Алматы көшесінде қалыңдықтар жүр. Қолдарындағы тақтайшада: "Қымбат бағалы байланысты төлейтін күйеу жігіт іздейміз" /Негізгі мағанасы осы/ деген жазуы бар
90 шы жылдары есімде. Ол кезде біздің ауылға кешкі 19-00 ден түнгі 23-00 дейін қостыратын маторлы генератор бар. Оның пірі ауылдағы Тұрқара ағамыз. Жарқ етіп жанғанда әжеміз «Ей көзің ашылғыр Тұрқара» деп қояды, ал сөнгенде «Көр болғыр Тұрғара» деп қоятын жарықтық. Шам намазынан кейін атам кезінің ең мықты теледидары болған лампалы «Рекорд» теледидарын қостырады. Алатыны екі канал. Орыс арнасы 1 Останкинодан «Времья» бағдарламасы мен Кашпировскийдің сеансы көретініміз. Атам мен әжемнің жасына сәйкес болуы керек белдері ауырып, табаны қызып, буындары қақсайды…
Қаншама жыл өтіпті. Кеше телеарнада «Кашпировкий Қазақстанда» дегенге есіме түсіп отырғаны. Сол кісінің өзі ме екен, әлде басқа ма? Түрі жас көрінеді. Өзгермеген…
08:30 да болған жер сілкінісінен кейін маза қашты. «Қорққанға қос көрінеді» дегендей ары бері жүрмін. Аяқтың астына оратылған мысықтың құйрыған байқаусызда басып кеттім. Ащы дауысы шығып, жылаған кейіппен далаға қашты. Ту, епты Ojdan айтып еді
«При аварии Ту-134 погибли 44 человека» және
«Выпускники простились со школой» — деп хабарлайды «Нұр» сайты
Қазақша деген аты болмаса…
"Қайнайды қаның, ашиды жаның..."
Талас өзенінің жағасында Дүнген қызына ғашық жүректен туындаған әнге бүгін назарым ерекше болды. Көп есітіп жүрген болсам да әннің шығу тарихы қызықтырды. Білетіндер әңгімелеп берсе нұр үстіне нұр болар еді…
3- сәуір. Бүгін әдеттегіден ерте тұрдым. Дүкенге шықтым. Күн жексенбі. Көңілге тартымды қазақы әуен есітіліп тұр. Көше маңында көтерме сауда орындары жайғасыпты. Күнделікті алып жүрген бағасынан әлдеқайда төмен. Ертең барлығы қымбаттайды деген қалыптасқан оймен барлық ақшама көтересіне алдым. Ұйқтап жатырмын ба? Шымшып көрдім… Жоқ, ояумын. Мүмкін емес… 4-сәуір. Телеарнаны қосып қалдым. Ұлан асыр той. Патша сайланыпты. Күнделікті жаға жыртысып жүрген саясаткерлер құшақтасып тұрып ән шырқап жатыр. Бізде оларға ән айтқызбайтын еді. «Келесі парламенттік сайлаудан бастап Парламент көппартиялы болады. Осылай біздің Конституциямызда жазылған»- деп қалса бар ма. Жоқ, мен шынымен ұйқтап жатырмын ба, әле… Бүгінгі күн бітпесе шіркін…
Сіздерге жаңа ән, караоке жинағын ұсынады. Түскен қаржы жарнамаға кеткен расходты /шығынды/ жауады деген үміттеміз.
П.С: Бонус ретінде танымал бишінің орындауындағы "Қара Жорға" биі.
Медеу аудандық сотына интернет қолданушы konvict тен
Арыз
Бүгін 20- ақпан таңертең сағат 7-00 де майлдағы блогыма «Қар жауады жапалақтап» деп жаздым… Арадан азғана уақыттан соң 3 (үш) қолданушы авторлық құқық туралы заңнаманы өрескел бұзып микроблогына «Қар жауады жапалақтап» деген менің сөзімді жазып қойыпты. Ең сорақысы соңына менің сілтемемді де қоймапты. Маған diji модемі және бір айлық төлемін өндіріп беруіңізді сұраймын.
деп ЖынД тиын істевалсаң…