Унитаз қақпағын көтеріп қою - дискриминация ма?!

Жұмыстағы немесе пәтердегі дәретханаларда, әсіресе ортақ әжетханаларда унитаз қақпағын ерлердің қайта-қайта көтеріп қою әдеттері олардың әйел қауымына қатысты көзқарасының көрсеткіші ме және бұл дискриминацияға жатады ма?! Ортақ тойлеттен шыққан ер адамнан кейін әйел адам кіріп, унитаз қақпағына қарап, оның әйел қауымын қай деңгейге қоятынын білетіндей. Ал егер ол еркек сол әйелдің танысы, досы немесе әріптесі болса ше, жалпы қарым-қатынастағы аздаған түсініспеушілікке осы да себеп болып жатса, таң қалудың қажеті жоқ сияқты. Бірақ бұл туралы ашық айтыла бермейді.
Жалпы солтүстік еуропа елдерінде ерлер мен әйелдер құқығы тең екені баршамызға белгілі. Осы аптада Швеция елінің парламенті ерлерді кіші дәреттерін отырып алуға міндеттейтін заңжобаны қарайды. Оны ұсынушы депутат Вигго Хансеннің санауынша, бұл гигиена деңгейін көтеріп, ерлер мен әйелдер теңдігін нығайтып, простата алдын алады.
Заңжоба авторларының ойынша, егер ерлер кіші дәреттерін отырып алып үйренсе, отбасыда ыдыс-аяқ сылдырлау жағдайлары азаяды екен.
Әрі қарай

Сең қозғалды. Астанада алғашқы форум өтті.

  • KazNET


Астана қаласындағы Н.Назарбаев атындағы зияткерлік мектебінде алғаш рет ІТ форум өтті. Форумның қалай өткені маңызды емес дәл қазір. Бастысы бұл көптен бері айтылып жүрген нәрсенің сөзден іске көшуі. Алғаш рет жиналдық, жұртпен таныстық, бір нәрселер үйрендік, үйреттік, жаңа идеялар пайда болды. Жастардың белсенділігі ұнады, Талғат бастаған топ өз жұмыстарын беске атқарып шықты. Бәрі риза болып кетті деген ойдамын.
Әрі қарай

Контент-менеджер, веб-редактор керек!!!

«Нұр Астана», «Түркістан», «Айқын» және «Дала мен қала» газеттеріне конвергентті редакция маманы керек (редактордың орынбасары деңгейіндегі құзыреттіліктер беріледі).
Маманға қойылатын талаптар:
1) жоғары гуманитарлық/экономикалық білім;
2) веб-редактор, контент-менеджер мамандығы бойынша 3 жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі;
3) google analytics, Яметрика көмегімен желілік медиа құралдарына сараптама жасау дағдылары;
4) facebook, twitter, vkontakte, google+, youtube әлеуметтік желілерімен жұмыс істеу дағдылары;
5) SEO және SMO оңтайландыру, SMM салаларында жұмыс істеу тәжірибесі;
6) блог жасап, жүргізу дағдылары;
7) коментарийлер мен форумдарға мадерация жасау дағдылары.
Әрі қарай

Немістердің қазақтарға таратқан листовкасы

Соғыстың алғашқы айларында немістердің қазақтарға таратқан листовкасы. Бұл листовканы Түркістан легионы туралы постыма суреттер іздеп отырған кезде тауып алған едім. Енді соны бөлек бөліскім келіп отыр.

Әрі қарай

Өзім туралы




Аллах тағала атымен бастаймын,
Ашамайлы Керейдің ер ұлымын.
Ризамын туғаныма адам болып,
Жұматайдың тұңғышы — Самат деген.
Кіндігім Есілкөлда кесілген жер,
Еркімше қол-аяғым көсілген жер.
Шешем-Баян, әкем-Жұматай-Зәкір,
Адам қып, мендей ерді-өсірген жер.
Арысы Орта жүзде Керей затым,
Үш жүзге мәжһүр болар Самат атым.
Мұхаммед-Ханафия да болған атым,
Самат деп атап кеткен мені халқым.
Атамыз имам және батыр болған,
Ермек-ұлы атам әулие болған.
Жұматай-әкем атын баяндайын,
Самат-өз есімінді атам қойған.
Руы нағашымның-Шоға Уақ деген,
Қонысы Омбы-Қасқат мекен еткен.
Атам-Қазбек, ағам-Имам Асылбек,
Анам бірге туған інісі екен.
Ел білетін азаматтың келбетімін,
Қызылжардың еске алар перзентімін.
Демеймін асыл туған орасанмын,
Өнерге талайларға таласармын.
Қызылжардың көп халқына ардақтымын,
Жаны адал көп жанның қымбатымын.
Қадірлеп силай білсе бір басымды,
Ағайын ел – жұртымның бақытымын.
Ағайын ел жұртыма баладаймын,
Силаса арқа сүйер панадаймын.
Бір пәле бастарына түсе қалса,
Сөнгенше қамын ойлап алаңдаймын.
Ер жігітке мен болар панадаймын,
Тәрбие үлгі алатын данадаймын.
Өзімнен ақыл сұрап – іздеп келсе,
Алдынан қарсы шығар ағадаймын.
Жақсының ақыл сөзін мақұлдаймын,
Дос болуға қол беріп жақындаймын.
Қадірімді білмеген, кей адамға,
Өз бойымды үйретпей жатырқаймын.
Кейде мен досыма да тосындаймын,
Бір көрген жанның кейде досындаймын.
Сырымды бір көргенде білдірмеймін,
Тосқа да, досқа да осындаймын.
Баласы Жұматайдың Саматымын,
Ешкімге зияным жоқ жүрген жанмын.
Адамға өзім деген бас имеймін,
Өзім өлкетанушы кімнен қормын?
Саматтан өтіп жатыр өмірбаян,
Сіздерге өлең сөзбен еттім баян.
Мақтанатын айта салған сөзім емес,
Өмірім өсіп өнген бәріңе аян.
Осылай мен өзімді баяндадым,
Есімнен ұмытылмас туған жерім,
Сыйынып аруағына бабалардың,
Есімнен ұмытылмас аталарым.
Әрі қарай

Құмырсқалар. Узурпатор ханшайым


Кей құмырсқалардың арасында уақытша әлеуметтік зиянкестік құбылысы кеңінен тараған. Бұндай құмырсқалардың ұрғашылары майдалау болады, және өздігінен жаңа отбасын құруға қауқары жетпейді. Жаңа отбасын құру үшін олар құмырсқалардың басқа түрін қолданады. Мәселен,
Әрі қарай

МҰНЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР


ДЖУЛИЯ КУИН «ЯРЧЕ СОЛНЦА» махаббат жайындағы қызықты романдардың бірі. қысқаша мазмұнын айтып өтсем. Қыздарға егер сымбатты «кавалер» аяғына құлап, үйленуді ұсынса қатты ұнайтыны сөзсіз. Ал егер де сол кавалер тура мағынада қыздың аяғына жақындағы бір ағаштан құласа не болмақ?! Таныстықтарының өзі осындай оқиғамен басталатын Чарлза Уиком, яғни граф Биллингтон мен Элеонора Линдонның алдарында не күтіп тұр екен. Бірін бірі танымайтын бұл адамдардың ортақ қайғысы табылып, сол арқылы өмірлік жар болып кетеді. Бірі әкеден қалған мұраға ие болу үшін, енді бірі өгей шешенің қармағына ілінбеу үшін үйленулеріне тура келеді. Бірақ, есеппен құрылған некелері әрі қарай махаббатқа ұласатынына сенесіз бе?! Қалайша некелескен жат адамдар бір біріне ғашық болады?!!! Оларды алда не күтіп тұр, деген сынды сұрақтарға осы романнан ӨТЕ ҚЫЗЫҚТЫ жауап аласыздар. оны мына сілтемемен жүктесеңіздер болады. www.ladylib.net/anonsi/istor/kuin_dzhuliya_yarche_solnca.php
Әрі қарай

Қуаныш Мағзуов «.қаз» домені – Қазнетті тұншықтыратын дүние

  • KazNET
Қуаныш Мағзуов– Қуаныш, өзің блогосфераға қалай келіп жүрсің?

– Блогосфераға 2007 жылы шілде айында, «Мәссаған» сайтының дүркіреп тұрған кезінде келдім. «Мәссаған» – сол кездегі қазақ тілді азғантай сайттың бірі-тұғын. Өзіме керекті ақпараттарды сол жерден алып отырдым. Сайт арқылы бірнеше кісімен онлайн арқылы таныстым. Бір күні «Мәссағанның» админі – баянөлгейлік Бақытнұр Бәйтелдің уордпресстегі блогына тап болдым. Қазақ тілді блогшылардың бар екенін сол кезде біліп, тұрақты оқырманына айналдым.

– Ең алғаш оқыған блогтарың есіңде ме?

– Алғаш оқығандарымның ішінде Асхат Еркімбай, Бақыткүл Салық, Жанарбек Матай, Эльвираның аспаздық блогы, Томирис деген қыздың қазақтың ұлттық ою-өрнектері, салт-дәстүр, әдет-ғұрыпына байланысты блогы бар. Әр саладағы блогтарды оқып жүріп, кейін өз блогымды ашуға қызығушылығым оянды. Оған түрлі аудармаларды орналастырдым, өз өмірімдегі қызықты жағдайларды жазып отырдым.
Әрі қарай