Қазақстандық самбистер ҚР Президентінің сыйлығына əлем Кубогында топ жарды

Астана жаңалықтары: Қазақстандық самбистер ҚР Президентінің сыйлығына əлем Кубогында топ жарды

Қазақстан құрамасы Астанада өткен самбо күресінен жəне ҚР Тұңғыш Президентінің сыйлығына əскери самбодан əйелдер мен ерлер арасындағы əлем кубогында жалпыкомандалық есепте топ жарды, деп хабарлайды елорда əкімдігінің медиа орталығы.

Біздің командада 13 алтын, 12 күміс, 29 қола медаль бар. Финалда қазақстандық спортшылар үш алтын және үш күміс иеленді.

Нәтижесінде біздің құрама қоржынында əртүрлі 54 жүлде. Екінші орын Грузия (7 алтын) иеленді. Ал, үшінші орынға үш алтынмен Ресей тұрақтады.

Айта кетейік, Ресей құрамасы жарыстың соңғы күні екі алтын жеңіп алып, Өзбекстанды басып озып, үшінші орыннан көрінді.

Турнир сыйлығы тоғыз салмақ дəрежесі арасында: 52, 57, 62, 68, 74, 84, 90, 100 кг жəне 100 кг жоғары əйелдер мен ерлер арасында сарапқа салынды.

Қазақстандық спортшылар əскери самбодан ерекше көзге түсті. Олар қоржынға жеті алтын, үш күміс, тоғыз қола медаль салды.

Қазақстанның əйелдер құрамасы жеңіске деген құлшыныс пен шеберлік танытты. Əлем кубогы қорытындысы бойынша оларда 3 алтын, 3 күміс жəне 11 қола медаль. Ал ерлер құрамасы 3 алтын, 6 күміс жəне 9 қола медаль жеңіп алды.

Жарысқа 16 мемлекеттен 200-ден астам самбист қатысты. Армения, Əзірбайжан, Беларус, Болгария, Германия, Грузия, Молдова, Ресей, Румыния, Турция, Өзбекстан, Қырғызстан, Оңтүстік Корея, Жапония, Тəжкистан жəне АҚШ. Басты жүлде 9 салмақ дəрежесі өкілдері -52, 57, 62, 68, 74, 84, 90, 100 келі және одан жоғары салмақта əйелдер мен ерлер арасында сарапқа салынды.

Əлем кубогы кезеңіне қатысушылар Астанада өтіп жатқан халықаралық мамандандырылған ЭКСПО-2017 көрмесін аралауға шақырылды.
Әрі қарай

Астана əкімдігі аулаларды абаттандыру жəне жөндеу жұмыстарын жалғастыруда

Астана жаңалықтары: Астана əкімдігі аулаларды абаттандыру жəне жөндеу жұмыстарын жалғастыруда

Қала əкімдігі аулалар мен орамдар ішіндегі аумақтарды жайлы ету, спорттық балалар алаңқайларын дамыту бағдарламасын жүзеге асыруда. Биыл спорттық, балалар жəне жастар жаттықтыру құралдарын, паркингтерді, тротуарларды біріктіретін барлығы 370 аула жөнделеді, 40 қоғамдық кеңістік салынады.

Əкім Есіл ауданына іссапары барысында бірнеше аулаларға барып, онда бірқатар жаңа алаңқайлар мен абаттандыру жүргізіліп жатқан аулалар ашылды.

Əсет Исекешев "Құлагер" 1, 2 тұрғын үй кешенінде жаңа ауланың ашылуына қатысты.

Кешен тұрғын үйлерді сүру бағдарламасы аясында салынған.Қазіргі уақытта аула толығымен абаттандырылған, жолдар төселген. Бұл жерде көпфункционалды жаттығу құралдары, спорттық алаңдары, сәулеттік пішіндер орнатылған. Тұрғындар мемлекет басшысына жүргізілген жұмыстар үшін алғыс білдірді.

Тұрғындарды қала күнімен құттықтау сөзінде Елбасының астаналықтардың өмірін жайлы ету, спортты дамыту, балаларға жағдай жасау, жастарды қолдау бағытында тапсырма бергенін айтты. Бұдан бөлек Е-16 көшесінде орналасқан, қазіргі уақытта 1600 пәтер салынған тұрғын үй кешенін көрді.

Жақында бұл жерде балалар алаңы салынады. Қала басшысы тұрғындармен кездесіп, қойылған сұрақтардың шешу жолдарын талқылады. Одан кейін жолдарды жөндеу, аялдамаларды орнату жылдам арада ретке келтіру бойынша тапсырмалар берілді.

Айта кетейік, күні кеше «Сарыарқа» ауданында аула ашылған болатын. Қазіргі таңда орамдар арасында аулалар мен жолдар жөнделген.
Әрі қарай

Əкім ауылшаруашылық жəрмеңкесін аралады

Астана жаңалықтары: Əкім ауылшаруашылық жəрмеңкесін аралады

Астанада азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында Солтүстік Қазақстан, Алматы, Атырау облыстарының жәрмеңкесі өтуде.

Астана қаласының əкімі Əсет Исекешев пен Солтүстік Қазақстан облысының əкімі Құмар Ақсақалов жəрмеңкені аралап, ұсынылған өнім мен жəне бағасымен танысты.

Аймақтардан барлығы 2500 тонна өнім əкелінді. Бұл — ет, сүт, өнімдері, макарон өнімдері, қант, картоп, көкөніс т.б.

Елорда тұрғындары мен қонақтарына тағамдардың 100 түрі əкелінген.

Ауылшаруашылық жәрмеңкесі екі күн өтеді. Онда Астана тұрғындары мен қонақтары базар бағасынан 15-20% арзанға азық-түлік сатып ала алады.

Айта кетейік, жәрмеңкеде əртүрлі фестивальдер, еліміздің аймақтарынан шығармашылық ұжымдар ойын- сауық, концерттік бағдарлама ұсынады.

Жыл басынан бері əкімдік осындай 20 жәрмеңке ұйымдастырды. Облыстардың басым бөлігі өз өнімдерін əкелді. Келесі аптада Ақмола, Қызылорда, Батыс-Қазақстан жəне Атырау облыстары жəрмеңке өткізеді деп жоспарланған.
Әрі қарай

Астанада алғашқы урбанистикалық форум өтті


7 шілдеде Астана қалысының әкімдігі «Қала ДНК-сы: Қауымдастық.Бизнес. Билік» алғашқы урбанистикалық форумын өткізді.

Форум Елбасының тапсырмасы аясында өтті. Негізінде урбанистика орталығы – бұл қалалық ортаны жақсартуға, қалалық зерттеулер жүргізуге, тұрғындармен жұмыс істеуге, әлеуметтік капиталды ұлғайтуға, азаматтық қауымдастық пен билік арасындағы тиімді қарым-қатынас орнатуға, қаланың ішкі ресурстарын жұмылдыруға, шағын және орта бизнесті дамытуға бағытталған жаңа құрылым.

Форумның жұмысына Рикардо Марини (Ян Гейлдің өкілі), Филипп Мейзер (неміс мектебінің өкілі), Щесна (польшалық мектеп) сындышетелдік урбанист-сәулетшілер және отандық-шетелдік урбанист-сарапшылар қатысты.

Форумның ашылуында қала әкімі Әсет Исекешев Елбасының тапсырмасына сәйкес 2020 жылға дейін қаланы дамыту бағдарламасы жөндеуден өткенін айтты. Бағдарламада тұрғындардың әлеуметтік жағдайы мен қалалық ортаның сапасын жақсартуға және халықтың табысын арттыруға бағытталған екі негізгі тетік қарастырылады.

-Бірінші бағыт бойынша қоғамдық транспорт жүйесін жақсарту, спорттық алаң, балабақшалар мен мектептер, қауіпсіздік, экология, велосипед және жаяужолдар аумағын, саябақтар мен алаңдарды, қоғамдық кеңістікті дамыту сынды 34 әлеуметтік бағытқа қолжетімділікті қамтамасыз ететін қадамдар әкімдіктің бастамасы болып табылады, — деді Ә. Исекешев.

Сонымен қатар әкім қалалық басқарма мен қызметтердің өзгерісі жөнінде, сондай-ақ урбанистика мен тұрақты түрде қаланы дамытудың жаңа алғышарттары мен міндеттеріне сәйкес «Астана басжоспар» институты туралы тілге тиек етті.

Қазірдің өзінде Урбанистика орталығы жұмыс істей бастады және ірі трансұлттық корпорациялармен бірлескен қалалық технология орталығы құрылды. Олар елорданың инфрақұрылым обьектілері мен жолдары, ғимараттардың құрылысы саласында заманауи технологияларды енгізу үшін құрылған.

Әкім әлемдік стандарттарға сәйкес жоспарлау жүйесінің өзгергені туралы айтты.

-Әкімдіктің маңызды міндеттерінің бірі — жоспар мен жаңа нормативті құжаттарды әзірлеумен қатар, қала тұрғындары үшін ыңғайлы жағдайды жасау бойынша жаңа бастамаларды іске асыру болып табылады. Мысал ретінде аулалар мен қаланың аудандарында ыңғайлы жағдай жасау бойынша қоғамдық кеңістіктің дамуын келтіруге болады. Бұл — спорттық және балалар алаңдары, жаяу жүргіншілер саябағы, «Арбат» жобасы, Қабанбай батыр даңғылы бойынша жаяужолдар мен велосипед аумақтарын құру және салынып жатқан Ботаникалық бақша, — деді Ә. Исекешев.

Форумда атақты урбанист-сәулетшілер қаланың бірегей сәулетін, еуразиялық стилін атап өтіп, бірнеше пайдалы кеңес берді. Филипп Мейзер өз алдына Еуропа мен Азия стилі мен заманауи урбанистикалық әдістемелерден құралған, Астана негізінде еуразиялық қаланың түптұлғасын жасауға ұсыныс білдірді.

Форум 5 кезеңнен тұрады. Пікірталас кезінде қатысушылар сапалы қалалық орта неден тұратынын, билік пен тұрғындар арасында диалог қалай өрбитінін айтып, қаланың экономикасын және т.б. мәселелерді талқылады. Урбанистика саласында бұндай жиын жыл сайын өткізіледі деп жоспарлануда.

Естеріңізге сала кетейік, форумды ұйымдастырған Астана қаласының Урбанистика орталығы мен Astana Art Fest-2017.
Әрі қарай

Үпілмәлік Рюссельхайм: "Кедейлікке жетудің тиімді жолдары"

Шабаттық оқуйво.

Прекөтбула
«Жұрт қатынымен ажырасам деп пәтерінен айрылып, үкіметтің қуғынымен банктегі шотынан айрылып, бала-шағасының қатыгездігінен далада қалып, немесе сол баяғы ішкіліктің кесірінен көше кезіп, оңай жолмен тезек теріп кетіп жатқанда, Үпілмәлік өңменінен өткен тақыр кедейлікке өз маңдай тері мен табандылығының арқасында жетті!». ©

Үпілмәлік Рюссельхайм: «Кедейлікке жетудің тиімді жолдары»

«Кербибімді әкелші, қане, бәбіше-ау! Қос! Ау енді, жұмыстан шаршап келгенде қоса қойш, күнім, ой, құдайдың, не қарап тұр, жынды ма!? Енді, көрсін-та Өмірзақ та!
Үстіне мініп алып әрі бері жылжы енді! Өмеке, көрдің ба мынандай дүниені? Қаз-қаз-қаз… Тұра тұр, Өмеке, бұл әлі бәрі емес. Қазір-қазір. Коробкасы қайда ебпашамайдтың?! Ау, иттің балдары, насадкаларын көрдіңдер ме, о қазір Сарашым көрсетеді бәрін… Ей, қатын-ау, бірден насадкаларымен шығармадың ба, өй сен де! Балам, әкелші ана серванттың үстінде японский сервиздің қасында тұрған насадкілерді, құлатып алма жерге! Өмірзақ ағаң көрмепті әлі! Тә-әк, тәк-тәк-тәк мынау фильтр. А жоқ. Бұл жаңағы… Әй, фильтрлері қайда бұның? Во-во, осылар ғо. Қаз, мен саған бұ бәленің сиқырларын көрсетейін. Өзі сора береді шаңды.
Көрдің ба? Қайтадан көрсетейін бе? Көрмей қалдың ғой, қаз-қаз-қазір, анау Ақтөстің астындағы боқ-боқ алашаны әкелші, балам! „Әкел“ деймін, төрге әкеле бер, ештеңе етпейді, Кербибім жуывстайд қазір!
Кәз, өзің көресің кәз, во, міне, көрдің бе? Эйғатын, былай тұршы обзорды жаппай!
Өмеке, анаң қарасайш сен, ал, ал не деп жазылып тұр?
Моторындағы жазуды оқы деймін. „Харли Дейвідсін“ деген белгіні көрдің бе?
Движогының дизайнын Харлейдің өзі жасаған көрінеді. Енді мынанығара, НАСА дегенді естіп пе едің АҚШ-тағы?
И-и-и, солардың шатлдарына арнайы ойлап табылған көмірпластик материалдардан жасалған. Ал, нақ.
Сұмдық пә? Өй, бұл қойнә! Сара, ана жылқының жалынан жасалған шоткыны әкелші мұнда, менің сақал қыратын шкатулкімнің ішінде тұр, тез давай, бегом-бегом.
Ал, Өмеке, бар ма сенде осындай? 600 мың тұрад, енесс-ай, осыны алу үшін алты ай тігілдім ғой!
Но, қазір, зато рахат, для себя ғой, Өмеке, и приятно қалай, қараш, міне… балдарға да таза ауамен демалған қандай жақсы, қайда кетпей жатқан ақша?!..
Шәй ішесің ба, Өмеке? Мә, балам, мынаны орнына апарып салып қой, құлатып алсаң, мойныңды үзем білдің бә? Ай, айтпақшы, Өмеке, біздің асханада суға немецкий фильтр орнатылғанын айтып па ем? Айтып қойдым ба не? Жоқ, немецкий екенін айтпаған шығармын ол кезде, қазір кетайскийлары көп қо? Келсейш мында, көрсетейін та, кетайскийдан айырмашылығын...»
Әрі қарай

Алматы облысында әлеуметтік идеялар жәрмеңкесінің жеңімпаздары анықталды

Алматы облысында әлеуметтік идеялар жәрмеңкесінің жеңімпаздары анықталды
«Әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесінің» жеңімпаздарын марапаттау рәсімі Талдықорған қаласында алғашқы рет ұйымдастырылып отырған Алматы облысының үкіметтік емес ұйымдары үшін маңызды іс-шара екендігін атап өту керек. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз-конференциясында айтылған болатын.
«Жәрмеңкеге қатысу үшін өтінімдер ағымдағы жылдың 20-сәуірінен 30-мамырға дейінгі аралықта қабыладанып, Алматы облысының 13 аудан мен 3 қаласынан, 29 ҮЕҰ-нан 43 жоба келіп түсті», — деді, консалтинг орталығының жетекшісі Елдар Сапаров.
Іс-шара барысында облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Мұқашұлы Омар, Қазақстан Республкасының «Құрмет» орденінің иегері, Алматы облыстық мәслихатының хатшысы, комиссия мүшесінің төрағасы Ермек Келемсейіт құттықтап, жеңімпаздарға сертификаттар табыстады. Байқау нәтижесіне сәйкес, үздік 15 жоба анықталып, 5 жобаға 500 000тг. және 10 жоба авторларына 200 000тг. көлемінде сертификаттар әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру үшін табысталды. Тағайындалған гранттардың жалпы сомасы 4 500 000 құрады.
Байқау ұйымдастырушылары атап көрсеткендей, аталмыш жоба бойынша қаржыландыру жылдан жылға ұлғайып, ҮЕҰ өкілдерінің жұмыстарына жаңашыл серпін бермек.

Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі
Әрі қарай

Қазақстандық эстрада жұлдыздары «Қамкор» әлеуметтік орталығында шағын футбол ойнайды

11 шілдеде сағат 11.00-де «Қамқор» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында қазақстандық экстрада жұлдыздары мен орталықтың келушілері арасында шағын футболдан ойын өтеді.

Жарысқа Бауыржан Исаев, Ерлан Малаев, Асқар Жайлаубаев және т.б. отандық әншілер қатысады.

Шараның мақсаты – Қазақстанда SpecialOlympic қозғалысының дамыту, орталыққа келушілерді спортқа баулу, салауатты өмір салтын ұстануға үндеу.

Ойынның қорытындысы бойынша қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерт өтеді.

Шара Ақмола облысына қарысты Алакөл ауданының Сосновый бор кентінде өтеді.
Әрі қарай

Астана қаласында Алматы облысының мәдениет күндері өтпек

Астана қаласында Алматы облысының мәдениет күндері өтпек

«Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Алматы облысының Мәдениет күндері 11-15 шілде аралығында өтеді. Осы жайлы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Алматы облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Мұқашұлы баспасөз конференциясын өткізді.
Биылғы ЭКСПО көрмесіне Алматы облысы да өз үлестерін қосуда. Оған облыс атынан 332 өнерпаз қатысады. Халықаралық маңызы бар шараның насихатталуы жөнінде көптеген іс-шаралар атқарылып, тақырыптық кездесулер мен жиындар өткізілген.
«Ел тарихында қалатын шараны тамашалауға әлемнің түкпір-түкпірінен келген миллиондаған қонақтар халқымыздың өнерімен кеңінен танысатын болады. Атап айтар болсақ Б.Римова атындағы облыстық драма театры, Сүйінбай атындағы облыстық филармониясы, «Алатау әуендері» концерттік бірлестігі, М.Тынышпаев атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейі, Көркемсурет галереясы мен Қолөнер шеберлері жақсы дайындықпен келе жатыр. Алматы облысының мәдениет күндерінің салтанатты ашылуы «Жетісу – жұмақ мекенім» шарасымен басталады. Жабылу рәсімі шілденің 15-ші жұлдызында Амфитеатрда өтеді. Осындай әлемдік маңызы бар игі істер ел мәртебесін асқақтайтыны сөзсіз. Тек бірлігі мықты елдің, келешегі зор», — деді Алматы облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Мұқашұлы.
Ел бірлігі мен әлеуеті сыналар көрмеге баспасөз қатысушылары тек сәттілік тілесті.

Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі
Әрі қарай

Астанада караокемен ән айтудан Қазақстан чемпионы анықталады

Бүгін «Бәрі ән айтады!» жобасы ақтық мәреге жетеді, деп хабарланды әкімдіктің медиа-орталығынан.

Музыкалық шараны Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен «Жастар» сарайы ұйымдастырды, деп хабарлады «Жастар» сарайы директорының орынбасары Светлана Ракишева медиа орталық тілшісіне.

Байқауға Қазақстанның әр өңірінен жасы 18-ден асқан дарынды жастар қатысты. Қатысушылар 3 топқа бөлінді, соған орай әр топтың өз жеңімпазы болады. Олардың барлығы «Караоке-2017 чемпионы» атағын алып, ақшалай сыйлықтарға ие болады, сондай-ақ байқаудың ең үздік әншісі Астана қаласы әкімдігінің Кубогін иеленеді.

«Караокемен ән айтудан байқауға қатысу үшін іріктеуден өту қажет. Іріктеуге келген 200 адамның 78-і өтті»,- деді С.Ракишева.

Іріктеу кезеңдерінде қатысушылар «Ретро», «Мультфильм әндерінен үзінді» аталымдары бойынша әндерді орындады.

«Жоғары балл алған қатысушылар финалға өтіп, әлемдік хиттерді орындайды. Байқаудың жеңімпазы ең басты жүлде – Астана қаласы әкімінің Кубогін иеленеді», — деді С.Ракишева.

Музыкалық жобаның қазылар алқасында «Жастар» сарайының директоры Сергей Солодовников, «Голос» жобасының қатысушысы Арчи Пурцеладзе, Астана мемлекеттік филармониясының солисті Татьяна Хасьянова, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Рахметжан Шамұратов, дизайнер Қайролла Әбішев төрелік етті.

Финал жеңімпаздарының есімі бүгін кешке анықталып, «Жастар» сарайының алаңында айтылады.
Әрі қарай

Астанада көшпенділер шаһары бой көтерді

Астана жаңалықтары: Астанада көшпенділер шаһары бой көтерді

Қала күні мерекесіне орай «Хан-Шатыр» ОСО аумағында этномәдени кешен пайда болды, деп хабарланды Астана қ. медиа орталық тілшісіне бұқаралық шаралардың режиссері Гүлжан Әбдібаева.

Этнокешен ЭКСПО көрмесін өткізу кезінде 10 қыркүйекке дейін жұмыс істейді.

«Бұл жерде қала тұрғындары мен қонақтары еліміздің бай тарихымен және ерекшеліктерімен таныса алады», — дейді Г. Әбдібаева.

Қалашықта көшпенділердің мәдениеті мен тұрмысына, салт-дәстүріне арналған заттық айғақтар бар. Кешеннің ішінде қолөнершілер жәрмеңкесі, қазақтың киіз үйі, шатырлар мен ұлттық асхана мейрамханасы бар.

«Сарыарқа» ауданының тұрғындарын біріктірген «Шаңырақ» ансамблі қазақ халқының «Тұсау кесу», «Қыз ұзату» сынды дәстүрі мен салтынан сыр шертеді.

«Біз көшпенділердің бай тарихын көрсеткіміз келді. Көшпенділердің тарихынан сыр шертетін байырғы жоралғылар мен өлеңдер, қызықты дәстүрлер біздің кезімізге дейін сақталған», — деді Г. Әбдібаева.
Әрі қарай