Қаладағы айт

Мұсылмандардың ең ұлық мерекесі Құрбан айт мерекесі ғой. Қазір білмеймін, бұрындары айт мерекесі кезінде ауылдық жерлерде жұрттар жаппай айтшылап бір-бірінің үйіне кіріп-шығып жүруші еді. Әліде солай екені даусыз ғой, бірақ, дәл баяғыдай үлкендері жеке, балалары жеке айттай қоймас.Тіпті, мектептегі қыздар жиылып жеке айттаған кездер де болған.
Әрі қарай

Тит Лукреций Кар. "Заттардың болмысы" атты пәлсапалық трактаттарынан үзінді

Адам туа сала өз тасынан өзі тартқыштап, табиғат-мақан:«мені түсінівал нақ!» деп мылтық кезеніп тұрмаса да, ақысы кеткендей қолына түскеннің барлығын зерттеп, ақыры аспандағы пақандарға жеткенше ізденіп өтетін мақұлық. Солардың бірі — Кар. Жоқ, солардың бірі — Тит. Епті, бәрібір ыңғайсыз естілетін сияқты, ендеше:«Солардың бірі — Тит Лукреций Кар».
«Абай атамыз тұрғанда Карға не жорық?» деп жемегейсіздер, нақтар кілең, Абайды — Абай ауданының тұрғындары зерттесін керек болып бара жатса.
Әрі қарай

CRT монитордан қалай проектор жасауға болады

Бұл статьяның авторы LCD монитордан проектор жасауды оқыған екен. Ондай монитор алуға қаражаты болмағандықтан CRT монитордан жасаған екен…
Алдымен монитордың бет жағын мейлінше дәл өлшеп алыпты.(Ұзындығы мен енін өлшеген).
Ары қарай осы өлшемдерге сәйкестендіріп биіктігі 40-50 см(түбі және бір жақ беті жоқ) қорап жасаған.
Әрі қарай

Жаңару, жаңа қадам, құлшыныс.

Тарихта төбеден жай түскендей болатын түрлі ғылыми жаңалықтар болып жатады. Кейбіреулері қолданысқа тез ие болып, халықтың тұрмыс-тіршілігіне тез сіңісіп жатса, қайсыбіреулері алғашында еленбей кейінірек өзіне назар аударып жатады.
Әрине, жаңалықтардың барлығы дерлік өзінің қолдаушылары мен қолданушыларын жаңа қадамға, қоғамдық жаңаруға итермелейтіні анық. Кей жағдайда, жоғарыдан жасалатын жаңа қадамдар мен жаңа үрдістер қолданшуларына түсініксіз болғандықтан өзіне бөлінген қаржыны ақтамайтыны белгілі.
Қандайда болмасын Империя заман талабына сай жарыста реформатор ретінде әрекет жасайды. Үкімет тарапынан қолданушыларына жасауға мәжбүрлейтін жаңа қадамның, түсінуге мұрсаты болмай жатқанымен санаспайтын талпыныстардың елге берері не? Жәй ғана талпыныс күйінде қалатын кезекті науқан болатыны анық. Мұндай қадамдар елді болашақта өздігінен алға аяқ баса алмайтын дәрежеге әкелмесіне кім кепіл? Болшаққа стратегиялық қадам қалай болғаны дұрыс?
Әрі қарай

Махаббаттың физиологиясы

Махаббат бір тәтті у,
Iшер жүрек, болар мас.
Дүниедегі у мен шу
Мас жүректі оятпас.
Махаббат бір дәмді у,
Iшер жүрек, төгер жас…
(МАҒЖАН)

Осы махаббат, махаббат дейміз, әнге де қосамыз, кітап та жазамыз. Махаббат, сүйіспеншіліктің бір сезім екенін бәріміз білеміз. Ал ғылым бұған не дейді екен, ғылыми тұрғыдан зерттеп көрдіңіз бе? Әзірше нақты ештеңе болмаса да кейбір физикалық шындықтар бар…
Әрі қарай

Үкіметтік емес, бірақ - үкіметтік...

Бүгін Астана қаласында «Азаматтық Альянстың» ұйымдастыруымен Үкіметтік Емес Ұйымдардың 20 жылда бітірген жұмыстарының қорытындысы іспетті конференция өтіп жатыр. Жеке өзім пәлсапалық күйзеліспен бардым десем де болғандай, себебі үкіметтен қаржы алып – қалайша «үкіметтік емес» деген айдар алуға болатынын түсінгім келді. Әрине, ҮЕҰ туралы жақынырақ білуге де ынта бар.
Әрі қарай