Бастық.

Таң ертеңгі уақыт. Сағат ондардың шамасы. Банк кассаларына шаруасы түскен Бөрікбай үйіне ең жақын жердегі банк бөлімшесіне жетіп барған болатын… Ентелеп ішке кіріп келгенде, бөтен біреудің территориясына кіріп кеткенін ілезде байқады… Кірген жұрттың барлығын қабағымен қайырып, иегімен иіріп тұрған банк бөлімшесінің ең үлкен бастығына тап болды… Негізі ол заңды түрде бастық болып тағайындалмаған… Жай, ашейін қызметі бойынша осы бос тұрған авторитарлық орынды баса тұруына тура келген… Оның жазығы жоқ… жүйе солай… біреу басқару керек… айлығы бұл банктегі ең қарапайым кізметкердің айлығынан төмен болса да, оны осы қолына тиген билікпен компенсациялаған жайы бар…