Сұмырай 3,14дараздар
Футбол тақырыбындағы satibaldi браттың 3,14дараздар жайлы
жазғаны қатты ұнап қалып еді. Не үшін, десеңіздер менің футболға деген қызығушылығымды оятқан Ұлы ЗИНЕДИН ЗИДАН жайлы(Матераццидың атын атағым кеп отырған жоқ) жазғаны.
Әрі қарай


Хамелеон түсін өзгертеді демесеңіз, ағаштан ағашқа секіріп жүретін белсенділер қатарынан емес. Тұрған орнында сағаттап қимылдамастан құрбандығын күтумен болады. Ал сәті келгенде тілін жып еткізіп, жемтігін аулай қояды. «Барселона» клубының шабуылшысы Педро дәл осы хамелеон секілді. Ол ешқашан жарқырап көзге түскен емес. Голды да көп соқпайды. Әйтеуір командаға ойнайды, каталондық клубтың ДНК-сы бар демесеңіз, алып бара жатқан таланты да жоқ. Тек хамелеон секілді керек кезде, дәл уақытында қимылдайды. 
