Алматы облысында үздік мемлекеттік қызметшілер анықталды

Алматы облысында үздік мемлекеттік қызметшілер анықталды
Алматы облысындағы мемлекеттік қызметшілер саны 8045 адамды құрайды. Олардың барлығы халыққа қызмет көрсетіп, аянбай еңбек етуде. Осындай мәртебелі қызмет иелерін облыс әкімінің бірінші орынбасары Тұрлашов Лаззат Мақатұлы марапаттады. Жетісу өңірінің 6 мемлекеттік қызметшісі «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісімен марапаталды және бірқатар азаматтар облыс әкімінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хатына ие болды.
Облыс әкімінің бірінші орынбасары Л. Тұрлашов Елбасының мемлекеттік аппаратты жаңғырту мәселесіне айрықша назар аударып отырғаныны айтылды. Бұл мемлекеттік басқаруды жетілдіруге, халыққа қызмет көрсету сапасын жақсартуға және мемлекеттік қызметшілердің жұмыс істеуіне жағдай жасауға ықпал ететіні талқыланды.
«Елбасымыз Н. Назарбаев өзінің «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында «Кәсіби мемлекеттік аппарат құру» міндетін қойды. Мемлекеттік қызметкердің біліктілігі мен кәсіби деңгейі басты мәселе ретінде көрсетілуі бекер емес. Әр саланың жетістігі, алдағы экономикалық өсімі, халықтың әл-ауқаты және елдің дамуы кәсіби басқарушылыққа тікелей байланысты», — деді Л. Тұрлашов.
Шараның соңы жергілікті өнерпаздардың орындауындағы концерттік бағдарламаға ұласты.
Әрі қарай

Астана билігіне жиі қойылатын сұрақтар

Астана билігі тұрғындар арасында жиі қойылатын сұрақтары бойынша мониторинг жүргізді.
Жиі қойылатын сұрақтарды және оларға жауаптарды мына сілтемеден қарай аласыздар: Қосымша.doc
Әрі қарай

Алматы облысының Ішкі істер департаменті кәсіби мерекелерін атап өтуде

Алматы облысының Ішкі істер департаменті кәсіби мерекелерін атап өтуде
Бұл туралы Алматы облысының Ішкі істер департаментінің басшысы Мұрат Ұрымхановтың қатысуымен өткен облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінің көшпелі баспасөз конференциясында белгілі болды.
«23 маусым Қазақстан полициясының кәсіби мерекесі болғандықтан, облыстық ІІД-нің қызметкерлері бір қатар іс-шара ұйымдастырды. Облыстағы ерлікпен қаза тапқан полиция қызметкерлеріне арналған мәңгі алау жағылды. Сонымен қатар, Генерал А.Б Болсамбековке арналған ескерткіштің ашылу салтанаты, ІІД ғимаратының жөндеуден кейінгі ашылуы, жас қызметкерлердің ант беру рәсімі өтті. Бүгінде жұмыс шарты мен танысу мақсатында Қытай халақ республикасынан келген қонақтармен келіссөз жүргізілуде. Ол екіжақты тәжірибе алмасуға жақсы мүмкіндік», — деді Мұрат Ұрымханов.
Осы іс-шаралардың жалғасы ретінде кешке «Жастар» паркінде концерттік бағдарлама өтетіні айтылды.
Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі
Әрі қарай

Талдықорғанда жас мемлекеттік қызметшілер слеті өтті

Алматы облысы: Талдықорғанда жас мемлекеттік қызметшілер слеті өтті
23 маусымда — Мемлекеттік қызмет күніне орай «Жастарға қызмет көрсету орталығы» ғимаратында алғаш рет «Білікті мемлекеттік қызметкер – ел тірегі» атты жас мемлекеттік қызметшілер слеті өтті.

Билікке деген сенім қазіргі қоғамның талаптарына сай мемлекеттік қызметшіден басталады. Атаулы күнге орай жастар саясаты мәселелері басқармасы «Білікті мемлекеттік қызметкер – ел тірегі» атты жас мемлекеттік қызметшілер слетін ұйымдастырды. Жас мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекесімен облыс әкімінің орынбасары Омар Жақсылық Мұқашұлы мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаментінің басшысы Нұрғисаев Серікбай Өрікбайұлы құттықтады. Жас мемлекеттік қызметші В.Чепель әріптестерін айтулы күнмен құттықтап, еңбектеріне табыс тіледі. «Сіздердің еңбектеріңіз Қазақстанға және оның азаматтарына табыс пен өркендеу әкелсін» — деді ол өз сөзінде.

Жас мемлекеттік қызметшілер арасында спорттық ойын түрлерінен жарыс ұйымдастырылып, халқымыздың көркейе беру жолындағы адал қызметі үшін бірнеше қызметкерге облыс әкімінің орынбасары Ж.Омардың алғыс хаты табыс етілді.
Әрі қарай

Елордада асық атудан қала чемпионаты өтті

Астана жаңалықтары: Елордада асық атудан қала чемпионаты өтті

Ұлдар мен қыздар арасындағы жарыста «Жігер» спорт клубының командасы чемпион атанды.

Клубтың атынан 10 ойыншы қатысты. Қыздар арасында Қуанова Аружан, Даниярова Кәмила және Бекмахан Жайна, ұлдардан – Серік Ернар, Мыңтөре Нұрбақыт, Серік Досжан ептілік танытып, үздік атанды.

Ал күміс жүлдені ұлдар арасында №2 мектеп-гимназияның командасы еншілесе, №24 орта мектептің оқушылары қоланы қанағат тұтты. Қыздар арасында №18 мектептің командасы – үшінші орында.
Әрі қарай

Жетісу жастары «Жетісу тарландарымен» кездесті

Алматы облысы: Жетісу жастары «Жетісу тарландарымен» кездесті

«Жастарға қызмет көрсету орталығы» ғимаратында «Айбын» халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынының жеңімпаздары «Жетісу тарландары» командасымен кездесу өтті. «Жетісу тарландарын» облыс басшылығы мен жастары атынан Жақсылық Омар құттықтап, өзара әңгімелесті.

«Жастарға «Айбын» әскери-патриоттық ойыны ұнады, өйткені ондаолар өздерін шыдамдылық пен беріктікке сынап көреді, жауынгерлікрухтарын нығайтады, командада жұмыс істеудің не екенін білеалады»-деді «Жетісу тарландары» клубының жетекшісі Ж.Канапиев өз сөзінде. Жастар жарыстың қызықты болғанын, кездескен кедергілер, жеңістұғырына көтерілген сәттегі сезімдері туралы жарыса әңгімеледі.

Ескерте кетейік, «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштердің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған халықаралық жиында 600 адам қатысқан. Республикалық «Жас ұлан» әскери мектептерінің, өңірлердегі әскери-патриоттық клуб мүшелері мен Ресей Федерациясының Оренбург Президент кадет училищесінің тәрбиеленушілері қатысты. Алматы облысының атынан шыққан «Жетісутарландары» командасы 16 өңірден шыққан әскери-патриоттық клуб арасынан жүлделі 1 орынды иеленді.
Әрі қарай

Астанада үздік мемлекет қызметкерлері марапатталды

Астана жаңалықтары: Астанада үздік мемлекет қызметкерлері марапатталды

Астана қаласы әкімдігінің ғимаратында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің мұрындық болуымен Мемлекеттік қызметшілер күніне арналған салтанатты шара өтті.

Мерекелік шарада «Қазақстан Республикасы үздік мемлекеттік қызметкері» республикалық конкурсына белсенді түрде қатысып және еліміздің тұрақты дамуы мен мемлекеттік қызмет беделін көтеруге қосып жүрген үлесі үшін бірқатар мемлекеттік органдар қызметшілеріне Агенттік төрағасының марапаттаулары табыс етілді.

Мрапатталғандар ішінде Астана қаласы Ішкі саясат басқармасының басшысы Ерлан Каналимов, Есіл ауданы әкімі аппаратының бөлім басшысы Русланбек Койбаков, Астана қаласы Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының басшысы Төлеген Құлұшев, Астана қаласы Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының бөлім басшысы Самал Күлбатырова, сондай-ақ Агенттіктің Алғыс хатымен Астана қаласының Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Болат Мажағұлов, Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бөлім басшысы Динара Омарова, Астана қаласының Энергетика басқармасының бөлім басшысы Мақсат Есмағұлов, Астана қаласының Энергетика басқармасының басшысы Бақтыбек Жапаев марапатталды.

Атап өтейік, Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 20 желтоқсанындағы №716 Қаулысымен 23 маусым мемлекеттік қызметкерлер күні болып бекітілді.

Сонымен қатар Агенттіктің Астана қаласындағы департаментінің Алғыс хаттарымен Астана қаласы әкімдігінің өкілдерінен бөлек, әртүрлі мемлекеттік құрылымдардың 34 қызметкері марапатталды.

Осылайша ведомство мемлекеттік қызметтің жағымды имиджін қалыптастыруды көздейді. Бұл осы сала қызметкерлерінің рөлін жоғарылататыны сөзсіз.
Әрі қарай

Алматы облысы құқық бұзушылықтарды арнайы карта арқылы анықтауда

Алматы облысы құқық бұзушылықтарды арнайы карта арқылы анықтауда
Бүгінігі таңда қылмыстық құқық бұзушылық өзекті мәселелердің бірі. Құқықтық статистика белгілі бір өңірдің әлеуметтік-экономикалық деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Осы жайлы Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында облыстық құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің өкілдері баспасөз мәслихатын өткізді.
Алматы облысы бойынша сотқа дейінгі тексеру тізімінде 13097 қылмыстық құқық бұзушылық бар. Статистикаға сүйенсек, 2015-2016 жылдар мен биылғы жылды салыстырғанда тіркелген қылмыс деңгейі 18,6%-ға төмендеген. Талдықорған қаласында 2015-2016 жылдар мен 2017 жылдың қылмыс деңгейі 16,4%-ға дейін азайды. Түрлі заңға қайшы әрекеттерді енді «қылмыстық құқық бұзушылық картасы» арқылы білуге болады. Ол тұрып жатқан жердің қылмыс деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
«Республикамыздың әрбір азаматы Кrisha.kz сайтын пайдалана отырып, пәтер іздеу кезінде таңдаған аймақтың қылмыстық деңгейін анықтай алады. Бұл ақпарат бір жағынан қылмыс деңгейін бақылауға және қылмыс көп болатын жерде жылжымалы мүліктің құны өзіне сай болатынына көмектеседі. Болашақта тұрғындар бұл жағдайға бейжай қарамай, құқық бұзушылықты азайту жолдарын іздейтін болады. Осылайша, тәртіп саласындағы қоғамдық бақылау жақсарады», — деді құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аға прокуроры Жайлыгулова Жанар.
Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі
Әрі қарай

Астанада осы демалыс күндері заманауи этникалық музыка концерті өтеді

Астана жаңалықтары: Астанада осы демалыс күндері заманауи этникалық музыка концерті өтеді

23-24 маусым күндері «Бәйтерек» монументінің алаңында The Spirit of Astana заманауи этникалық музыка концерті өтеді.

Аталған жоба атақты музыкалық әлемдегі The Spirit of Tengri оқиғалардың бір бөлігі саналады. Фестиваль Астанада тұңғыш рет өткізілмек. Грузия, АҚШ, Тува, Бурят, Македония, Венгрия, Башқұртстан, Ресей, Мали, Германия және Қазақстанның музыкалық ұжымдары өнер көрсетеді.

Концерт 23-24 маусым күндері сағат 17:00-де басталады. Көрермендерге шараны тамашалау – тегін.
Әрі қарай

Алматы облысының оқушылары футбол турнирында жеңімпаз атанды

Алматы облысының оқушылары футбол турнирында жеңімпаз атанды
«Coca-Cola Былғары доп» турнирі елімізде 2006 жылдан бері дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Дүбірлі дода өскелең ұрпақты спортқа баулып, талантты жас футболшыларды іріктеуге бағытталған республикалық шара. Биыл турнирге еліміздің әр өңірлерінен(11 облыс, Алматы қаласы) жеңімпаз командалар қатысып, І орынды Алматы облысы Текелі қаласының №8 орта мектебінің оқушылары қанжығасына байлады. Бұл туралы Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында облыстық білім басқармасының бұқаралық спорт бөлімінің жетекшісі Нұрлан Ерболатұлы мәлімдеді.
Жарыс 2017 жылдың 10-18 маусым аралығында, Шымкент қаласында өтті. Оған Алматы облысының атынан Текелі қаласының №8 орта мектебінің 2004-2005 жылғы жас жеткіншектері қатысты. Жалпы биылғы «Coca-Cola Былғары доп» жарысы 2002-2003 және 2006-2007 жылы туған оқушылар арасында болатыны айтылды.
«Біз бұл жарысқа үлкен дайындықпен бардық. Күнде стадионға барып, балалармен жаттығатынбыз. Осы үшін үлкен тер төгіп, еңбегіміз толықтай ақталды. Басқа қалаға бара жатқандықтан көп қобалжулар болды, бірақ бізді Шымкент қаласы өте жақсы қарсы алды. Сондықтан барлығына алғысым шексіз», — деді «Сұңқар» командасының капитаны Құрмантай Арсен.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы кубоктармен және медальдармен марапатталды.
Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі
Әрі қарай