Астанада қазақстандық спорт телевизиясын дамыту мәселелері талқылануда

Астанада «Sport&TV» іскерлік клубының аясында спорттық тілшілер, комментаторлар, спорт түрлері бойынша Федерациялар, клубтар, дене шынықтыру және спорт басқармаларының баспасөз хатшылары үшін семинар өз жұмысын бастады. Онда қазақстандық спорттық телевизияны одан әрі дамытудың басты мәселелері талқыланады, деп жазады Sports.kz.
Әрі қарай

Астанада Еducation uk британдық білім көрмесі ашылды

Астана жаңалықтары: Астанада Еducation uk британдық білім көрмесі ашылдыЕлордада осымен төртінші рет Еducation uk Британия білімінің көрмесі ашылды.
Көрмені Халықаралық бағдарламалар орталығының қолдауымен Британ кеңесі ұйымдастырып отыр. Көрменің мақсаты — Қазақстандағы оқушылар мен студенттерге, олардың ата-аналарына Британияға барып, білім алу үшін қандай мүмкіндіктер қарастырылатынын көрсету.
Әрі қарай

Миланда «Астана ЭКСПО-2017» компаниясы бірнеше мемлекетпен келісімге келді

Милан қаласына ресми сапары аясында «Астана ЭКСПО-2017» ҰК төрағасы Ахметжан Есімов пен «ЭКСПО-2017» комиссары, ҚР СІМ вице-министрі Рапиль Жошыбаев БАƏ, Сенегал, Сьера-Леоне, Габон елдерінің бас комиссарларымен бірқатар кездесу өткізді.
Әрі қарай

Астанада балалар аутизмін анықтау үшін әлемнің ең озық диагностикалық әдісі қолданылмақ

Астанада «Асыл Мирас» қорының қолдауымен балалар арасында аутизмді анықтау барысында әлемде өз тиімділігін дәлелдеген «ADOS» диагностикалық әдісі қолданылмақ.
Әрі қарай

Қазпочта мен Астана қаласының әкімдігі жаңа индекс жүйесін дамыту меморандумына қол қойды

«Қазпочта» АҚ Астана қаласының әкімдігімен әріптер мен сандардан тұратын жаңа индекстерді қолдану меморандумына қол қойылғанын хабарлады. Бұл меморандум қаланың индустриалды және инновациялы дамуы мен «Smart Astana» жобасы барысында іске асырылады.
Әрі қарай

Транспорттық жобалау - «IVECO» компаниясынан

Астана жаңалықтары: Транспорттық жобалау - «IVECO» компаниясынан
Бүгін «Astana Invest 2015» Халықаралық инвестициялық форумның соңғы күнінде елордалық көлік саласы мамандарына «Транспорттық жобалау» тақырыбында семинар өткізілді. Шеберлік сағатты «IVECO» компаниясының өкілі Антонио Джулио Ланованджело жүргізді.
Әрі қарай

Астанада «Сағындырған әндер-ай!» ретро ән кеші өтеді

«Сағындырған әндер-ай» — жыл сайын өтетін дәстүрлі ретро ән кеші. Сағындырған сонау жылдарды әннің құдіретімен еске түсіретін кеш көзі қарақты көрерменнің көзайымына айналып үлгерді.
Бұл жобаның авторы және ұйымдастырушысы «Майра» продюсерлік орталығының директоры Майра Ілиясова биыл қазақ эстрадасының жарық жұлдыздарының басын қосып, әсерлі ән кешін Астанада ұйымдастырмақ.
Әрі қарай

Шетелдерде тұратын қандастарымызға арналған халықаралық өнер фестивалі өтеді

29-30 қазан аралығында Астанада Қазақ гуманитарлық заң университетінің концерт залында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің ұйымдастыруымен Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған шетелде тұратын қандастарымыздың қатысуымен халықаралық өнер фестивалі өтеді, деп хабарлайды kazaitys.kz.
Әрі қарай