Қазақстан қашаннан туризм державасы еді?
“Халық сөзі” газетіндегі қызық бір блок байқадым “Қызық дерек” деген. Соған сенсек өткен жылы елімізге келген шетелдік турист саны 16,6 млн екен.Халық сөзі бұл санды қайдан алды екен деп іздестіріп қайттым. Сөйтсем Статистика агенттігінің мәліметі сондай екен. Бірақ ол жерде егер дұрыстап оқитын болсаңыз былай делінген:


Экономика — гректің «oikonomos» — «жеке шаруашылықты/үй шаруашылығын басқаратын тұлға» деген сөзінен шыққан(«one who manages a household» дегенді аударған түрім). Бір қарағанда экономика мен хаусхолд екеуі байланысты секілді көрінбеуі мүмкін. Дегенмен күнделікті нанды кім пісіреді, отты кім жағады деген нәрселер үй иесінің назарында болуы секілді қоғам әрбір нәрсе үшін шешім қабылдауы керек.

Мен өзім бұндай дінге қатысты мәселелерге сауатсыздаумын. Бірақ сопылардың мемлекеттік билікті қолдарына алмақ болған ниеттері ерекше назар аудартты. Қазір зікіршілердің лидері Исматтула (суретте) мен оның бір топ серігі сотталып жатыр. Ауыр қылмыс және аса ауыр қылмыс баптарымен айыпталып жатыр. Соның ішінде, адамдарды зорлап оқыту, қорлау, кісі өлімі, адам саудасы секілді оқиғалар бар. Зікіршілер Құдайға арналған мадақтау әндерін бірінші орынға қояды екен. Ал намаз екінші орынға қойылады. Ән салғанда жынды адам құсап селкілдеп отырып айтады. Әрине, бұлар секта.




