Астанада жүрген еңбек мигранттарының 70-80 пайызы заңсыз жұмыс істейді
2015 жылы Астана қаласына 130 мың мигрант келген. Бұлардың 70-80 пайызы заңсыз жұмыс істеген. Яғни, елордамызға қонақ ретінде немесе турист ретінде тіркеліп, заңсыз еңбек еткен. Бұл туралы бүгін Астанада еңбек миграциясы жəне адам саудасына қарсы мемлекеттік органдар мен халықаралық ұйымдардың өзара əрекеті тақырыбында өтіп жатқан жиын барысында Астана қаласы бойынша еңбек мигранттарын оқыту жəне қолдау орталығының жетекшісі Қанат Мырқайдаров мəлім етті.«Жыл сайын Қазақстанға, соның ішінде, Астана қаласына келіп-кететін мигранттардың саны көбейіп келеді. Ал, мигранттар — адам саудасына бастайтын ең негізгі фактор. Мигранттардың көбі мемлекетімізде заңсыз жұмыс істеп жүр, яғни, олардың қандай да бір дəрежесі жоқ, жұмыс беруші мигрантпен келісімшрт жасаспайды, тиісінше, мигрант еңбек салығын төлемейді. Ал, бүгін ешқандай құжатсыз жұмыс істеп жатқан мигрант ертең құлға айналып кетуі мүмкін», — дейді Қ.Мырқайдаров.
Бұл ретте Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одаққа қосылуы еңбек миграциясының шекарасын кеңейтіп жібергені анық. Тіпті, сарапшылардың болжамынша, мигранттардың саны екі-үш есеге артады.
«Еуразиялық экономикалық одақ аясында жұмыс күшінің еркін айналымы басталды, одаққа мүше елдердің азаматтары рұқсат қағазына жүгінбей-ақ, жұмысқа орналасып жүр. Ал, жалпы, Қазақстанға келетін мигранттардың көбі Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей мен Беларусь елдерінің азаматтары екенін білесіздер. Мысалы, былтыр Астананың өзіне 130 мыңнан аса мигрант келген. Олардың 70-80 пайызы заңсыз жұмыс істеген. Мигранттардың көбі қонаққа келгендей болып немесе турист ретінде тіркеліп, ары қарай көлеңкелі экономикада заңсыз, еңбек салығын төлеместен жұмыс істеген»,-дейді Қ.Мырқайдаров.
Оның айтуынша, қарияларды күтетін, бала бағатын, үй тазалап, жекеменшік нысандарды салатын, сондай-ақ ас үйдің жұмысына тартылатын мигранттарды табу да, жазалау да қиын. Себебі, олар жеке адамның үйінде тұрады жəне ең қауіптісі — құлдыққа түсу қаупі де көп. Мысалы, Астана қаласы бойынша Өзбекстан мен Қырғызстаннан келген үш адам құлдықтан құтқарылған екен.
ҚазАқпарат

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Астана әуежайында «Бек Эйр» әуе компаниясының ұшағына қатысты оқиғаға байланысты кеңес өткізді, деп хабарлады ҚР Үкімет басшысының баспасөз қызметінен.
Елорда әкімдігінде апта сайынғы аппарат отырысында қаланы абаттандыру және санитарлық тазарту мәселелері де қаралды. Астана аудандарының әкімдері жол төсемінің жағдайы туралы толық фото-есеп ұсынды, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.

Таяудағы уақытта Біріккен Араб Әмірліктерінің елордасы Астанамен әріптестік қатынастар орнатуға ниетті. Бұл туралы ҚР-нің БАӘ-дегі елшісі Қайрат Лама Шарифпен кездесу барысында Муниципалитет істері бойынша департаменттің басшысы (Әбу-Даби қаласының мэрі) Авайда Муршед Әл Марар мәлім етті.




Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы 2016 жылғы 20 наурызға тағайындалған партиялық тізімдер бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және мәслихаттар депутаттарының сайлауына байланысты прокуратура органдары конституциялық өкілеттіктеріне сәйкес барлық сайлау процесінің қатысушыларымен сайлау туралы заңнаманың дәл және бірыңғай қолданылуына жоғарғы қадағалауды жүзеге асыратынын мәлімдейді.