Есік қорғанынан табылған Алтын адамның көшірмесі, Жамбыл Жабаевтың домбырасы мен тұрмыста қолданған бұйымдары, Балпық бидің ұрыста киген дулығасы Астана төріндегі Қазақстан Қарулы күштерінің əскери-тарихи музейінде келушілер назарына ұсынылуда. Алматы облысының Мəдениет күндері аясында өңір мұражайларынан мұнда барлығы 231 экспонат пен Көркемсурет галереясынан 30-ға жуық картина əкелінген, — деп хабарлайды Алматы облысы əкімінің баспасөз қызметі.
М. Тынышпаев атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейі директорының орынбасары Күлəш Исабекованың айтуынша, көрмеге Талдықорғандағы өлкетану музейінің, Кербұлақ ауданындағы Шоқан Уəлихановтың мемориалдық музейінің, Еңбекшіқазақ ауданындағы «Есік» мемлекеттік тарихи мəдени қорық музейінің экспонаттары қойылған. Ал Талдықорғандағы Көркемсурет галереясы мен Жаркент қаласындағы Əбілхан Қастеевтің көркемсурет галереясынан əкелінген акварельмен, майлы бояумен қағазға, кенепке, ағашқа салынған суреттер астаналықтар мен қала қонақтарының қызығушылығын туғызуда.
Келушілерге экскурсоводтар қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жəдігерлер мен олардың тарихы туралы кеңінен əңгімелейді. Мəселен, Балпық бидің XVIII ғасырда қалмақтармен соғыс кезінде киген дулығасын ұрпақтан ұрпаққа көздің қарашығындай сақтап келген Жоламан ауылында тұратын тікелей ұрпағы 1980 жылдары мұражайға əкеліп тапсырған. Ал жыр алыбы Жамбылдың мулине жібімен тоқыған портретін 1930 жылдары Өзбекстанның он алты жасар суретшісі ақынға сыйға тартқан.
Айта кетсек, «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне орай өтіп жатқан Алматы облысының Мəдениет күндерінің аясында ұйымдастырылған тарихы сырға тұнған жəдігерлер мен көрнекті картиналар көрмесі алдағы тамыз айының 7-сіне дейін жалғасатын болады.
Бұл кішкентай балалардың көпқабатты үйлерден құлауы санының көбеюіне байланысты, деп хабарлайды елордалық әкімдіктің медиа орталық тілшісі.
Тек соңғы бес күнде Қазақстан астанасында 2 баланың терезеден құлап кету жағдайы тіркелген. Екі және жеті жастағы екі бала да төртінші қабаттан құлап түскен. Дәрігерлер олардың жағдайы аса ауыр деп бағалауда.
Терезелерден балалардың құлауы жағдайларының көбеюіне байланысты дәрігерлер ұсыныстарында балақайлар өздері ашып алмаулары үшін пластик терезелердің құрылымын өзгерту керектігін айтуда.
Шілде айының 10 күнінде балалар емханасына 1 658 емделуші барған, оның ішінде (6-9 шілде аралығында) – 663 бала. Оның 9-ы биіктіктен құлау жағдайы. 110 адам ауруханаға жатқызылған. Госпитализация нейрохирургия, травматология, күйік бөлімшелерінде жүргізілген.
Дәрігерлер елордада былтырғы жылмен салыстырғанда биыл балалардың жарақат алуы көбейгенін айтады.
Астана қаласының №2 қалалық балалар емханасының травматология бөлімшесінің медициналық көмегіне 2017 жылдың 6 айында әртүрлі жарақаттармен, сүйектердің және бас ми патологиясымен 25 485 бала жүгінген. Өткен жылы осы кезеңде 23 762 жағдай тіркелген.
Бұл балалар санының артуымен, урбанизациямен, көліктердің көбеюіне, тұрғындар санының ұлғаюына байланысты.
15 шілде «Бәйтерек» монументінің алдындағы алаңда «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында қазақстандық дизайнерлердің «EXPO FASION FEST» бірінші сән фестивалі өтеді.
Фестиваль аясында сағат 12:00-21:00 аралығында 30-ға жуық қазіргі заманғы қазақстандық дизайнер алаңда орнатылған шоу-румдарда өздерінің киім жиынтықтарын көпшілік назарына ұсынады.
Сағат 16:00-ден 17:00-ге дейін белгілі имиджмейкер Жанна Ахметова стиль бойынша тегін шеберлік сыныбын өткізеді, ал make-up шеберлері мінсіз макияж жасау құпияларымен бөліседі. Визаждан сабаққа сағат 17:00-18:30 аралығында қатысуға болады.
Фестивальдің шарықтау шегі танымал дизайнерлердің ашық аспан астында өтетін сәнді киімдер көрсетілімі болмақ. «EXPO FASHION FEST» шарасына келушілер назарына SAMIDEL, DeGuise, AYANA style, Avventurista, Ainel және Zhamili Kapanova ұлттық брэндтері өздерінің соңғы киім үлгілерін ұсынатын болады. Көрсетілім сағат 19.00-де басталады.
Айта кетейік, сәнді киім көрсетілімінен басқа фестивальді тамашалауға жиналған қауым қазақстандық эстрада артистерінің және би ұжымдарының қатысуымен ойын-сауық бағдарламасын тамашалайды, сондай-ақ, дизайнерлерден сыйлықтар мен жүлделер ұтысына қатысады.
Астана қаласында ЭКСПО Халықаралық көрмесінің аясында Алматы облысының мәдениет күндері басталды. Мәдениет күндері «Қазақстан» орталық концерт залында Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясының жəне «Алатау əуендері» өнер ұжымының «Жетісу – жұмақ мекенім» атты концертімен салтанатты түрде ашылды, — деп хабарлайды Алматы облысы əкімінің баспасөз қызметі.
Шараға Алматы облысының əкімі Амандық Баталов, Астана қаласының əкімі Əсет Исекешев, Мəдениет жəне спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы арнайы қатысып, ең алдымен зал фойесіндегі облыс суретшілері мен қолөнершілерінің көрмесімен танысты.
Концертте М.Төлебаев атындағы халық аспаптар оркестрі, «Алтынай» мемлекеттік халықтық би ансамблі, «Сазген», «Адырна», «Құлансаз» фольклорлық-этнографиялық ансамбльдері, «Талдықорған əуендері» ансамблі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген əртістері Қанат пен Айтгүл Құдайбергеновтар, Ұлжан Айнақұлова жəне басқа да əншілер өнер көрсетті.
Мазмұнды шарада Жетісудың бай өнері мен мəдениеті, көпэтносты халқының бірлігі паш етіліп, «Экспо» көрмесіне арнайы жазылған «EXPO мереке» əні мен «EXPO» биі де көрермендер назарына ұсынылды.
Жалпы Алматы облысының Астанадағы Мәдениет күндеріне Жетісу өңірінен 400-ге жуық әртістер, суретшілер, спортшылар, қолөнер шеберлері және басқа да өнер иелері келген.
Мәдениет күндері 11-15 шілде аралығында өтеді. Жетісу аймағы астаналықтарды түрлі театрлық қойылымдарымен, концерттерімен, қолөнер және суретшілер көрмелерімен, спорттық жарыстарымен қуантатын болады.
Қызыл киімді келіншек әскери формадағы жігіттің жетегіне еріп, елсіздеу аймаққа келді. Араларында ұшқындауы мүмкін алапат сезімге әуесі ауған алғыр бүлдіршін ғана уақытша кедергі болатын.
Қолына экспонат садақты ала беріп:
— Қалаған жігітімді жүрегінен дәлдеп атып түсірем ғой,-деп қылымси көзін төмен салды ару.
— Қойыңызшы, қарындас, қанша сұлу болсаңыз да, арбауыңызға түспейтін бөріктілер де бар шығар,- деп сөзге араласты әскери азамат.
— Онда ол еркектің есі, не бағытталуы дұрыс емес шығар, мырзам,-деп еркелей жымиды келіншек, нәзік қимылмен адырнаны жігітке бағыттай керіп.
Ол болса тосылмады:
— Дегенмен, сезімге бағынбайтын кісілер де бар емес пе?
— Ақ қанат арман қалықтай қияласа, ілкі сезім жебесі дітіне жетеді ғой,- деді ару.
— Эх, сөйлеу мәнеріңіз бен тіл шешендігіңізге ілесе алмай қалып жатырмын…
— Хуйня ғо, бырат, хуйня ғо,-деді де жебені жіберіп қалды келіншек.
— Э, маған бағытамаңызққхххх…
Әттең, жөнінде тұрған балақайдың ақ футболкасы бүлініп қалғаны ғана өкінішті.
13-14 шілдеде ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесін өткізу аясында елордада «Жаһандық мәселелерге жауап ретінде қалаларды тұрақты дамытудың жаңа бағдарламасы» ТМД астаналары мен ірі қалаларының Халықаралық ассамблеясының XXV сессиясы өтеді.
Сессияның жұмысына ТМД Атқарушы комитетінің,ҚХА (қалалардың халықаралық ассоциациясы) 28 мүше-қалаларының 100-ге жуық өкілі қатысады. Сондай-ақ бұл жиынға 5 халықаралық бірлестіктің, 7 ғылыми және сараптау ұйымының өкілдері қатысады.
Сессия қазіргі заманғы жаһандық шақыртулар жағдайында қаланың кешенді тұрақты дамуын қамтамасыз ету бойынша инновациялық шешімдерді іздестіруге арналады.
Сессия бағдарламасы пленарлық жиналыс пен 2 тематикалық секциядан тұрады: «Қаланың тұрақталығын қамтамасыз ету үшін ақылды технологияларды енгізу» және «Заманауи қалалану жағдайында көлік жүйесін басқару».
Оған қоса халықаралық ассоциация сессиясының қаралымында 2016-2017 жылдар аралығындағы Ассамблеяның қызметі жөнінде есеп беріледі, қалалардың халықаралық ассоциациясының басшылық құрамы сайланады, сондай-ақ аталмыш ассоциация қызметінің әлеуеті айқындалады.
Онымен бірге сессия қатысушылары ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесіне барып, Астананың Индустриалды саябағын, мәдениет, білім және денсаулық нысандарын аралайды.
Ірі қалалардың халықаралық ассоциациясы – қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша бірлесіп әрекет етуді ұйымдастыру үшін 1998 жылдың 3 қыркүйегінде құрылған коммерциялық емес қоғамдық ұйым. Ол 7 астананың атқарушы билік органдарымен және ТМД 9 мемлекетінің 19 ірі қалаларының органдарымен құрылған.
Қазіргі уақытта оның құрамына ТМД 9 елінің 87 қаласы, оның ішінде Қазақстанның 9 қаласы кіреді.
Айта кетейік, Астана 2004 жылдың 17 тамызынан бастап бұл ұйымға мүшелік етеді.
Соңғы 10 жылда бұл халықаралық ұйым 70-тен астам форум мен конференцияларды, ТМД елдерінің қалаларында «дөңгелек үстелдер» ұйымдастырды.
Астана қаласында аталмыш ұйым ұйымдастырған сессия үш рет – 2001, 2005 және 2008 жылдары өткізілген болатын. Биыл бұл сессия 4-ші рет өткізгелі тұр.
Қазіргі уақытта қалада мектепке дейінгі 263 мекеме жұмыс істейді, оның ішінде 96 мемлекеттік, 2 ведомстволық және 116 жеке, 49 шағын орта бар, деп хабарланды астаналық әкімдіктің медиа орталығынан.
Осылайша Қазақстанда алғашқы рет балабақшалар саны мемлекеттіктен асып түсті, деп хабарланды медиа орталық тілшісіне қалалық білім беру басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ануар Жанғозин.
Қазір астаналық бақшаға 46 062 бала барады. Олардың 27 193-і мемлекеттік, 14 854-і жеке бақшаға барады. Шамамен 6 мың бүлдіршін шағын орталыққа және мектепке дейінгі мекемелерге (мектепке даярлық орталықтары) барады.
А. Жанғозиннің сөзіне қарағанда, мектепке дейінгі балалардың саны туу және көші-қон көрсеткішінің өсуімен артуда. Қазір Астанада балабақша кезегінде тұрған 33 мыңнан астам бала бар. Күнделікті бақша кезегіне шамамен 90 бала тұрады (60-70 сәби туады), көші-қон есебінен 20 бала.
«Кезекті жылжыту үшін, 2017 жылы 480 орындық екі мемлекеттік бақшаны және мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында 720 орындық үш бақшаны пайдалануға беру жоспарлануда. Жақында ғана біз 1680 орынға шақталған МЖС аясында алты бақша салу жөнінде келісім-шартқа қол қойдық. Олар 2019 жылы пайдалануға беріледі», — деді А. Жанғозин.
Білім басқармасы жыл сайын мемлекеттік тапсырыспен 10 мың орындық жеке бақша ашуды қолға алды. Осылайша 2019 жылдың соңына дейін мектепке дейінгі балаларды бақшамен қамту жоспарлануда. Ол үшін 30 мың орынға арналған 200-ден астам бақша ашу көзделіп отыр.
Тек биыл 5 мыңға жуық сәби мемлекеттік тапсырыс арқылы жеке бақшаға жолдама алады.
«Мемлекеттік тапсырыс 16 мың теңгеден 23 мың теңгеге дейін артты. Күн сайын жеке бақшаға жолдама алатын бүлдіршіндердің саны артуда. Біз бұл көрсеткішті 10 мыңға дейін арттыруды жоспарлап отырмыз», — деді А. Жанғозин.
Бұл шара жүктіліктің ерте кезеңінде əйелдерді уақытында əрі сапалы тексерістен өткізу үшін енгізілген, деп хабарлайды елорда əкімдігінің медиа орталығы.
— Сапалы əрі уақытылы медициналық көмек көрсету үшін бізде емханаларда «жасыл дəліздер» ұйымдастырылды.Жүкті əйелдер үшін арнайы тіркеу бар.
Олар міндетті түрде акушер-гинеколог дәрігерге, терапевтке және өзге де мамандарға жіберіледі. Яғни ауырып жүрген басқа емделушілермен бірге ортақ кезекте тұрмайды, — деп хабарлады медиа орталық тілшісіне елордалық денсаулық сақтау басқармасының бас штаттан тыс акушер-гинекологы Халида Шарипова.
Оның сөзінше, профилактикалық тексеріс жүкті əйелдерде экстрагениталды патологияны дер кезінде анықтауға мүмкіндік береді.
— Əйелдер сау баланы дүниеге əкелу үшін, аяғы ауыр кезде кері əсер болмау үшін уақытында аумақтық емханаларға барып тұру керек, алдын ала дайындық жүргізу қажет. Өкінішке қарай, дәрігерге жүкті болған кезде ғана келеді, — дейді дәрігер.
Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мəліметінше, 2017 жыл басынан бері Астанада 6 мыңнан астам бала дүниеге келген. Орта есеппен тәулігіне елордада бүгінгі уақытта жұмыс істеп тұрған үш перинатальді орталықта 60-65 бала өмірге келеді.
Салыстырар болсақ, 2016 жылы Астанада 27 244 бала туылған. Бұл 2015 жылмен салыстырғанда 8%-ға көп жəне рекордты көрсеткіш.
«Ой-Зерек» радиобағдарламасының Астана күніне арналған арнайы жобасында (2017 жылғы 8 шілде) ойыншылар мен жүргізушілердің құрамасы 12 сұраққа жауап беріп, 10:2 есебімен жеңіске жетті. Әр ойыншы өз сұрағында жүргізушінің рөлін атқарды.
Сауалдар әлем астаналары және қазақ тарихы мен дүниетанымына қатысты болды.
By asaubota :
Қай елдің халқы астаналарын қысқаша Тана деп атайды? Ақын Агостиньо Нето бұл елді сұрақ белгісінің жанындағы нүктеге теңейді.
Аралия, Қазақстания, Гумилев, Пацаев, Байқоңыр, Қырғызия, Шумерия, Ватикана, Барселона, Википедия. Мен ненің атауларын оқып шықтым?
By Meirambek :
Х-тер — осы ғимарат құрылғыларының бірі. Бұл жұмбақ ғимараттағы олардың саны 5-еу және олар 60 градуста қозғалады. Мұндай ерешке Х-тері бар ғимараттар Астанадан басқа Париж бенен Лас-Вегаста қана бар. Ерекше құрылғысы бар ғимаратты атаңыз.
1808 жылы бір елдің корольдік отбасысы қарсылас жаудың әскерінен қашып, Х атты қалаға келіп пана тапты және өз елінің астанасы ретінде жариялады. Бұл қала 1822 жылға дейін, Еуропа тарихында Еуропа континентінде орналаспаған жалғыз астана ретінде тарихта қалды. Х қаласын табыңыз.
By Basic :
ХХ ғасырдың басында Барлыбек Сырттанов "Қазақ елінің Уставы" аталатын құжатты əзірлейді. Аталған құжаттың бір бабында елдік рəмізі ретінде қазақ елінің туын сипаттап өтеді. Қазақ елінің исламға берілгенін, байтақ даласын, азаттық үшін төгілген қанды айта отырып, тудың нақты сипатын анықтайды. Осы айтылған символдық мəндерге қарай отырып қазақ елінің сол кезде белгіленген туын сипаттап беріңіз.
1924-25 жылдары Түркістан Автономиясы ыдыратылып, орнына ұлттық республикалар құру қаулысы мақұлданады. Осы жəне басқа да себептерге байланысты Қазақ автономиясының астанасын Орынбордан басқа қалаға ауыстыру қажеттілігі туындайды. Кандидат қалалардың қатарында Ақмешіт (Қызылорда), Ташкент, Түркістан жəне Х қаласы да ұсынылды. Х қаласын ұсынған Сəдуақас Смағұлдың пайымдауынша бұл қала географиялық орналасуына байланысты астана болуы тиісті еді. Х қаласын табыңыз.
By Karakyz :
Алғаш рет Парижде көрмеге қойылып, кейін Дохаға көшірілген бұл ескерткіште Х-тер арасында 2006 жылы орын алған қақтығыс бейнеленген. Париждегі көрменің ұйымдастырушысы бұл ескерткіш туралы: "Әдетте ескерткіштер жеңісті ұлықтау үшін қойылады, бірақ бұл — жеңілістің құрметіне қойылған ескерткіш" дейді.
Ал Дохадағы көрмені ұйымдастырушы «Біз Х-терге кейде құдайлар сияқты қараймыз, бірақ бұл ескерткіш Х-тердің жәй ғана адам екенін көрсетеді» дейді.
Ескерткіште бейнеленген қақтығысты табу арқылы, Х-тердің кім екенін айтыңыз.
Керекинфо.кз порталында Х туралы жазба бар. Пост авторының айтуы бойынша, Х оның ұлына қатты ұнапты. Алайда, сұрақ авторының пікірінше, Х-те қорқыту, жануарларға қатыгездік жасау, рэкет сияқты қылмыстар сипатталуы себепті, балалар ол туралы білмегені дұрыс. Аталған жазбаға пікір қалдырған Нұрғиса никті қолданушы Х-ті негізге ала отырып: «Тауар алмасымы экономикалық категория ретінде қазақ жерінде шыққан» деп тұжырымдайды. Х-ті табыңыз.
By Нұрлан Иманғалиев:
factretriever.com сайтындағы "Қазақтар туралы 55 факт" атты мақалада қызық бір жағдай орын алған. Мақала авторы Джилл Бартоломеу қазақтың бір сөзі туралы жазып, қазақтар туралы қате түсінікке жол ашқан секілді болды. Қазақтар туралы мүлдем білмейтін шетелдіктер осы фактті көріп, қазақта белгілі бірдеңеден жасалатын тамақ түрі бар деп ойлап қалуы мүмкін. Негізінде әлемнің 7 мемлекетінде ғана бар бұндай тамақ қазақтарда ешқашан болмаған. Бартоломеу қай сөз туралы жазған?
Сана, Катманду, Вильнюс, Алжир, Х.
Х-тің орнына қай қаланың аты келеді?
By MERmukhanov :
Қазақтар үшін Альфаға тиесілі ұғым — шетелдіктер, мысалы, еуропалықтар мен орыстар үшін Бетаға тиеісілі (Яки «Альфаның бірдеңесі» және «Бетаның бірдеңесі» деген бір ұғым). Ал ол ұғымға айналадағының бәрі тиесілі. Қазақ фольклоры «Альфада Бета жоқ» дейді. Оларды атаңыз.
Әлемдегі ең суық астананың атауын әлемдегі екінші суық астанасы бар халықтың өкілі қойған екен. Моңғолияның Урга қаласын Баатор хото, яғни Батыр қала атауы күн тәртібінде тұрғанда, Тұрар Рысқұлов Улаан сөзін алдына қосып, Улааан Баатор хото қылуды ұсынады. Ол сөзді қосу шаһар атын Шыңғысханнан алыстатады, әрі Рысқұловтың және айналасындағылардың заманауи көзқарастарына қатысты. Және сұрақ авторы Улаан сөзінің қосылуынан әдеби шығармамен де аллюзия, байланыс іздейді. Ол сөз қалай аударылады?