Кінәлама (Мейрамбек Беспаев)



Сен неге мені айыптайсың, жарығым?
Келмеген еді қателікті танығым.
Пендеге нені бұйрық етсе тәңірім,
Қабыл алар тағдыр әмірін.
Тұйықталғаным жылдар жазған заң шығар,
Биікте арманым, оған да бір ән сыңар.
Сүйіп қалғаным жүрегімде жаншылар,
Қош айтысып көзге тамшылар.
Әрі қарай

Интернет пен дүкен

Өз тәжірибем:
“ Дүкенге бармас бұрын алдын ала не алу керектігін ойлайтының тәрізді, инетке отырмас бұрын да қандай шаруалар атқарғалы отырғаныңды алдын ала белгілеп алған дұрыс. Дүкенге кездейсоқ кіріп, қажетсіз бір зат сатып алғаның тәрізді, инетке де ерігіп келсең шығынға ұшырайсың”.

Мақала сілтемесі: http://urimtal.wordpress.com/2011/02/25/%d0%b8%d0%bd%d1%82%d0%b5%d1%80%d0%bd%d0%b5%d1%82-%d0%bf%d0%b5%d0%bd-%d0%b4%d2%af%d0%ba%d0%b5%d0%bd/
Әрі қарай

Ғасырдан да ұзақ күн

Мен бүгін реалда не бітірдім? (сайыс): Ғасырдан да ұзақ күн
***
Болашақ жарнамамыз ілінетін жерге барып, ауаны қармап, бос кеңістікке ойша сурет салып, біраз жерге барып қалдық. Тіпті жарнаманы іліп кетіп бара жатқандай сезім келді. «Ауызбен егін ору» деген осы шығар.

***
Түске жақын күдікті күбірлер, сыбырласулар көбейіп кетті, тіпті біреулер ыммен сөйлесіп кетті. Түсте белгілі болды: әлі алынбаған мебельді кабинет-кабинетке астыртын бөлісіп жатыр екен. Сол да өмір боп па-ау.

***
Ал түсте ашық конфронтация басталды. Себеп: дүкеннен қазір ғана әкеле жатқан оргтехникаға шайқас екен. «Саған принтер керек пе?» деді майдан алаңынан біреу мойнын созып. «Білмейм» дедім. «Керек емес онда» (?!) деп, мені тізімнен сызып тастады. Сол да өмір болыпты ма десейш.

***
Өте-мөте сенімді делінетін, жылда лицензиясына қоралы ақша төленетін бір бағдарламадан ши шықты. Көшіп кете жаздадық. Ол былай болды.
Екі аптадан бері көрсеткіштерін жанама тексеру арқылы, ауытқу бар сияқты екенін байқадым. Бірақ сенімсіз болып жүрдім. Себебі, тұтастай мекеме екі жыл бойы пайдаланып келсе, дұрыс шығар дедім.
Бірақ бүгін шыдамай, Қарағандыдағы программаны жасағандарға телефон шалдым. Телефонды көтергендер маған сұмдық жаңалық ашты. «А мы и не гарантировали сверхточность, причем в спецификации сразу же указали, что погрешность можеть быть в пределах 25 процентов» дейд!!! Яки деймін де, сен біреуден 100 000 алуың керек болса, 75 000 деп көрсетуі мүмкін!!! Осы жүйенің көрсеткен параметрлері бойынша, талай адам жұмыстан қуылған, талайлар марапатталған. Әне қайда тақырып! Не бетімді айтайын: бұғалтырлар табақ пен тоқпағын алып, отты айналып билеп жүр: екі жылғы қағаздардың барлығын қайта көтеріп жатыр.Бұл ауытқуды әдейі байқамаған деген де күдік жоқ емес, әлдекімге тиімді болған сияқты. міне жігіттер мен қыздар, бүгін осындай бәліш!!!

***
Корпоративтік компьютерлік сауатсыздықты жою туралы мәселе көтерілді. Көз алдыма 1920 жылдардың, сауатсыздықты жаппай жою науқаны кездеріндегідей сабақта отырған кемпір-шалдардың плакаты келді.

***
Ертеңгі күннің жұмыстарын елестетіп, діңкем құрып тұр… «Ма*мааа»…
Әрі қарай

Гераклдың жетінші ерлігі: Крит бұқасы.

Грек мифологиясы: Гераклдың жетінші ерлігі: Крит бұқасы.Гректердің құрлығында жабайы аңдар мен қаһарлы құбыжықтар қалмады. Бәрін Геракл жойып тауысты. Ал Эврисфей теңіздің ортасында орналасқан Крит аралына барып, ол жерден Микенаға Посейдонның бұқасын алып келуді тапсырды. Теңіздер құдайы бұл бұқаны құрбандыққа шалу үшін Миносқа тарту еткен болатын. Алайда Миносқа бұқа қатты ұнап қалды. Сондықтан пенделер ішіндегі айлакерлердің бірі саналатын Минос өзінің басқа бұқасын сойып, ал құрбандыққа арналған бұқаны табынына қосып қойды. Бұны біліп қалған Посейдон әлгі жануарға құтырма ауруын жіберді. Бүкіл аралмен жүгіріп жүріп, бұқа егістіктерді таптады, мал үйірлерін бытырата қуды, адамдарды өлтірді. Эврисфей Гераклдың бұқаға әлі жететініне сенімді болса да, оны құрлықпен емес, су арқылы қалайша тірілей алып келетініне күмәнді болды. “Қандай кемеші өзінің қайығына құтырған бұқасы бар жолаушыны мінгізуші еді?!” – деп ойлаған Эврисфей қастана күлді.
Әрі қарай

Гераклдың ерліктері. Алтыншы ерлік: Авгийдің атқорасы (Екінші нұсқа).



Стимфалия құстары Пелопонесте жаратылған құбыжықтардың соңғысы болды, Эврисфейдің билігі Пелопонестен әрі жүрмегендіктен, Геракл патшаға қызмет көрсетіп болдым деп ойлады.

Алайда Гераклдың ғаламат күш-қуаты тектен-текке өмір сүруге мүмкіндік бермеді. Ол ерліктер жасауға құмартты, ол тіпті Копрей келгенде қуанып кетті.
Әрі қарай

Wikileaks: жаңа, поп-секрет жанры

"...Қызыл кітап, бұл өзі — қызық кітап:
Сырты — жұқа, ал іші — қалыңырақ..."
© Қадыр Мырзалиев

Осы сайт жаһанды дүрліктіріп, дегбірімізді қашырды. Қалтырайтын жөніміз бар: енді Обаманы өз арамызда «қарабала» деп айтудан да қалатын түріміз бар.


Поп-тарих

Кімнің есінде болса, 90 жылдардың аяғында – 2000 жылдардың басында, кейін «фолькс-хистори», «поп-тарих» деген баға алған жанр қалыптасты. Ендігәрі бір ауыз тұжырым жазу үшін, мұрағат қопарып, қайсыбір ғасырдағы қабірді қазып, дулыға-сауыттардағы бедерлерді тіміскілеудің қажеті болмай қалды. Отыра қаласың да, Манаш Қозыбаевтың көзін ала беріп, жазып тастайсың. Ең қызығы: бетің бүлк етпейді.
Поп-тарихтың зерттеу аппараты да қызық еді. Ол тіпті сөздердің ұқсастығына да сүйеніп, фундаменталды тұжырым жасай беретін. Мысалы, Суворовты орысқа қимай тұрсаң, аласың да – «атасы Суыр деген қазақ болған екен» дей саласың. Тұжырымның сырттай абсурдтығына қарамастан, осындай «тарихпен» бір толқын өсті десе болады. Айтпақшы, Астананың қақ ортасында «телевизорды ойлап шығарған қазақ екен» деп жүрген біреу бар. Сірә, поп-тарих жанры әлі де жалғасын тауып жатса керек.
Әрі қарай

Гераклдың ерліктері. Алтыншы ерлік: Авгий патшаның мал қорасы (Бірінші нұсқасы).

Бүкіл Элида жерінде ғана емес, Пелопоннесті тұтастай алғанда Гелиостың ұлы Авгий патшадан бай адам болмаған екен. Оның мал қорасында бұқалардың өзі бес жүзден асатын. Әр бұқаға он бас сиырдан келді, ал әр сиыр жыл сайын бір бұзаудан әкелетін. Авгийдің орнында басқа біреу болса көрші патшалармен байлығын бөлісіп немесе бұзауларды малшыларға таратып берер еді. Бірақ бай болған сайын сараң бола түседі деп бекер айтылмаған ғой. Авгий мал ауласын берік қоршаумен қоршап қойды және малын ұрлатып алудан қорқып күн сайын оларды санаумен айналысты. Бұқалар бір орында тұрмағандықтан, Авгий есептен жаңылып, оларды қайтадан санай бастайтын. Сондықтан да малдың тезегін тазалауға уақыты болмады. Бұзаулар қоймалжың қиға бата бастады, бірақ Авгий бұған мән бермеді. Ол санаудан басқа ештеңе істемеді.
Әрі қарай