сіз қайсын таңдайсыз?

мына видеоны көріп отырып ойға шомдым. Бізге бәрін білу міндетті ме? өзім кейбір сұрақтарды шын, білмедім))), а былай оп/оңай сұрақтар көп болды ие ;)
сұрақ қойсам төменде қысқа-нұсқа жауап берсеңіздер ;)

Өзіңіз қай жауапты таңдар едіңіз(жауап
Әрі қарай

IT маманның кеңестері

«IT маманның кеңестері» Деген қауымдастық ашып қойдым, бұл менің соншалықты бір ІТ маман болғанымнан емес, керісінше осы мамандыққа қызыққандығымнан туындап отыр. Қарап отырсақ осы сайттың қоладанушылар көбісі қазақ тілді интернет қолданушылардың
Әрі қарай

Уыз

Сіздер байқадыңыздар ма, байқамадыңыздар ма білмеймін...Өзім байқадым, мен инет әлемінен екі-үш күнге жоғалып кеттім. Бірлік пен татулық күнін күтпей-ақ өзіме белгілі себептеріммен ел жаққа тартып кеттім. «Ауыл деген жақсы ғой» демекші бір сергіп
Әрі қарай

Шетелдіктер біздің фуболға қалай баға береді?

Түрік тіліндегі бір сайттарды ақтарып отырып, «Қазақстан және футбол» дейтін тақырыбы бар жазбаға көзім түсті. Жазба ертеректе, дәлірегі біздің алаңда Түркиямен ойналған Еуро-2012 іріктеу турнирінен бір күн бұрын (02.09.2010) жарияланыпты. Десе де онда жазылған жайттар әлі де күн тәртібінде деуге болады. Қысқасы, жазбаны қаз-қалпында, мұртын баспай тек сөзбе-сөз аударып, ұсынуды жөн көрдім:
«Ұлттық құрамамыз жаңа үмітпен бастағалы отырған Еуро-2012 іріктеу турниріндегі ең алғашқы ресми матчын Қазақстанға қарсы өткізбек. Қазақстан футболы пәлендей маңызды көрінбегенімен бізге аса таныс емес мемлекет. Қазақстан жайында біраз мәлімет алу үшін сол жақта өмір сүріп жатқан қандасымыз Акын Күрекчіден білгендерімен бөлісуді өтіндім. Бекер обалы не, өтінішімді екі етпеді. Акын — Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, математика факультетінің түлегі. Аталмыш мемлекетке 2000 жылы аяқ басып, 2005 жылы университетті тәмамдаған, сондай-ақ бес жылдан бері сол елде қызмет етеді. Әңгімені ары қарай созбай, сөзді Акынның өзіне берейін.
«Қазақстан 2010-ӘЧ іріктеу турнирінде ағылшындармен бір топта-тұғын. Уимблидегі матчта ағылшындар қарсыласын 5-1 есебімен жеңді.
Қазақстан — Кеңес Одағынан бөлініп шыққан Орта Азиялық республикалардың ішіндегі аумағы ең үлкен мемлекет. Шығысында Қытаймен шекаралас бұл мемлекеттің батысы Каспий теңізіне дейін созылып жатыр. Еуропаға жақындығы ескеріліп, 2000 жылдың басындағы өтініші қабыл болып, 2006-ӘЧ іріктеулеріне Еуропадан қатысқан-ды. Кездейсоқтық болар, Кеңес Одағынан бөлініп шығысымен он минуттан кейін егемендігін таныған Түркиямен ол жолы да бір топқа түскен-тұғын. Түркия болса екі матчта да айтарлықтай есеп айырмасымен ұтқан болатын
Қазақстандағы спортқа көз жүгіртіп көрелік. Қазақстанда аяқдопты халық қаншалықты сүйсе де елдегі №1 бірінші спорт деп атауға келмейді. Бұл елдегі Тур де Франсқа қатысқан мемлекеттің бас қаласымен аттас «Астана» велокомандасы мұнда велоспорттың кең тарағанының айғағы. Бұл саладағы ең атақты спортшысы Александр Винокуров. Орайы келгенде айта кету керек, Астана қазақ тілінде елорда дегенді білдіреді. Екінші орында бокс, Олимпиада ойындарында қазақ спортшылары медальдың денін осы сала бойынша еншілейді десек артық айтқандық емес.
Ақтөбе- Тель Авив матчынан бір абзац.Капитан Самат Смақов және Мұрат Тілешев.
Қазіргі Қазақстан футболына келсек, елдің Премьер Лига деп аталатұғын басты футбол бәсекесіндегі командалардың жалпы саны он екі. Жыл сайын бұл лигамен үш команда қоштасып төменнен үш команда қосылып отырады. Ресеймен шекаралас аймақтағы Ақтөбе қаласының шаһармен аттас командасы біраз жылдан бері лигада басымдық танытып келеді. Ағымдағы жылы аталмыш команданың Чемпиондар Лигасында Тель Авивтік Хапоеэль алдын ораса, Еуропа Лигасында АЗ Алкмаармен жұптасты.
Сыртта 2-0-мен жеңіліп, өз алаңында 2-1-мен жеңсе де, қалағандарын қолда ете алмады.
Шынын айтсақ, Қазақстан Лигасына пәлендей қызығушылық жоқ, билеттері арзан болғанымен трибунасы анау айтқандай толы болмайды. (Естеріңе сала кетейік, бір кездері Галатасарай мен Бешікташта доп тепкен Мехмет Аксу бес-алты жыл бұрын Астаналық «Жеңіс» сапында ойнады.)
Лига ойындары ауа райына орай Ресейдікімен бірдей уақытта басталып, бірдей уақытта демалысқа шығады. Қазақстанда ауыз толтырып айтатындай бір жұлдыз жоқ. Бір кездері Ресей командаларында ойнаған Руслан Балтиев бар. Өткен жылы «Тобыл» фомасын киген-ді, биыл қош айтысты. Қазір де ұлттық құрамаға әрең-әрең енген Самат Смақовтан басқа қазақстандық футболсүйерлердің табынатынындай бір футболшы жоқ деуге болады.
Қазақстан ұлттық құрамасында маңыз беруге тұрарлық аяқдопшылар Лиганың ең мықты командасы «Ақтөбенің» шабуылшысы Мұрат Тілешев пен өткен жылы іріктеулерде Галатасараймен жолы түйіскен «Тобыл»командасының орта алаң ойыншысы Нұрбол Жұмасқалиев. Қазақстан футболы пәрменді бір бастаманы қажет етеді. Менің ойымша елдегі футболдың дамуы үшін елдің негізгі екі шаһары Алматы мен Астана клубтары «Қайрат» пен «Локомотивті» күшейту керек сияқты. Бұл екі командадан басқаларының шетелден аяқдопшы әкелуі қиын секілді көрінеді. Бас жаттықтырушы Қазақстанға келгенге дейін тек жәрдемші рөлін атқарып келген қырық жеті жасар ұлты неміс Бернд Шторк. Жасанды көгал болса да Қазақстан құрамасы бізді пәлендей тықсырады деп ойламаймын.
Матч ойналатын стадион Астана Арена — үсті ашылып жабылатын, отыз мың кісілік стадион. Sembol İnşaat дейтұғын түрік компаниясы 3,5 жылда салған бұл стадионның бюджеті 160 миллион еуроны құрайды. Бұл стадиондағы бізді бөгейтін нәрсе – жасанды көгал. Қазірден баспасөзімізден керексіз көгал дауын еститін секілденемін.
Стадионның тұсаукесері 2009 жылы ел президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күніне және Астананың елорда атанған күніне сәйкестендіріліп, 6-шілдеде өткізілді. Қазіргі елорда жаңа шаһар болғандықтан сол жылы басталған үлкен жобалардың тұсаукесері аталмыш датаға орайластырылады. Мәселен, үстіміздегі жылы әлемде қайталанбайтын ең алғашқы үлгілердің бірі Хан Шатыры ойын-сауық орталығы ашылды. Астана мидай жазық далада орналасқандықтан және бұған қоса қысы өте қатты, -40 градус аязды болуы себепті халықты аталған шаһарда ұстай білу үшін соңғы үлгідегі технологиямен миллиардтаған доллар жұмсалып, заманға сай қала жабдықталуда.
Қазақстанға келгеніңізде барлық жерден көзге ілінетін 2030 цифрын әңгіме етіп, жазбамды тәмамдайын. Қазақстан 2030 жылы дүниедегі ең дамыған елдердің бірі болуды мақсат етеді. Ол үшін қолдарындағы көмір, мұнай, уран және басқа пайдалы қазбалардың қоры жете ме о жағы бір Құдайға мәлім, десе де мектепте оқып жүргенде суқанымыз сүймейтін Менделеев кестесіндегі бүкіл элементтерді Қазақстан жерінен табуға болады».

түпнұсқасы мына жерде www.365gunspor.com/haberdetay_42427_Kazakistan-ve-Futbol.html
Әрі қарай

Қазақтың жүз әнінің сайты



http://100an.kaztrk.kz

Қазақтың 100 әні жобасының жеке сайты ашылыпты. Сайтта жоба туралы ақпарат, әндердің видеоларын, дауыс беру мәліметтерін, фотоларын таба аласыздар. Тек көрерменмен интерактив жағы қарастырылмапты, сауалнама, форум немесе пікір жазу алаңы болса жақсы болар еді. Сосын әр көрсетілімнен кейін тез жаңарып тұрса деген тілек айтқым келеді. Әзірше тек алғашқы көрсетілім ғана берілген.
Әрі қарай

Жағдай былай...

Жағдай былай, жер лай емес бірақ. Мүмкін Алматыда лай шығар? Мүмкін Шымкенттің қыздары мак ойнап жүрген шығар? Не деп кеттім, менің мәселем…
Обшым, құрылтайға барамын ғой. Екі күнде өтер, ол да бітер. Менің еншімде 21-ші наурыздың біраз сағаты қалады. Алматыға кіре берісте (маңайында, бармаған соң дәл айта алмаймын)Комсомол деген ауыл не аудан бар екен. № 96617 әскери бөлім соол жерде орналасқан. сол жерге дейін такси жалдап барсам қанша теңге керек? Немесе бензинін алып берсем көмектеседін «аялы алақан» бар ма? Себебі әскери борышын өтеп жүрген ініме соқсам деп едім.
Әрі қарай

Солай да солай қарағым...

Әбіләкімнің  ауылы: Солай да солай қарағым...
Келіншегіммен телефон номерін шатастыру арқылы танысқанымды бір жерлерде жаздым ау деймін. Бірақ 3-4 ай сөйлесіп жүрсекте кездесудің орайы тумай қойды.Әскери өмір, полигонда солдаттарды, курсанттарды оқу-жаттығу тәжірибесінен өткізіп жүрдік.Осы Валентин күні бір солдаттың қашып кетпесі бар ма? Біразымызға солдатты 24 сағатта табуға бұйрық берілді.Егер таппасақ ҚР ҚМ баяндауға мәжбүрміз. Солдаттың суретін, «данныйларын» алдық. Қалада туысқандары бар, Жезқазғандық балатын.ротасындағы бір-екі жолдастарын сырға тартып көргенмін.Олар нақты қайда екенін білмейміз, қалада оқитын қызы бар соны құттықтауға кетті дейді. «Ни х… себе, солдат ох… л!» Әскерден қашқан талай солдатты көргенбіз, әпке-жездесіне бардым мекен-жайы бойынша.әпкесі үйінде екен. «Бауырыңыз сотталады, қазір қылмыстық іс қозғалды әскери прокуратурада жатыр» дедім бетім шылп етпей.«Жаңа ғана колледжге кетіп еді ғой, өздеріңіз жіберіпсіздер ғой» демесі бар ма?! Колледжді де таптық. «Валентиншіл сарбазда» ұсталды.Шамалы ұрттап алғаны көрініп тұр. Қалтасындағы ақшасын (4 мыңнан асар аспас, мыңын жанымдағыға бердім) қағып алдым. Былай қарай алып шығып кішкене «инструктаж» жүргіздік. Жанымда жүрген жас «контрактникке» қолына кісен салып қосақтап қойдым. комбатқа баяндама жасап, өзім екі күнге «отгул» алып, кездесе алмай жүрген қызбен кездестім
Әрі қарай