Қарағандыда стадион салуға инвесторлар ізделуде

Бәріміз де Қарағандының «Шахтер» футбол клубының УЕФА Чемпиондар Лигасындағы сұрыптау кезеңіндегі жетістіктеріне куә болып, мәз-мейрам болып жатырмыз. Алғашында былтырғы ЧЛ топтық кезеңінде болашақ чемпион Баварияны 3-1 есебімен ұтқан БАТЭ-ны жерлестеріміз екі ойында да тізе бүктірген еді. Ал 3-ші раундта албаниялық Скендербеу командасын бірінші ойында 3-0 есебімен ойсырата ұтты. Бұл жеңіс барлық қазақстандық жанкүйерлердің арманы орындалуының үлкен қадамы болып отыр. Енді қарсы ойында уыстағыны жіберіп алмаса УЕФА Еуропа Лигасының топтық кезеңіне жолдама аламыз.
Айтқым келіп отырғаны осы ойындарды Қарағандылықтар Астанада өткізді. Өйткені Қарағандыдағы стадион заманауи талаптарға сай емес. Шахтердің соңғы жетістіктеріне қарап, командаға жаңа стадион керек екендігі білінеді. Оны жергілікті басшыларда біледі. Тіпті стадионның болашақта қандай болатындығы, оның макеті интернетте жүр. Суретке қарасаң таңғаларлықтай. Үсті шаңырақ тәріздес болып келеді екен. Отыратын орындар саны 30-50мың шамасында. Алайда мұндай кереметті салу үшін 30миллиард теңге қажет. Жергілікті басшылар мүндай қаржы жоқтығын айтады, және де инвесторларды іздеуде.
Менің ойымша мұндай ақша бөле алатын инвесторлар біздің өңірімізде бар. Облыста "Қазақмыс" және «Арселор Миттал» секілді екі алпауыт компания орналасқан. Екеуінің қайсы болмасын осындай қаражатты бөлуге шамалары жетеді. Тек осы мәселені көтеретін азаматтар аз болып отырғаны. Облысымыздан щыққан Елімізде жоғары орындарда отырған адамдар да аз емес. Тіпті Елбасымызда осы өңірде еңбек етті ғой. Болашақта елімізде футболдан дүбірлі додаларды қабылдауға дайындалатынымыз туралы да көп айтылады. Олай болса қазірден бастасақ қайтеді? Міне осындай жетістіктерді пайдаланып қалуымыз керек қой отандық футболды дамыту үшін. Осы ағаларымыз сөз салса, инвесторлар ағып келеді деп ойлаймын. Қарағандыда футболды жұрт сүйеді, міне «Шахтер» біздің қуанышымызға айналып отыр. Осы жұртқа енді сыйлық ретінде стадион салыну керек деп ойлаймын. Футболисттерімізде өз қаласында, өз жанкүйерлер алдында ойнағаны да ұнайды деп ойлаймын.
P.s.: Стадион саламыз деп, қарапайым жұмыскерлердің жалақысынан айрып тастамаса болғаны.

Дүние жүзі алқаштары. Боррачо.

Менде бір керемет сюжет бар...: Дүние жүзі алқаштары. Боррачо.

Маскүнемдіктің озық үлгілерінен әрине, испантілді халықтардың кенде болуы мүмкін емес. Мадера мен текиланы былай қойғанда, ешкім біле бермейтін ондаған арақтың түрінің авторлары. Егер Латын Америкасы елдерінің бірінде бола қалсаңыз, боррачо амигоспен кездеспеуіңіз екіталай.
Әрі қарай

Шымкентте Рамазан айында атқарылып жатқан игі іс

Бүгін, 13.07.2013 жылы Шымкент қаласында қалаішілік маршрутта адам тасымалдайтын 6 бағыттағы 6 автобус тегін жүргізілуде. Аталмыш іс-шараны ҚМДБ-ға қарасты Шымкент қалалық «А.Қаттани» мешіті және «Сейіткәрім қажы» мешіті ұйымдастырып отыр. Рамазан айы қарсаңында елімізідің бас мүфтиі Ержан қажы Маямеров барша халыққа арнап сауапты істер жасайық деп үндеу тастаған болатын. Шымкент қаласында атқарылып жатқан іс-шара, міне осы үндеуге дауыс қосып, барлығына үлгі боларлық жаңалық деп айтуға болады. Алла қасиетті айда жасап жатқан барша қайырымдылық істерімізді қабыл етсін! Аталмыш шарадан фото көрініс:
Дін-діңгегіміз: Шымкентте Рамазан айында атқарылып жатқан игі іс
Дін-діңгегіміз: Шымкентте Рамазан айында атқарылып жатқан игі іс
Дін-діңгегіміз: Шымкентте Рамазан айында атқарылып жатқан игі іс
Дін-діңгегіміз: Шымкентте Рамазан айында атқарылып жатқан игі іс
Әрі қарай

Жабо жасаудың сыры ашылды

Саламатсыздар ма, құрметті КерекИнфодағы достарым! Осыдан 1-2 ай бұрын «Жабо және оның жасалуы» туралы пост жазамын деп уәде берген болатынмын. Осында пост жазбасам да, Екпіндегі Айнұр деген ЕркеҚызға сұхбат бергенмін. Оқи отырыңыздар. Гауһар Бағдабаевадан Handmade: Жабо жасаудың жолы
Әрі қарай

Шөл даланың кейбір тіршілік иелері туралы

Обаның табиғи ошақтарын іздеп, шөл даланың сүрлеу-соқпағымен Қызылқұм, Қарақұм, Матайқұм, Үстіртті талай араладым. Жаяу, автокөлікпен, тіпті ұшақпен (Ан-2) мыңдаған шақырымды артқа тастаппын.
Меңіреу шөлдің өз өмірі бар. Әсіресе көктемі ерекше. Бір қарағанда тіршілік нышаны байқалмайтын құм іші әп сәтте жасыл кілем жамылып, ерте көктемнің гүлді өсімдіктерінің хош иісі масайратып тастайды. Алайда аспаннан тамшы түспей күн күрт ысып, көктемнің ең әдемі кезін шорт кеседі.
Әрі қарай

17-ойыншы. Педритодан Педроға дейін

Діттеген мақсатынан адаспау үшін адам алған бағыттан таймауы керек. Ол өзін әрдайым жетілдіріп, ештеңені назардан тыс қалдырмағаны жөн. Міне, бұл нағыз мақсат!

(Ямамото Цунэтомо, «Хагакурэ»)


PedroХамелеон түсін өзгертеді демесеңіз, ағаштан ағашқа секіріп жүретін белсенділер қатарынан емес. Тұрған орнында сағаттап қимылдамастан құрбандығын күтумен болады. Ал сәті келгенде тілін жып еткізіп, жемтігін аулай қояды. «Барселона» клубының шабуылшысы Педро дәл осы хамелеон секілді. Ол ешқашан жарқырап көзге түскен емес. Голды да көп соқпайды. Әйтеуір командаға ойнайды, каталондық клубтың ДНК-сы бар демесеңіз, алып бара жатқан таланты да жоқ. Тек хамелеон секілді керек кезде, дәл уақытында қимылдайды.

Жетістікке жету үшін 1 пайыз талантың мен 99 пайыз еңбек керек деген сөзді бүгінгі біздің кейіпкеріміз дәл келеді. Педроны ешкім талантты деп есептемеген, әлі күнге дейін көптеген жанкүйерлер әлі сондай пікірде. Месси, Роналду, Бэйл, Неймар секілді «жұлдыздар» тұрғанда, Педро олардың көлеңкесіне қалып кетеді. Ол тіпті қорғаушымен жеке дара шыққанда алдай алмауы мүмкін. Бірақ, оның шыдамдылығы мен толассыз төккен тері ақталды.
Әрі қарай

HTML - шәйнектерге. 2 сабақ. Ет таситын пяншіктердің мысалы

(Басы — өткен 1 сабақта.)
Сонымен, HTML тілін тереңірек түсіну үшін, оның технологиясын түсіну — кейінірек жалпы оқуды пензесс жеңілдетеді деген болатынбыз, және оған AKY ештеңе демеген болатын. Ендеше, броузер деп аталатын программаның принципін түсіну де біраз көмек болмақ. Нақтың.

Қаззақ болсаңыз, бір-екі садақа, үш төрт тойға қатысуыңыз әбден кәдік. Ендеше бізге — ет үлестіретін сарайдың алдындағы қырықтарды алқымдап қалған жігіт інісінің қызметі қызық.
Очм, бақылап тұрсаңыз, әлгі алқашатаңанә ашық тұрған сарай есігіне сонша жалпақшешейлікпен әрі ромбәкелікпен черттар құсап қарап тұрады. Іштен тарамыс-тарамыс қолдар шығады да, ет толы табақты қолына ұстатады.

— Аға, мұны не істейін? — дейді черт.

— Ой малатаңанәлет, мұны жоқтау айтывотырған қатындар жағына апар! — деп гүж етеді қол иесі.

Черт жүгіріп, табақты апарып тастайды да, қайта келеді. Сарайдан тағы да табақ беріледі.

— Аға, мұны не істейін?

— Алқаш ябадтыбаямайт, мұны коллектив отырған бөлмеге апарасың!

Черт апарып тастап, қайтып келеді. Ішке қарап:

— Аға...-дей берген кезде, әлгі дауыс:

— Кел лібә, бір жүзелуграммдатып жіберейік етпен, өлеміз бе тігейіннің — дейді де, жігіт сарайға кіріп кетеді.

Ендеше біздің броузер деген программамыз да тап осы принциппен жұмыс істейді. Серверден келген мәтіннен, парсер деп аталатын программалық процессор: «Бұл мәтін бұтағыма керек пе?» деп сұрайды. Мәтіндегі HTML тіліндегі арнайы белгі «бұл мәтінді қою қылып көрсет нақ!» дейді. Броузер сәйкесінше мәтінді қою қаріптермен көрсетеді.
Сонымен, сабағымыздың ашетері — HTML тілі мазмұнды қалай көрсету керек екендігі туралы бұйрықтар. 3-ші сабақта қарапайым эксперименттер жасаймыз.
Әрі қарай

Курстық жұмыстан кейінгі екінші тайм: Ақжайық - Ақтөбе 1:1


Оралдағы сырттай оқуымда 30-ншы наурызда курстық жұмысымды қорғап, бірден Динамо стадионына тарттым. Кіру тегін болғандықтан, халық нық толы болды. Ақтөбеде тегін футбол болмағалы қай заман?! Болмай-ақ қойсын да.) Оның үстіне бірінші тайм өтіп кеткен, екінші тайм 1:1 есебімен енді басталайын деп жатырды. Бұған да шүкір дедім де, потапаратты іске қостым. Суреттер өте көп шықты, алайда фотосетке тек 30 сурет жүктелінеді. Өкінішке орай, екінші таймда гол болмады. Сонымен, Ақжайық — қызыл, Ақтөбе — ақ түсті формада.

Әрі қарай