жекелей қарсыластар мен біздің командалар мүмкіншілігіне тоқтала кетейін.

Блог - Kydyr-taudyn_balasy: Еуро маусымдағы біздің клубтардың алғашқы айналымдағы мүмкіндіктері қандай?

Ел чемпионы соңғы жылдардағы еліміздің намысын Еуро кубоктарда барынша қорғап жүрген Астананың қарсыласы футболы біздікінен қатты дамымаған шағын Латвиялық Юрмаланың Спартагы болып бұйырды. Бұл жеребені толықтай сәтті жеребе деп айтуымызғада болады. Дегенменде қазақилыққа салынып босансып кетугеед болмайды. Спорттың аты спорт ол босаңсу мен менмендікті көтере бермейді. Команда былтырғы Латвия чемпионы дегенменде құрамы өте жас жәнеде команданың ойыншыдар құны бойынша біздің жігіттерден әлде қайда арзан. Бұл команда бізге түсуі мүмкін командалар ішіндегі ең әлсіздерінің бірі десемде қателеспеймін. Сонымен қоса қос команда арасында ойыншылар алмасу бойынша байланыстар бар екенінде айта кеткеніміз жөн. Твумаси мен Гридиндер кезінде сол жерде доп тепкен деседі. Ал қазір Юрмалада Астананың жас қақпашысы Абылайхан Дүйсен ойын көрсетуде. Ойынға болжамым біздің команда қиналмай өтетініне сенімдімін. Босансып қарсыласты менсінбей ойнайтындай Астана соншалық тәжірбиесіз емес. Есеп қонақта шамамен 1-2 немесе 1-3 біздің пайдаға шешілсе, Астана аренада ірі есеп тіркелуі әбден мүмкін, мен кішкене сабырлық сақтай отыра 3-0 есебін күтейін.

Блог - Kydyr-taudyn_balasy: Еуро маусымдағы біздің клубтардың алғашқы айналымдағы мүмкіндіктері қандай?

Халықтың командасы Қайратқада азуы алтықарыс команда түсті депте айта алмайыз. Бәрімізге 2014 жылы Қарағандылық Шахтерге қарсылас атанғанымен ғана таныс Литвалық Атлантас командасы Алматылық командаға бұйырыпты. Кезінде Шахтерден аса алмаған бұл құрам Қайратқа қандай қауқар көрсете алады екен. Бірақ бұл құрам ол құрамнан мүлде бөлек, дегенмен Қайратта осал емес екенің бәріміз білеміз. Межесі топтық кезең болып отырған Қайрат бұл қарсыластан қиналмай өтуі тиіс, қайткенменде ойынның сөзсіз фавориті емес пе. Ойынға болжамым сырт алаңда 0-2 немесе 1-2 есебімен жеңіс ал Алматыдағы ойын 4-1 немесе 3-0 есебі деп ойлаймын. Тағыда күтерім Бауыржанның пенальтиден соққан голы)) Әдет қой)

Блог - Kydyr-taudyn_balasy: Еуро маусымдағы біздің клубтардың алғашқы айналымдағы мүмкіндіктері қандай?

Шымкенттік Ордабасыға Боснялық бізге таныс Широки бриег командасы қарсылас атанатыны мәлім болды. Бұл команда кезінде Ертісті жарыстан шығарған есімізден әлі кетек қоймаған шығар. Дегенменде ол кездегі Ертіс соншалықты мықты емес еді жәнеде қаржылық дағдарыс кезеңінде жүрген шағы еді. Ал бүгінгі Ордабасы керісінші қарқыны күшею үстінде, ел чемпионатында соңғы жылдардағы ең үздік ойындарын көрсетіп жүр десек артық айтқанымыз емес. Бірақ-та былтырғы Еуро маусым есімізден шығпауы керек, соншалықты мықты емес Чукарики командасы Орданы жарыстан шығарған, бұлда Шым қалалықтарға сабақ болуы тиіс. Қарсылас қандай болсын соңына дейін ойнау өте маңызды. Бұл жұпақа сырттай қарасан шамалар бірдей деп толықтай айта аламыз.Дегенменде біздің жігіттер сәл болсын басымырақ болады деп ойлаймын. Қонақта доп соғу немес тең нәтиже тіркеледі деп ойлаймын шамамен 2-1 немес 1-1 ал Алматыда ( айтпақшы Ордабасы алаңы Еуропа лигасына сай келмейтін болғандықтан ойындар Алматыда өтетін болады. Бұл өте үлкен кемшілік)шамамен 2-0 немесе 3-1 біздің жігіттер пайдасында болуы керек.

Блог - Kydyr-taudyn_balasy: Еуро маусымдағы біздің клубтардың алғашқы айналымдағы мүмкіндіктері қандай?

Ел чемпионатының қола жүлдегерлері Ертіске қарсылас ретінде бізге беймәлім Болгариялық Дунав командасы тап келді. Былтырғы жылғы Болгарияның 4-орын иегерлері соншалықты азулы көрінеді деп айта алмаймыз. Дегенмен Болгар чемпионаты салыстырмалы түрде соншалықты осал чемпионат емес, осы себептіде Ертіске бірәз терлеу қажет секілді. Ертіс бапкері өзінің отандастарының осал тұсын дәл табады деп сенейік. Тағы айта керелігі Болгариялық командалар осы бапкерге қарсы түсуге қатты қорқыпты дейді мыс. Бұл ойында соңғы уақытта тұрақсыздау өнер көрсетіп жүрседе Ертіс фаворит көрінеді. Келесі айналымға өтуге өте жақсы мүкіндік бар. Есеп екі ойын қосындысында 3-1 немесе 3-2 Павлодарлықтар пайдасында болады деп ойлаймын.

Соңғы уақытта Қазақстандық клубатар Еуро чемпионаттарда барынша қауқарлылық көрсетуде. Бұрынғыша қорқыныш алғашқы айнаылмнан басталмайды, тіпті біздерден қорқатын да болады. Бұлда қуантарлық жағдай. Біздерге барлық команда топтық кезеңге өтпеседе ұпай жинау мақсатыда өте маңызды. Рейтингта неғұрлым жоғарылаған сайын соғұрлым мүмкіншіліктер көбейетіні сөзсіз ғой. Командаларға сәттілік Еуро кубоктардағы жолдары барынша ұзағынан болсын. Ал келер жылдарға тілек отандық барлық клубтар Еуро чемпионаттарды өз алаңында ұялмай қарсы алатындай болсын!!!

Smile Astana байқауының жеңімпаздары анықталды

Астана жаңалықтары: Smile Astana байқауының жеңімпаздары анықталды

19 маусым күні «Smile Astana» жобасын іске асыру шеңберінде «Күміс күлкі, бақытты бейне» ең үздік фотография немесе эскиз-идея байқауы «Бақытты бейне, күміс күлкі» байқауының онлайн дауыс беру аяқталды.

Нәтижесінде guzya_kaldybekova 37,4% дауыс жинап, жеңімпаз атанды. Zhanar_notes 34,6% жинаса, yergalieva_aigerim – 18,9%, mikatumen – 9,1%.
Әрі қарай

«Жетісу тарландары» І орынды иеленді

Алматы облысы: «Жетісу тарландары» І орынды иеленді
Қарулы күштердің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған «Айбын» жастар жиыны Қарағанды облысының «Спасск» оқу-жаттығу орталығында өткен. Оған Алматы облысынан «Жетісу тарландары» командасы қатысып, бірінші орынды иеленді.
««Айбын» жастар жиыны 2015 жылдан бастап, дәстүрлі түрде жыл сайын өткізіледі. 2015-2016 жыдары Республиканың деңгейінде өтсе, биылғы жарыс халықаралық дәрежеде болды. Қарағанды облысына жан-жақтан командалар өте үлкен дайындықпен келгені байқалып тұрды. Осыны болжай отыра біз «Жетісу тарландарына» мықты әрі талантты жастарды жинадық», — деді «Жетісу тарландары» әскери-патриоттық клубының жетекшісі Жаналиев Жандос.
Бұл туралы Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында облыстық Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің қатысуымен өткен баспасөз мәслихатында айтылды.
«Команда капитаны ретінде үлкен жауапкершілікті арқалап бара жатқандықтан, осы уақытқа дейін қаншама тер төккенімізді ескере отырып, командамды жігерлендіруге тырыстым. Себебі, рухы күшті команда ғана жеңіске жетеді»,- деді «Жетісу тарландары» командасының капитаны ТЕН Владимир.
Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі

Жетісу журналистері ағылшын тілін үйренуде

Алматы облысы: Жетісу журналистері ағылшын тілін үйренуде
Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының кеңесшісі Тоқтасын Әсем баспасөз мәслихатын өткізді. Онда «SLICE OF ENGLISH» жобасы талқыланды. Аталмыш жоба Елбасының «Тілдердің үштұғырлығы» саясатын қолдап, мемлекеттік қызметкерлердің ағылшын тілін «Elementary» деңгейіне жеткізу үшін бағытталған.
Бұл жоба үштілділік арқылы Қазақстанды алдыңғы қатарлы әлемдік дамыған елдердің санатына енуге жетелейді. Себебі Елбасымыз айтып кеткендей: «қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі».
Жоба аясында қызыметкерлер теория түрінде алған білімдерін, практика жүзінде өздерінің бағыттарында пайдаланатын болады. Оқыту “көрнекі-ақпараттандыру” әдісімен өтеді. Мекемеге үлкен стендтер орнатылып, стенд қалташаларына күн сайын жаңа сөздер еңгізіліп отыратыны айтылды.
«Жүргізіліп жатқан жобадан күтілетін нәтижелер көп. Ол журналистердің ағылшын тілін оқуға қызығушылығының артуы, есте сақтау қабілеттерінің жоғарылауы және ағылшын тілінде ақпарат беру алу мүмкіншілігі. Егер жақсы қорытынды шығып жатса, жұмыс уақытынан тыс түрлі тренингтар өткізетін боламыз», — деді Тоқтасын Әсем.
Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі
Әрі қарай

«Байқоңырда бизнес бастау мүмкін бе?» II Халықаралық интернет-форумы

19Керек тілші: «Байқоңырда бизнес бастау мүмкін бе?»  II  Халықаралық интернет-форумымаусым күні Қызылордада облыс әкімі Қ.Көшербаевтың, «KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы Біржан Қанешевтің және Байқоңыр қаласы әкімшілігі басшысының орынбасары Ольга Когайдың қатысуымен Байқоңыр қаласында кәсіпкерлік пен туризмді дамыту мәселелеріне арналған «Байқоңырда бизнес жасау мүмкін бе?» атты ІІ халықаралық интернет-форум өтті.
Сондай-ақ, онлайн режимде өткен форумға әлемнің 10 елінен: Ресей, Қытай, Ұлыбритания, Нидерланды, Әзербайжан, Израиль, Түркия, Финляндия, Дания және Қазақстаннан өкілдер қатысты.
Облыс әкімі интернет-форумды аша отырып, «жұлдызды қалашықтағы» бизнестің даму перспективалары туралы әңгімеледі. Сонымен қатар қазіргі таңда Байқоңыр қаласындағы 14 нысанды аймақтың коммуналдық меншігіне өткізу туралы жұмыстар жүріп жатқанын, ал олардың негізінде өнеркәсіптік контейнерлер жинау, тұрмыстық және өнеркәсіптік құралдар өндірісі, тоқыма, тамақ өнеркәсібі сияқты өндіріс орындарын ашып, туризмді дамытуға толық мүмкіндік бар екенін атап өтті.
-Бұдан бөлек 2023 жылға дейін ҚР туристік саласын дамыту Тұжырымдамасы аясында «Байқоңыр» туристік-ойын-сауық аймағын құру жоспарлануда. Бұл аймақта шолу алаңдары, ғарыштық аттракциондар, сауда орталықтары, музей, аквапарк, кинотеатрлар болады. Аталған нысандарды ашу мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жүзеге асырылады. Қазір инженерлік инфрақұрылым тарту жұмыстары жүргізілуде. Біз барлық кәсіпкерлер мен қызығушылық танытқан тұлғаларды осы іске атсалысуға шақырамыз. Байқоңыр қаласы инвесторларды қабылдап, олар үшін қолайлы жағдайлар жасауға дайын,-деді Қ.Көшербаев.
Форумға қатысушылар өз кезегінде «Байқоңыр» кешенін дамыту бойынша, мәселен: ақылды технологияларды енгізу, туристер үшін нұсқаулықтар әзірлеу, өнеркәсіпті дамыту сияқты ынтымақтастықтың перспективті бағыттарын талқылады.
Әрі қарай