Астанада ардагерлердің 7-ші съезі өтті

Астаналық ардагерлерге Жеңіс күніне орай бір миллион теңгеден сыйақы беріледі. Елордада өткен республика ардагерлерінің 7-ші съезінде бұл туралы шаһардағы ардагерлер кеңесінің басшысы айтты.

Жиынға өңірлерден 100-ден астам делегат қатысты. Съезд бес жылда бір өтеді. Бүгінгі отырыста атқарылған жұмыстар қорытындыланып, алдағы жоспарлар пысықталды. Жеңістің 70 жылдығына орай ардагерлер кеңесі 20-дан астам шара өткізгені белгілі. Бүгін елімізде 3 миллионға жуық майдангер бар. Олардың 172-сі Астанада тұрады.


astanatv.kz/news/show/id/47483.html
Әрі қарай

Солтүстік аймақтағы қызыл судан зардап шеккендерге Астанадан «Қайырымдылық керуені» жөнелтілді

Қостанай облысындағы Суриков аулындағы тұрғындарға қайырымдылық қордан 1 млн теңгеден өтемақы үлестірілетін болды. Ал 20 отбасыға әкімдік үй бермек. Солтүстік Қазақстандағы Заречный ауылында орталыққа қатынайтын қос жол әлі жабық. Есепке қарағанда, өңірде қызыл судан 400-ге жуық үйге зақым келген.

Бүгін Астанадан 14 тоннаға жуық азық-түлік пен тұрмыстық заттар, киім-кешек тиелген қайырымдылық керуені теріскейдегі жұрт үшін жолға шықты.


astanatv.kz/news/show/id/47645.html
Әрі қарай

Президент ЭКСПО көрмесіне дейін Астанадағы қордаланған мәселелерді шешуді тапсырды

ЭКСПО көрмесі кезінде 3 ай бойы өтетін мәдени бағдарламаны Қазақстан өз күшімен өткізеді. Президенттің төрағалығымен Астананың әлеуметтік-экономикалық дамуы мен ЭКСПО көрмесіне дайындық мәселелеріне арналған кеңес өтті. «Қалада кептелістер қалыпты жағдайға айналды. Мен оны күткен емеспін» деген Елбасы мәселені шешуді тапсырды. Қоғамдық көліктерде электронды төлем жасау жүйесін жылдам енгізу қажет деді. Президент сондай-ақ жауын-шашыннан соң Астана көшелерінің айдын көлге айналатынын айтып, мұндай келеңсіздіктерді түбегейлі жоюды тапсырды.


astanatv.kz/news/show/id/47682.html
Әрі қарай

Астанада 5 күнге жалғасқан республикалық діни-ақпараттық насихат шарасы басталды

«Зайырлы қоғамдағы діннің рөлі мен орны». Астанада осындай тақырыппен 5 күнге жалғасқан республикалық ақпараттық насихат шарасы жүргізіліп жатыр. Оған Астана қаласының әкімдігі тікелей бастама болған. Насихат тобының құрамында білікті дінтанушылар, ғалымдар, психологтар, теологтар және қоғам қайраткерлері бар. Тағылымдық мәні зор кездесудің алды «Абу Даби Плаза» құрылыс алаңындағы 3 мың қызметкерге ұйымдастырылды. Мұнда мамандар «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңын жиналғандарға түсіндіріп, жаһандық қауіптің бірі — лаңкестік жайында кеңінен сөз қозғады.


astanatv.kz/news/show/id/47681.html
Әрі қарай

«Нұр Отан» партиясының қолдауымен Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған іс-шара өтті

Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған іс-шаралар басталып та кетті. Бүгін Астанада «Ұлттық медициналық холдингтің» ұйымдастыруымен мерекеге орай салтанатты жиын өтті. Бұл шара «Нұр Отан» партиясының «Ұлы Дала елі» деп аталатын партиялық жобасы аясында ұйымдастырылды. Негізгі мақсаты — Қазақстанда өмір сүріп жатқан ұлттар мен ұлыстардың мәдени-рухани құндылықтарын нығайту. Сондай-ақ, халықтың бірлігін қалыптастыру арқылы отансүйгіштікті күшейту, қоғамдық-саяси тұрақтылықты, этносаралық келісімді сақтау болып табылады. Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, Мәжілістегі «Нұр Отан» фракциясы депутаттары мен ұлттық-мәдени орталықтардың жетекшілері қатысты. Жиналғандар медицина қызметкерлерінен құралған өнерпаздардың орындауындағы концертті тамашалады.


astanatv.kz/news/show/id/47765.html
Әрі қарай

Ауыл шаруашылығы мақсатында қолданысқа берілер жерлер мемлекеттік органдар тарапынан қатаң бақыланады

Ауыл шаруашылығы мақсатында қолданысқа берілетін жерлер мемлекеттік органдардың қатаң бақылауына алынады. Бүгін Астана қалалық сотында жер кодексі талқыланған дөңгелек үстелде осындай мәлімдеме айтылды. Жиынға экономикалық соттың судьялары, прокурорлар, Әділет департаменті, жерді қорғау және пайдалану басқармасы және кәсіпкерлер палатасының мүшелері қатысты.

Заң өкілдері елді алаң бомауға шақырып отыр. Себебі ауыл шаруашылығы мақсатында жекеменшікке өткен жер телімдерінің бейберекет пайдалануына жол берілмейді. Әсіресе 25 жылға дейін шетелдік азаматтарға жалға бөлінетін жерлер қатаң бақылауда болмақ.


astanatv.kz/news/show/id/47753.html
Әрі қарай

Қала тұрғындары қалалық сенбілікке белсенді қатысуда

Таңертеңнен бері қала тұрғындары керекті құрал-жабдықтармен жалпықалалық экологиялық сенбілікке шықты. Қалалық мемлекеттік мекемелер мен жеке меншікті кәсіпорындардың қызметкерлері көшелерді тазалап, 400 жуық ағаш отырғызды.

Ақыртас көшесінде ағаш отырғызуға «KEGOC» АҚ, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қалалық филиалы, «Алматы» аудандық соты, ҚР ІІМ қызметкерлерінен 50 адам қатысты.

Сенбілікке шыққандар елорданы жинап, көркейту әр тұрғынның борышы деп санайды.

— Сенбілікке қатысуға өзім ниет білдірдім, қоғамдық іс-шараларға қатысу, қаланы көгалдандыруға атсалысу әр тұрғынның борышы деп санаймын. Бұл өте маңызды, өйткені, біз осында тұрамыз, сондықтан қала көшелерінің таза және әдемі, ал ағаштардың көп болғанын қалаймыз. Көктем шыққанда әр сенбі сайын үйіміздің алдын тазалап отырамыз, — дейді «KEGOC» АҚ «Энергоинформ» еншілес компаниясының жетекші маманы Серікжан Жарболов.

«БЖЗҚ» АҚ Астана қаласындағы филиалы директорының орынбасары Олжас Баймағамбетовтың айтуынша, қор қызметкерлері қаланы жаппай жинауға қатысу бастамасын бірауыздан қолдады.

— Ағаш отырғызуға қатысқанымызға қуаныштымыз, біз жасыл қала үшін! Қаланың әр тұрғыны оны көркейтуге, жинауға, ағаш отырғызуға үлес қосуы керек деп санаймын, — деді ол.

Айта кетейік, жалпықалалық сенбіліктің мақсаты қоғам назарын қала көшелерінде тазалықты сақтауға аудару және экологиялық мәдениетті қалыптастыру болып табылады.
Әрі қарай

Елордада 16 мыңнан астам ағаш отырғызылды

Астана жаңалықтары: Елордада 16 мыңнан астам ағаш отырғызылды
Бүгін Астанада экологиялық айлық аясында «Таза қала — бақытты қала!» жалпықалалық сенбілігі өтті.

Қалалық басқармалардың өкілдері, жеке меншікті ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметкерлері, сондай-ақ, елорда тұрғындары таңертең қала көшелерін жинауға шықты.

«Алматы» ауданында тиісті жұмыстарға 47 493, «Сарыарқа» ауданында — 33 856, «Есіл» ауданында — 19 852 адам жұмылдырылды. Қаланы санитарлық тазарту жұмыстарына 191 тиегіш техника мен 431 жүк көлігі тартылды. Аудандар аумақтарында терек, тал, шетен, арша және т.б. ағаштар отырғызылды.

Сенбілік аясында 163 мыңға жуық ағаш сыланды, парктер мен саябақтар жиналды. Сонымен қатар, студенттер мен әскери бөлімшелердің әскери қызметкерлерінің күшімен Есіл, Ақбұлақ пен Сарыбұлақ өзендерінің арналарын тазарту бойынша экологиялық акциялар өткізіліп жатыр.
Әрі қарай

Түлектерге гуманитарлық мамандықтар бойынша жұмыс табуға көмек көрсетіледі

Астана жаңалықтары: Түлектерге гуманитарлық мамандықтар бойынша жұмыс табуға көмек көрсетіледі
Ертең, 30 сәуірде елордалық жастарға гуманитарлық мамандықтар бойынша жұмысқа орналасуға көмек көрсетіледі. Астанада осы бағыттағы алғашқы бос орындар жәрмеңкесі өткізіліп, жастарға 200-ге жуық бос жұмыс орны ұсынылады.

Салалық бос орындар жәрмеңкесі алғаш рет наурыз айында техникалық мамандықтар бойынша өткізілген болатын. Әрбір жұмыс беруші жастарға 5-тен артық бос жұмыс орнын ұсынды.

Бұл жолы бейінді жәрмеңкеге 40-тан астам елордалық жұмыс беруші қатысады. Бұл жастар үшін гуманитарлық саладағы бос жұмыс орындарын зерттеуге және бірнеше жұмыс берушімен тікелей байланысудың жақсы мүмкіндігі болып табылады.

Жұмыс берушілер мен жұмыс іздеушілер 30 сәуірде сағат 10.00-нан 13.00 дейін М.Өтемісов атындағы оқушылары сарайында кездеседі.

Жәрмеңкенің мақсаты — жоғары оқу орындары мен колледж түлектері мен жұмыссыз жастарды жұмысқа орналастыруға тиімді көмек көрсету. Алдағы уақытта Астана қаласы әкімдігінің «Астана жастары» КМУ басқа салалар бойынша бос орындар жәрмеңкесін өткізуді жоспарлар отыр. Олардың бағыты нарықтағы сұранысқа қарай белгіленбек. Айта кетейік, «Астана жастары» кеңінен тараған мамандықтарға да мониторинг жүргізеді.

astana.gov.kz/kk/modules/material/10431
Әрі қарай

Астана мереке құшағында

Астана жаңалықтары: Астана мереке құшағында

Ертең мерекесі көп мамыр айы басталады. Астана Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік шараларды өткізуге дайын. Қалада көптеген мерекелік инсталляциялар мен сахналық алаңдар орнатылды.

Қазақстан халқының бір­лігі күніне арналған басты мерекелік шара 1 ма­мыр күні «Қазақ елі» мо­нументінің алдындағы алаңда өтеді. Мерекелік концертте 450-ге жуық әртіс пен шығарма­шылық ұжым өнер көр­сетпек. Этномәдени бір­лес­тіктердің 300-ден аса өкілі халықтық серуенге қатысады. Бұл күні әрбір этномәдени ұйым ұзындығы 50 метрлік мерекелік дас­тарқанға ұлт­тық тағамын қойып, жұрт­шылыққа ұсынады.

Көпшілік назарына Ас­тана қаласының шығар­ма­шылық ұжым­дарының қатысуымен мерекелік бағдарлама ұсы­нылады. Халықтық серуен өтетін «Қазақ елі» монументінің алдындағы алаңда мере­ке­лік сауда, түрлі спорт түр­­­лерінен жарыстар ұйым­дасты­ры­лады. Мә­дени және спорттық ша­ра­лар «Бәй­терек» монументінің ал­дындағы алаң­да, «Сту­дент­тік» паркте де өтеді.
Қазақстан халқының бір­лігі күнін мерекелеу аясында қалалық мәдениет мекемелерінде де концерттер, спектакльдер, көрмелер өткізіледі.
Астана қаласының әкімдігі елорда тұрғындары мен қонақтарына арналған жеке бағдарлама әзірледі. Кешкі сағат 20.30-дан 23.00-ге дейін қалалық алаңда танымал «Формат» тобының Қазақстан халқының бір­лігі күніне арналған мерей­тойлық концерті өтеді.
Мереке құшағындағы Астана тағы екі айтулы күн­ді атап өтуге қызу әзірлік жүргізуде. Отан қор­­ғау­шылар және Ұлы Жеңіс мерекесіне орай елорда төрінде түрлі саяси-әлеу­меттік, мәдени-рухани шаралар өткізілетін болады.

www.astana-akshamy.kz/?p=34007
Әрі қарай