Қарға қазақша сөйлей ме?

Бүгін "Қазақстан" ұлттық арнасынан Қарағанды облысының Егіндібұлақ елді мекеніндегі тосын (бұларда үйреншіктіге айнала бастағандай ма?)құбылысты тамашалай аласыздар. Тау жарылып, бұлақ теріс аққан түгі жоқ. көктемде ұя салып, жұмыртқа басып, балапан шығарған кәдімгі қара қарға «Алла-Алла» деп дыбыс шығарып, тіпті азан шақыратын көрінеді. Балапандары да осылай дыбыстайды екен.
Бөлісу:

41 пікір

asaubota
тақырып атын дұрыс қойғаныңда оқушы саны да көп болар еді.

p.s айып етпе бауырым, просто қыздар ренжіп жатыр тек қыздарға ғана ескерту жасайсың деп. тағы да кешірім сұраймын сені құрбандық қылғаныма.
Abilakim
анау-мынауға ренжімейміз. Тақырыпты түзей салу қолдан келеді
satibaldi
Оңшыл бекболатист.
Zhan
Оңшыл бекболатист. — Мынадай терминді ойлап тапқан Сатыбалдының кереметтігі қарғадан кем түсіп тұрған жоқ   
Abilakim
«Еркек тоқты құрбандық, атам десең атыңдар!»-Қайрат Рұсқылбеков рөліндегі Гаста кейіпінде
nurbergen_makym
Логопедке бару керек шығар, бұ қарғаға.
VKM
 ТВ-де солай деп пе?
nurbergen_makym
ия, интервью беріпті, араб тілінде…
Qojeke
Лібәә, нахқа қазақша сөйлейді деп жүрміз қарғаны?
nurbergen_makym
Негізі, бірер сөз үйренуге ыңғай танытатын құстардың ішінде қарға да бар ғой.
patick
Қой, өзім «Алла» деген қарға көрмеппін. Жалпы қарға, соның ішінде ұзақтар естігенін қайталай алады дегенді естіп (әлде, оқып) едім. Сондай бірдеңе болмаса.
izbasar
Алахтың барын еске салғандай.
satibaldi
Алахтың барын еске салғандай.
Ты болен, ямщиииик!!!
Qojeke
«Алла-Алла» деп дыбыс шығарып
десең, орысша да біледі ме? деймін.
тіпті азан шақыратын көрінеді.
дегеніңде, арабиялық қарға болар дедім  

Лібә, тұрып сиетін тышқанды да қазақ қылып аламыз иа
satibaldi
Анималист-зороастрист.
Zhan
Тақырыбын «Араб тілінде интервью берген қарға» деп қоюың керек еді, Әбіләкім   
satibaldi
Тақырыбын «Араб тілінде интервью берген қарға» деп қоюың керек еді, Әбіләкім
Хазіреті Әлишілдердің солшыл ағымы.
serjan
Осындайды қою керек Аллах өзінің бар екендігін өзін еске алу керектігін қарға арқылы білдіреді дегенге мен сенбеймін. Сонда солай шақырған қарға қасиетті ме? Аллахты әр адам өз жүрегімен таниды. тани алмаса оған қарғаны араластырмау керек.
nurjanbay
танысайш онда. не істеп жүрсің?
nurjanbay
бірде Мұса пайғамбарға ой келіпті: «Мен Алланы 99 атын атап зікір салам. Менен асқан ешкім жоқ шығар», — деп. сонда Мұсаға құдайдан аян келеді: «Ей, Мұса, осындай таудың етегіне бар», — деген. содан Мұса пайғамбар жолға шығып, айтқан жерге келеді. Қараса бір үлкен ағаш бар екен, түбінде сылдырлап бұлақ ағып жатыр екен. басын жоғары көтеріп қараса ағаштың басында бір құс Алланы 1000 есімімен зікір етіп отыр екен. бұны көріп Мұса пайғамбар асылық ойлағанын түсініп тәубесіне келеді. сосын құстан сұрайды: «Не арманың бар?» — деп. құс айтады: «Төменде сылдырлап ағып жатқан судан шөлімді қандырып бір ішсем деп армандап отырмын, тілім аузыма сыймай кеуіп кетті» — дейді. «Олай болса неге ішпей отырсың?». құс айтады: «Егер су ішуге төмен түссем Алланы зікір етуден тоқтап қалам деп қорқамын» — деген екен.
***
қарғаның өзі «Алла» деп Ұлы жаратушы Раббымызды еске алады. ал адамдар ғапыл.
serjan
Бұл тек мысал әңгіме басыңды істетіп ойласаң бұлай болуы мүмкін емес, Құлшылық етуді Аллах тек адамдарға ғана парыз еткен, мақұлықтарға парыз етілмеген, өйткені адамға Аллахты тануға жететін зейін берілген.
nurjanbay
жүр ғой адамдар сол зейінін пайдаланбай. оның қасында қарғаның «Алла» деуге тілі келеді.
бір күнде неше рет «Алла» деп айтасың? Мен, менікі, маған, менде, менің, ақша, доллар, жұмыс, жаным, ше..., бі..., на..., яп… тағы басқа сөздерді мыңдап айтылатын шығар.
satibaldi
қарғаның өзі «Алла» деп Ұлы жаратушы Раббымызды еске алады.
Символист. Ширк.
Ahi
Мұса пайғамбар өзі айтып берді сізге әлде басқа бір жерден оқыдыңыз ба? Сіздің жазатын коменттеріңізді байқап қарасам, бір дәлел жоқ бөсе береді екенсіз Аллаһтың дініне жалған әңгімелер енгізіп. Негізі христиан болсаңыз, атақты христиан болар едіңіз
NegoiMengoi
Сонда ол қарғаға сөйлесіп, түсіндіріп тұруға болады да, су ішіп келіп жалғастыруға болмайды ма?
adilet88
Қарға КНБ-нің қара тізіміне ілінген шығар
KILYZAMAN
Жалпылай келе, пенделердің пендешілігі шығар деген күдіктен басқа ештеңе жоқ.Технология болса өзінше шіренеді
satibaldi
Баптист.
KILYZAMAN
Оттап алуыңа мүмкіншілігің әлі бар. Күздік дәнектермен, қурайға айланған өсімдіктерге абай бол! Қақалып қалма! Арасындағы қиларды жем көріп сілекейіңді ағызба… Не көп — жануарлар(мал) көп.
e_zhalgas
әңгіме не туралы?!  
пы.сы. бақсам, Сатыбалды диагност рөліне кірісіп кетіпті ғо!
пы.пы.сы. ертең шошқа да өз даусынан өзгерек, бірақ ыңгуа-ыңгуа тайпасының қасиетті тіліндегі жаратушының кезекті есімін елестетін дыбыспен аңырай бастаса… әй, қойш соны.
izbasar
Күніне Алланң есімін аузына алуға жарамай жүргендерге сабақ болсын дегені.
Ahi
Ағайындар, Аллаһтың бар екенін осы жерде отырғандардың бәрі біледі, оны Аллаһ Тағала адамды жаратқанда табиғатына салып жаратқан. Оны тек менменшіл, тәкәппар адам ғана аузымен ғана жоққа шығарады, жүрекпен емес, себебі, әрбір адам жүрегінде Бір Құдайдың бар екеніне анық сенеді. Аллаһтың бар екенін мойындау былай тұрсын, өзін құдаймын деп жариялаған перғауын туралы Аллаһ Тағала былай дейді: «Ол: “Мен – сендердің жоғарғы раббыларыңмын”, — деді» (Нази`ат сүресі, 24-аят). Адамдардың не ойлап тұрғанын білетін Аллаһ Тағала перғауын жүрегінде неге сенгенін анық, айқын түрде: «Олар зұлымдық пен менмендіктің себебімен теріске шығарған еді, ал іштерінде анық сенген» — деген(Нәмл сүресі, 14-аят). Тағы да Аллаһ Мұсаның Перғауынға айтқан сөздерін жеткізіп: «Расында, сен бұларды түсірген, аспандар мен жердің Раббысы екенін білесің», — деді (Исра сүресі, 102-аят).
Сондықтан, бір таңғажайып нәрсе көрсеңіздер немесе таңғажайып деп ойлаған нәрселеріңізді «Аллаһтың бар екеніне дәлел» деп келтірмей-ақ қойыңыздар, себебі Аллаһ Өзінің бар екенін білдіріп қайтеді, перғауын да, шайтан да Аллаһтың бар екенін біледі. Сол сенімдері енді оларды Тозақ отынан қорғады ма? Жоқ! Сондықтан, жәй Аллаһтың бар екенін білсем Жәннатқа жайғаса береді екенмін деген ойдан аулақ болыңыздар!
Dinara
Қарға ұқсап дауыс шығаратын бақсыны көргем  Кәдімгідей әдемі, жағымды дауыспен зікір айтып отырады да, хақ хақ деген дыбыс шығарады. Өз құлағыңызбен естісеңіз енді шошып кетесіз. Осы жазда Арыстанбабқа бардым, Астанадан қонақтар келіп, түнейміз деген соң. Түнде мешіттің ішінде құптан оқып жатқанда, сырттан осы дауыс шықты. Барлық әулие, бабтарды атын атап тізіп жаңылмай айтып шығады. Арасында жаңағы хақ хақ дейді. Кей жерінде бір екі рет айтса, кей жерінде ұзағынан айтады. Сыртқа шыққан соң кім екен деп қарағым келді, тура Арыстанбаб мазары есігінің алдына отырып өлеңдетіп отыр. Қасында бір адам отырғанға екеуі кезекпен айтып отырған шығар деп, жақын барып қарасам, әлгі апа бір өзі жаңылмай екітүрлі дауыс шығарып отыр. Артында ұйып тыңдап отырғандар мені жақтырмай ала көзімен атқан соң, ұзақтау қашып кеттім.
Сосын кетіп қалдық, Арыстанбабтың жанына Тимур Құлыбаевтың әкесі керемет мешіт салдырып қойыпты, соны айналып көріп, қонақүйге қарай қайтқанша шаршамай бірнәрселерді оқып отырды әлгі апа. Тып тыныш түнде дауысы жаңғырып шығып тұрды.
Қонақүйдегілерден келіп сұрасақ, ол пәленше апа ғой, Бақсы фильмі соған арналып түсірілген, ішімдікке салынғандарды үңгірге салып емдейді, атақты ғой деді.
Үйге келген соң, интернеттен қарадым «Бақсы» фильмін, (Нұрлан Әлімжанов ойнайды екен ).
Анығын бір Алла біледі, ол кісінің бойындағы қандай күш екенін енді…
zholantai
«Алла, Алла»-ны қайдам, «ақымақ, ақымақ» деп сөйлесе, сенер едім))))
Ereimen
Егер түсінген адамға адам ғана емес бүкіл жанді жансыз мақұлықтар Алланы еске алады, қателспеңдер ағайын…
Әлемде еш нәрсе Алланың құдыретінен аса алмайды барлық әлем Қасиетті Алланың жаратуы…