Жас ақын: сенің назарбыңа!!!

Керекинфо.Кз сайты — ақындар алғаш самғайтын алаң емес.
Иә. Сонымен бірге богадельня, шіркеу, тегін ыстық тамақ үлестіретін автобус, т.б. атауы қайырымдылықпен бірге аталатын гуманитрарлық-гуманистік ошақ емес. Қанат бітіріп, демеп
Әрі қарай

Бұл не жәндік?


«Әлемде талай қызық бар» деген В.Мезенцевтің кітабы бар еді ғой, бұл жәндікті одан да кездестірген жоқпын. Білетіндер «дүниеде тіршілік етеді» деседі. Егер осы жәндіктің қазақша атауын тауып беретіндер бар болса «сыйлық» бар.… деееп бөсіп отырсам ә?!
Әрі қарай

Табиғи тастардан handmade білезіктер

Білезік өте жақсы көремін , бұрындары универде оқып жүргенде түрлі-түсті жіптерден өріп -тоқып жасайтынмын, енді қызық болсын деп табиғи тастардан жасадым , аттарын орысша жаздым, себебі қазақшасын білмейді екенмін.

жасыл авантюрин, сваровски кристалдары, қола түсті фурнитура


Әрі қарай

Заттыбек Нартәуекел үлкен қатені байқадым.

Ауылдан апам келген.Күнде Заттыбек.Әбден зығырданым шықты.Ескертіп қойяын Заттыбекті мен ұнатпаймын.Сомен не керек Нартауел өлеңін қосты, тыңдаватрмын-тыңдаватрмын и бір қатені байқадым.Ол қате мынау:

Белді тәуекелге байладым.дейд!

Қазақтар белді тәуекелге бел байлайма әлде тәуекелге бел буама.Меніңше тәуекелге бел буатын сияқты.

Ән

Әрі қарай

Менің жастық шағымның әндері)))

Нұрлан Өнербаевтың орындауындағы Кеңес Дүйсекеевтің "Қарағым-ай" әні. Бұл ән мен тоғыз оқып жүргенде шықты-ау деймін. Сәке Қалымов айтты, бірақ Нұрлан Өнербаевтың орындауында маған көбірек ұнайтын.



Нұрлан Өнербаевтың орындауындағы Мұрат Құсайыновтың «Сұлулық» әні. Жақсы көрем осы әнді. Автор өзі де орындайды, бірақ таба алмадым.



Тағы да Нұрлан Өнербаев. «Мен сені сағыныппын». Авторын білмейм. Бірақ осы әнді естісем, жүрегім елжіреп, көзіме жас үйіріліп, қыз күнім есіме түсіп кетеді)))

Әрі қарай

Қарға қазақша сөйлей ме?

Бүгін "Қазақстан" ұлттық арнасынан Қарағанды облысының Егіндібұлақ елді мекеніндегі тосын (бұларда үйреншіктіге айнала бастағандай ма?)құбылысты тамашалай аласыздар. Тау жарылып, бұлақ теріс аққан түгі жоқ. көктемде ұя салып, жұмыртқа басып, балапан шығарған кәдімгі қара қарға «Алла-Алла» деп дыбыс шығарып, тіпті азан шақыратын көрінеді. Балапандары да осылай дыбыстайды екен.
Әрі қарай

Ұнатамын/Ұнатпаймын

Ұнайды:
Кеш жатып, ертеңінде сағат он екіге дейін ұйықтау, жаңбырлы күні ешқайда шықпау, жақсы бір корей сериалының қызығына кіріп, күні бойы соны қарап тастау, жақсы бір тақырып тауып, блогқа жазба жазу, «бір адамның» қалжыңдары, жалпы суырып-салма қалжыңдайтын адамдар, отырыстарда гитарада, домбырада романтикалық әндерді тыңдау, өзімнің таңертең боянып шыққандағы түрім, ақылды, терең адамдармен әңгімелесу, адамдардың кішіпейілділігі, мейірімділігі, жұмыстан қарның ашып келгенде мамамның дәмді тағам жасап қоятындығы, бір әнді ұнатып қалып, соны мың рет тыңдау, істелген жұмысымнан ләззат алу, Сатыбалды.

Ұнамайды:
Аяқ астынан топас бола қалатын адамдар, жмоттар, өркөкіректер, бай адамдар (олардың жанында өзімді некомфортно сезінемін), мәдениетсіздік, мәмбеттер, асфальтқа түкіретіндер, кондукторлар, таңертеңгі қара суық, әділетсіздік, жаныңа кіруге құмар адамдар, мақтаншақтар, көп білгішсінетіндер, қыздардың мәселесін шешуге құмар жігіттер, мүлде кітап бетін ашпайтындар, агентке қате жазатындар, сонымен қатар агентте күнде «сәлем», "қал қалай" деп жаза беретіндер, қашан тұрмысқа шығасың деген сұрақтар, бой-бітімімді сөз қылатындар, мияу-қыздар, біреумен ұрсып қалып, келіп жалоб жасап, біраздан соң сонымен қайта шүйіркелесіп отыратын қыздар (оның алдында маған келіп не үшін жалоб жасадың?), өте түзу адамдар, "қазіргі жастар, қазіргі адамдар" деп сөйлейтіндер, мини юбка кисе бітті — бұзылған деп қорытынды жасайтын адамдар, радикал діншілдер.
Әрі қарай

Дабай, мықтыларды анықтайық!


www.dabai.kz
«Дабай» сайты қайта оралды, жаңа форматпен. Бұрыннан бар формат қой, тек қазақша нұсқасы жоқ еді. Соны өзімше істегендей болдым, орыстардың скриптімен.

Сайтта брендтар, адамдар, заттар, оқиғалар, жерлер т.б ойыңызға келген неше түрлі нәрсені салыстыруға болады.
Әрі қарай