Манчестер Юнайтед әлемдегі ең қымбат спорттық бренд болып танылды


Манчестер Юнайтед әлемдегі ең қымбат спорттық бренд болып танылды. Brand Finance агенттігіне сүйенсек клубтың брендінің құны 2005-2011 жылдар аралығында 109 пайызға өсіп, 412 миллион фунт стерлингке жетіпті.
Әрі қарай

"Аполлон 18" экипажының басынан өткендері



«Ресми деректер бойынша „Аполлон 17“ адамдардың қатысуымен болған Айға жасалған сапардың соңғысы болды. Алайда, бұдан кейін де Айға сапар жасалды. Бұл фильм „Аполлон 18“ сапарынан түсірілген NASA-ның видеоматериалдарынан монтаждалды».

Фильм шамамен осындай сөздермен басталады. Әрине, шын мәнінде бұған NASA-ның еш қатысы жоқ, оны Ғарыш кеңістігін зерттеу және аэронавтика бойынша американдық әкімшілік ресми түрде жария еткен. Кино жасаушылардың осындай әдемі маркетингтік амал-айласы көрермендерді тартудың бір тәсілі екенін даусыз.
Әрі қарай

Хош келдің, Сеск!!!

Бүгін түнде Қадыр түнімен қатар Еуропада суперкубок үшін Барселона мен Порту күш сынасты. Бірінші таймда Гуариннің қателігін пайдаланған Месси есеп ашса, екінші таймның соңына таман Мессидің әдемі пасын пайдаланған Сеск Фабрегас гол соқты. Естеріңізге сала кетейін Сеск Барса сапына биыл келіп қосылды.
Әрі қарай

Өміріңе немқұрайлы қарама

Серік Сейтманның сөзіне жазылған ән.Мағынасы жақсы сөздерінің. Кейде түрімізге қарамай тасып кететініміз болады емес пе? Тәубамызға келіп отыруымыз керек екенін,қандай қиындықты көрсекте жасымау керегін айтады.

Әрі қарай

Сағыныш (Құрмаш Маханов)

Сені іздеп күнім жиекке жығылады,
Қызыл да жасыл дүние құбылады.
Жанарыма кеп түйір жас тығылады…
Сезімім тамшы әйнекке ұрылады,
Сыңар аққудың сыңсиды сынық әні.
Сол әнді, жаным, өзіңдей кім ұғады?
Әрі қарай

Mozilla Firefox браузеріне арналған 7 плагин (от ҚараСақал:))

ҚазНет дамитын күн алыс емес © Вавилон жазулары б.з.б XXIII ғасыр

Mozilla Firefox браузерінің шексіз мүмкіндіктерімен танысуды жалғастырамыз.
PROWEB CENTER-дің бірнеше айлық ізденістері нәтижесінде көпшілікке пайдалы екеніне көз жеткізілген Mozilla Firefox браузеріндегі 7 плагинді қабыл алыңыздар!
Әрі қарай

Суға кеткен тиындар

Сүт сатумен айналысатын шаһар тұрғыны соңғы кездері сүтке су қосып сатуды ойлап шығарыпты. Күндердің күнінде, әлгі сатушы көрші қаланың базарынан табыспен үйіне кемеде қайтып келе жатады. Жолда көзі ілініп кеткен саудагер ояна келсе, тиын салатын әмияны орнында жоқ. Іздей бастаса, әмияны желкенге шығып алған мақұлық маймылдың қолында екен. Маймылға жалына кеткен саудагер қолын созып әмиянын сұрайды, бірақ маймылдың берер түрі жоқ. Ішінен тиындарды шаша бастайды: мақұлық бірін саудагерге лақтырса, бірін суға лақтырып ойнайды. Құдды бір табыстың тең жартысы суға тиесілі екендігінен хабардар еткен сияқты.
Әрі қарай

"Супер Баха" фильмінің тұсауы кесілді

Кеше «Супер Баха» фильмінің премьерасы өтті. Салтанатты шара «Команда А» рок тобының шағын концертімен басталды. Айта кету керек, тұсау кесер рәсімге тыңғылықты дайындық болғаны көрініп тұр. Шоу-бағдарлама аясында бишілер тобының өнері де көрсетілді. Залдың ішінде ілінген фильмнің кейіпкерлері бейнеленген комикс стиліндегі суреттер шараның тақырыптың мазмұнын аша түседі. Көрсетілімге көп адам жиналыпты. Фильм қалай түсірілген, қандай баға беруге болады — оның бәрі бөлек әңгіме, бөлек жаңалық. Қазір фильм режиссерлерінің бірі Тимур Қасымжановпен жүргізілген шағын сұхбатты ұсынамыз.

Әрі қарай