Міне, ақтөбеліктер мен қостанайлықтардың көптен бері күткен матчы қаламыздың басты футбол алаңында өтті. Қазақстанның футбол біріншілігінде принципиалды қарсыластар ФК Ақтөбе мен ФК Тобыл арасындағы кездесулер қашан да қызық болатын. Жексенбі күні, яғни 5-нші мамырда өткен кездесу соны дәлелдеді десек артық айтпаспыз. Дегенмен, ақтөбеліктер басты мақсатқа әдемі ойыннан гөрі нәтижені қойғанын байқадым. Бірақ футболда бәрін нәтиже шешпей ме?! Біз қостанайлықтарды өз алаңымызда жеңе алдық, оған да шүкір. Енді сіздерге сол матчтан өзімнің түсірген фотоларымды ұсынғым келіп отыр. Түсірілген 1200 фотодан маңыздылары мен сәтті шыққандарын іріктеп алудың өзі біраз уақытты алатыны белгілі. Өзімнің санауымша жаман емес шыққан фотолар жеткілікті болғандықтан оларды екі фотосетке бөлуге тура келді, сонымен төменде фотолар:
ПыСы: Қалған фотоларды екінші фотосеттен көре аласыздар.)
Қазақстан футболы мерекесі құтты болсын!!!
Ағымдағы айдың 24-нші жұлдызында ел біріншілігі шеңберінде ФК Ақтөбе мен Атырау арасында өткен матчтан қысқаша фотореп.)
2012 жылғы Еуромаусымда қазақстандық клубтардың ішінде алысқа шапқаны әдеттегідей «Ақтөбе ФК» еді. Соңғы бельгиялық Генкке қарсы матчта Ақтөбе Орталық стадионының «13-сектор» фанаттар бірлігі орналасқан секторында үлкен баннер ашылды. Баннерде Ақтөбе қаласындағы орталық мешіт, Әбілхайыр хан ескерткіші және шаңырақ бейнеленген. Астындағы жазу: «ЕЛ ҮМІТІ КІШІ ЖҮЗ». Бұл сөздер шовинистік мақсатта емес, Кіші жүздің жауынгерлігі қасиеті туралы, Ақтөбенің Еуропада қалған соңғы команда, соңғы үміт екені турасында жазылған.
Ал енді осындай 2 минут қана ашылып тұратын баннердің қалай жасалатынын қарап көрейік.
14-нші сәуірде жексенбілік жұмысымды аяқтап, бірден «Футболдан облыстық балалар мен жасөспірімдер олимпиада резерві»-не тарттым. Бірінші тайм басталып кеткен екен, шамамен 10-ншы минутында бардым. Енді билет сатып алайын десем, сатушылар сатпай қойды. Неге десеңіз, стадионда орын жоқ екен. «Билет бар, бірақ орын жоқ»! Бірінші тайм кешігіп келгендер үшін осылайша тірі аудиотрансляция арқылы өтті. Амал не?! Екінші таймды күтуге тура келді. Ойынның екінші жартысы 1:1 есебімен басталды. Оралдағы жағдай қайталанды.)) Бұған да шүкір дедім де, потапаратты іске қостым. Суреттер аз шыққан жоқ, алайда фотосетке тек 30-ы жүктелінеді. Өкінішке орай, екінші таймда гол болмады. Сонымен, Ақтөбе — ақ, Жетісу — көк түсті формаларда.
Оралдағы сырттай оқуымда 30-ншы наурызда курстық жұмысымды қорғап, бірден Динамо стадионына тарттым. Кіру тегін болғандықтан, халық нық толы болды. Ақтөбеде тегін футбол болмағалы қай заман?! Болмай-ақ қойсын да.) Оның үстіне бірінші тайм өтіп кеткен, екінші тайм 1:1 есебімен енді басталайын деп жатырды. Бұған да шүкір дедім де, потапаратты іске қостым. Суреттер өте көп шықты, алайда фотосетке тек 30 сурет жүктелінеді. Өкінішке орай, екінші таймда гол болмады. Сонымен, Ақжайық — қызыл, Ақтөбе — ақ түсті формада.
Қызылорданың Қайсар футбол клубы жаңа белгі(логотип) ойлап табуға конкурс жариялады.
Әр автордан 3 белгі қабылданады.
Жеңімпазға 75000тг көлемінде сыйақы беріледі.
Конкурс 1 наурызға дейін жалғасады.
Белгі жасар алдындағы ескерту:
-Қызыл және ақ түстерді қолдану
-Міндетті түрде қасқырдың және доптың суреті болуы
-Белгіде(логотип) ағылшын тілінде клубтың аты — FC Kaysar,
қаланың аты болуы — Qyzylorda(Kyzylorda) немесе Orda
-Құрылған жылын белгілеу — 1968
-Белгінің ақырғы нұсқасы векторлық форматта болуы және де басып шығаруға ыңғайлы болуы керек
Дайын жұмыстар мына электронды жәшікте қвбылданады:alimzhan90@gmail.com
Сен салмадың мен салдым,
Қайырлы болсын сіздерге,
Бізден бұл қалған теңбіл доп.
-Уэйн Марк Руни
Қазтуғанша жырласақ: "Қайран да Қазақ футболы, Чемпион болар күн қайда?". Бүгінде 90-минут «синдромынан» кейін ұлт футболы жайлы әңгіме айтудан қалдық. Әлем чемпионатына қатысу бейне бір оқырманына жетпеген, жазылып бітпеген «поэма немесе эпопэя» секілді. Кейде кездейсоқ бір ой келеді. Алтыдағы баласынан алпыстағы шалына дейін ала доппен ауырған Еуропаға қосылмай-ақ, Азияда алшаңдай басып жүре бермедік пе деген.Қаржысын қайда жұмсарын білмеген атымтайлар ай қарап жүрген шақта, теңгеден теперіш көрген "Қайсарлықтар" ел премьер лигасына қатыса алмай отыр. Отандық аяқдоптың деңгейі қашан көтеріледі? Айтпақшы, биыл қуанышы мен жубанышы егіз қазақ футболына 100 жыл толды. 1913 жылы жас Мұхтар Әуезов құрамында болған алғашқы футбол командасының атауы «Ярыш» деп аталған-ды. Міне ұлы Мұхаң ойнаған қазақ футболы тұп-тура бір ғасырды артқа тастапты. Біз ғасырлар тоғысында неден ұттық, неден ұтылдық?
Футболға ұйқының қисапсызын құрбандыққа шалуға барлардың кейде қиялдары, армандары болады. Корифейлердің допты ұршықша иіріп, дриблингтерімен орныңнан ұшырып тұрғызатын, ертесіне «кәрістеріңмен» (корештеріңмен) жарыса тәпсірлететін сәттеріне куә болу сағат белдеуі Еуропадан анағұрлым алдағы біз үшін көп ретте қолайсыздықтармен ұштасып жатады. Ал дәл сол элит-топтағы «топтардыкін» тебіскенін өз көзіңмен көру ше?
Голландиялық қазақ футболшы Мұрат Өналдың биылғы ойындарынан топтама видео.
Биыл Қазақстанға келгісі келіп, басқа командалардың шақыруларынан бас тартқан Мұрат ұзақ уақыт командасыз қалып қойған еді. Кейін Финляндия 2-лигасындағы бір командаға өтіп, ол команданың 1-лигаға шығуына көмектесті. 12 ойында 7 гол соғып, 15 гол пасы жасаған.
Видеодан байқағаным Мұраттың техникасы және пас мәдениеті жақсы дамыған. Қазақстанға келсе немесе Ұлттық құрамаға алынса жақсы болар еді.
Бүгін таң атпай бәрі Чиншанло туралы шулап кетті ғой. Оның бәрі қойна. Спортпен басталған күн, футболмен бітпек. Еуропа алаңдарында доп додасы жалғасын табады. Чемпиондар Лигасының үшінші тур ойындары өтеді. Бүгін біраз клубтың дүбірлі додадағы болашағы мәлім болады.