«Бәйтерек» монументі БҰҰ-ның 70 жылдығына арналған акцияға қатысты

Астана жаңалықтары: «Бәйтерек» монументі БҰҰ-ның 70 жылдығына арналған акцияға қатыстыБіріккен Ұлттар Ұйымының жетпіс жылдығына орай өткізілген «Әлемді БҰҰ-ның көгілдір түсіне боя» атты жаһандық акция аясында Астанадағы «Бәйтерек» монументі осы науқанға қосылды. Бұл тұрғыда елорданың символы ұйым мерекесіне орай БҰҰ-ның туы түстес көгілдір жарықтармен түрленді.
Атап айтқанда, бұл акцияға 200-ден астам әлемдік танымал ғимараттар, мұражайлар, көпірлер және басқа да нысандар қатысуда. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл науқанға қатысу — дүниежүзінің азаматтарын біріктіруге, бейбітшілік пен даму және адам құқықтары туралы үндеуді таратуға жәрдемдесуге, сондай-ақ барлығына ортақ лайықты өмір сүру мен гүлдену идеяларын насихаттауға бірегей мүмкіндігін береді.
Әрі қарай

Астанадағы көрмеде үздік әлеуметтік жобалар ұсынылды

Бүгін елордада «Қазақстанда жүзеге асырылатын ең үздік әлеуметтік жобалар» көрмесі өтуде.
«Бізде үкіметтік емес ұйымдарды қаржыландыру мен осындай жобаларды іске бойынша арнайы бағдарламалар бар. Себебі, бұл жобалар арнайы әлеуметтік қызметтер аясында іске асырылып отыр. Жыл сайын тек республикалық бюджетте 700 миллион теңгеден кем емес қаржыны қарастырамыз, кейін оны ҮЕҰ арасында облыстар бойынша үлестіреміз», — деді Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова.
Әрі қарай

«Жағалау-3» тұрғын үй кешенінің құрылысы әкімдіктің жіті бақылауында

«Жағалау-3» тұрғын үй кешенінің құрылысы әкімдіктің жіті бақылауында. Бұл туралы бүгін eGov.kz сайтында өткен онлайн-конференцияда Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков мәлім етті.
Әрі қарай

Астанада кептелістерді азайту үшін ITS электронды жүйесі енгізіледі

Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков бүгін eGov.kz сайтында астаналықтармен өткізген онлайн-конференция барысында қала көшелеріндегі кептелістерді азайтудың нақты шаралары туралы айтып берді.
Әрі қарай

Әділбек Жақсыбеков пен Сергей Собянин Астана мен Мәскеу арасындағы серіктестіктің жаңа кезеңін ашты

Бүгін Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков пен Мәскеу мэрі Сергей Собянин Астана әкімдігі мен Мәскеу Үкіметі арасындағы 2016-2018 жылдарға арналған серіктестік Бағдарламасына қол қойды.
Әрі қарай

Елордалық вокзал маңындағы автотұрақтар ақылы болады

Астана теміржол вокзалы маңындағы автотұрақтар келер жылы ақылы болады. Бұл туралы «Вокзал Сервис» президенті Қайрат Тұрлыханов мәлімдеді. Әкімдік балансында тұрған вокзал аумағы енді «Қазақстан Темір жолының» қарамағына өтпек. Ал келер жылы бұл
Әрі қарай

Халықаралық әскери-спорттық форумда елордалық құрама бірінші орынды иеленді

Кеше, 22 қазан күні, елорда әкімдігінде Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев халықаралық әскери-спорттық сайыста жеңіске жеткен елордалық әскери спорт клубының қатысушыларын марапаттады.
Әрі қарай

Астанада бос орындар жәрмеңкесі өтеді

18 қарашада сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін Астана қ. Бейбітшілік көшесі, 25 мекенжайында орналасқан Жұмыспен қамту орталығында бос орындар жәрмеңкесі өтеді, оған қатысушылар қатарынан бірнеше жұмыс берушімен әңгімелесе алады.

Астана қ. Жұмыспен қамту орталығы хабарлағанындай, бұл жәрмеңкеге елорданың 25 жұмыс берушісі қатысады, 200 бос жұмыс орны ұсынылады.
Әрі қарай

Астанада жаңа көкөніс сақтау қоймасы ашылды

Астана маңайындағы елді мекендердің тұрғындарын, елорда тұрғындарын азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін арнайы азық-түлік белдеуі құрылды, оған іргелес жатқан өңірлердің ауыл шаруашылық кәсіпорындары кіреді.

Бүгінгі күні қалада жалпы сақтау
Әрі қарай

Қысқы безендіру мәселесі қаралды

Кеше қалалық әкімдіктің ғимаратында Астана әкімінің орынбасары Ермек Аманшаевтың басшылық етуімен әлеуметтік жарнаманы орналастыру және сыртқы безендіру жөнінде үйлестіру кеңесі өтті.

Жиын басында сөз алған Ермек Аманшаев алда маңызды күндер келе жатқанын ескертіп, қаланың қысқы безендірілуіне ертерек қамдану керектігін айтты.
Әрі қарай