Пираттықпен күрес мектептен басталады

Тың игеру: Пираттықпен күрес мектептен басталады
Адам бойындағы ізгі адами қаситтердің қалыптасуына мектептің рөлі өте зор. Жаман мен жақсыны ажыратуды да осы мектептен санамызға құяды. Ал осы канондарымыз ескіріп қалған жоқ па, ұрлық деген тек қолға ілінетін материалдық құндылықтарды рұхсатсыз алумен шектеледі ме? Интелектуалды жеке меншік тек қана ақын-жазушылардың, композиторзиторлар, суретшілердің туындылары ма? Әрине мектепте осы жоғарыда айтылғанның бәрі оқытылады. Қазіргі заманның талабына сәйкес кез келген туынды, ол мейлі бағдарлама болсын, мейлі бағдарламалық код болсын интелектуалды меншік екенін кез келеген оқушы жақсы біледі. Ал осыны үйретуші мектеп біледі ме? Осы мектептеріміздегі ахуал қалай, компьютерлерінде қандай бағдарламалар тұр?

Мектеп басшылары қарамағындағы компьютерлік паркке ревизия жүргізетін болса біраз нәрсеге көзі жетері анық. Әзірше былай тартса арба сынады, былай тартса өгіз өледінің күйін кешіп жүрген информатика пәні мұғалімдері күнбе күн мектепке келген сайын қылмыс жасап жүргенін бірі білсе, бірі білмейді. Кез келген информатик контрафактілік бағдарламаларды пайдаланған кезде бір күні сұрауы боларын сезінсе бұндай олқылық болмас еді. Бұны бір қарағанда сауатсыздық деп қарасаңыз, бір жағынан мәжбүрлік деп айтар едім.

Бір қарапайым компьютерлік сыныптың техникасын кейін қойғанда бағдарламалық жабдықтау қанша тұратынын білесіз бе? Есептеп көрсек, ол дегеніңіз компьютер жұмыс жасау үшін операциялық жүйе windows8, офистік бағдарлама MS office2010, 2013, компьютерлерді вирустан қорғау үшін антивирустар. Орта есеппен алатын болсақ, әрине микрософттың академиялық мекемелерге арналған төменгі бағасымен, бір компьютердің бағдарламалық жабдығы 32-35мың теңгені құраса, орташа компьютерлік сынып 16 компьютер деп есептеңіз 0,5 миллионнан асып жығылады. Мектепте осындай ақша бар ма? Әрине жоқ, мектеп өзін өзі қаржыландырмайтынын бәріміз де білеміз. Жаңа компьютерлер бағдарламасымен келеді дерсіздер, ол не бағдарламамен келетінін ойландыңыз ба? Әрі кеткенде тек операциялық жүйесімен келер, ол да көп жағдайда үйде қолдануға рұхсат етілген нұсқасы ғана (Home Edition). Яғни операциялық жүйенің home edition нұсқасы бар компьютерді мектеп үшін алған болсаңыз тектен тек әр компьютер үшін 30мың теңгені ауаға төледіңіз деп біліңіз.

Ал енді осындай заң талаптарына сәйкес сыныптарда не үйретуге болады? Тек қана windows жүйесінің құрылымы, офистік редакторлар, антивирус құрылымы, болды. Сіз айтарсыз, бағдарламалау тілдері ше, неше түрлі сурет өңдейтін бағдарламалар ше? Кешіріңіз, ол бағдарламаларды да сатып алу керек.
Немене сонда тегін таратылатын бағадарламалар жоқ па? Бар әрине GNU/GPL лицензиялары арқылы таратылатын бағдарламалардың басым көпшілігі тегін, ақылы болса да өте арзан. Мысал үшін линукс жүйесімен компьютерлік сыныпты жабдықтасақ бәрі тегін. Керемет емес пе? Заң алдында директор да, мұғалім де таза, тек оқушыларға білім бер. Кез келген сауатты маман барлық операциялық жүйелер өздеріне тән спецификалық ерекшеліктері болмаса жалпы қызметі бірдей, барлық текстік редакторларының қызметі мәтін басу екенін жақсы біледі. Сонымен қатар электронды кестелердің де, мәліметтер қорының да, сурет өңдеу бағдарламаларының да әр түрлі нұсқаларының негізгі қызметтері бірдей.

Тек енді қолымызға кісен болатын білім стандарты. Стандарт бойынша информатика пәнінде оқушыға тек қана windows операциялық жүйесін, тек қана word, excel, power point, outlook, access, MS блокнот, paint дегендерді оқыту керек деп жазылған. Ал стандарттан ауытқу да қылмыс. Жалпы қарап отырсақ бұл мәселе колледждерде де, ЖООда да орын алып отыр, тек соңғыларында қаражат болғандықтан компьютерлік сыныптарын өздері жабдықтап жүр. Қаражат мәселесі де бір күні шешілер, электронды оқытамыз деп біраз мектеп сыныптары жабдықталып қалды. Тек болашағымыз, балаларымызды қалыпқа салып, оқытатындай қажеттілік бар ма? Неге windowsтан басқа жүйелердің бар екенін көрсетпеске, неге таңдауды мұғалімге бермеске. Тек консоль арқылы басқаруды американ киноларынан көріп, таңғалып жүре беруді қоятын кез келген сияқты. Болашағымызды электронды оқыту, электронды үкімет деп елестететін болсақ информатика пәніне қатысты типтік жоспарды қайта қарайтын кез келген сияқты.
Әрі қарай

CD дискілер де тарихта қалатын күн келді

Тың игеру: CD дискілер де тарихта қалатын күн келдіБұрындары бұндай аса маңызды емес нәрселерге бас ауыртпайтын да едік. Ойлап отырсам CD дискілердің дәурені өтіп кеткенін байқамай да қалыппын. Үйдегі ноутбуктерде дисковод жоқ болғалы қашан? Тіпті флеш дискілерден, оны мұны информация сақтағанды былай қойғанда, операциялық жүйені қайта отырғызып та әбден үйреніп алғанымыз соншалықты, загрузочный дисктерімізді де флешкалар алмастырып үлгерді.

Қызықтың көкесі өткен жолы үйге келгенде (Алматыда оқып жатыр едім) болды,
Әрі қарай

USB модем және Linux роутер

Тың игеру: USB модем және Linux роутерАуылда интернет қатық, әрі қымбат. Қазақстанымыздың түкпір-түкпірлеріне кең жолақты интернет жетті деп ауыз толтырып, көкірек соғатын қазақтелекомға қаладан бес шақырым жердегі ауылға интернет түгелі жай телефон әкеле алмай отырғаны үлкен сын. Бірнеше рет барып, табалдырықтарын тоздырғам, биылғы жоспарға қосамыз деп шығарып салды соңғыда. Дегенмен телеком қашан келеді деп отыра берген де болмайды, қазтранскомға да жазғам. Олар кетәрі емес тек қымбат, неге дегенімде қасыңдағы үйлерге өзің таратып, пайда көрмесең деп қысқа қайырды.
Әрі қарай

Сол Windows-пен күрес

Кеше кешкісін ноутбук алдым. DELL n5110 деген. Сөздің шыны керек алдын ала интернеттен қарап, оны мұныларды есептеп деген сияқты дайындық жұмыстары болған жоқ. Конфигурациясы ұнағасын алдым.
Ішінде алдын ала орнатылған жүйесі жоқ деп ескертті әрине сатушы. Бірақ -Бәрібір виндоус болмайды- деген ниетпен оған пысқырғаным жоқ. Айдап үйге келе қорабынан шығарып, оны мұны-дискілерімді алып, адам (ноутбук) қалпына келтіруге кірістім.
Үйреншікті Убунту 10,04-ті басжібердім. Керемет отырды.
Әрі қарай

Gmail ubuntu үшін

Ubuntuшылдар үшін бұл проблема былай шешіледі екен
/etc/hosts файлын gedit редакторы арқылы ашамыз (өзіңізге ыңғайлысымен, vim, nano тб)
sudo gedit /etc/hosts
Әрі қарай

Вконтактеден аудио мен видео көшіру



Әлеуметтік желілердің ішіндегі аудио мен видеоға байы — Вконтакте. Осы сайттан қалай түсіріп алу керек деген сұрақ көп адамды мазалайтын шығар. Мен Vksaver программасын қолданамын.

Мына жерден түсіріп аламыз алдымен: audiovkontakte.ru/vksaver/vksaver-install.exe
Әрі қарай

Linuxта көп қолданылатын командалар

Файлдық командалар

ls – файлдар мен каталогтар тізімі
ls -al – қалыпталған (форматированный) файлдар мен каталогтар тізімі, жасырын файлдар, папкалар
cd dir – dir каталогына ауысу (өту)
cd – қолданушы каталогына өту (домашний каталог)
pwd – ағымдағы каталогты көрсету
mkdir dir – dir каталогын ашу (создать мағынасында)
rm file – file файлын өшіру
rm -r dir – dir каталогын өшіру
cp file1 file2 – file1 файлын file2 файлына көшіру
cp -r dir1 dir2 – dir1 каталогын dir2ге көшіру
mv file1 file2 – қайта атау (переименовать)
touch file – file файлын ашу (создать)
cat > file – стандартты нәтижені fileға жазу
more file – file ішіндегіні шығару
head file – file-дың алғашқы он долын шығару
tail file – file-дың соңғы он долын шығару
Әрі қарай

Құттықтаймыз

Қадірменді әріптестер, ITтірлік иелері, барлығыңызды жүйеәкімдер (сисадмин) күнімен құттықтаймын.
Жұмыстарыңыздың жемісін көріңіздер, серверлерің ақсамасын, юзерлерің дисковод жабылмағаны үшін шақырып мазаларыңды алмасын (құрығанда бүгін).
Әрі қарай

Picasaweb ашылмаса

Менде көптен бері жұмыста Picasaweb ашылмайтын еді. Google Plus-ке қосылған кезімде суреттер сол арқылы екен, яғни ол жерде де менде суреттер ашылмады. Сосын гуглдетіп отырып, жақсы бір шешім тауып алдым.

Мына папканы ашамыз: C:\Windows\System32\drivers\etc\
Әрі қарай