Мүмкіндігі шектеулі, шабыты шексіздер

Астанада «Шығармашылық үйі» шеберханасы жаңа маусымын бастады. Бұл шеберхана ерекшелігі мұнда мүмкіндігі шектеулі жандар шығармашылықпен шүғылданады. Әркім өзіне сүйікті іспен айналысды. Ерлер ағаш ұстасы шеберлігін меңгеріп, қыш құмыра жасауды үйренсе, әйелдер сәндік-қолданбалы өнерді үйренеді. Бұл әлеуметтік-еңбек шеберханалары Астанада үш жылдан бері жұмыс істеп келеді.

Астана жаңалықтары: Мүмкіндігі шектеулі, шабыты шексіздер

– Бүгінгі ашық есік күніне қызығушылық танытқан адамдар көп келді. Олардың басым бөлігі арбамен, кейбірі балдақпен жүреді, біздің нысаналы топ белсенділік танытуда, бәрі де мүдделі. Оларға кәсіби дағдыларды үйретпекпіз, адамдар өзін-өзі тауып, әлеуеттерін аша алатындай, өйткені, адам мүгедектік алғанда, абыржып қалады, қайда барып, не істейтінін білмейді. Егер ол бұған дейін оқытушы болса, немесе жігіттер электр маманы болса, бүгінде олар бұл мамандық бойынша одан әрі қызметін жалғастыра алмайды. Сондықтан олар біліктіліктерін өзгертуге мәжбүр болады. Біз оларға бағыт береміз – олар бұл іске әуестік танытатын шығар, немесе өздерінің жеке істерін ашатын болар, – дейді «Дос» тәуелсіз өмір» орталығы» мүгедектер бірлестігі қоғамының төрағасы Дина Ерділдинова.

Мұнда тәжірибелі шеберлер дәріс береді. Әйелдерге қағаздан гүл шоқтарын, әшекейлер, картиналардың қалай жасалатынын көрсетіп, тоқу мен ұсақ моншақтардан кесте тігуді үйретеді. Биыл жаңа шығармашылық бағыт – қыш құмыра жасау ісі енгізіліп отыр. Оның аясында мүмкіндігі шектеулі жандар түрлі кәдесыйлар жасамақ.

Астана жаңалықтары: Мүмкіндігі шектеулі, шабыты шексіздер

– Бүгін шығармашылық шеберхананың ашылуына қатысып отырмын. Бізге полимер саздан әртүрлі әшекейлер жасауды үйретеді. Осындай көрмелерді ұнатамын, өзім өз қолыммен ешқашан ештеңе жасап көрмегем, алғаш рет келіп тұрмын, – дейді Әлия Оспанова.

Осындай шеберханалар мүмкіндігі шектеулі жандардың өмірге құлшынысын артттырып, шығармашылық потенциалын еш шектеусіз іске асыруға ықпал етеді.Жалпы шығармашылықпен айналысуға әйелдер де, ер адамдар да қызығушылық білдіреді екен. Ерлер көбінесе ағаш ою өнеріне, қыш пен керамикалық бұйымдар жасауға ниетті.

– Мен бірінші рет қатысып отырған жоқпын, бұған дейін де ағаш пен қыштан бұйымдар жасап көрдік. Ағаштан түрлі мүсіндер, кейіннен қыштан құмыралар, фигуралар істедік. Қышпен жұмыс істеу қиын, сонда да бар күшімізді саламыз, тырысамыз. Бұған дейін үйде көп отыратынмын, ал «Дос» қоғамымен танысқан соң күндерім қанық өтетін болды, үнемі түрлі шараларға шақырып отырады, – дейді астаналық Николай Квашнин.

Астана жаңалықтары: Мүмкіндігі шектеулі, шабыты шексіздер

Арт терапияның адам жан дүниесіне оң әсері дәлелденген. Егер сізздің таныстарыңыздың арасында мүмкіндігі шектеулі жандар болса, шеберханаға әкеліңіз. Бәлкім өмірге құлшынысын арттырар, өнерге жолын ашар, өз хоббиін бизнеске айналдыру мүмкіндігі осы шеберхана болар.

Материал Астана қаласы әкімдігінің сайты astana.gov.kz деректері бойынша әзірленді.
Әрі қарай

4 мамырдан бастап Астанада «ASTRA PLAT» атаулы көлік карталары таратылады

Астана жаңалықтары: 4 мамырдан бастап Астанада «ASTRA PLAT» атаулы көлік карталары таратылады

2016 жылғы 4 мамырда азаматтардың жеңілдетілген санатына атаулы көлік карталары таратыла бастайды. Аталған шара елордалық қоғамдық көлікте «ASTRA PLAT» электронды жолақы төлеу жүйесін енгізу аясында жүзеге асырылады.

Фототіркеуден өткен азаматтардың жеңілдетілген санатына жататын адамдар атаулы көлік картасын күн сайын сағат 10.00-ден 18.00 дейін Республика даңғылы, 34 мекен жайы бойынша «Жастар» сарайы ғимаратында орналасқан пунктен ала алады. Дербестендірілген карталарды беру үстіміздегі жылдың мамыр айының соңына дейін жүргізіледі. Айта кетейік, жекелеген санаттар үшін карталар үйлеріне дейін жеткізіледі.

Қазіргі кезде елордада төменде көрсетілген азаматтардың санаттары қоғамдық көлікпен тегін жол жүреді:

— ҰОС ардагерлері мен оларға теңестірілген тұлғалар;

— жасына қарай және еңбек өтілі бойынша зейнетке шыққандар;

— жасына қарай және асыраушысынан айырылуы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алатындар;

— көп балалы отбасылар;

— мүмкіндігі шектеулі тұлғалар;

— 16 жасқа толмаған мүгедек балалар.

Еске салайық, 2015 жылы тамызда Астанада қоғамдық көлікпен тегін жол жүруге құқылы жолаушылардың суреттері мен жеке мәліметтер базасын құру мақсатында азаматтардың жеңілдетілген санаты суретке түсіріліп, тіркеуден өткен болатын. Осы мақсатта 25 пункт ашылды. Ал суретке түсіп үлгермегендер үшін процедура өткен жылғы желтоқсан айына дейін ұзартылды.

astana.gov.kz/kk/modules/material/10460
Әрі қарай

Елордада оқушыларға арналған жазғы лагерьлер ашылады

Астана жаңалықтары: Елордада оқушыларға арналған жазғы лагерьлер ашылады

Балалардың жазғы демалысына ерекше назар аударылады. Дайындық жұмыстары қазірден-ақ қолға алынды.

2016 жылғы жазғы маусымда 6 шілде – 12 тамыз аралығында Ақмола облысының Ақкөл ауылындағы «Арман» спорттық-сауықтыру лагерінде 5 ауысым ұйымдастырылады. Үш ауысым жетім, тұрмысы төмен және көп балалы отбасылардан шыққан балалар үшін тегін өткізіледі.

Ақмола облысының Ерейментау ауданындағы «Батыр» палаталы лагері 14 маусым — 14 шілде аралығында жұмыс істейтін болады. Онда жетім және аз қамсыздандырылған отбасылардан шыққан 375 бала тегін демалады. Аталған лагерь спорт пен сауықтыру бағдарламасымен туристік және тарихи-өлкетану, экскурсиялық бағыттарды басшылыққа алған. Балалар үйлерінің тәрбиеленушілері Ақмола облысындағы «Боровичок» демалыс аймағына жіберіледі.

Айта кетейік, елордада 83 мектепте 1 маусым — 8 шілде аралығында мектеп жанындағы лагерьлер жұмыс істейді, оған бастауыш сыныптан 45 мыңға жуық оқушы барады. Мектеп жанындағы лагерьлердің басты міндеті — мектеп жасындағы балалардың шығармашылық әлеуетін дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыру, демалыс ұйымдастыру.

Сонымен қатар, Астанада 1-8 шілде аралығында мектептер жанынан 5-7 сынып оқушыларына арналған «Дидарлы жаз» спорттық-ойын алаңдары ашылады. Олардың басты міндеті топтық спорт түрлерінен қалалық мектептердің эстафеталық командаларының арасында спорттық-бұқаралық қызметті ұйымдастыру. Сондай-ақ, Астанада «Айбынды маусым» әскери-спорттық алаңдар жасалады. Бұл жоғары сынып оқушыларына тегін демалыс ұйымдастыруға бағытталған жоба.

Мұнымен қоса, Оқушылар сарайларының жанынан ақылы негізде жазғы шығармашылық мектептері ашылады. Мақсаты – балалардың демалуына қолайлы жағдай жасау, оларды сауықтыру және шығармашылық, танымдық, зияткерлік қабілеттіліктерін, бастамалары мен қызығушылықтарын іске асыру.

Бұдан басқа, мектептер мен қосымша білім беру ұйымдарының жанынан түрлі топтар ашылады: көгалдандыру бойынша бастамашыл топтар мен мектеп жанын абаттандыру бойынша жөндеу бригадалары; интеллектуалды, шығармашылық және тіл үйірмелері; пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар; шығармашылық байқаулар мен спорттық жарыстар.

astana.gov.kz/kk/modules/material/10458
Әрі қарай

Астанада жас орындаушылардың «Жас қанат - 2016» байқауы өтеді

Астана жаңалықтары: Астанада жас орындаушылардың «Жас қанат - 2016» байқауы өтеді

Еліміздің түкпір-түкпіріндегі жас орындаушылар тағы да «Жас қанат — 2016» республикалық байқауында бас қосады. Биыл 25 жылға толатын фестиваль ерекше ұйымдастырылмақ.

Бейбітшілік және келісім сарайында өтетін байқауға санаулы күндер қалды. 16-22 мамырда еліміздің үздік жас орындаушылары өзара бәсекеге түседі. Қазіргі кезде байқауға қатысушылар дайындық үстінде. Іріктеу кезеңі аяқталды. Ең жас қатысушы 15-те, ал ең үлкені 28 жаста. Байқауға Ақтөбе, Орал, Семей, Өскемен, Алматы, Талдықорған, Шымкент, Жезқазған және Қарағанды қалаларының өкілдері қатысады. Сондай-ақ, үш орындаушы елордамыздың намысын қорғайтын болады.

25 жылдың ішінде түрлі қалалардың өкілдері фестиваль жеңімпазы атанып келді. Өткен жылы бас жүлде «Жас қанат» көкшетаулық Ринат Теміржанға бұйырған болатын. Ең алғашқы «Жас қанат» байқауы қазақстандық танымал әнші, 1992 жылы байқау лауреаты атанған Медеу Арынбаевтың шығармашылығында маңызды рөл атқарды.

– Алғашқы «Жас қанат» байқауы қазақстандық эстрада үшін шынымен де маңызды оқиға болды, біз, жас орындаушылар үшін бұл шығармашылықтың даңғыл жолының бастауы болды. 1992 жылы өткен «Жас қанатта» орындаушыларға жоғары талаптар қойылған еді, бүгінгі таңда да «Жас қанат» қатысушылардан кәсіпқойлықты және үздік дайындықты қажет етеді. Байқауға қатысушыларға сәттілік пен ұзақ шығармашылық өмір тілеймін, – деді М. Арынбаев.

astana.gov.kz/kk/modules/material/10457

Елордада Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған шаралар өтіп жатыр

Астана жаңалықтары: Елордада Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған шаралар өтіп жатыр

Астанада таңертеңнен бері халықтық серуен өтіп жатыр. Қала тұрғындары мен қонақтары, балалар мен ересектер елорданың басты алаңдарына жиналды.

Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған негізгі шаралар әкімдік алдындағы алаңда, «Бәйтерек» монументінің алдындағы алаңда және «Студенттік» паркте өтіп жатыр. Мерекелік концерттер, қазақстандық әртістердің орындауындағы әндер мен билер көпшілікке мерекелік көңіл күй сыйлады.

Әдеттегідей, мерекеге орай спорттық жарыстар да ұйымдастырылды. Балалар арасында тоғызқұмалақтан, армрестлингтен және асық атудан сайыстар өткізілді. «Бәйтерек» монументінің алдындағы алаңда халықтың бірлігінің белгісі ретінде аспанға ақ шарлар ұшырылды. Барлық алаңдарда адамдарға тәтті-дәмділер ұсынылды.

Мерекелік бағдарлама сағат 23:00 дейін жалғасады.

astana.gov.kz/kk/modules/material/10444
Әрі қарай

Астана әкімі Әділбек Жақсыбековтың 1 мамыр мерекесімен құттықтауы

Астана жаңалықтары: Астана әкімі Әділбек Жақсыбековтың 1 мамыр мерекесімен құттықтауы

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!

Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

1 мамыр – жалпы қазақстандықтар болып тойлайтын мерейлі күн. Халқымызда «Жеңіс түбі – ерлік, береке түбі – бірлік» деген қанатты сөз бар. Қоғамның тұтастығы қай кезде де ішкі татулық пен берекеден бастау алған. Ынтымағы жарасып, түрлі ұлыстың басын қосқан қастерлі қазақ топырағы тыныштық пен бейбітшіліктің қара шаңырағына айналды. Әрдайым ішкі татулығымыз берік болып, еліміз өркендей берсін.

Сіздерге зор денсаулық, шаңырақтарыңызға береке, еңбектеріңізге мол табыс тілеймін!

Құрметпен, Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков
Әрі қарай