Қарақу (Рецензия емес)

Көптен көргім келіп жүрген. Осы аптада оған да қол жеткіздік. Фильмнің берерінен алары көп секілді. Бүкіл энергияңды алып, түсініксіз үрей туғызады. Денең тітіркеніп, сан түрлі сұрақтар туғызады.
Натали Портманға тағар кінәм жоқ. Ақ пен қараның аражігін сахнадан бұрын өмірінде ажырата алмаған адамның бейнесін тамаша сомдады.
Режиссер Даррен Аронофски тек қана, естисіздер ме, тек қана Оскар үшін түсірген бұл фильмді. Көрермені көп болса да, фильмнің идеясын толық түсінген адам шамалы, соны білем.
Бір ғана нәрсе ұқтым — ешқашан өз істеріңнің фанаты болмаңдар. Оған бүкіл өмірлеріңді арнамаңдар. Жұмысты жұмыс орныңда, үйде өз шаруаңмен айналыс. Сосын… көргеніңнің бәрі шынайы емес, ал "Қорыққанға қос көрінеді" ©.

10 е-баллдық жүйемен 5 деген баға. Бәрі де актрисаның орасан еңбегі үшін.
Әрі қарай

Жақсылық vs Жамандық

Аудармалардан:

Қаскөй диктатор, жалмауыз Муамар Каддафи оппозицияны басып-жаншылаймын деп 10 мың ливиялықты қырып салды. Ал мейірімді генерал Картер Хэм Каддафиді тобасына түсіру үшін 12 мың ливиялықтың көзін жойды. Жақсылық жамандықты осылайша жеңді.

Түпнұсқасы:
Әрі қарай

Сағына беремін (Алмас Кішкенбаев)


Өңім бе едің, түсім бе едің,
Айтшы маған, сен, шыныңды?
Қалай ғана түсінбедің,
Саған айтқан сырымды?
Үнсіз ғана ішудемін,
Сағыныш деген шырынды,
Қол жеткізбес құсым менің,
Пәк жаның кімге жылынды?
Әрі қарай

Сол бір сезім (кажытся) Ғаділбек пен Индира

Бағынба, жүрегім, бағынба,
Мазасыз түндерім, басталды тағы да, оу, тағы да.
Мен сені ұмытқам бұрында,
Көрмеймін азабын, түспеймін торыңа, оу, торыңа…

Қайырмасы:
Сол бір сезім қайта келмес,
Мүмкін емес, мүмкін емес.
Мәңгілікке қалатын елес…
Әрі қарай

Бетперде

-Қайырлы күн, қымбатты көрермендер! Әр сенбіде өздеріңіз сағына күтетін, ашық әңгіме алаңы «Бетперде» бағдарламасы өз жұмысын бастайды! Сонымен, біздің бүгінгі қонағымызыз қай министрліктен келіп отырған жұмбақ күйінде қалуын өтінген министр ағамыз!

-Министр мырза, бағдарламамызға қош келдіңіз дей отырып алғашқы сұрағымды қойып кетсем. Бетіңізге неліктен маска киіп шықтыңыз және ол неге түлкінің маскасы?
Әрі қарай